Педагогические науки/3.
Методические основы воспитательного процесса
Шоқыбаев
Ж. Ә. - п.ғ.д., профессор
Чарибаева А.К.
–химия магистр
Баркытова Б.Н. -
химия магистр
Абай
атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университеті, Қазақстан
Жаңа
педагогикалық технологиялар арқылы химия мұғалімдердің
кәсіби бағдарын қалыптастыру
Елбасының «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан » атты жолдауында :
«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар
деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге
қол жеткізуіміз керек » десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы,
он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында : «
Ақпараттық
технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа
нысандарына бағытталған мамандандырылған білім
беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр »
делінген, сондай – ақ он
жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «
Он - лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып,
елімізде оқу теледидарын құру қажет » деп атап
көрсетілгендей бүгінгі күні
білім беру жүйесі жаңа педагогикалық
технологияға негізделуін және ақпараттық
құралдардың кеңінен қолданылуын қажет
етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық – коммуникациялық
технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге,
оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге,
электрондық оқулықтарды,
интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте
жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы
білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық
технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты
білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін
дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау
үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ
химия мұғалімдерінің
даярлығын жоғары оқу орнының қабырғасында
жетілдіру оқу үдерісін жобалау арқылы іске асырылады.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық
даярлығын қамтамасыз ететін химия пәндері үшін
оқу үдерісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа
оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу
пәндерінің
жаңа мазмұнын,
оқытудың жаңа технологияларын жасауды көздейді.
Жаңа
педагогикалық технологиялар - болашақ
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын
қалыптастыру моделін педагог біліктілігі берілген маман
сипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде
қарастырған жөн.
Әдістемелік
тұрғыдан алып қарағанда, студенттерді
тұлғалы-бағдарлы оқытуды модельдеу білім беру
жүйесінің үш функциясын көрсетеді:
- орнын
толтыру, яғни тұлғаның базалық біліміндегі
ақтаңдақтарды жою;
- бейімдеу,
яғни пәндік және функциональдық жағынан
неғұрлым жаңа білім, талаптар ұсыну;
- дамыту,
яғни тұлғаның шығармашылық
тұғыдан өсуіне ықпал ету және оның әр
түрлі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Модельдің үш
құрамдас бөлігі бір-біріне өзара ықпал етеді,
бірін-бірі толықтырып, дамыта түседі.
Осы модельдің өлшемдері мен
көрсеткіштерінің арқатынасының әр түрлі
дәрежеде көрініс беруіне байланысты, жоғары оқу
орындарында оқитын студенттердің химия пәндерінің
материалдарын меңгерудегі білім мен практикалық біліктері
және әлемнің біртұтас ғылыми бейнесінің
қалыптасуының мүмкін
болатын төрт шартты деңгейі анықталды:
- жаңа педагогикалық
технологияларды болашақ химия мұғалімдерді мен кәсіби
даярлау процесінде пайдалану кәсіби білім беру мен педагогикалық
шеберлік сапасын арттыруға мүмкіндік береді;
- ұсынылып отырған жаңа
педагогикалық технологиялар мен жаңа тәсілдер барлық
педагогикалық мамандықтар бойынша болашақ
мұғалімдердің кәсіби даярлығын және
педагогикалық шеберлігін жетілдіруді көздейтін оқыту құралдарын
жасауға негіз болады;
-
«Портфолио» - жеке білім жетістіктерінің портфелі, бұл белгілі бір
білім алу кезеңіндегі білім алушының жеке жетістіктерінің
жиынтығы мен өзін-өзі бағалауын есепке алу тәсілі
кеңінен қолданылса;
-
алынған нәтижелері педагогикалық мамандық студенттерін
кәсіби іс-әрекетке жоғары оқу орындарында,
педагогикалық колледждерде даярлауда және білім беру
қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ісінде
ерекше мәнге ие болады.
Кәсіби тұлғаны дайындау
үшін нағыз педагогикалық, білімді-педагогикалық бір
бүтін болу керек және педагогикалық квадраттың
барлық мазмұнына ие болу қажет. Яғни, білім беру,
оқыту, тәрбиелеу, дамыту болып саналады. Бұл тек қана
білім беру мекемесінің талабына тиісті емес, сонымен қатар
әрбір оқу тобының, циклының, факультеттің,
кафедраның, оқытушыны, студенттің, тыңдаушының
іс-әрекетіне қатысты.
Елімізде болып жатқан
өзгерістер химия пәнін оқытуда да түбегейлі
өзгерістер әкелді, бұл өз кезегінде ақраттандыру
құралдарын пайдаланумен химия білімін оқытудың
қазіргі заманғы бағдарламасын жасауды талап етеді.
Қоғам өмірінің,
ғылым мен білімнің әр саласындағы компьютерлендіру
және ақпараттандыру мәселесі төңірегіндегі
көптеген басылым жұмыстары жазылды. Білім сапасын
ақпараттандыру процесі қоршаған ортаның және
пән саласының заңдылықтарын танудың интеграциялық тенденцияларын қолдай
отырып, студенттер тұлғасын дамытуға арналған
компьютерлік технологиялардың техникалық және дидактикалық
потенциалын пайдалану тәсілдерін жасап шығаруды, студенттің
креативтілік деңгейін жоғарлатуды, альтернативті ойлау
қабілетін дамытуды, оқу және практикалық тапсырмаларды
шешудің стратегиялық жолдарын жасап шығару шеберлігін
қалыптастыруды, нысандарды, құбылыстарды және
олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде
қабылдаған шешімдерді жүзеге асырудың нәтижелерін
болжау маңызды.
Оқу үрдісінде компьютерді
пайдаланудың психологиялық және педагогикалық
негіздемесі туралы Б.С. Гершунскийдің, В.В.Давыдовтың, Е.И.
Машбицтың, И.В.Роберттің, В.В. Рубцовтың,
Н.Ф.Талызинның еңбектерінде қарастырылды. Химия
дидактикасында технологиялық түсінікті қалыптастыру
деңгейін жоғарлатудағы, оқытудың алгоритмдеу
және компьютерлендіру негізінде химия бойынша жиынтық шеберлікті
қалыптастырудағы компьютерленген рейтингтік технология негізінде
студенттердің химия пәніне дайындықтарының сапасын
жақсартудағы, программаланған микрокалькуляторларды арзан альтернативті ЖК ретінде пайдалану кезінде студенттердің білім сапасын
көтерудегі, оқушылардың компьютерлік сауаттылығын
қалыптастырудағы, химияны оқытудың техникалық
құралдарын пайдалану арқылы студенттердің оқу
және таным қызметін белсендірудегі компьютерлік техниканың
мүмкіндіктері зерттелді, химия
пәні мұғалімнің кәсіби және
әдістемелік дайындығын компьютерлендірудің теориясы жасалды.
Оқытудың
жаңартылған технологиясы Ж.Қараев, М.М. Жанпейісова
еңбектерінде, химиялық білім берудің жүйелік негізін
жасау Н.Н.Нұрахметов, С.Ж.Жайлау, И.Н.Нұғманов, К.А.
Сарманова А.Мырзабаев, Б.Б.Досанова және Ж.Ә. Шоқыбаев еңбектерінде зерделенген.
Әлемдік білім кеңестігіне еркін ену үшін әдістемелік,
мазмұндық құрылымдар қажет. Осы орайда
тұлғаның танымдық түйсігін жетілдіруде,
жаңартуда ғылымға және тәжірибеге негізделген
дәстүрлі емес оқытудың маңызы зор.
Болашақ мұғалімдерді
кәсіптік дайындауда электронды оқулықты қолдану
өте тиімді. Студенттер, оқушылар өздерінің білім
көлемін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына
дайындалады және ақпараттық білім арқылы танымдық
ойлауын қабілеттіліктерін дамытады. Ал оқушылар үшін
ашық әдістемелік жүйе, өзінің
іс-тәжірибесінің жинақталуына, шығармашылық
ізденістері негізінде оқулықты толықтырып, дамытып,
жетілдіруге мүмкіндік береді. Электронды белсенді дүниетанымын
және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту
үрдісін саралауға, жан-жақты ақпараттандыруға,
білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.
Қазақстанда оқыту ісін
ақпараттандыру білім беру сапасын көтереді,
студенттердің әдістемелік
өсу деңгейін қамтамасыз етеді. Орта арнаулы оқу орындарында
болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындық сапасын
арттыруға және оқу – танымдық үрдісі
ақпараттандыру арқылы жандандыруға мүмкіндік аламыз.
Солардың
бірі электрондық оқулықтың ерекшелiгi
құрылымы мен гипермәтiндiк құжатында.
Гипермәтiн – бұл құжат басқа
құжаттарға сiлтеме берiп, тек жай ғана
тышқанның көмегiмен секiрiп өте алады. Сiлтеменiң
орнына мәтiн, сурет, түймелер және басқа да
объектiлердi бере алады.
Электрондық
оқулық интегралдық дайындықты бередi, бiрнеше
курстық бөлiмдерге немесе әртүрлi тәртiптерге де
қабылдаулардың тұтастығын қамтамасыз етедi.
Қатынастың да маңызды байланысын анықтау дифференциялды
және индивидуалды оқуға сәйкес келуiн өзiнiң
жеке оқытатын картасы негiзiнде қамтамасыз етуi мүмкiн.
Электрондық оқулықтың оқу жүйесiнде
ұйымдастырылған мақсатынан нәтижесiне дейiн
көрсетiледi .
Қазiргi жағдайда электрондық оқулықты компьютерлiк
жүйеде оқыту ұйымдастырылып отыр. Байқап
отырғанымыздай, электрондық
оқулық, оқулыққа арналған жалпы
дидактикалық талаптарға сай құрылады. Сондықтан электрондық оқулық құрылымы
дәстүрлi оқулыққа ұқсас болады.
Қазіргі уақытта
электрондық WЕВ оқулықтың қандай екендігі туралы
біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық
дегеніміз-мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық
оқулықтың құрылымы сапалы жаңа
деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық білім
алушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп
отырмай, өтілген және білім алушының ұмытып
қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму
қарқынын оқыту барысында жаңа технологиялық
әдістер кең көлемде қолданылуды қажет етеді.
Оқытудың жаңа технологиясының барлығы білім
алушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын
қалыптастыруға бағытталған. Оқыту технологиясы
оқу мен мазмұнын өңдеуге, көлемі мен
мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен
құралдардың жиынтығы. Оқытудың жаңа
технологиясы негізінде қарапайымнан күрделіге қарай
әртүрлі технологияны пайдаланып білім алушылардың білім деңгейлерін
бақылауға болады.
Жаңа технологияны меңгеру барысында
оқу міндеттері жаңаша сипат алады. Олар мына төмендегідей:
- педагогикалық
қызметтің өзекті мәселелерін білу;
- оқу бағдарламасының түрлендірілген
нұсқауларын құрастыру;
- оқу модулін құрастыру;
- оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр
оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру;
- оқушылардың жаңа материалды меңгеру
бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау;
- оқу әрекеттерің бағдарлау
көрсеткіштерін анықтау;
- жетіспейтін дидактикалық құралдарды жасау
дағдысын қалыптастыру.
XXI ғасыр – ақпарат ғасыры
болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық
қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер,
интерактивті құралдардың көмегімен оқыту
нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды
шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту
процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-
психологиялық жаңа проблемалары
әлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін
үлкен перспективалар ашады. Соңғы
жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың
қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі
өзгерістер болды. Ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі
заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу
қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға
және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
«
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас
ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық
технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы зор.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы
жасалып жатқан оқыту процесі студенттің жаңаша ойлау
қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен
заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде -
өздерінің кәсіби потенциалдарының
қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық
қоғам аймағында, студенттердің ойлау
қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін
дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық
технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Наумов А.Р., Пак М.С,
Зашивалова ЕЛО. Теоретическая модель компьютерного обучения химии в базовой
школе. // Актуальные проблемы реформирования химико-педагогического
образования:Тез. докл. Всероссийского координационного совещания 16-19 ноября
1998 г. - Н.Новгород: НГПУ, 1998.-С. 80-81
2.
Наумов А.Р., Пак М.С, Зашивалова Е.Ю.
Проблема компьютерного обучения химии в основной школе. // Materialy miedzynarodowego seminarium prob- lemow
dydaktyki chemii VI. Opole (Польша), 24-25.06.1997. Ed. A. Stejnberg. -P. 72- 76.
3.
Нұғманұлы
П., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. - Алматы, 2005
4.
Агапова О.И.,
Кривошеев А.О., Ушаков А.С. О трех поколениях компьютерных технологий
обучения. // Информатика и образование. - 1994. - № 2. - С. 9-15.