Педагогические науки/ Наука и технологии: шаг в будущее

 

п.ғ.к., доцент Манабаева А.Ш., п.ғ.к., доцент Абилкасимова Г.

Қазақстан Республикасы, Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті,

аға оқытушы Мұхаметжан Қ.Е

Қазақстан Республикасы, О.А.Байқоныров атындағы Жезқазған университеті

 

Болашақ мұғалімдерге қолданбалы қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің ерекшеліктері

 

Эстетикалық тәрбие процесінде өнер ерекше орын алады. Ол жалпы маңызды құндылықтарды құрайтын және оларды ұрпақтар арқылы адамзат баласына жеткізіп отыратын эстетикалық тәрбие болып табылады. Өнер құралдары адамдарға қоғамда көпжақты функциялар жүйесін (әлеуметтік мәдени, танымдық, тәрбиелік, катарсистік (эстетикалық сезім), өтемдік, қарым-қатынастық, эстетикалық, гедонестік (жақсы өмірге талпыну) және т.б.) орындауға мүмкіндік береді.

Өнер құралдары деп біз қоршаған дүниенің өнердегі бейнелену әдістерін түсінеміз. Әрбір өнер түрінің қоршаған дүниенің көркемдік суретін салатын өз құралдар тобы (түс, жарық, бояулар, дыбыстар, сөз, ырғақ, пішім, кеңістік, көлем және өзгелер) болады. Бірақ өнердің әр түрінің осы барлық техникалық құралдары өнер түрлерінің барлығына тән ортақ құралдар тобына біріктірілуі мүмкін. Оларға өнер туындыларының кешенді қабылдануына көмектесетін бейнелілік, шарттылық, ассоциативтілік, тартымдылық, әсерлілік, тұтастық, дауыс ырғақтығы жатады. Мұның өзінде олар адамға тәрбиелік ықпалын тигізеді. Аталған әрбір өнер құралын жеке-жеке қарастырайыз.

Өнердің тартымдылығы назарды оның мазмұнына аударуға ықпал ететін эстетикалық форма түрінде беріледі. Осы қасиеттің арқасында қабылдау процесі кезінде эстетикалық қанағаттану және ләззат жүзеге асырылады. Дегенімен, бұл жерде мұндай әсердің, әсіресе адамның адамгершілік саласына жағымсыз ықпал ету жағын ескерген жөн. Өнердегі әлеуметтік оң, сонымен қатар кері көріністерді де оң қабылдау және күйзеліс адамның зияттық, адамгершілік, идеялық-теориялық және эстетикалық даму деңгейіне, оның әлеуметтік ұстанымына байланысты.

Осыған орай, болашақ мұғалімдер ретінде «Бейнелеу өнері және сызу» және «Кәсіби оқыту» мамандықтарының стандарттарының ережелері Қазақстан Республикасының көрсетілген мамандықтар бойынша бакалаврлар дайындайтын жоғары оқу орындары үшін, олардың ведомостволық бағыныштылығына, ұйымдық-құқықтық нысандарына, оқыту түрлеріне қарамастан қолдануға және сақтауға міндетті.

Бакалаврдың біліктілік сипаттамасын кәсіби қызмет саласы, кәсіби ќызмет объектісі, пәні мен түрлері, кәсіби қызмет функциялары, кәсіптік қызметтің типтік міндеттері, бағыттары, мазмұны құзыреттілік негізіне қойылатын талаптар ќұрайды.

Мәселен, 050107 - «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының бакалаврлары мынадай қызмет түрлерін атқара алады:

-      білім беру (әлеуметтік-педагогикалық, оқытушылық); әр түрлі типтік оқу орындарында сабақ беру қызметі ұйғарылады;

-      мәдени-ағарту; дәрістер оқу, өнер жөніндегі әңгіме өткізу, мұражай, галереяларға, сәулет ескерткіштері мен ұлттық мәдени жәдігерлерге саяхаттар ұйымдастыру қызметі қамтылады;

-      өндірістік-көркем; интерьер, экстерьерді көркемдеу, өнеркәсіп орындарында, фирмада суретшілік, баспа орындарында кітап көркемдеушісі қызметтері ұсынылады;

-      жобалау-дизайнерлік; интерьер, экстерьер басқа да объектілердің дизайнерлік жобаларын жасау, кәделі және кәсіптік графика (орауыш, этикет, марка, белгілі, логотип, жарнама, буклекеттер, пошта жиынтығы, т.б.) саласында жұмыс істеуге бағытталған;

-      ғылыми зерттеу және әдістемелңк; бұл жұмыс көркем педагогика, жеке адамның психологиялық дамуы, бейнелеу өнерінің жаңа әдістемелері мен оқыту мәселелерін, өнер бойынша жаң білім мазмұнының түзілімін жасаудың көкейкесті мәселелерін шешуді қамтиды;

-      көркем-шығармашылық; бейнелеу өнері мұғалімінің қызметі живопись, графика, мүсін өнері, қол өнері бойынша көркем шығармалар жасауға бағытталған.

Ал, 050120 - «Кәсіби оқыту» мамандығының бакалаврлары мынадай кәсіптік қызмет түрлерін атқара алады:

-      кәсіби білім беретін мекемелер мен тәрбиенің мамандандырылған және білім беретін бағдарламаларына сәйкес кәсіби білім мен ілімге  оқыту;

-      оқыту және тәрбие мәселелері бойынша ата-аналармен қарым-қатынас жасау, қажетті жағдайларда ата-аналармен ағарту-педагогикалық жұмыстарын жүргізу;

-      оқушылардың әр түрлі және мазмұнды іскерлігіне қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау ;

-      педагогикалық шеберлікті жүзеге асыру мен квалификация деңгейін жоғарылату мақсатымен педагогикалық білім алу;

-      алғашқы еңбек ұжымының жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;

-      тапсырмалар мен шарт міндеттерін орындауды қамтамасыз ету;

-      жаңа технологияларды енгізу;

-      негізгі басқару шешімдері мен олардың орындалуына бақылау жүргізу.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулерде болашақ мұғалімдердің қолданбалы қолөнері құралдары арқылы эстетикалық тәрбие мєселесі теориялыќ жєне ғылыми-ќолданбалы бағыт тұрғысынан қарастырылады. Теориялыќ тұрғыдан болашақ мұғалімдердің қолданбалы қолөнері құралдары арқылы эстетикалық тәрбие ретінде зерттеу объектісі болып табылады, соның негізінде оныњ мәні, ќұрылымы туралы біртұтас түсінік қалыптасады; педагогикалыќ іс-єрекеттіњ єртүрлі саласындағы (дидактика, тєрбие, білім беруді басќару) әстетикалық тәрбиенің ғылыми негіздері оќып-үйреніледі; єдіснамасы мен жобалау теориясы зерттеледі.

Сонымен біз жоғары оқу орындарында 050107 – «Бейнелеу өнері және сызу» мен 050120 – «Кәсіптік білім» мамандықтары бойынша және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын талдай отырып, болашақ мұғалімдердің қолданбалы қолөнері құралдары арқылы эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың мазмұнын анықтадық (сурет 1).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1 Болашақ мұғалімдердің қолданбалы қолөнері құралдары арқылы эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың мазмұны

 

Сонымен, өнердің тұтастық сияқты құралы әртүрлі өнер түрлерінің ортақтығымен, жалпы өнер көзі - өмірмен, жалпы эстетикалық табиғатпен, ойлау, табиғат, өнер даму заңдарының бірлігімен қамтамасыз етіледі. Әрбір өнер түрі өз тілінің ерекшелігіне байланысты қоршаған дүниені тұтас етіп көрсетеді, яғни өнер дүние бірлігін тұтас етіп қайта ойлап шығарады. Әртүрлі өнер түрлерінің тағы бір ортақ құралы дауыс ырғақтығы болып табылады. Ол біздің тарапымыздан тек ырғақтар және бояулар байлығы ретінде ғана емес, өмірді өнер арқылы танудың жалғыз жолы ретінде түсініледі.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.   ЌР МЖМБС 5.03.001-2004 негізінде әзіріленген 050107 – «Бейнелеу өнері және сызу» - Алматы, 2005. - 18 б.

2.   ЌР МЖМБС 3.08.002-2004. 050120 - Кәсіптік білім мамандығы. Астана, 2005. – 28 б.