Үсенова С.М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

Шотаева Г.Е.

Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия, Тараз қ., Қазақстан

ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Оқушылар ұжымы немесе қарапайым балар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен және алдында белгілі мақсат қойып, білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде арнайы топқа біріккен жасөспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі деуімізге болады. Оқушылар ұжымы деген атау- ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып, педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады.

Бірінші кезеңде- мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою арқылы балаларды мінез-құлық нормасына үйретіп әлеуметтік тәжірибеге тартады.

Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.

Үшінші кезең- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді құбылыстарды бағалауда қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады- атты тұжырымдар арқылы А.С.Макаренконың оқушылар ұжымын ұжымында тәлім-тәрбие ұйымдастыру барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз.

Ұжымдық топтасуды балалар мен оқушылар қарым-қатынастарымен шығармашылық әрекеттерінің жиынтығы десек ұйымдық құрылымды-ұжым жетістіктерімен мәртебесін анағұрлым жоғарғы деңгейге бағытталған әлеуметтік құбылыс демекпіз. Белгілі ұжымның озық дәстүрлерін немесе шығармашылық жетістіктерімен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол жетістіктердің қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық топтарды біріктірген ұйымдық бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым тиімдірек болады деп санаймыз. Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі- ұжым мен ұйымның педагогикалдық тұтастығында олардың тұтастығы оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге , мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруде және мектептегі педагогикалық қауымдастық пен бірлесе отырып мазмұнды , мақсатты жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Әр ұжымда қалыптасқан дәстүрлердің уақыт өткен сайын солайып, кейін ол дәстүрлердің бірнеше ұжым топтарының қажеттілігіне айналуы-мақсаты мен ой арманы бір ұжымдардың бір ұйымдарға бірігуіне себепші болады. Демек, ұжым әрекеттерінің айрықша белсенділік танытуы-олардыңұйымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ. Бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұжымы бірнеше ұйымдарға бөлініп, өз беттерімен стихиялы түрде әрекет етуде. Ол ұйымдарға “Атамкен”, “Жұлдыз”, “Болашақ” және басқа ұйымдар жатады. Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының негізгі формасы-сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік принциптерін меңгереді. Сынып жиналысы – ол оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті-ұым өмірін ұйымдастыру барысындаоған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай, оның негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы- ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау. Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық т.б секторларының жұмыс жоспарын талқылар, оның барысы жайында есептерін тыңдайды. Сонымен бірге сынып өміріне қатысты ұйымдық шараларды белгілеп және оның орындалу нәтижесін талқылап отырады (сынып немесе мектеп көлемінде кезекшілікті атқару, сынып немесе мектеп ауласын тарзарту жұмыстарында т.б) Сынып жиналысы- бір мәселе жөнінде (тақырыптық) болмаса бірнеше мәселені талқылау жайында (сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту, сайлау ұйымдастыру, есеп беру жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды талқылау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау т.с.с) өткізуі мүмкін.

Ұжым- әрбір мұғалім үшін ойдың, шығармашылық ізденістің қайнар көзіне айналуы тиіс. Ең алдымен тәрбие күшіне терең сенім қажет. Сенім әрбір мұғалімнің ұжданынына айналуы тиіс. Тәрбие күшіне сену дегеніміз - өз жұмысына сену өз шәкіртінің ой мен сөзімнің әміршісіне айнала аламын, ең “қиын” оқушыны да адам ете аламын,- дегенге сену. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ғана өз еңбегінің нәтижесін көреді. Адам – ұжым- қоғам өзара қарым-қатынас жүйесі, міне, осы осының арқасындаұжым қоғамының белсенді қайраткерін, азаматтық, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін жауапкершілігі мол, саналы азаматты тәрбиелейтін күшке саналады.

Ұжымдық өмірдің эмоциялық байлығы дегенде жеке адамның еңбек жетістігін тек өзі ған емес, өзгелерде сөзінетінін, адамдардың бірін-бірі бағалай білетін, құрметтей білуін, жан дүниесімен сөзінуін түсінуге болады. Ұжымдық өз мүшесін толықтай бағалай білуі, тұлғалық қасиеттерін саралап, көрсете білетін орта білуі тиіс. Педагогикалық шеберліктің қырының бірі ұжым ішінде адам өзіне-өзі талап қоя біліп, қоғам алдындағы жауапкершілігін жете түсінуі керек, ұжымның абройын ардақтай білуі керек. Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола білген ұстаз ған өз еңбегінің нәтижесін көреді.

     Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей педагогикалық ұжымның оқу-тәжірибе үрдісіндегі нәтижелі еңбегінің көрінуі, оны ұстаздардың сөзінуі де ұжым жетекшісіне, басшысына, ұйытқысына байланысты. Әрбір ұстаз еңбегін теориялық және методикалық тұрғыдан ұйымдастыра білсе, ұстаздар бірлігі мен ұйымшылдығын қамтамасыз ете алса, тәртіп пен биік талап межесін қоюды заңдылықтар негізінде жүргізсе басшы мектеп жұмысының рухани нәтижелі болуын қамтамасыз ете алады. Мектеп тәжірибе мен білім ошағына айналғысы келсе оның өмірінің өзегі болуға тиіс ең басты нәрсені-оқушылар ұжымындағы ой өмірін, ұдайы интелектік байлық алмасу ісін тек білімге құштарлық билеген педагогикалық ұжым ғана қамтамасыз ете алады.

 

        Әдебиет:

1. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.

2.       Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

3.       Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.

4.       Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.

5.       Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.

6.       Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп,1973.

7.       Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.