Биология магистрі Утебаева Б.Х.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Биология және химия кафедрасының оқытушысы

ШОРТАН-БУРАБАЙ КУРОРТТЫ АЙМАҒЫ МОЛЛЮСКАЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ЦИАТОКОТИЛИД  ЦЕРКАРИЯЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЙЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР

Бурабай көлдерінде кездесетін циатокотилид тұқымдасының сорғыштарының негізгі ие қызметін құстар, сүтқоректі жануарлар және сирек рептилилер атқарады. Екінші аралық иенің қызметін балықтар, амфибилер, моллюскалар және сүліктер атқарады.

Циатокотилид тұқымдасының тіршілік айналымы өте күрделі: көпшілігі үш кейде төрт иелерді алмастыру арқылы өтеді.

Церкарилермен жұмыс жасаған кезде, олардың морфологиясын, тіршілік әркетін, даму циклін білу қажет. Жас зерттеуші ғалым жұмыс жүргізер кезде осы дернәсілдердің құрлымын терең үйрену үшін церкарияларды тірілей  зерттеп, ғылыми әдебиеттермен салыстыру қажет. 

Осы мақалада бізде церкариялардың морфологиясы туралы ғылыми әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, циатокотилид тұқымдасының церкарияларының  морфологиясы туралы мәліметтерді келтірдік.

Көбінесе циатокотилид церкарилерінің денесі жалпақ жапырақтәрізді. Ол 1,5-2 есе құйрық бағанасынан қысқа және  тек кейбір  жағдайларда (Сercaria ariformis Khan, cercaria astrachanica VIII n.sp) ғана оның ұзындығына тең. Құйрық тармақтары (фуркалар) ұзын және құйрық бағанасының  ұзындығының ½ немесе ⅔ құрайды. Алдыңғы орган сопақша, кейде дөңгелекшелеу (басқа фуркоцеркарилердін ұзынша-алмұрттәрізді алдыңғы органнан өзгешелеу). Құрсақ сорғышы болмайды немесе қиын ажыратылатын ұрық бастамасы болады[1].

Тегумент ұсақ тікеншелермен қаруланған, құйрық бағанасын, денені бірқалыпты қаптайды, ал кейде құйрық тармақтарында кездеседі. Алдыңғы органды қаруландыратын тікеншелер басқаларынан  ірі және бірнеше дұрыс қатар түзіп орналасады. Ену тікендері болмайды[1].

Ас қорыту жүйесі ірі бұлшықетті жұтқыншақтан, қысқа өңештен және дененің соңына дейін жететін екі жуан ішек тармағынан тұрады. Ішек тармақтарында ішкі қуыстық жақсы айқындалған[2].

 Ену бездері алдыңғы органның екі жағында екі топ құрып орналасқан. Бұл өте ұсақ клеткалар, қысқа өзектерден тұрады, винтальды бояулармен боялмайды, сондықтан қиын анықталады. Соңғы жағдай, олардың нақты санын білуге қиындатады, сол арқылы басқа фуркоцеркарилерден нақты түр белгілерін анықтайды[2].

Цистогенді бездері болады, аздаған  жеке клеткалардан құралып, бейтарап қызыл бояумен боялады.

Зәр шығару жүйесінің құрылымы  өте ерекше. Негізгі жинақтаушы каналдар(бірінші қатар каналдары) тұлғаның ортаңғы сызығынан алға қарай тармақтала екі екіден екінші қатар түзеді, олар дененің алдына және артына қарай бағытталады. Бұл каналдардан, одан да жіңішке және қысқа каналдар (үшінші қатар каналдары ) шығады, капиллярларға тарамдалады. Соңғысы церкарилердің денесінде, құйрығында топталған екеуден немесе үшеуден және арттарында зәр бөлетін клеткалары болады. Кейбір жағдайларда зәр бөлетін клеткалар дернәсілдердің құйрығында болмауы мүмкін[65].Негізгі жинақтаушы каналдар дененің алдыңғы жартысында көлденең комиссурамен жалғасқан. Одан артқа медианды тақ канал шығады, одан қуыққа ашылатын екі тармақ басталады. Соңғысы құйрық каналына ашылады, тармақтары фуркаға еніп кетеді және олардың соңында зәр шығару тесікшелерімен аяқталады. Сонымен қатар циатокотилид церкарилерінде кейде Корт аралшасы  кездеседі[3].

Жүйке жүйесі жалпы барлық церкарилер типі сияқты құралған. Сенсиллары көп болады, әсіресе дененің құрсақ және құйрық бағанасының үстінде. Бұл байланыста олар басқа фуркоцеркарилерден ажыратылады, олардың денесінде  сенсилл саны  олигомеризацияға ұшыраған. Сенсиллдердің көп болуы, Стрегеид отрядына жататын өкілдерінен ажыралатын анықтауыш белгісі ретінде қарауға болады[3].

Құйрығы басқа фуркоцеркарилердікі сияқты бағанадан және тармақтардан құралады.Циатокотилид церкарилері жақсы жүзеді, сондықтан да олардың құйрық бағанасы күшті дамыған бұлшықеттен құралған. Каудаль денелері ұсақтау, аз және құйрықтың зәр шығару каналына тығыз жабысады. Көп түрлерінде фуркалары жалпақ жарғақшамен қапталған.

Cyathocotylidae тұқымдасының церкарилері ұзын құрттәрізді спороцисталарда дамиды, моллюскалардың бауырының қалың ұлпаларында  болады. Спороцисталар қозғалмалы, оларда бір уақытта көп мөлшерде церкарилер түзіледі. Дернәсілдер шығу үшін спороцистаның алдыңғы жағында саңылау ашылады[4].

Әдебиеттер

1.                Гинецинская Т.А.,  Добровольский  А.А. К фауне личинок трематод пресноводных моллюсков дельты Волги.  Астрахань: Труды Астраханского   заповедника. 1964. С. 64-77

2.                Судариков В.Е. Трематоды фауны СССР. Стригеиды. – Москва : Наука, 1984.С.3-21

3.                Гинецинская Т.А. О природе жизненного цикла трематод//Вестн. ЛГУ. -1965-С.23-26.

4.                Гинецинская Т.А., Добровольский  А.А. Новый метод обнаружения сенсилл личинок трематод и значение этих образований для систематик //ДАН СССР.- 1963С.-153с.