Тулегенов А.Б.
Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің магистранты
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ, БҮГІНГІСІ,
БОЛАШАҒЫ
Күрестің
ұлттық түрі - қазақ
күресі. Қазақ күресінің даму тарихы
тереңде жатыр. Қазақ халқының өмір сүру
салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті
іс-әрекетінің өзі күрес. Тарихқа көз
жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ,
ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат
үстінде найзаласудан тағы басқа дәстүрлі сайыстар
өтетіні жайлы нақты деректер бар. Мысалы,
Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл
санауымыздан бұрын Хан патшалығы дәуірінде
тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі
түркілердің қонысын қазып, қабырды ашқанда
зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты.
Табақшалардың бетінде екі адам бір-бірімен
қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипаты
ашық бейнеленген екен. Қытай ғалымдары бұл палуандарды
түріктердің арғы тегі саналатын ғүндар деп
ұйғарған. Демек, бұл заттар - күрес
шежіресінің айғағы. Оның бер жағында
халықтық эпостарда сайыс өнері жайлы көркем тілмен
керемет баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы
күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай
салынбаған.
Ата-бабаларымыздан
қалған жекпе-жек сайыс өнерінің бірінде
қазақ күресінің өзіндік орны бар. ХХ
ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді
жүйеленген тәртібі болған жоқ. Сондықтан да
әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай
отырып, қалыптасқан.
Қазақ
күресінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталған.
1936 жылы Семей қаласында қазақша күрестен
Қазақстан чемпионаты өткен.
«Қазақ күресі»
бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары
арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс
дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты
өткізіліп отырған.
Қазақ
күресінде шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап
күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың
басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен
қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де
қолдануға болады. Ойынның ережесі бойынша жатып
күресуге болмайды. Қимыл үстінде адамға зақым
келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды.
Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және
жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Адамның ептілігі мен
жылдамдығы, шымырлығы мен ой жүйріктігі басым палуандар
жеңіске жетеді. Бұл күні палуандар тек алпауыт алпамсадай
азаматтар ғана емес, орта салмақты, арықша келген азаматтарда
бола алады. Себебі мұнда ең бастысы сенің жігерің мен
ұмтылысың.
Қазақ тарихында жауырыны жерге тимеген батыр аталарымыз да
жоқ емес. Аттың
құлағында ойнап, ерлігімен, батырлығымен,
батылдығымен, палуандылығмен көзге түскен. Махамбеттей
ер тұлғалы батырлар, Балуан
Шолақ сынды ат үсті
ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген, күш өнерін көрсеткен
спортшы, жауырыны жерге тимеген палуан, қазақ елін әлемге
танытқан Қажымұқандай аталарымызды айтпау мүмкін
емес.
Орасан күштің
иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы
атанған қазақтың тұңғыш палуаны –
Қажымұқанның
тарихтағы орны ерекше. Қазақ елінің атын
әлемге таңытып, өзінің
еңбекқорлығымен, өнерімен, дүниежүзін
аралап, бойына берген күшінің арқасында әлемді
өзіне қарата білді. Қажымұқан
Мұнайтпасұлы 28 мемлекетте
күреске түсіп, 56 медаль олжалаған. ХХ ғасырдың басында түркі
халықтарының ішінде тек қазақ палуаны осындай
атаққа ие болды. Дүние жүзінің чемпиондары Иван
Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг
Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды тепсе темір үзетін
палуандармен қатар жүріп, боз кілемдегі айқастарда осы
балуандарды шетінен жығып, бәйге алу - сол заманда нағыз ерлік
еді.
Қажымұқанның
тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген
шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста
ол әлем чемпионы атанады.
Атадан балаға мирас
болып келе жатқан ұлттық төл спортымыз
қазақ күресінің аясы кеңейіп, даңқын
әлемге паш етіп жүрген палуандарымыз да жоқ емес.
Қазақ палуандарының арасында Олимп биігін
Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков сияқты
ағаларымыз жеңіс туын желбіретіп
бағындырды. Сол ағаларымыздың сара жолын
жалғастырған Дәулет Тұрлыханов, Асхат Житкеев,
Нұрбақыт Теңізбаев, Ақжүрек Таңатаров
сияқты тағы да көптеген күш алыптары баршылық.
Қазақша
күрестің дамуы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін
басталды. «Қазақша күрес» федерациясын
құрып, көптеген ғылыми еңбектер жазып,
тұңғыш төраға болған - Ерғали Мұхитдинов ағамызды
айтпай кету мүмкін емес. Ол кісінің ерең еңбегі мол.
Алғаш рет «Қазақша күрес» федерациясын
құрып, оның тұңғыш
төрағасы болған адам. Осы шамада, яғни 1990 жылдары
атақты балуан Әбілсейіт Айханов ағамыз өзі бас болып
қазақша күрес ережесін жазып, ол ереже 1990-1995
жылдарға дейін қолданыста болды. Одан кейін күрес ережесін
жетілдіріп, қазіргі палуандар киіп күресіп жүрген күрес
киімінің негізін жасаған адам – Елемес Әлімханов. Бұл
кісінің де қазақ күресіне сіңірген еңбегі
зор. 2002 жылдардан бастап осы күрестің қыр-сырын білетін
Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов
сияқты мамандар қазір қолданыста жүрген ережені
дүниеге әкелді. 2004 жылы Берлин қаласында өткен
Дүниежүзі қазақтарының кіші
құрылтайында «Қазақ күресі» бойынша
халықаралық федерация құрылып, оның басшысы болып
Серік Төкеев сайланды.
2004 жылы Алматы
қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін
қазақ күресінен ірі халықаралық
турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшылары
қатысты. Олардың қатарында Германия, Түркия, Голландия,
Франция және басқа да елдер болды.
Алғаш рет Азия
біріншілгі 2006 жылдың шілде айында Ресейдің Алтай жерінде
өтті. 2007 жылы Алматы қаласында «Күрес фестивалі»
өтті. Фестивальға әлемнің 60 мемлекетінен спортшылары
қатысты. 2008 жылы Ресейдің Орск қаласында екінші
біріншілігі өткізілді, оған 42 мемлекеттің палуандары
қатысып, Қазақстанның 4 палуаны алтын, 2-і күміс
медальмен оралды. 2010 жылы Астана қаласында 3-ші әлем
біріншілігі туын желбіретті, оған 46 мемлекеттен 300-ден астам палуандар
қатысты. Қазақ палуандары бұл бәсекеде намысты
қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1қола медаль иеленіп
командалық есепте бірінші орынды алды.
Алғаш рет 2011 жылы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
аясында, ұлтжанды азаматымыз Арман Шораевтың жобасы негізінде «Қазақстан Барысы» турнирі
өткізілді. Оған әр
облыстан 4 палуаннан, барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені
сарапқа салынды. Бұл сайыста бірінші орынды Қызылордалық
палуан Ұлан Рысқұл иеленді.
Екінші рет 2012 жылы «Қазақстан Барысы» турнирі
өтті. Бұл турнирде
Тараздық палуан Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барыс» атанды.
Үшінші рет өткізілген «Қазақстан барысында» Шығыс
Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғмаров
атанса, сондай-ақ 2014 жылғы «Қазақстан барысын»
Мұхит Тұрсынов иеленді.
2014 жылдың 25 қазан күні Павлодар қаласында
тұңғыш рет қазақ күресінен «Әлем
Барысы» атты халықаралық турнир өтеді. Бұл –
қазақ күресінің тарихында бұрын-соңды болмаған
жетістік. «Әлем барысы» ауыр салмақта өтті. Оған
бес құрлықтан 35 елдің жауырынды спортшылары келді.
Бұл да болашақта Халықаралық Олимпиада комитеті
тарапынан қойылып отырған талаптарға сай болуы үшін
өткізілген жарыс. «Әлем барысына» Еуропа мен Азияны айтпаған
күннің өзінде Америка да, Африка да, жалпы, бес
құрлықтан 35 елдің спортшылары келді. Әр
мемлекеттің намысын қорғау үшін сол елдің бір
палуаны сынға түсті. Жарыс
жоғары деңгейде, халықаралық турнир деген
мәртебеге лайық болу үшін салмағы арнайы 90 келіден
жоғары дүлей күш иелері келді. Әрбір жарысқа
қатысушы өз елінің мақтанышы, бетке ұстар палуаны
болды. «Әлем барысы» нар тұлға, сен
тұр мен атайын деген алыптардың айқасы болды. Нағыз
айқас, жан алысып, жан беріскен күрес болды. Төрткүл әлем «Әлем
Барысын» тамашалап, қазақ күресінің таныды. Куба палуаны Оскар
Рене Видал Брайсон алғаш рет өткізілген қазақ күресінен
«Әлем барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы
атанды. Брайсон Видаль — дзюдодан Олимпада ойындарының қола
жүлдегері. Айта кетейік, жүлде қоры 150 мың долларды
құрады.
Халық «Әлем
барысынан» жауырыны жерге тимеген палуандарынан үміт күткені шындық.
Бірақ, спорттың аты -
спорт. Біреуге жеңіс, біреуге жеңіліс болады. Бұл
біздің палуандарымыз үшін сәтсіз болған күрес.
Бірақ та, қазақ күресінің деңгейін
әлемге танытты.
Қазақ
күресі – бүгінгі күнде өз өмірін спортпен
байланыстыратын адамдар үшін әлеуметтік саты болып табылады. Ұлттық күресті жаңа
деңгейге көтеру қазақ елінің мәртебесі.
Себебі, осы әлем күресі арқылы мыңдаған ел
тамашалап, қазақ деген елді танып біліп жатыр десек қателеспейміз. Егер мемлекет болып, ел болып қазақ күресін
қолға алсақ, әлемдік деңгейге көтерілуі
мүмкін.
Кезінде
жапондықтар өздерінің ұлттық дзюдо күресін әлемге таныту
үшін бірнеше Әлем Чемпионаттарында бір екі чемпион ғана
калдырып қалған салмақ дәрежелерін басқа елдерге
берген болған бұл жапондықтардың ұлкен саясаты болған
десек қателеспейміз. Осындай саясаттын арқасында дзюдо күресі
қазіргі таңда Әлем мойындаған күрес болып
есептеліп, Олимпиада бағдарласында көп жылдан бері қосылып
келеді. Мен өз басым қазақ күресінің
болашағы зор екеніне сенемін, неге бізде осы жапондық саясатты
колға алмасқа.
Ұлттық
күресімізді дамыту арқылы бұқараның көптеп
спортпен шұғылдануына, дені сау, рухы күшті болуына
ықпал жасау. Болашақтағы қазақ
күресінің танымалдығын арттырып, мәртебесін
жоғарылатуда спорт мектептері мен жекелей қазақ күресі
үйірмелерінің жаттығу сабақтарын жүргізу
мен болашақ балуандарды дайындаудың ауылдық, облыстық
жарыстарды үйымдастырудың маңыздылығын өте
зор.
Барлық
атқарылып, жасалып жатқан спорттық жарыстардың негізгі
мақсаты – біздің ұлттық күресіміз
«қазақ күресін» бүкіл әлемге таныту және
Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілсе нұр
үстіне - нұр болар еді.
Пайдаланған
әдебиеттер
1. Қазақ
энциклопедиясы, 5 том .
2. Сағындықов Е.
С. Қазақтың
ұлттық ойындары. -Алматы: «Рауан» баспасы,