Право/Финансовое право                                                                      

Тәлей Мейірім               

Әл-Фараби атындағы

Қазақ  Ұлттық университетінің 

1 курс  магистратура студенті

Жетекшісі- PhD докторы Алимжанова М.Г.

                                                                 

Қазақстан Республикасының банк қызметі

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық рефендум арқылы мемлекеттің ең жоғарғы Ата Заңы, Конституциясын ресми түрде қабылданған болатын. Осы Конституцияның 1-бабының сәйкес  Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу деген заңнама басшылыққа алында[1].

Қазақстан Республикасы  1995 жылғы 31 тамызда N 2444 “ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы” заңын қабылдайды. Осы заң бойынша банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға екен туралы жазылған. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  лицензиясының болуымен айқындалады. Сонымен қатар банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды. Яғни немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды деген мағынаны білдіреді. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп заңи негіз бойынша танылады[2].

Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер болып келеді. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді. Банк деген ұғым немесе айтқанда ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестіру бағытында біршама жауаптарды ескереміз. «Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны» деген мағынаны білдіреді екен[3].

Қазақстан республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі. Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады[4].

1995 жылғы 31 тамызда N 2444 “Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы” заңының 3-бабы Қазақстан Республикасының банк жүйесiне арналған. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және де ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді екен. Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (уәкілетті орган) мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының тағы басқа  заңдарымен айқындалып реттелді. Аталған заңнманың тармақтарында уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Бұл негіздер арқылы банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді. Уәкілетті органның банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталады.

Бергіленген баптың 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкісін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

      а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

      б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

      в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде “Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы” заңының 4-1-тарауындағы көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып келеді. Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және де депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесімен ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік берілмейді[2].

Банктің атқаратын қызметерін негізінен төменде көрсеткендей топтастыруға болады:

• Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

• Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

• Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

• Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Сонымен қатар банктер орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты эмиссиялық және эмиссиялық емес банктер болып екіге бөлінеді. Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару болып табылады. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк болып келеді. Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер. Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді. Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды[2].

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

• Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;

• Несие беру;

• Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

• Төлем құралдарын шығару,

• Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

• Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);

• Клиенттерге кеңес беру.

Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар. Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда[3,4].

Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк. Қазақстан Республикасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді[1].

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Қазақстан Республикасының  1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы.( 1 998 және 2007 жылдары өзгерістермен);

2) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы;

3) Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы: «Экономика», 2000 ж.;

4) Алдаберген Ә.«Банк жүйесінің тұрақтылығы – экономикалық дамудың кепілі» Егемен Қазақстан, 2004 ж 11- қараша.;