ӘОЖ 7.048
ҚАЗАҚТЫҢ
ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ МӘНІ
техника және технология магистрі,
аға оқытушы Пернебаева Р.А.,
техника және технология магистрі,
аға оқытушы, Смагулова Г.С.
(М.Х. Дулати
атындағы ТарМУ)
Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей,
жаңа өмiрдiң талабына лайық жауап беретiн туынды
жасау мүмкiн емес. Жаңа туындының тамыры көне
дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын
оның өрбiп, жапырақтың бұтақтары да
жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның
идеологиялық және рухани ата-бабадан қалған
мәдени мол мұраларынан нәр алып, жаңа
өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлауы керек.
Қай мамандықтың зерттеушiсi болмасын, ескi тарихи
мұралардың негiзiне сүйенбесе, оның еңбегi де,
туындылары iргетассыз салынған үймен тең, ондай
туындының өмiрi ұзақ болуы мүмкiн емес.
Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын,
барлығына бiрдей қойылатын қатаң да заңды талап.
Бұл талапты мүлтiксiз орындау–мамандарымыздың
баршасының қасиеттi борышы болса керек.Қазақтың
өрнекті әшекеймен істелетін
қолөнерінің түрлері де, атаулары да жетерлік.
Солардың ішінде халық арасына көбірек
тарағаны - ою-өрнек.
Ою-өрнек ісі тым
ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық
түріне бірдей ортақ әсем Ою деген
сөз бен өрнек деген сөздің мағынасы
бір. Өрнек дегеініміз әр түрлі ою,
бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап
істеген көркемдік түрлердің,
әшкейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан
көбінесе ою-өрнек деп қосарланып
айтыла береді.Ою-өрнектің біздің
заманымыздың мыңдаған жылдар
бұрынғы халықтарда да соншалық ескі
дәуірден бері келе жатқан халықтық
өнердің бір түрі болып саналады.
Қазіргі шеберлердің іс үлгілерін
зерттеу нәтижесінде анықталған
ою-өрнектердің 200-ден астам түрі бар.
Өрнектердің шығу тарихы, адам өмірімен,
тұрмысымен байланысты екенін көрсете келе
олардың даму ерекшелігін, дәуірдің, адам баласының
сана-сезіміне қарай өрнектің таңба,
элементтердің дамуы мен өркендеу ерекшелігін
байқауға болады.
Халқымыздың шиге,
алашаға, кілемге салатын «омыртқа»
өрнегі Ғ.Иляевтің кілем, түскиіз,
терме-алашаға арнап жасаған өрнегі.
Өрнек кілең «сынық мүйіз»
өрнегінің элементтерінен құрылған.
Сонымен қатар, өрнекте ұлы жүз қазақтардың
рулық белгісі болған «тарақтаңба» да
көрініп тұрады. «Омыртқа» өрнегін
малдың кепкен жалпақ омыртқасының сүресін
есіне түсіре алмаған кісінің түсінуі
қиын. Сол сияқты жалпы атауы мүйіз
(қойдың, арқардың, бұғының)
ұғымынан алынған әр түрлі және
көп тармақты өрнектер де неше иіріліп, әр
түрлі тармақталып, бір сюжетті тұспалдап
тұрады. Мысалы, «қошқар мүйіз» өрнегі
ерте заманда бір түрде жасалып, бара-бара әдеміленіп келіп, екінші
түрге ауысқан. Бірақ оның
бастапқы затқа ұқсастығынан
гөрі әдемілігі, әшекейлігі басымдана
түскен. Мысал ретінде көне заманның айбалталарын
алайық. Айбалтадағы екі мүйіз тек әдемілік
үшін ғана жасалған өрнек. Ал балта
жүзінің өзі де жарты ай бейнесін меңзеп
тұр. Айта кетерлік бір жай осы сияқты мүйіздеп
әшекейлеу арқылы жасалатын өрнектер
қазақтан басқа елдерде де көп
кездесе береді. Қырғыз, өзбек, армян,
әзербайжан, түрікмен, украин, молдавандарда және
тағы басқа елдерде кездеседі. Әрине әр
елдің салттық ұғымдарына,
дәстүрлеріне байланысты олар әр алуан болып келеді.
Демек, халықтар арасында бірінен бірі үлгі алу,
өнеге ауысу ертеден –ақ жақсы
дәстүр болған деген ойымызды бұл жайлар тағы
да дәлелдей түседі. Ал шырмауық, шытырман,
гүл, жапырақ және геометриялық фигуралар тектес
өрнектер барлық халықтарға ортақ.Ел
әдетін, этнографиясын білген адамға мұндай
өрнектердің бұйымдық ұғымын
және олардың неліктен бұлай
аталатындығын пайымдау қиын емес
Қазіргі кезде ел арасында қол
өнерінің ең негізі болып табылатын ою атаулары мен
үлгісі ұмыт бола бастаған. Бүгінгі
әшекейлеудің басты құралы ретіңде, біз
қолданып жүрген ою-өрнектер руға біріккен адамдар
тобының белгісі, рәміздері ретінде саяси-әлеуметтік
қызмет атқарғаны белгілі. Туымыздан орын алған
ою-өрнек те осының айғағы. Рухани
қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық
бүгінде азаттығымыздың нышаны — көк байрағымызды
да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда
халықгың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде
бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың
қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою-өрнек әр
халықтың таңбасы, сол елдің
қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті
Қорыта айтқанда ою-өрнек
дегеніміз-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым,
сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық,
сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік,
көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке,
шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді.
Ұлттық ою-өрнектердің танымдық мәнін аша
отырып біз төмендегіше қортындыға келдік.
1.Ежелгі ата-бабамыздың
күнделікті тұрмыс тіршілігі табиғат пен мал
шаруашылығымен байланысты болғандықтан
өздерінің ою-өрнектерінде көбнесе жан-жануар,
құстарға табиғат құбылыстарына байланысты
элементтеріне көбірек пайдаланған.
2.Ежелгі ою-өрнектер ақпарат
құралдарының ролін атқарған.
3.Ою-өрнектердің танымдық
мәні жағымды эмоцияға негізделген. Мұндай
ою-өрнектердің тәрбиелік мәні өте күшті.
4.Ою-өрнектер рухани эстетикалық
қызмет атқарады.
Ою-өрнек өнерге деген махаббат,
сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Ою
ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.
Ұлтымыздың өзіндік
қол-өнерімен, әдеп-ғұрпының жас
ұрпаққа берер тәрбиесі шексіз.
Әдебиеттер:
1.
«Шаңырақ» үй-тұрмыс
энциклопедиясы. Алматы. Рауан. 1990 ж.
2.
С.Төленбаев, М. Өмірбеков.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің
жасалу жолдары. Алматы.1993 ж
3.
Ф. Әбиева, «Мектептегі технология».
Алматы, 2008 ж.
4.
Энциклопедия. Қазақтың
ою-өрнектері. «Алматы кітап» ЖШС. 2005 ж. Т. X.Ғабитов, И. Н.
Тасмағанбетов, Р. Н. Нұрғали, И. С. Төлендиев, Ә.
А. Асқаров, Ғ. Есім, Б. Сағыңдықұлы.
5.
Ж.Балкенов, Халық
мұрасындағы ұлттық өрнек және рең.
Қарағанды 1996 ж.
6.
Ұ.М.Әбдіғапбарова,
Қазақтың ұлттық өрнектері. А. Өнер
баспасы.1999 ж.
7.
Қасиманов Қазақ
халқының қол өнері А., 1969 1995 ж.
8.
Өмірбекова М.Ш
ОЮ-өрнектің қолданылуы А., 1995 ж.