УДК 661.717.5:
619.9
ГИДРОБИОНТ
ОРГАНИЗМДЕРДІҢ рН СУЛЫ
ОРТАСЫНДАҒЫ РЕАКЦИЯСЫ
б.ғ.к. Сулейменова М.Т., х.ғ.к.
Кыбраева Н.С., аға оқытушы Серикбаева А.М.,
БИ 211-р1
тобының студенттері Абамуслим Д.К., Мағжан А.Г.
«Мирас» университеті, Шымкент.қаласы, Қазақстан
Резюме
Гидробиант просматривалось с целью обучения разных влияний рН
показателей на реакцию организмов.
Summary
The ayuatic arganisms which diffrient influenced of parameters on reaction witn the
aims of looking throngh training.
Гидробионт организмдердің рН сулы
ортасындағы реакциясы.
Зерттеулер
жүргізілген уақыттарда альгофлора құрылымына сулы орта
рН мәні тез арадағы тербелісі әсер ететіндігі
анықталды. Егерде әлсізқышқылдық немесе әлсіз негіздік ортада
ешқандай әсер байқалмаса, онда тез арадағы
өзгеріс цисталануға және индикаторлық
организмдердің көпшілігінің өлімге әкелуіне жол
береді. Гидробионт – организмдердің
реакциясына рН көрсеткішінің әртүрлі
әсерін оқыту мақсатында модельді тәсілдер
қарастырылды.
Жүргізілген
зерттеулер нәтижесінде гидробионт – организмдердің тіршілік
қалпы үшін бейтарап орта немесе әлсіз сілтілі орта рН 7-8
негізгі болып табылатыны айқындалды. (1-диаграмма)

1-диаграмма. Гидробионт организмдердің
әртүрлі жағдайдағы рН санына ықпал жасауы
Бұл
үшін қоректік тізбектегі барлық бөліктердің
белсенді қызмет атқарылуы айқын белгіленеді. Отырықшы
және еркін жүзетін инфузориялардың сандық мөлшері
салыстырмалы тең болады. Дөңгелеккірпікшелі
инфузориялардың кірпікшелері белсенді жұмыс атқарады. Zooglea ramigera бактериясының
жаппай массалы дамуын микроскопиялық көшірмелер көрсетеді.
Буылтық және сирекқылтанды құрттар, коловраткалар
бірыңғай немесе сирек кездеседі. Бірақ та рН ортасы 1-ге
дейін төмендеген жағдайда көпшілік гидробионт-организмдер
өлімге душар болады.Суда клеткалары плазмолизге және
актиномиценттерге төзімді болып келетін тек жасыл балдырлар ғана,
яғни Chlorococcum botridium
балдыры тіршілігін жалғастырып белгіленеді. Қалған гидробионт
– организмдер өліп қырылады (5-кесте).
Егерде рН
ортасы екіге жоғарылаған жағдайда немесе
қышқылдық орта кезінде суда клеткалары плазмолиздене алатын
жасыл балдырлар Spirogyra porticalis, Scenedesmus guadricauda,
Chlorococcum botridium және диатомды Navicula gracilis балдыры байқала бастады [1]
pH
ортасына 3 болғанда жоғарыда көрсетілген альгофлоралар
өкілдеріне chlarella vulgaris
балдыры байқалады, оның клеткалары плазмолиз стадиясында кездеседі.
рН ортасы
4 болғанда берік протозоинды организмдер Paramecium caudatum және Euglipha
cilliata кездеседі, ол тіршілігін сақтауға қарамастан
инцистіленеді. Суда біркелкі қозғалмайтын сирек қылтанды
құрттардың түрі Aelosoma
tentbratum табылып байқалды.
рН ортасы
5 ке тең болғанда гидробионд организимдер көбейеді.
Олардың арасындағы альгофлорадан айқын байқалатын
өкілдері Spirogyra porticalis, Scenedesmus quadricauda,
Chlorococcum botridium, Navicula gracilis, Oscillatoria chlorine, Astasia
quartana, болып табылады, протозоиынды организмдерден Paramecium caudatum
және Euglipha cilliata
кездеседі. Сирек қылтанды құрт Aelosoma tenebratum өзінің тіршілік қалпын
белсенділейді.
Әлсіз
қышқылды ортада микрофаунаның көптеген өкілдері
қалыпты тіршілік етеді. Осындай жағдайда Vorticella alba түрінің
өкілдерінде белсенді жұмыс атқаратын кірпікшелі апараты
жоқ. Ондай түрлер еркін қозғалатын инфузория Aspidisca costata, Coleps hirtus, Litonotus
cignus, Paramecium caudatum түрлері суда еркін қозғалысы
баяулайды, солардың көпшілігі инцистірленген. Жасыл балдырлар,
диатомды балдырлар, көк-жасыл балдырлардың және
сирекқылтанды құрттар әлсіз қышқыл ортада
негативті қимыл әрекетін байқатпайды. Сілтілі ортада
микрофауна мен микрофлора организмдерінің кейбір сезімтал түрлері
биоценоздан шығарылады, оларға:
Scenedesmus opolyensis, Stylonychia mytilus, Bursaria, Eosphora trunscatella,
Carchesium polypinum, Eosphora najas, Rotaria citrinа, Tokophrya lemnarum,
Chilodonella uncinata жатады. Колавраткалар, көпаяқты шаяндар
және көптеген инфузориялар берілген жағдайда тіршілік ете
алмайды.
рН ортасы 9 болғанда әртүрлі организмдердің
түзген көптеген мөлшердегі цисталарды көруге болады.
Сирекқылтанды құрт
Aelosoma tenebrarum осындай рН ортада тіршілік етеді, бірақта
қозғалысы баяулайды. Жалпы алғанда гидробионт
организмдердің рН ортасы сілтілікке арттса, мұндай өзгеріс
жеңіл түрде өтеді, қышқылдық ортаның
жоғарылауымен салыстырғанда. Гидробионттар үшін
критикалық көрсеткіш болып рН мәні 10-11 ге тең болып
табылады. Мұндай жағдайда барлық протозоинды формалар
жойылады [2].
Жалпы айтқанда гидробионт организмдердің дамуы үшін
оптимальды қолайлы орта рН=7 болып табылады, рН 6 – рН 9
аралығындағы ортада да гидробиоценоз тіршілігі орындалады. рН
ортасының өзгерісіне сезімтал болатын түрлер Bursaria trunscatella, Euplotes
patella, Carchesium polypinum
және Stylonychia mytilus.
Балдырлар басқа протозоофауналар ішіндегі рН өзгерісіне
мықтылық, төзімділік қасиет көрсете алатын
түрлер.
Ең берік орта болып Spirogyra porticalis, Chlorella vulgaris, Chlorococcum
botridium табылады.
Зоопланктон арасында мықтырақ организмдер болып амебалар
табылған.
Орташа сыналған индекісі
қалдық суда рН мәніне байланысты 0,2± 0,02 ден 3,9±0,2 ке
өзгеріп отырады.(2-диаграмма)
2-диаграмма. Ағынды сулардағы сыналған орташа индексіне әр
түрлі жағдайдағы рН
ортасының ықпал
жасауы

Гидробионт
организмдердің рН сулы ортасындағы реакциясын анықтауда,
зерттеулер жүргізілген уақыттарда альгофлора құрылымына
сулы орта рН мәні тез арадағы тербелісі әсер ететіндігі
анықталды. Егерде әлсізқышқылдық немесе әлсіз негіздік ортада
ешқандай әсер байқалмаса, онда тез арадағы
өзгеріс цисталануға және индикаторлық
организмдердің көпшілігінің өлімге әкелуіне жол
береді. Гидробионт – организмдердің
реакциясына рН көрсеткішінің әртүрлі
әсерін оқыту мақсатында модельді тәсілдер
қарастырылды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде гидробионт –
организмдердің тіршілік қалпы үшін бейтарап орта немесе
әлсіз сілтілі орта рН 7-8 негізгі болып табылатыны айқындалды [3].
.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Биология:
Қ.Қайым, С.Сәтімбеков, Ә.Әметов,
Ж.Қожантаева,- Алматы: Атамұра
2003, 33-44 бет.
2. Экология микроорганизмов: Учебник для студентов вузов / А.И. Нетрусов. М.: Академия, 2004 172-185 б.М.М. Голлербах Методы биологического анализа воды, Изд-во СЭВ, 1965 с 95-106.
3.
Состав фитопланктона определялся по соответствующей
литературе., – М.: 1966 с
62-74.