КАДАСТР ЖӘНЕ ЖЕРГЕОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

Есеева Л.Б.

 

Жерді халық шаруашылығы салаларының мұқтаждықтарына бөліп беруге және осыған себепті ауылшаруашылық алқаптары көлемінің үнемі қысқарылуына байланысты экологиялық жағдай соңғы жылдары күрт күрделене түсуде.

Ауылшаруашылық өндірістің биологиялық негізі болып топырақтың құнарлылығы, жердің мелиоративтік күйі, эрозияға ұшырағандығы, топырақ құрамындағы қорда мен негізгі қоректік элементтердің мөлшері және өсімдік тіршілігі ортасының басқа да қасиеттері, сонымен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері табылады. Ауылшаруашылық өндірістің биологиялық жағы, өзі кезегінде, экономикалық және территориялық жағдайлармен байланысты, өйткені соңғылары салалардың мамандандырылғандығын, алқаптардың құрамы мен орналасуын, террито-рияларының реттілігін, ауылшаруашылық дақылдарын өсіру агротехникасын, демек, жалпы өндірістің рентабельдіктігі мен тиімділігін себептейді. Сонымен, ауылшаруашылық дақылдарды өсірудің биологиялық жағдайлары бір жағынан өндірістің экономикалық тиімділігін, ал екінші жағынан бүкіл шаруашылық жүргізу жүйесін өздеріне сәйкесті бейімдеуді себептеп отырады. [1]

Қазіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін арттырудың объективтік негізі ретінде топырақтың құнарлылығын сақтап қалу
мен одан ары жоғарлатуды ұққан ерекше маңызды. Сонымен қатар алаптар құрамы мен территориялық реттілігі элементтерінің орналасуы, салалардың мамандандырылғандығы мен дақылдардың құрамы шығындардың барынша қысқарылуын және пайданың артуын қамтамасыз етуге тиісті.

Демек, жерге орналастырудың экологиялық-экономикалық мәні
жер учаскелерінің экономикалық түрғыдан тиімді межелерін, аудандарын жергеорналасуын, сондай-ақ өндірістің мақсатқа сәйкес мамандандыр- ылғандығын, агроландшафттың экологиялық тепе-теңдігі мен жердің өндіргіш қасиеттерінің артуын қамтамасыз ететін өндірістің территориялық негізін жасауға саяды.

Территориялық реттілігінің элементтеріне жүмыс учаскелері, ауыспалы егістік талаптары, алқаптық жолдар торабы мен орман белдеулері, каналдар жоне т.с.с. жатады. [2]

 

                      Жерге орналастырудың құқықтық негіздері

 

Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:

Біріншісі - Қазақстан Республикасының Конституциясы;

Екіншісі - Парламент өзірлеп, Президент бекітетін зандар;

Үшіншісі - ведомстволық нұсқаулар мен ұсыныстар;

Төртіншісі - облыстық жөне аудандық мәслихаттар мен әкімші-
ліктердің өзі қүқықтық құзырларындағы аймақтық шещімдері.

ҚР Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік
және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіне
жатады. [3]

Сонымен қатар, жер заңында белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке мешпікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай
құжат ретінде 2001 жылдың 24-ші қаңтарында бекітілген "Жер туралы" заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепциясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану жөне қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену жөне жер пайдалану принципі, жер иелері мен жер пайдаланушылардьщ құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру төртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ жөне қысқа мерізімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім-шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры жөне мониторингқа арналған. Сонымен қатар әртүрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.

Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналастырудың құқықтық негізі ретінде Азаматтық Кодекс, "Шаруа қожалыгы туралы" (1998 ж.), "Ауылшаруашылық серіктестіктері туралы" (2000ж.), "Жер салығы туралы" (2000ж.), "Ипотека туралы" (1995ж.) және тағы бірқатар зандар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жанама түрде қатысты. Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті. Мысалы, жекешелендіру заңын да көп укладтық аграрлық экономикаға, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларына көшу жағдайлары қамтылған. [4]

"Шаруа қожалығы туралы" заңда оларға жерді иеленуте, пайдалануға немесе жалға алуға қатысты құқықтық шарттар белгіленген.

"Жер салығы туралы" заң жерді тиімді пайдалануға және жерге орналастыру, топырақтың қүнарлылығын арттыру шараларын қаржылан- дыруға қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз
етуге тиісті.

Үкіметтің Қаулылары, заң актілері ретінде жеке заңдарды нақтылай отырып, Ережелер мен Нұсқауларды бекітеді.

Ведомстволық қүжаттар, инструкциялар жөне өдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар жерді иелену немесе пайдалану құқығын рәсімдеу тәртіптері мен ережелерін, іздестіру-зерттеу жөне жобалау жұмыстарының әдістемесін, нормативтік базаны реттеп отырады.

Аталған нормативтік актілер бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдары-ның, сонымен бірге жер-кадастрлық жөне бағалау жұмыстарын, әр түрлі зерттеулер мен іздестірулерді жүргізудің құқықтық негізі болып табылады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. «Жерге орналастырудың және кадастрдың ғылыми негіздері».  

    М.А.Гендельман, Ж.Қ.Қырықбаев.- Астана. «Фолиант». 2004 ж.

2. ҚР Үкіметінің №958 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер

     кадастрын жүргізу ережесі  туралы» қаулысы, 20 қыркүйек, 2003ж 

3.Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі   

    нормативтік актілердің жинағы. - Àлматы, 2004. – 245 б.

4.Дегтяров Н.В. Государственный учет земель и их сравнительная оценка.- 

    М., 1979 ж

5.Магазинщиков Т.П. Земельный кадастр. Львов . Всышая школа 1987

6.Оценка земли и использование ее результатов. Под ред. М.А.Гендельман. – 

   Алматы, Кайнар, 1979

7.«Жер кадастры». Ж.Т.Сейфуллин.- Алматы: «ҚазҰАУ», 2001 ж. – 234 б.