ӘОЖ 622.864:611.89

ФИРМАНЫҢ БІРЛЕСКЕН ҮЛГІСІН КӨРСЕТЕТІН КИІМ ЖОБАЛАУЫ

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ аға оқытушы техника және технология магистрі, Пернебаева Р.А. оқытушы техника және технология магистрі, Анарова Г.С.

Арнайы киім – жеке тұрғыдағы қорғаудың бірден бір қиын құралы болып табылады. Ережеге сәйкес, арнайы киім әрбір серіктестік үшін және өндірістің бірлескен үлгісін көрсететін зиянды және қауіпті ерекшеліктерді ескере отырып, өндірістік факторларына сәйкес арнайы тапсырыс арқылы жасалынады.

Бірлескен үлгі бұл тек арнайы киімнің түстік шешімін компанияның бірлестік түсімен сәйкестендіру емес. Бұл, ең алдымен, компанияда бекітілген үлгілерді жүзеге асыру болып табылады. Соның ішінде: қорғаудың деңгейінің үлгісін, жылдың кез келген мезгілінде және кез келген өндірістік сәттерде әдемі болуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда көптеген компаниялар өз алдына қиын талаптарды қояды – арнайы киімге қалай ерекше күтім жасау керек? Кем дегенде бір апталық жууға шыдау үшін жұмыс киімі қандай матадан тігілу шарт? Өкінішке орай, Қазақстанда бұл мәселе жөнінде тек соңғы кездерде ғана ойлана бастады – әзірге базардағы отандық және шет елдік маталар көп сандық жууларды және химиялық тазалауды сәйкесінше көтере алмайды.

Қазіргі кезде бүтін және әрбір өндірістік жеке топтардағы түстік үйлесімділіктің шешімінің топтамасына ерекше көңіл бөлінеді. Топтаманың түстік үйлесімділігі компанияның өзіне тән түсіне сәйкестендіріліп, ғимараттың жиһаздарына және де психологиялық тұрғыда сәйкес болуы шарт. Фирмалық киімнің бағытталуы және атқаратын қызметі шектеулі болғандықтан, әрбір өндірістік топтардың киімдерінің түстері әртүрлі болып келеді, алайда олар түстік үйлесімнен шығып кетпеуі керек.

Мысалы, егер жұмыс өндірістік ластанулармен байланысты болса, онда киім түсі кір көтерімді, сонымен қатар көзді ауыртпайтын және де тітіркенуді болдырмайтын болуы керек. Жөндеу жүргізетін жұмысшылардың киімі өндірістік құрал жабдықтардан ерекше өзгешеленіп тұруы шарт және де олар жұмыс істеудегі техникалық қауіпсіздік шарттарына сәйкес белгі беретіндей функцияны атқарып, алыстан қараған кезде білініп тұруы керек. Мұндай киімдерді тіккен кезде екі түсті пайдаланған абзал: негізгі түс және де қосымша, яғни, белгі беретін бөлшектерде қолданылуы керек.

СТОАдағы қызметкерлердің арнайы жұмыс киімдерінде түстік үйлесімділік түстің психологиялық тұрғыдан әсер етуі бойынша таңдалып алынады.

Мамандар эргономикалық зерттеулердің қорытындысына байланысты, қазіргі таңда арнайы жұмыс киімін тіккен кезде үш түсті қолдануға кеңес береді: сары, жасыл жәе сұр. Әрине, өндірістік топтарға басқа да түстерді қолдануларына болады: қанық көк, қанық жасыл және қорғай алатын қасиеті бар- қара түс.

Нағыз жұмыста топтаманың түстік басымдылығы ретінде ашық көкпен көгілдір түс қолданылуына кеңес береді. Бұл түс, бекітілуінше, қысымды төмендететді, зейінді арттырып, ойдың шоғырлануына көмектесіп, дем алуды бәсеңдетіп және жүрек соғысын азайтып, ауруды басып, буындарды дем алдырып және де суық тию үрдісіне кедергі жасап, зейінді арттыруына ықпал жасайды. Аталған түс теңізбен ассоциация жасап, тепе-теңділікті сезіндіріп, ара қашықтықты белгілейді. Рухтық жағынан көк түс белсенді түрде ұмытылмас әсер қалдырады.

Қосалқы бөлшектер үшін сарғыш түспен тігуді кеңес береді. Ол арнайы жұмыс киіміндегі белгі беруші қызметін атқарып, қан айналуына көмектесіп, әрбір адамды құштарландырады, көңіл бөлу қасиеті жақсы болады. Бұл белгі беру элементтері жұмыс істеу қауіпсіздігінің шартына сәйкес өндірістік арнайы жұмыс киімдерінде болуы міндетті болып табылады.

Сарғыш түспен ашық көк түстің бірігуі кез келген адам үшін тартымдылық пен жылдамдықты шақырады.

Үшінші жасыл түс компанияның өзіне тән түсі болып табылып, негізінде ИТР ге ұсынылады. Психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес балғындықты, ұстамдылықты және де тыныштандыру қабілеті бар түс болып есептелінеді. Сонымен қатар, қимылдың ауыспалылығын айқындайды. Жасыл қосымша түс болып есептелінеді, ол екі түстің яғни, сары мен көк түстің бірігуінен пайда болады.

Біріккен үлгідегі арнайы киімнің өңдеуі келесі кешенді талаптардың шешімі болып табылады:

•Корпорацияның нақты өзіне тән ерекше үлгісін жасап шығаруға көмектесіп, біркелкі белгі беретін, арнайы жұмыс киімінің композициялық және құрылымдық тұстарын ескере отырып, түстік шешім арқасында қызметкерлердің нақты бір серіктестікке жататынын айқындайды.

•Нақты бір серіктестіктің қызметкерлерінің типологиялық және де белгіленген өлшемдік деңгейге байланысты арнайы жұмыс киімінің өңдеуі болып табылады. Мұндай әдіс корпорацияның қызметкерлерінің дене бітіміне сәйкес киім тігуге және де ыңғайлылықты арттырып, киімнің жеке түрлерінің жарамдылық мерзімін арттыруға қолайлы болып келеді.

•Заманауи отандық және шет елдік бұйымдарды қолдану арқылы топтаманың барлығының методологиялық құрылымдық тізбегін жасау. Бұл дегеніміз топтама жасаудағы модульдік ұстанымды пайдалану. Бұйым бір-бірін ауыстыра алатын қабілеті бар әмбебап және эксклюзивті модульдерден құрастырылады және де олар тұтынушылардың талаптарына сәйкес әр түрлі болып келеді.

 •Тұтынушының эксплутациялық талаптарының толық қанағаттандыруларының негізінде эргономикалық құрылым мен орнықты өндірістік бұйымдар жасау, нормативті және техникалық құжаттар жасауда бұйымның біркелкілігін қамтамасыз ету.

Әдебиеттер:

1.             Ансофф И. Новая корпоративная стратегия. СПб.: Питер, 1999. 416с.

2.      Журнал о профессиональной и специальной одежде, обуви и аксессуарах// «Uniform» Тенденции рынка спецодежды, обуви и СИЗ. Коллекция 2009

3.      Кокеткин, П.П. и д.р. Промышленное проектирование специальной одежды  М.: Легпромбытиздат, 1982. – 184 с.