Региональные политические процессы
Оспанова А.Н., Куланбаева
С.М.
Казахстан, Астана
Евразийский университет
им.Л.Н.Гумилева
ЗАҢСЫЗ МИГРАЦИЯ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ
ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ТӨНГЕН ҚАТЕР
Қазіргі
таңда ел ішінде және аймақ аралық көптеген
қайшылықтар туындатып отырған мәселе заңсыз
миграция. Бұл процесс
біздің елімізде саяси және әлеуметтік мәселеде
кері әсерін тигізіп отыр.
Заңсыз миграцияға байланысты
шиеленісті жағдай 2005ж Францияда болған жанжалмен айқын
суреттеледі. Көптеген елдер тәжірибесіне сәйкес (1998ж
Индонезияда антииммигранттық қайшылықтардан пайда
болған Сухарто режимінің құлауы) осындай
әлеуметтік қайшылықтар мемлекеттік билікке және
халық қауіпсіздігіне әсер ететініне куә болды.
Кеңес Одағының
құлауы жаңа тәуелсіз және егемен
мемлекеттердің пайда болуына ықпал етті. Бұл
мемлекеттердің пайда болуы посткеңестік кеңістік
территориясындағы миграциялық ахуалды түбегейлі
өзгертіп жіберді. Қазақстан және бұрынғы
КСРО құрамындағы басқа да елдер қажетті
ақпарат көздерінің қолжетімсіз кезінде, әлсіз
инфрақұрылым кезеңі мен қалыпты еңбек
нарығы әлі қалыптасып үлгермеген уақытта
миграциялық ағыммен қақтығысты.
Этноәлеуметтік
және этносаяси өзгерістің айқын көрінісінің
соңғы жылдарын бастан кеше отырып, миграциялық процесс
жергілікті тұрғындардың өміріне өзгеріс
әкелді, егемен елдердің саясатына әсерін тигізді, ал ең
бастысы жарқын болашақ пен тұрақты жағдайдан
үміттенген, өзге территорияларға көшіп-
қонушыларды сипаттап берді.
Біздің еліміз аймақтағы
тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
беделді қолдаушылардың бірі бола отырып, миграциялық саясат
мәселесі төңірегіндегі сұрақтарды шешуші
халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес
ұйымдардың өзара
қатынасы пен ынтымақтастығындағы
мүше-мемлекеттердің
толық құқықты қатысушысы болды.
Қазақстан
өзінің географиялық жағдайының ерекшелігінде,
Еуропалық елдерді Орталық Азия елдерімен байланыстырушы, геосаяси
орталық рөлін атқарады, сондықтан шетелдік азаматтардың
республикамызға ағылуы экономикалық өсім мен ішкі саяси
жағдайдың тұрақтылығын сақтап
қалуға себеп болатын құбылыс[1,с.16-20].
Қазақ қоғамында
қадағаланбаған миграциялық процесстің теріс
әсерлері жеткілікті түсіндірілген, дәлірек айтқанда
бұл процесс ел экономикасына,
этнодемографиясына және криминогендік ахуалдың белең алуына
себеп болатыны анық. Дегенмен бір жағынан, қарама-қайшы
көзқарас заңсыз миграция қазіргі жаһандық
ғаламдағы заңды
процесс болып табылатындығымен сипатталады. Осыған орай бұл
процесс миграцияның жағымды әлеуетін елдегі экономикалық және
демографиялық жағдайды жақсартуға пайдалануға
шақырады.
Қазақстанға
және Еуропа елдеріне
бағытталған заңсыз ағымдардың жаңа
тенденциялары, ұйымдасқан түрде және қылмыстық сипатта байқалуда.
Бұл істің қалыптасуына
құрамында Қазақстан территориясынан
қашықта өмір сүретін адамдардан
құралған, салаластық қылмыстық
ұйымдар қатысуы мүмкін.
Қазақстан ішкі
істер органдары мен ТМД елдері құқық
қорғаушы органдар арасында келесі негізгі бағыттарды
жүзеге асыруға бағытталған келісімдер мен
келісімшарттар жарияланды: адам өмірі, денсаулығы мен
бостандығына қарсы бағытталған қылмыспен
күрес; ұйымдасқан қылмыс және
жемқорлық, бандитизм, терроризм және халықаралық қылмыспен
күрес; заңсыз қару-жарақ, улы заттар және
радиоактивті материалдар тасымалы;
заңсыз наркотикалық заттардың айналымымен күрес.
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мен
шекаралас аймақтардың құқық
қорғаушы органдарымен ынтымақтастығы екіжақты
келісім негізінде жүзеге асады. «Шекаралық
ынтымақтастық жөнінде келісімге Қазақстан
Республикасы ІІМ, Ресей Федерациясы ІІМ және Қырғызстан мен
Өзбекстан ІІМ арасында Келісімге
қол қойылды»[2,с.198]. Келісім негізінде: заңсыз миграциямен
күресте, ұйымдасқан қылмыс пен
қоғамдық құқықтық
тәртіпті қорғауды
орнатуда қажетті
оперативті – ақпаратпен алмасуға, қызметтік кездесулер
ұйымдастыруға, төтенше жағдайлар орын алған
жағдайға алдын – ала жоспарлар құру бекітілді.
Қырғыз Республикасы Ұлттық
Қауіпсіздік Кеңесінің мәліметінше Қазақстан
заңсыз мигранттар ағылымының бірден-бір
қақпаларының бірі дегенді пайымдайды. 2004 жылғы
мемлекеттің арнайы қызметі арқылы Бангладештің 32
азаматы қолға түсті және олардың бангладештік
туристік фирмасының қызметін өз істеріне пайдаланғаны
анықталды. Бұл азаматтың әрқайсысы 1,5 мың
АҚШ долл-нан 2 мың АҚШ долл көлемінде ақы
төлеген. Ұсталған азаматтардың мойындауы
нәтижесінде, «бұл фирманың басқа да өкілдіктері
Орталық Азияның барлық елдерінде, Ресей астанасында
және Еуропаның басқа да мемлекеттерінде жұмыс істейтіні
анықталды» [3].
Мұндай
қызметтердің механизмі былай жүзеге асады: фирма бірнеше елде
ұйымдастырылады және осыған сай адамдар да әр елден
тартылады, бірінің міндеті кездесулерді ұйымдастыру болса, екінші
біреуіне тұратын орын мен заңсыз мигранттардың мемлекет
территориясы төңірегіндегі тасымалдануы жүктеледі. Бұл
шиеленіскен байланысқа қатысушылардың барлығы дерлік
қауіп-қатердің салымына және деңгейіне
сәйкес еңбек ақы алады.
Қазақстанның
оңтүстік шекарасына алыс шекаралардан заңсыз
мигранттардың байқала бастауынан кейін-ақ олардың
республика көлемінде ағылуының тұрақты
жүйесі пайда болды. Солардың ішінде көп кездесетін
нұсқасы-Қазақстанның визасыз режимдегі немесе
рұқсатнаманың жеңілдетілген режимі болған жағдайда,
өзге мемлекеттер азаматтарының
төлқұжатын пайдалануы. Мұндай әдіс
құқыққорғаушы органдардың мәліметінше
көбіне Ауғанстан мен Пәкстан елдері азаматтарында кездесіп
жатады. ҚР СІМ мәлімдеуінше 2001 жылдың қыркүйек
айында, екі күнде Қазақстан территориясына беталған
Тәжікстан төлқұжатын иеленген 700 адамның 100-і
Ауғанстан азаматы болып шыққан [4, с. 138].Демек
Қазақстан территориясына Оңтүстік және
Оңт-Шығыс Азия: Пәкстан,Ауғанстан, Бангладеш және
Шри-Ланка елдерінен мигранттар көп ағылады.
Шекара арқылы адам жасырын тасымалымен
байланысты іс тек қана халыаралық ғана емес, жергілікті
сипатқа да ие. Тіпті аса маңызды емес
қазақстан-қырғызстан және
қазақстан-өзбекстан заңсыз қиылысқан кейбір
аймақтары да заңсыз миграннтардың әсерінен оларды
заңды бағыттандыруға әкелді [5].
Ең дәстүрлі ұстаным-
«заңсыз мигранттар өтетін жерлердің» өткелдеріне
жетекші тағайындау керек немесе автомильді және теміржол
тасымалдарында арнайы қақпан немесе тұзақ
құру қажет. Сонымен қатар жетекшілердің алатын
пара көлемі 6,5 АҚШ долл бастап 45 АҚШ долл
құрайды деген дәйектер бар[6]. Сондықтан
Қазақстанға алыс және жақын шет елдерден
бағытталған заңсыз мигранттар ағымы өте
күшті дегенге саяды.
Мигранттар құрамын зерттеген
сапалы қорытынды, ҚР арқылы өтетін жол «сапар
шегушілер» үшін географиялық көзқарас жағынан
және заңсыз тасымалдау салаларының орнықты қызмет
етуіне ең ыңғайлы әрі қарапайым болып табылатыны
анықтады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның оңтүстік шекарасы арқылы
бағыт алған заңсыз мигранттар ағымы – мемлекет көзқарасы
бойынша тек Қазақстан Республикасын ғана емес Ресей сонымен
қатар Еуропаның көптеген елдерінің
қызығушылығын тудыратын үлкен проблемалы
сұрақты туындатып отыр.
Тек қана 2011 жылдың өзінде миграциялық заңды
бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған
шетелдіктер саны- 146207, оның-13 мыңы елден қуылды. Елден
қуылған заңды бұзушыларға Қазақстан
Республикасының шекарасынан өтуге 5 жылға тыйым салынды.
2001 жылы
Қазақстан азаматтығына 39,7 мың адам қабылданды,
оның ішінде 35,6 мың (немесе 89,7 %)-оралман қоныс аударды.
Қазақстан Республикасының азаматтығына
қабылданған қоныс аударушылар Өзбекстаннан (21,3
мың.), Қытайдан (6,0 мың.), Монғолиядан (3,8
мың.), Қырғызстаннан (1,5 мың.) және Ресейден
(1,4 мың.).
Қазақстан мен Белоруссия, Ресей,
Қырғызстан және Украйна арасында орнатылған келісімге
сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын
алғандардың жалпы саны -
16,4 мың адам (оның ішінде 13,0 мыңы-оралмандар) [7].
ҰҚКҰ(ОДКБ)
мүше мемлекеттер құзырлы органдардың үйлестіру
кеңесінің заңсыз
миграция мәселесі төңірегіндегі, Сыртқы Істер Министрлігі
мен Ұлттық қауіпсіздік Комитетімен бірлескен шешіміне
сәйкес, үшінші
мемлекеттің азаматының заңсыз миграциясына қарсы
және ҰҚКҰ мүше елдер территориясында адам сатумен
күреске қарсы екі этаптан тұратын «Жасырын адам-2011»
(«Нелегал-2011») операциясы жүргізілді.
Операция жүргізу кезеңінде әкімшілік
жауапкершілікке 25 мыңнан аса
шетелдіктер тартылды. Сот шешімімен
2626 шетелдік азамат елден қуылды. Оның ішінде 2362 адам –
ТМД елдерінен. Заңсыз шетелдік еңбек күшін пайдаланғаны
үшін әкімшілік жауапқа тартылған жұмыс берушілер
саны -624, және іздеуде жүргендердің 87- қолға
түсіп 44 -тергеу ісі қозғалды.
Сонымен
қатар, алдын – ала сақтандыру шаралары, жедел-іздестіру және
арнайы шаралар жүзеге асты. Қорытынды кезеңде «Мигрант» деп
аталатын төрт
жедел-сақтандыру іс-шарасы жүргізілді (18-20 наурыз
аралығында, 26-29 сәуір аралығында, 25-27 тамызда, 28-3
желтоқсан аралығында).
Бұдан басқа миграциялық
заңды бұзуды анықтауға байланысты республикалық 4
жедел-сақтандыру шаралары және 60 аймақтық рейдтік
іс-шара жүргізілді [7].
Құқық
қорғаушы органдарды тиімді қолданатын Мемлекетаралық
ақпарат банкі. Ақпарат айналымы ерекше белсенді түрде
Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Өзбекстан, Украина
мемлекеттерінің құқық қорғаушы
органдарының өкілетті ақпаратық бөлімдерімен
жүзеге асып жатады.
Айрықша
қолданыстағы және сұраныстағы есепке,
мемлекетаралық ізденістегі хабарланған жедел-ақпарат және адамдар есебі болып табылады.
Бірегей ақпарат жүйесін
нығайтудың негізінде «Беркут-ІІМ» іс -шарасы жүзеге асады.
Бұл бағдарлама шетелдіктердің шығуын, келуін
қадағалаумен қатар қосымша визалық қолдау
және виза электрондық келісімі функциясын қадағалайды.
Бұл бағдарлама негізінде ҰҚК сәйкес Бірегей жүйе орнату
қызметі арқылы үшінші мемлекеттің азаматтарын
және азаматтығы жоқ ТМД елдері территориясына
шығушы адамдарды есепке алу жүзеге асады.
2010
жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-де Миграциялық полиция
Комитеті құрылды, ол миграция сферасындағы функцияларды
үйлестіруші орган
құзыретіне ие болды(заңсыз миграциямен күрес,
оралмандарды орналастыру, босқындар мәселесі, тұрғындар
құжаты және т.б.).
Заңсыз миграция жолдарын ашу және
жабу бағытында жыл сайын көктем-жаз айларында елдің шекара
аудандарында қосымша күш жұмылдыра отырып, уақытша штаб
жұмысы ұйымдастырылып, шетелдік азаматтарды ішкі істер
органдарының базасына тіркеу жүргізіледі. Қажет болған
жағдайда жедел-тексеру топтары құралады [7].
2011
жылдың 20-23 қазанында ІІМ миграциялық полиция Комитеті
Төрағалығы ТМД
мүше-мемлекеттер миграциялық органдар басқармасының
Кеңесінің 10 - отырысына қатысты. Отырыс барысында
Ынтымақтастыққа мүше мемлекеттердің
құзырлы органдарының үйлесімді өзара
қызметі жөнінде сұрақтар талқыланды. Сонымен
қатар миграциялық саясат пен миграция сферасындағы
ұлттық заңнамалардың үйлесімділігі
қағидаларына тоқталды.
Алдағы
уақытта елімізде «екі азаматтықты» болдырмау жөнінде
құқықтық механизмдерді қалыптастыру
мақсатында, ҚР ІІМ сыртқы істер, әділет, еңбек
және әлеуметтік қорғау министрліктерінің
қатысуымен мекеме аралық жұмыс тобы құрылды.
Осыған орай төлқұжат
қауіпсіздігі, азаматтардың , қоғам және мемлекет
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтың жеке басын растайтын
құжаттардың заңдық деңгейде
құқықтық сипатын нығайтуға
жағдай туғызылды.
Елімізде 2007-2015 жылдарға
арналған Миграциялық саясат Концепциясы жүзеге асып келеді,
бұл құжат мигранттардың еңбек және
әлеуметтік құқығын қорғайды,
иммигранттардың қоғамға тез енуіне және
сәтті интеграциялануына қолдау көрсетеді, экономиканың
жоғары сатылы жұмыс күшіне сұранысын
қадағалайды, еңбек нарығындағы ұсыныс пен
сүраныс тенддігін қадағалауда қызмет атқарады.
Әдебиет:
1.Суворов А.
Действия полиции и внешняя миграция в Казахстане // Саясат. — 2003. № 11.
2.Сборник конференции
"Миграция и ее развитие в России" —M, МГУ, 2010.
3. Чанц М.Управление
миграционными прцессами в Казахстане и вклад Международной Организации по
Миграции. Фронтьерские миграции. Сб. научных трудов. – Москва – Уральск, 2002.
4. Каналы перекрыты //
Экспресс К. N 208 (15121).2002.2 ноября.
5. Мелкооптовая измена государству с великим будущим. Время плюс. Выпуск
9.2003.19-26 августа.http://timeplus.freenet.uz/news/2003/09.
6. Жихорь Ю. Казахстан:
Транзит нелегальных мигрантов. 2002.17
мая.http://www.arba.ru/iwpr/1/articles/2002136-2.html.
7.Миграционная ситуация
в Республике Казахстан. Интернет - портал СНГ. 2011. 27 декабря.http://www.e-cis.info.