Қазақстан Републикасы, Қостанай қ. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ

Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті ф.ғ.к., А.Қайыпбаева.

          

Қазақ және француз тілдеріндегі эмоционалдық  бағалау түрлері

 

Лингвистердің айтуынша, екі немесе бірнеше ұлт өкілдерінің қарым-қатынас жасау  мәселелерін зерттейтін ізденіс жұмыстары төмендегідей принциптерге негізделген:

1. Әр ұлттың өзіне тән мәдениеті,өзара қарым-қатынас жасау жүйесі бар.Мәдениетаралық қарым-қатынасты зерттегенде  ең бірінші тілдік және мәдени ерекшеліктер тудыратын коммуникативтік мәселелердің көзін анықтау керек.Бұлар, сөйлесу актілерінің жүзеге асуы,сөз кезегін сақтау ережелері,қарым-қатынас ережелері,алуан түрлі эмоцияның,сезімнің тілде көрініс табуы,т.б.

2 Қарым-қатынас барысында мәдени өзгешеліктер әр түрлі ұлт өкілдерінің арасында түсінбеушілік тудыруы мүмкін.[1,78]

Лингвистикалық біліктілік-сөйлеуші мен тыңдаушыға сөйлемдер құрып,өз ойын жеткізуге және сөйлемдерді түсінуге мүмкіндік беретін грамматикалық ережелер  жүйесін меңгеруді талап етеді.Әлеуметтік-мәдени біліктілік адамға әр түрлі коммуникативтік жағдаяттарда сөйлеу актілерін белгілі бір ұлттың әңгімелесу ережелері мен әдептілік нормаларына сүйене отырып,жүзеге асыруына  септігін тигізеді.[1,137] Осы ретте, француз және қазақ тілдеріндегі жағымды және жағымсыз эмоцияны білдіретін  одағайлар,жағымды және жағымсыз бағалауды білдіретін сөздер мен сөйлесімдердің эмоционалдық қызметіне тоқталуды жөн көрдік.

Эмоция құбылысты немесе оның қасиеттерін бейнелемейді,оның индивид үшін мәнін білдіреді.Индивид құбылысқа өз қажетіне байланысты көзқарасын білдіреді.Эмоцияның пайда болуына адамның қабылдауы,физиологиялық реакциясы,сөйлеуі қатысады.Бағаның жақсы/жаман деген жалпы бағалау стандарты болатыны сияқты эмоцияның қабылдау/қабылдамау деген жалпы эмоционалдық стандарты бар.[2,102]

Бағалаудың негізінде эмоция жатыр.Эмоция когнитивтік қызметтен туындайды,себебі қоршаған ортаны,әлемді қабылдау,танып білу когнитивтік үдеріс,осы үдеріс барысында жағымды,жағымсыз эмоция туындайды.Индивидтің қажет етушілігімен заттың шын болмысы сәйкес келсе,адамда жағымды эмоционалдық реакция пайда болады .Адамның қалауымен заттың шын болмысы сай келмесе,адамда жағымсыз эмоционалдық реакция болады.Эмоцияның таза белгілері –лексиканың ерекше қабатын құрайтын-одағай болып табылады. [3,98]  Қазақ тіл білімінде одағайларды бірнеше топқа бөлген Ш.Ш.Сарыбаевтың еңбегі белгілі.Француз тіліндегі одағайлардың классификациясы Е.Кордидің еңбегінен алынды.Материалдық және рухани мәдениеттің ұлттық сипаты тілде көрініс табатынынын тіл мен мәдениеттің өзара қатынасын ғылыми теориялық деңгейде алғаш зерттеген В.фон Гумбольдтың еңбектерінен білеміз.А.А.Ивин бағаның 4 компонентін анықтаған:1 баға субьектісі-бағалаушы адам; 2 баға обьектісі-бағаланған зат,нәрсе,адам т.б.;3 баға сипаты;4 баға себебі.М.К.Мурзагалиева бағаның осы төрт компонентіне тағы екеуін қосады:бағалау қатынасы және баға нормасы.

Француз,қазақ тілдерінде де бағалау  сын есімінің мағынасын үстеулер арқылы  күшейтуге болады,сөйтіп бағалау шкаласы не кемиді ,не өседі.Бұған мысалдарды қазақ-француз тілдері диалогтерінен келтірейік:

·                   Votre impression/Сіздің  әсеріңіз/

·                    Nina  C'était super! Cette comédie musicale m'a

beaucoup impressionnée. Mais la fin était inattendue./Бұл ғажап!Маған мюзикл өте ұнады.Бірақ  соңы тым  оқыс аяқталды/

·              Jacques        Cette comédie musicale est très populaire ici.

Elle va à Paris depuis quelques ans. Mais le théâtre est comblé chaque soir./Бұл мюзикл көпшілікке  өте танымал. Бұл Парижде бірнеше айлар бойы жүріп жатыр.Ал театрдың ішінде,  әр кеште ине шаншар жер жоқ./

·              Nina     La musique de Plamondon est très populaire aussi en Russie. Si je ne me trompe pas, il a écrit la musique pour quelques comédies musicales./Ресейде де Пломондон  әуендері аса танымал.Егер мен қателеспесем,ол бірнеше мюзиклдерге күлкілі әуендер жазған./

·              Jacques         Vous avez absolument raison. Toutes ses

comédies musicales sont très populaires en France et  en Europe./Сіз  өте турашыл адамсыз.Оның мюзиклдері Францияға және  бүкіл  Еуропаға өте белгілі./

·              Nina     Je l'ai entendu.  En Russie les comédies

musicales deviennent de plus en plus populaires. Certaines comédies étaient écrites par les compositeurs et les dramaturges russes. Mais cette comédie musicale française était superbe./Мен бұл туралы естіп жүрмін.Ресейде бұл мюзиклдер бірте-бірте асқан танымалдылыққа айналды..Бұлардың кейбіреулерін орыс драматургтері мен композиторлары жазған.Ал осы француз мюзиклы аса ғажайып десек  артық емес./

·              Jacques         Enchanté qu'elle vous a plu./Сізге ұнағанына өте ризамын./

·              Nina     Merci beaucoup pour ce soir. Mon mari est

·              enchanté aussi de cette comédie./Бүгінгі кеш үшін ризалығымды білдіремін.Бүгінгі көріністен жолдасым да зор әсер алды./

·              Jacques          Je suis heureux, Madame./Өте ризамын, ханым./ /4,75/

Берілген сұхбаттағы қарамен терілген/très, аussi/,/өте, аса,тым/ қазақ-француз тілдеріндегі   сөздер бағалауды күшейтіп, мағына үстеген.Диалогтегі /beаucoup/ қалып сөзі де бағалау мәнін үстеп тұр. Яғни ,бағалау сөздерінің мағынасы үстеулер,қалып сөздері арқылы күшейіп,бағалау шкаласы өсіп тұр.

Халықтың когнитивтік тәжірибесінің қалыптасуына әсер ететін ұлттық тілдің концептөрісі ұлттың мәдениетімен,дінімен,тарихымен,салт-дәстүрімен тығыз байланысты болса,индивидуалдық концептөрістер отбасының,әлеуметтік ортаның т.б.концептөрістерімен етене байланысты болады.Адамның индивидуалдық мәдени тәжірибесі,білімі,біліктілігі т.б.яғни,адамның барлық когнитивтік тәжірибесі оның концептөрісіне кіреді.  

 

Әдебиеттер:

1 Кубрякова Е.С.Размышления о судьбах когнитивной лингвистики на рубеже веков//Вопросы филологии.2001.№1(7)

2 Қайдар.Ә.Т.Тіл білімінің өзекті мәселелері.Алтаты.1998.314б.

3 Бақытов А.Т. «Француз-қазақ тілдеріндегі бағалай сөйлеудің ұлттық мәдени ерекшеліктері»Алматы,2005ж.Автореферат.канд.дисс.,

4 Петрова Л.М.Французский за 42 дня.-М.;Филоматис,2005.-224с-/Серия «Филология»/