Абеуова Гульмира Халеловна
Қазақстан Қарағанды
қаласы ЖББОМЛ№53
Сыныптан тыс
уақытта оқушылардың эстетикалық мәдениетін
арттыру жолдары
Сыныптан тыс тәрбие
жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас
бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы
мақсатын орындауға бағытталған – балаға
қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік
тәжірибені меңгерту және қоғамдық
тұрғыдан қабылданған құндылықтар
жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ
үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру
және тереңдету, олардың қабілеттерін
неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге
қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық
белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс
ұйымдастыруды көздейді [1].
1. Балада өзіне
қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және
ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін
қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара
дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей
«қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас
қалыптасқан. Соған орай дұрыс
ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы
оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және
баланың өзі жөнінде жағымды
көзқарастың қалыптасуына, өзінің
күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада
ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету
дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты
жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл
табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін
бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру,
көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда
толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу
дағдысы қалыптасқан.
3. Балада
әртүрлі көркемөнер әркеттерінің
түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті
қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың
дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды
дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа
сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне
пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік
тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4. Баланың
дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық,
ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік
түсінік арқылы қоғамдық мораль және
мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала
шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас
арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным
қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан
тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің
сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан
тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай
көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға
бағытталған. Баланың таным қызығушылығын
дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші
жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда
аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі
бағыттарын анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа,
мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар
нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс
тәрбие процесінде іске асырылады.
Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.б
шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың
шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі
- көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері,
қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі.
Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер,
әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа
бөлейді, келешекке үмітін түтандырады. Мектепте музыка,
кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар
тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен
таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстарайтылады. Шығармашылық
конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы
баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары
жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі.
Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға
сәйкес өткізіледі [2].
Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай,
табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады.
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың
өнерге өуестігін, қызығушылығын, талғамын
дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар
үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша
ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына
көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы
әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді,
мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды,
оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық
түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық,
бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.
Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының
эстетикасы:
Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен,
мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас
жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай
қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде
қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз
үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние
мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы
тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке
заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге,
үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді.
Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру -
әке-шешенің басты міндеті [3].
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі,
жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты.
Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап
етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың
өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл
әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және
дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның
сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы
— эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен
мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын,
сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты
сүйеніші. Олар өздері үлгі болып эстетикалық
тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және
әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады.
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың
өзге адамдармен қпрым-қатынасы және өмір
сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет
қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым
— әтика зерттейді, сонымен қатар оны әстетикада
қарастырады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1.
С.Ұзақбаева. Тамыры терең тәрбие. - Алматы, 1995.
2.
Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім
тәрбиесі. - Алма-п.1,1995.
3. Наурыз.
Жаңарған салт-дәстүрлер/Құрастырған
М.Оразбеков. - Алматы, 1991.