Аханова К.Т.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

 

Жаңа технология – БҮГІНГІ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ КІЛТІ

 

 «Білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту  бағдарламаларымыз жалғаса береді.  Бұл туралы  алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты – әлемнің ең дамыған 30 елінің  қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз.... »,- дейді  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында. Оны нақтылай айтқанда, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» – деп көрсетілген. Жалпы және жоғарғы  білім беретін мекемелер  түлектері қазіргі замаңға сәйкес білімді болуы тиіс, сондай-ақ, болашақ педагогтар, орта немесе кәсіптік мұғалімдері қазіргі заман инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс.

Білім  беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатытымен тығыз байланысты.  Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер, интерактивті тақталар, мультимедиялық электрондық оқыту құралдары саналады.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті екені белгілі.  Себебі,  жаңа технологиялар ағылшын тілімен тығыз байланысты. Тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді. Қазіргі таңда жаңа ақпараттық  технологияларды  оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Ағылшын тілі сабағында оқытудың  білім берушілік үрдісінде  60 % -дан жоғары оқыту құралдары  қолданылады: баспалық шығарылымдар, электрондық басылымдар, кәдімгі және мультимедиялық варианттардағы компьютерлік оқытушы жүйелер, оқу-ақпараттық аудиоматериалдар, оқу-ақпараттық бейне материалдар. Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Қазіргі заманда барлық мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Жоғарғы оқу орындарында, колледждерде, мектептерде, лицей-гимназияларының кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған.

Ағылшын тілі пәннің беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қазіргі таңда үлкен жетістіктің бірі  ақпараттық  - қатынастық технология құралдарымен етене байланыс. Шетел тілі шәкірттерге оқыту – күрделі іс. Сондықтан оның кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін саралап – шетел тілін оқытып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту деген өзекті тақырыпты алып, мәселенің шешілуі жолы ақпаратты- қатынастық технологияларды қолдану деген тұжырымға тоқтала кетсек, артық болмайды. Ақпаратты-қатынастық технология - өзінің мәнділігі жөнінен өте әділ де шындыққа негізделген үрдіс. Демек, ХХІ ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдарымен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр.

 Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.

Біз жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл - алдыңғы қатарлы елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес, ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді елдер тұратынын білдіреді. Қазіргі кезде ең бағалы тауар – ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ.

Осыған орай бүгінгі таңда шетел тілдерін оқытушылардың алдында білімгерге білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

Білім беру үрдісінде ақпараттық технологияны қолданудың мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Шетел тілі пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Шетел тілі сабағында логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы өтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл оқытушыға  ағылшын тілі сабағындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сабақта интерактивті тақта мен компьютер пайдаланудың тиімділігі:

- білімгер мен оқытушының позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, білімгерлер компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.

- жұмыс барысында білімгерлер белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Білімгер өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.

- берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін шетел тілі сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Білім беру үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы білімгерлердің ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі өте жоғары деп айта аламыз.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір  шарты  –  оқу   орындарындағы   білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті. Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.

Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:«ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен дінің  мансұқтамай, барлық азаматтарға  тең мүмкіндік  беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз», -  дейді Елбасымыз өз Жолдауында. Сондай-ақ,  бүгінгі күннің талаптарына сәйкес әр білімгер инновация арқылы іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастырады. Жаңа инновация технологиялардың бірі -  интернет, ол арқылы білімгерлер өзіндік жұмыстарын орындайды, халықаралық қарым-қатынаста болады, шетелдерге барып, тәжірибе  алмасуға үлкен мүмкіндіктер береді. 

Әдебиеттер:

1.       Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жоладауы, қараша 2014ж.

2.       Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

3.       Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә., «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері», Алматы, 2008ж.

4.       Қазақстаның ғылыми және инновациялық қызметі, 2006-2010 ж.ж. Астана қ. 2011 ж.

5.       С.Ғ. Тәжібаева, «Мектепте тәрбие жұысын ұйымдастыру технологиясы», Алматы , «Білім» , 2008 ж.

6.       К.Ж. Бұзаубақова , «Инновациялық педагогика негіздері» Алматы, «Білім» , 2009 ж.

1.       7. Т.Мейірманқулова «Білім берудегі инновациялық технологиялар», Алматы, «Үш қиян»,   2005 ж.

7.       Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000

8.       Жұмажанова Т., Дүйсебаев С., Мамырова Ә., Көпбаева З., «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003

9.       Педагогика журналы №2-2009ж.

10.    «Инновациялық дамудың жаңа мүмкіндіктері» «Егемен Қазақстан» газеті, 14 қараша 2014ж.