УДК. 371.383:371.383.2
ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕ ҚАЗАҚ
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІІҢ
АЛАТЫН ОРНЫ
Қосбармақова Дамелі аға
оқытушы, Омар Наргиза, 4
курс студенті
Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты,
Қызылорда қ.
Kosbarmakova65@mail.ru
Қай заманда болмасын
заманына қарай жеке тұлғаның болмысын
қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып
келген. Бүгінгі күнді
алып карасақ, елімізді өркениетгілікке жеткізетін, ел экономикасын
дамытатын, сондай - ақ, Қазақстан Республикасын 50
дамыған елдер қатарына қосылуға мүмкіндік
жасайтын сапалы қасиеттерді
бойына жинақтаған жастарды тәрбиелеу немесе жан - жақты жетілген адамды
тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр. [1]
Адамның
болашақтағы барлық саналы өмірі оның бала
күнінде алған тәрбиесіне байланысты. Ал баланы
тәрбиелегенде әрбір тәрбиешінің ең алдымен
қолданатыны өз тәжірибесі, екінші қолданатын жолы
ұлт тәрбиесі екенін
М.Жұмабаев атап өткен болатын. Ұлт тәрбиесі -
әрбір ұлттың ғасырлар бойы талай сындардан өтіп,
атадан балаға жалғасып келе жатқан тәрбие жолы. Бүгінгі таңда жас
ұрпақты ұлттық
мәдениет пен идеологияның
негізінде тәрбиелеу мәселесі білім беру саласының
қызметкерлеріне нақты міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» заңында: «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр – салтын оқып –
үйрену үшін жағдайлар жасау – негізгі міндеттердің
бірі» делінген. [2]
Біздің
ата-бабаларымыз да көшпелі тұрмысында бала тәрбиелеудің
өзіндік ерекшелігі бар тәсілдерін қалыптастырады. Олар
ән-күйі мен ауыз әдебиеті үлгілері –
мақал-мәтелдер, айтыстар, жұмбақтар мен
жаңылтпаштар, балаларға арналған ұлттық ойындар
мен бала өмірінің айтылу кезеңдеріне арналған
той-мерекелер, әдет-ғұрыптарымен сан ғасырлар бойы
саналы, өнегелі, батыл да ержүрек, адамгершілік ар-ожданы
жоғары азамат тәрбиелеп келеді. Осындай халық
даналығынң бір үлгісі -шешендік сөздер.
Шешендік өнер
- адамзат өркениеті тудырған
рухани - мәдени құндылықтардың бірі
және бірегейі. Ол әрбір ұлттың
тарихи - әлеуметтік, саяси - экономикалық өмірнде қоғамдық
қажетттіліктен туды.
Әрбір тарихи дәуір шешендік өнердің өзіндік эстетикалық – моральдық сипаты,
бағыты, стильдік ерекшелігі
бар үлгілерін дүниеге әкелген. Қазақ шешендік сөз өнері
де халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасып, дамып
келе жатқан рухани бай
мұраларының бірі.
Қазақ тарихында тапқырлығымен, қисынды ойды айта алуымен
ел аузында қалған шешендер өте көп.
Қазақ шешендік сөз
өнерінің ең көнесі Майқы би, Аяз
би атымен байланысты болып
одан әрі Асан Қайғы, Жиренше, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Байбол, Бұқар жыраулармен жалғасын табады.
Аталған және өзге
қазақ
тарихыныда өмір
сүрген шешендердің өз
артына қалдырған
ғибратты, тәлімді сөздері мол - ақ.
Ал, оларды ұрпақ тәрбиесінде
пайдалана білу әр
дәуірдің еншісінде. [3]
Шешендік сөз
өнерінің адам
қоғамындағы орны, рухани
- көркемдік, мәдениет, тәрбие
жүйесіндегі
қызметі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі дүниетанымдық маңызы, шешендік сөз
негіздері т.б. сипаттары
көптен әр түрлі
ғылым саласы
зерттеушілерін (тарих, философия,
әлеуметтану,
шешендіктану, психология, педагогика)
аса қызықтырған
нысан. Бұл шешендік өнердің әсіресе
әлеуметтік сипаты мен мәнінің оның
өзіндік ерекшеліктерінің маңыздылығын даралайды.
Шешендік сөз
өнерінің әлеуметтік мәнін айқындаушы фактордың бірі де
оның тәрбиелік
қызметі. Шын мәнінде
шешендік сөз өнері тәрбиенің нағыз қайнар көзі. Шешендік сөз түрлеріндегі тәрбиелік
мәні бар сөз нұсқаларында есеп жоқ десе де болады. Айталық қазақ шешендік
сөздеріндегі
әртүрлі
ақыл - кеңес беру,
үлгі - өнегеге
шақыру,
құлақ
қағыс ету, түсіндіру,
сендіру, салыстыру, жұмбақтап
сыр тарту, мінез кемшілігін көрсету, әзіл айту, сын
айту, мысал келтіру сияқты сөз
түрлері аса тиімді тәрбие тәсілдері мен әдістеріне жатады. Қазақ халқының әзіл
- қалжың сияқты уытты сөздері тек
көңіл көтеру үшін емес, жастарды адамгершілікке, өнерге,
ерлікке,
білімпаздыққа,
тапқырлыққа, ойлампаздыққа, жайдарылыққа, ұстамдылық пен
табандылыққа
тәрбиелеу үшін ойлап
тапқан әдістер. [4]
Шешендік сөздердің ерекшеліктері неде, оларды ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың артықшылығы
неде? Жастарды шешендік
өнерге баулудың қажеттілігі қаншалықты? Осы
сұрақтарға
жауап беру үшін ең
алдымен шешендік
сөздердің басты
қасиеттеріне тоқталып өткенді жөн көрдік. Шешендік сөздерді
жас ұрпақ арасында насихаттауға себептер
көп ақ. Олар ең
алдымен, шешендік өнерді халқымыздың қадір
тұтуы, шешендік
сөздердегі
ұлттық
мәдениет пен парасаттылық, бұлардың ұлағатты сөздерге тұнып
тұрғаны, шешендік
сөздердің дау - жанжалдардың бітімін екі - ақ ауыз
сөзбен шешіп, ел мен
елді бітістіріп, жарастырып, келелі
мәселелерді тындырып отырғандығы. Сондай - ақ
шешендік сөздердің
ішкі сыры шындыққа,
әділдікке, асқан
тапқырлық
құрылғандығы.
Шешендік
сөздер парасатты терең
ойға, халық қиялына құрылған. Онда тұспал, жұмбақ, астарлы ой,
ишарат, бейнелеу, жөн
- жосықты ұғыну, ыңғайға
түсіну,
қалыптасқан қағидаларға құрылған.
Туған
елдің ұлттық бірлігін,
халықтығын сақтауға бар күшін сарп еткен
от ауызды, орақ тілді Төле
бидің шешендік сөздерінен оның биік
парасаты көрінеді және
келер
ұрпаққа
ой салары сөзсіз. Мысалы, бірде
атақты батыр, әрі
шешен Шақшақұлы
Жәнібек Төле биден
ақыл сұрай келіпті.
Төле би
надан, дұшпан
адамның қайырымсыздығын айта келе, достыққа адал,
шыншыл болуды насихаттайды. «Өмірден өз
орныңды тап» деп жастарды адалдыққа,
әділеттікке
уағыздайды.
Мұнда табиғатқа деген
жанашырлық пен сүйіспеншілік бар. Елдің тіршілігі
табиғатпен етене екендігін аңғартады. Жақсы басшы
халқының тірегі, қамқоры және
алға қарай жол
бастайтын көшбасшысы
екендігін еске салады.
Міне,
қазақ шешендік сөз өнері тарихында
мұндай келелі де
ұлағатты сөздерді
көптеп кездестіруге болады. Ең бастысы оларды
ұрпақ
тәрбиесінде орынды пайдалану. Ата - бабаларымыз
өсиетке толы өнегелі сөздерін
ұрпақтарына
үйретіп, жастарды ақ
жолға бастап
отырған. Әр сәби
өз халқының тәлім – тәрбиесін,
дүниетанымын, ана тілін жастайынан естіп, үйреніп, мектепте жан- жақты дамытылуы тиіс.
Әрбір мектеп түлегі өз ұлтының салт-
дәстүрін, әдет – ғұрпын тамашалаушы,
қызықтаушы ғана емес,
өз бойына сіңіріп, нағыз қазақ жігіті мен нағыз қазақ
қызы дерліктей дәрежеге жетуі керек.[5]
Бүгінгі тәуелсіздік алып, ұлттық
қадір-қасиетімізді көтеру жолында күресіп жатқан
кезімізде бала тәрбиесіне қатысты ұлттық рухани мұраларымызды тәрбие процесінде
жан-жақты пайдалануға қамқорлық жасау басты
міндеттердің біріне айналып отыр. Сондықтан да жас
ұрпақты ата-баба дәстүрімен сусындату бүгінгі
таңда жалпыға бірдей міндет.
Әдебиеттер:
1. Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. – Алматы,
1989.
2. Мағауин М. Қобыз сарыны. - А., 1968
3. Төлеқұлұлы Н.
Қазақтың
100 би - шешені. – Алматы, 1993.
4. Жарықбаев Қ.
Аталар сөзі –
ақылдың көзі. − Алматы,1980.
5. Төлеубекова Р.К. Бала
тәрбиесіндегі
халықтық педагогика.
− Алматы, 1994.
Резюме
В
статье рассматриваются вопросы
использования ораторского искусства
в воспитании молодежи
The summary
In clause the questions of use ораторского
of art in education of youth are considered(examined)