ӘӨЖ
683.08
Оқытушы
техника және технология магистрі, Анарова Г.С.
М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Тараз қаласы
ТҮСТЕРГЕ СИПАТТАМА БЕРУ
Акварель - ( франц.
Aquarelle, лат. Aqua-су) - сумен езуге жеңіл және тез шайылатын
бояу және сол бояумен салынған сурет. Акварельмен көбіне
қағаз бетіне, сирек ұшырасқанымен, пергаментке, жібек
мата, піл сүйегіне т.б. заттарға суреттер салынады.
Акварельдің айрықша ерекшелігі-мөлдірлігінде,
қағаз бетін ашып, сәулелендіріп жіберетін қасиетімен
аса бірн нәзік нұрлы әрлілік беретіндігінде. Су бояулы
живопись үлгісі (мөлдір болмаса да) Көне Мысыр мен
Қытайда ертеде–ақ белгілі болған. Европа Акварельмен сурет
салу өнерін Қайта өркендеу дәуірінде қолданды,
18-19 ғасырында, әсіресе Англия, Франция мен Россия т.б.елдерде
өріс алды. Қазіргі бейнелеу өнерінде Акварельге зор мән
беріледі.
Акварель бояу қағаз бетіне мөлдіреп
түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты
құнды қасиеті болып табылады. Суреттің бояу
мөлдір жағылған жерлерінде қағаздардың
өз түсі көрініп жатады [1].
Көптеген суретшілер бір
түс пен екінші түстің арасында кереқар
айырмашылық болмауы үшін де акварель бояуларын пайдаланады: олар
бір-біріне жігін білдірмей жалғасып, өте бір биязы
жүмсақ реңк танытады.
Әр түсті
бояулардың мұндай жымдаса атасуы акварелге тән.
Акварельді
сыршырай спецификасына, - дымқыл күйіндегі техника жатады.
Бұл әдіс бояу
қабатын қағазға жайып сіңіру үшін
қолданылады. Бояуды қағаз бетіне жақпас бұрын,
қағаз бетін сулап, дымқылдатып, сіңіртеді.
Қағаз қатты кеуіп кетпеу керек. Жұмыс жасау
барысындақағаздың дымқылдығын бақылап
отырады. Сондықтан уақыт өту аралығында,
қағаздың екінші бетінен сулап отырады.
Акварель
техникасында қызықты сыршырайлы шешімдерді кебу күйде жазу
тәсілімен алуға болады. Бұл жағдайда кебу кистіні
қолданады. Кистіге шамалы ғана қою бояу ерітіндісін алып
заттың пішінінің бағытына қарай орналастырамыз.
Акварельді сыршырайда түстің жаңалығын (свежый) беру
үшін а-ля прима - тәсілін қолданады. Палитрада бояуларды
араластыру арқылы алынған түс қойылымның
түсімен толығымен үйлесуі керек. Мұндай жұмыс
тәсілінің дәрежесі жұмыстың реңдік
және түстік шешімдерін бірте-бірте емес бірден шешумен
аяқталады. Егер жұмыс процесінде мұндай сыршырай
тәсілінде түстің жарықтыгын қанықтылыгын
артыру немесе келтіру қажет болса үйлесімді түстер
көмегімен лессировканы қолданады.
Кешке арналған көйлек арнайы кештің талабына сай болуы керек, ол
әсем де сәнді, көзге тартымды, адамның
функцияналдық жағдайын сақтау, адамға кедергі
келтірмей, ыңғайлы, қонымды болуы қажет.
Бұл жағдайда киімнің адам организміне ешқандай кері
әсері болмауы тиіс, сонымен қатар, қай мезгілге дейін
шыдайтынын айқындау қажет.
Кешке арналған көйлек қорғану,
пайдалану және гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету тек
қана керекті материалдарды пайдалану нәтижесінде ғана емес,
сонымен қатар сәйкес келетін базалық конструкция тарапынан да
болады
Көйлек тігілетін мата
оның қандай жағдайда киілетіндігіне, оны киеті адамның
тұлғасына, жас шамасына және сән талабына қарай
талданады. Сәндікке киілетін киімдерге қоса юбка, шалбар, кең
формалы жилет, блузка және т.б. тігіледі. Қымбат маталардан
және түрлі әшекей мойыншақтар, шарф, мойншақпен
тігілген суреттер, әшекей-жылтыр тастар көйлектің сәнін
келтіреді.
Кешке арналған киім коммуникативтік функциясы мен дәлдікті орындауы тиіс:
-экономикалық мәртебесін костюм
арқылы бейнелеу,
-адамның жауапкершілігі
костюм арқылы бейнелеу,
-байсалдылық
костюмның белгісі,
-костюм этикалық
сапасының белгісі,
-костюм мәдениеттің
белгісі.
Кешке арналған
көйлекті жобалағанда тек
қана адамды немесе көпшілікті
қанағаттандырмай, оны киетін адамдарға
ыңғайлы, қонымды, сапа жағынан жоғары,
адамдарға кері әсері болмауын қарау керек.



Ұсынылып отырған жоба шет
елдердегі атақты дизайнерлердің кешке арналған сән
үлгілері [2].
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
1. Бейнелеу өнері. Алматы
«Атамұра»,2002.
2. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 5 том.
Алматы,1974.