ӘОЖ 622.864:611.89
ӨНДІРІСТІК КИІМДІ
ЖОБАЛАУДАҒЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫНЫҢ САРАПТАМАСЫ
М.Х. Дулати атындағы
ТарМУ аға оқытушы техника және
технология магистрі, Пернебаева Р.А. оқытушы техника және
технология магистрі, Анарова Г.С.
Күнделікті өмірдің бір бөлшегі-
еңбектің ерекшелігі екі аспекте қарастырылады: ішкі
және сыртқы. Ішкі аспект еңбектің әлеуметік
функциясының мазмұны және құрылысын бейнелейді, ол
дегеніміз қоғамның басқа да жүйесіне деген
қарым-қатынасын көрсетеді деген тұжырымға келеміз.
Ішкі аспект еңбек өрісін негізгі көрсеткіштермен
салыстырған кезде құрамның ерекшеліктерінде,
бөлшектердің байланысы мен өзгерулерінде бекітіледі.
Арнайы киімнің сапасына баға беру
көрсеткіші, бағытталуына байланысты міндетті түрдің
барлығына және де жеке түрлеріне байланысты бөлінеді. Барлық арнайы киімнің
сапасын көрсететін міндетті түрдегі көрсеткіштерге,
антропологиялық және еңбек шарттарына, бұйымның
салмағына, үздіксіз қолдануына, тігістің
қаттылығына, үлгінің түстік және
композициялық біркелкілігінің шешіміне, жуғанға
және де химиялық тазалауға төзімділік талаптарына
сәйкес киім астындағы жылу және микроклимат жатады. Арнайы
киімнің жалпы көрсеткіштеріне: гигиеналық,
эксплуатациондық, эргономикалық және де
шығармашылық көркемділікті жатқызуға болады.
Гигиеналық көрсеткіш ағзаға
қажет жылу күйін, терінің қалыпты демін, қан
айналымды, адамның тыныс алуын және іс-қимылын
қамтамасыз етілуін көрсетеді. Кез келген киім дененің
айналасына микроклимат орнатады, олар бір жағынан, адамның жылуды
бөлуіне байланысты болса, екінші жағынан, ішкі ортаның
метеорологиялық белгілеріне және де киімнің ерекшеліктеріне
(оның құрылымы, матаның физикалық және
химиялық құрылымы және т.б) байланысты болады. Киім
астындағы кеңістіктің микроклиматының көрсеткіші
болып, ауаның ылғалдылығы және температурасы, сонымен
қатар оның құрамында көміртектің диоксиді
болуы жатады. Жылуды бөлуді есептеудің әдісі әр
түрлі климат жағдайы бар жерлерде арнайы киімнің барлық
түрін жобалауға мүмкіндік жасайды.
Эксплуатациялық көрсеткіштер арнайы киімді
қолданған мезгілін, оның үздіксіз қолдану
уақытын, оның жууға және химиялық тазартуға
деген төзімділігін айқындайды.
Бұйымның эргономикалық бағасы
киімнің антропометрикалық, физиологиялық және
психологиялық талаптарға сәйкес оның формасымен, бұйымның
түсімен, өлшемімен, бұйымды пайдалануына және
қызметкерге физикалық және психикалық
жағдайдың дұрыс болуын қамтамасыз етеді.
Бұйымның шығармашылық
көркемдік көрсеткіштері оның құрылымдық
және түстік үйлесімділігінің шешімі мен қоса,
тұтынушының нақты бір фирмалық белгісін айқындап
тұратын эмблемалар мен логотиптер жатады.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер ең
алдымен гигиеналық, эксплуатациялық және эстетикалық
талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Арнайы киімнің
қорғайтын әсері: механикалық және жалпы
ластанудан тұрады.
Арнайы киімді жасап шығару
жұмысшылардың еңбек ететін ортасының талаптарына
тікелей байланысты болады. Еңбек талабы дегеніміз, еңбектің
пәні, жұмыс орнындағы ұйымдастырушылық, еңбек
ету тәртібі, дем алу және еңбек ету мезгілі сияқты бірнеше
факторлардан тұратын өндірістік орта болып табылады. Еңбек
талаптарына келетін болсақ, ол қауіпсіздік, өндірістегі
қауіпті және жағымсыз факторлардан жұмысшыларды
қорғау болып табылады.
Осылайша, еңбек талабы арнайы киімді жобалау
үрдісінде анықтаушы фактордың қызметін
айқындайды, ол дегеніміз матаны таңдауға және
үлгінің құрылымын жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда, адам қызметінің
бір де бір өрісі арнайы киімді қолданбай жүре алмайды. Арнайы
киім-пайдакүнемді. Оның сәнді болуы шарт емес, ең бастысы,
тұрақты физиологиялық және психикалық
жағдайды сақтай отырып, адамдарды әр түрлі
өндірістік жағдайлардан қорғау болып табылады.
Еңбек талабы дегеніміз ішкі орта факторларының бірігуі, олар
еңбек ету барысында адам денсаулығына және
еңбекқорлығына тікелей әсер етеді. Ішкі орталар
факторларының саны өндірістік ортада қызметкерлерге
ықпал етеді және де олар өзара шығу тегіне байланысты
екіге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші факторларға, өнімнің
ерекшелігіне байланысты болмайтын, географиялық, әлеуметтік
және экономикалық факторлар жатады. Соңғылары
қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық
жақтарына тәуелді болып, қоғамдағы
жұмыскердің орнын анықтайды. Олар еңбек заңында
жазылған.
Екінші факторлар өнімнің ерекшеліктеріне
және әріптестерге сәйкес келеді. Бұл факторлар, бір
жағынан, техниканың, технологияның, экономиканың
ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Әдебиеттер:
1. Кокеткин, П.П. и д.р. Промышленное проектирование специальной одежды М.: Легпромбытиздат, 1982. – 184 с.
2. Романов В.Е. Системный подход к проектированию специальной одежды М.: Лёгкая и пищевая промышленность, 1982. – 128 с.
3.
В.П.Зинченко
В.М. Мунипов– Эргономика. Учебник для вузов. М.: Тривола, 1999.