Тусупбаев Аблайхан Тулегенович
Қазақстан
Қарағанды
қаласы ЖББОМЛ№53
Информатика пәнін оқытуда
инновациялық технологияларды пайдалану
Президентіміз Н.
Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске
асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ
Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол
байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ,
қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз
екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Біздінде мұғалім
ретінде
алдымызға қойған мақсатыз – оқушыларға ұлттық
педагогикалық
тәрбие
мен
білім
берумен
қатар
олардың
шығармашылық
қабілеттерін
арттыру. Сол
себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде,
өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының
қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр
сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс
жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге,
мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру -
әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте
ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс пен
өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүріміз
педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланылады.
Қазіргі кезде
мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға
қабілетті заман талабына сай
ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр.
Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға
түсуі заман талабынан туындап отыр. Қабілетті және дарынды
балалармен жұмыс қоғамда мемлекеттік деңгейіндегі басым
бағыттар санатында көрінеді. Жас ұрпақ –
еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан
оларға саналы тәрбие, сапалы білім беру
мұғалімдердің басты міндеті. Бұл орайда Қазақстанда
қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған
ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру
үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы
күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология –
экономиканың және бүкіл қоғам мен
мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі [1]. Олар оқыту
мен тәрбиелеудің соңғы әдіс- тәсілдерін
меңгерген, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны
игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай
алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан
бұрынғы ескі әдіс- тәсілдерден тез арыла алуға
қабілетті және нақты тәжірибе үстінде
өзіндік жаңалық аша алатын шығармашыл, әрі ойшыл
маман болуы қажет. [2] Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар
тәрбиелеуге көп көңіл бөліп отыр. Сондықтан
оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын
құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру
мәселелеріне аса көп мән берілуде.
Білім беру үрдісін
ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану
арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап
оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар
ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру
ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми -
техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді [2] .
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың
жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең
ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен
оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік
технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына
кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі
ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы
«оқытудың жаңа инновациялық технологиялары»,
«қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары»,
«компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен
тығыз байланысты.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті
тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге,
компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік
байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық
прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын
ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне
айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және
оның қарқынына экономиканың жағдайы,
адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық
қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік
қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді
болады.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды
қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті
ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және
оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып
отыр[3].
Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі
қызметтің мақсаты:
• үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту;
коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту;
сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру;
оқу қызметі мәдениетін дамыту;
• оқу-тәрбие үрдісінің барлық
деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
Қазақстан
Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік
бағдарламасында «. . . ҚР дүниежүзінің дамыған елдері
сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың
жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық
білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » Осы
тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың
мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың
міндеттерінің бірі – мектептерді компьютерлендіру.
Қазіргі
таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында
тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім
мазмұнын жаңарту.
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты
арқылы іске асады. Олар:оқып меңгеру; тәжірибеде
қолдану; шығарма шылық бағытта дамыту; нәтиже.
Бұл технологияның мақсатын төмендегі сызбадан
көре аласыздар.
Білім беруді
ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта
оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асырады. Педагогикалық технология –
мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы
және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік
беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық
технологиядағы басты міндет – оқушының
оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға
қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан
педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту
үрдiсiнде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы
қарым - қатынасының бұрынғы
қалыптасқан жүйесiн, олардың
iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен
өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде
мұғалім – оқушы - оқулық түрінде
құрылған үш жақты байланыс бұзылып,
мұғалiм – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі
пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде
компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды
қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi. Ақпараттандыруда
технологияның негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына
сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті
технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып
табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің
ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және
оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Информатика негіздері» журналы №6 – 2011 ж Жанар
Шажабаева (4 бет).
2. www.google.kz.
2. «Информатика негіздері» журналы №3 – 2011 ж Сәулет Есенова (23 бет)
.
3. «Информатика негіздері» журналы №4 – 2009 ж Анар Низанова (15,16 бет)
4. Медешова А.Б, Мухамбетова Г.Г, Амантурлина Г.К. «Информатиканы
оқытудың теориясы мен әдістемесі» , БҚМУ баспасы, 2011,
(129 бет).