Қаймолла А.Т., Медиева
С.Х.,Тлеуберлинова Э.Б.
«№92гимназия»КММ
Е.А.Бөкетов атындағы
ҚарМУ
Бастауыш
сыныпта инновациялық білім беру технологияларын пайдалану
Инновациялық
процесс–бұл дамуы жағынан мақсатты бағытталған
және құрылуы жағынан саналы процесс қазіргі
заманның идеяларын, теорияларын, әдістемелерін, технологияларын
тарату және меңгеру, қолдану белгілі критерийлерге сәйкес
келетін және белгілі бір жағдайда өзекті және
бейімделген процесс болып табылады. Ол жүйенің сапалы
жақсаруына бағытталған жаңа тәртіптің енуін
және жаңашылдық тұрғысынан оның
көзқарастарының өзгеруін және оның
қатысушыларын ынталандыруды көздейді.
Инновациялық білім беру–іскерліктің
жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін
дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге,
оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа
жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және
шығармашылық жұмыстар жүргізуге
бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану –
біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді
ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге
деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы
ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.
Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне
оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан
өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек .
Инновация латын сөзі – жаңа,
жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. С. И. Ожегов
сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан жасалған,
жуық арада пайда болған бұрынғының орнын басатын,
алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген
жаңалық.
Инновация дегеніміз–жаңа мазмұнды
ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа
үлгілердің бағытындағы нақты әрекет,
нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік
іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі,
жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық,
технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің
біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру
жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен
шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне,
өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп,
қоғамға пайдасын келтіру.Ендеше,осы міндетті орындауда
инновациялық технологияны қолдану – өмір талабы.
Оқу
мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі
категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің
нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек,
мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет
бұрудың кілті [1].
Мемлекеттік білім
стаңдарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру
жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа
педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі,
одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі
нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Инновация
ұғымына жалпы энциклопедияның жаңа басылымында
“инновация, жаңалық, жаңару – техникалық және
технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе
жаңалықтардың іс жүзіндегі қолданысы” деген
анықтама беріледі. Ал,
сөздікте “новация – бар нәрсенің ішінара жаңаруы,
яғни қандай да бір бөлігінің, қасиетінің,
байланысының өзгеруі” делінсе, “инновация – мүлдем жаңа
нәрсе, жаңалық” ретінде пайымдалады.
“Инновация” сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus
(жаңа) сөздерінен құралып, жаңару,
жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын
қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор
Н.Нұрахметов.Ол“Инновация, инновациялық үдеріс деп
отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды
жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір
бөлек қызмет” деп көрсетеді.
Ал,
К.Құдайбергенова “инновацияны” – нақты қойылған
мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп есептеп,
төмендегідей аудармалар жасаған: “инновация”-жаңарту,
“нововедение”-енген жаңалық, “новое”-жаңа, “новшество” -жаңалық,
“инновационный процесс”- жаңарту үдерісі.
Алайда, инновация ұғымының шығу
кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да,
бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға
жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар
көбіне экономика, техника,агрономия,өнеркәсіп және
медицина салаларында кеңінен
қолданылады[2].
“Инновация” ұғымын қарастырсақ,
ғалымдардың көбі оған әртүрлі
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша
түсіндіреді: “Инновация-нақтылы бір адамға жаңа болып
табылатын идея”. Майлс “Инновация-арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан
жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін
күтеміз»,-дейді.
Инновациялық
құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың
сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация
бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда
болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге
бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз
жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р.Линчевская Т-“Жаңару”
дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару- белгілі бір адам
үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған
байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен
анықталатын жаңа идея [3].
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми
әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге
бөледі:
-
идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу
кезеңі, мұны
шартты түрде, іргелі де
қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып
табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.
-
Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға,
материалдық немесе
рухани өнім-үлгіге
айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.
-
Жаңалықты енгізу
кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық
іс-жүзінде
қолданысқа еніп,
қайта өңделеді және жаңалықтан
тұрақты нәтиже
алынады.
Бұдан кейін
жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да,
инновациялық үдеріс жаңалыққа деген
алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі
кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай
кезеңдер орын алады:
- Жаңалықты тарату кезеңі,
мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп,
жаңа салаларға кіреді
Инновациялық
білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби
қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне
инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы,
жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу
деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық
деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу
мүмкіндігі жатады.
Ал енді, білім берудің алдында тұрған
неғұрлым маңызды, мәнді міндеттерге келсек, мыналарды
бөле-жара атаған жөн:
-
біріншіден, білім жүйесін
жетілдіру;
-
екіншіден, оны үздіксіз әрі көпсатылы құрылым
ретінде енгізу;
-
үшіншіден, халықаралық біліми кеңестікке кіру.
Бүгінгі
таңда бұрынғы білім беру жүйелерін осы заманғы
әлеуметтік, экономикалық даму тұрғысынан жетілдіру
талап етіледі. Ең басты мәселе- білімді жетілдіру, жаңа
жүйеге көшу болып табылады. Еліміздегі оқу орындарында білім
мен ғылымдағы ең алуан түрлі және болашағы
зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде [4].
Бастауыш
мектептерде инновациялық
технологиялар арқылы жұмыс істеу, басқару мақсаттарына
қол жеткізуге және міндеттерін шешуге арналған маңызды
құралдарға басқару қызметтерінің
жиынтығымен анықталатын басқарушылық
іс-әрекеттің мазмұны, басқарушы жүйенің
ұйымдық құрылымы, басқарушы субъектілер
қолданатын басқару технологиялары және олардың
қарамағындағы ресурстар кіреді.
Сонымен, мектептердегі
инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби
қалыптастыру дегеніміз -
қазіргі талаптарға сай білім беру саласына жаңа
оқу әдістерін ендіру арқылы, жеке тұлғаның
кәсіби білімі мен біліктілігін жетілдіре отырып, кәсіби
қызметке қажетті білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын
қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының
“Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу” деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін
көздейді. Қазіргі таңда барлық орта мектептер
жаңа инновациялық оқыту технологиясы бойынша жұмыс
істйді [5].
ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада
ғылымның жаңа саласы, жаңшылдық ғылымы
пайда болу нәтижесінде 50-жылдары педагогикалық инноватика
қалыптасты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының
шешімімен “ХХІ ғасыр-ақпараттандыру
ғасыры” деп аталады. Қазақстан Республикасы да
ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі
қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне
енді. Қоғамды ақпараттандыру
- экономиканың, ғылымның, мәдениеттің
дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі
басты рөл мектепке жүктеледі.
Пайдаланған
әдебиеттер
1. М.М.Жанпеисова. модульдік оқыту технологиясы
оқушыны дамыту құралы
ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/ –
Алматы, 2006 ж.
2. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева
// Бастауыш
мектеп. – 2006. - №5.
3. Тұяқов Есенкелді.Модулдік технологиямен //Қазақстан
мектебі ,3/2005
4. К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология. Алматы,
2004
5. Мұқаметқали М. Мұғалімдерді кәсіби педагогикалық инновациялық іс
әрекетке даярлау жолдары - Өскемен, 2004.