Экономические науки/Экономика предприятия

Талапбаева Гульнар Едиловна

Ильясова Айгуль Болатовна, магистрант

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың шетелдік тәжірибесі

 

Нарықтық экономикасы жоғары деңгейде дамыған елдер бойынша кәсіпорындардың күйреуін және олардың алдын алу жолдарын қарастырайық.

Мемлекетте нарықтық экономика құрумен бірге банкроттық институттарын құру және олардың құқықтық нормалары мен экономикалық құралдарын енгізу туындады. Көптеген елдерде банкроттық институтын өзіндік ерекшеліктермен құра бастады. Олардың ішінде ерекше әдістер мыналардан көрінеді: кәсіпорынның дәрменсіздігін реттеудің базалық механизмі, яғни кәсіпорындарды тарату немесе реабилитациялау, банкроттық туралы қарызгер-субъектілер, банкроттық процедурасы жағдайы, кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кезегі, қарызгердің мүлкін сақтау шаралары, мәміле жасамау шарттары, банкроттықты мемлекеттік реттеу жүйесі және т.б.

Германияда, Англияда, Қазақстанда, ТМД-ның көптеген елдерінде банкроттық процедурасы қарызгер кәсіпорынның қарызын жабуға бағытталған. Ал АҚШ, Оңтүстік Корея, Ресей елдерінде қарызгер кәсіпорынды заңды тұлға ретінде сақтауға көңіл бөледі [1].

Енді кейбір елдер бойынша жеке тоқталып өтейік.

Ұлыбритания. 1914 жылы «Банкроттық туралы» заң қабылданды және ол байырғы реформацияның әсерінен мүлдем езгеріп, 1986 жылы «Төлем қабілетсіз және банкроттық жағдай туралы» заң қабылданды. Ол конкурстық өндірісті құқықтық реттеудің негізгі көзі болып табылады. Осы құжатқа қазіргі кезде парламенттер өзгертулер енгізді және ендігіде ол «Қайта қалпына келтіру» заңы деп аталады. Оның мақсаты – кәсіорындарды сақтап, олардың қаржылық жағдайын жақсарту болып табылады. Қызмет етуші заңға байланысты құқықтық жағдайы арнайы заңдарда көрсетілетін сақтандыру компанияларынан, банктік институттардан басқа барлық иелік етуші субьектілер төлем кабілеттілігі жоқ деп есептелуі мүмкін.

Қарызгердің төлем кабілеті жоқтығы туралы факт анықталған жағдайда оған мынандай процедуралар қолданылуы мүмкін: қайта ұйымдастыру (қарызды өз еркімен реттеу), компания пайдасын администрациялау немесе тарату (өз еркімен немесе мәжбірлеу арқылы тарату). Олардың әрбіреуін жеке қарастырайық.

Қарызды өз еркімен реттеу кезінде сот тағайындаған жетекші әлемдік келісімді еске түсіретін қарызды реттеу жоспарын жасайды. Құрылған жоспарға кредитордың келісімінен соң жетекші оның орындалуын қадағалайтын супервайзер деген дәрежеге ие болады. Компанияның пайдасын администрациялау процедурасы Ресей заңындағы сыртқы басқарумен ұқсас. Великобритания мен Ресейдің тарату процедурасы мәні жағынан ешбір айырмашылықтары жоқ, тек Великобританияда 12 аптаның ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы анализ жасалады.

Бейдағдарыстық реттеу процедуралары мемлекеттік ыдыратушылар арқылы немесе маманданған арбитражды басшылар арқылы жүргізіледі.

Бұл ел заңдарының негізгі назар аударатыны- кредиторларға ақшасын қайтару және қарызды мүлікті сату арқылы жабу. Конкурстық өндіріс процесінде қарызгерлер өз қарыздарынан құтылмайды. Кәсіпорын өзінің қызмет етуін конкурстық өндіріс аяқталғаннан кейін тоқтатады.

АКШ. Мұнда банкроттық жағдайды реттеудің бірінші жағдайы 18 ғасырда пайда болды. 1898 жылы «Төлем қабілетсіздігі жөнінде» заң қабылданды және де ол заң 1938 және 1970 жылдары өзгеріске ұшырады. 1979 жылы субьектінің ортасына байланысты пайда болатын төлем қабілетсіздігін реттеудің бірнеше түрін көрсеткен заң пайда болды. Бұдан сонымен катар, англо салсондық құқықтық дәстүрден ауытқуын және европа континентініің заңдарына жақындау бейнесін байқаған [2].

Қызмет етуші заңға байланысты, қарызын өтей алмайтын қарызгерлерге мынандай шаралар қолданылады:

-Қаржыны қайта құруды, қарызды өтеуді, девиденттерді телеуді қайта ұйымдастыру қарызгер арқылы жүзеге асырылады. Егер де ол алдап немесе жұмысын дұрыс атқармаса, кредиторлар жұмыста қайта ұйымдастыруды жүргізу үшін уақытша басшыны тағайындауы мүмкін.

-Уақытша басшы жүргізетін конкурстық өндіріс процесіндегі тарату.

-Қарызгерге байланысты арнайы нормативті актілермен қаралған шаралар, арнайы заңдармен жарнамаланатын және оның бизнесі арқылы реабилитацияланатын құқықтық жағдайлар.

Біріншісі әр түрлі келісімдер, қайта ұйымдастыру шараларын жүргізу арқылы анықталады, соңғысы жұмыс орнын, жұмыстағы байланысты сақтау үшін қолданылады.

Банкротқа ұшырау-бұл қалыптасуында әлемнің барлық елі қатысатын азаматтық құқыктық кейбір институттары болып табылады. Кейбір елдердің заңдылықтарындары осы деңгейге байланысты жетістіктері мен ерекшеліктерін қарастырып өтейік.

Франция. 1985 жылы Францияда «Кәсіпорынды қалыптастыру және заңдылық тәртіппен олардың мүлкін тарату туралы» және «Кәсіпорынның жағдайын анықтаудағы конкурстық басқару, тарату және эксперт туралы» заңдар қабылданды. Бұл заңдар елі күнге дейін күшін жоймай, қызмет етуде.

Басқа елдердің, заңдарына қарағанда Франция заңы кәсіпорынды қорғауға, оңдағы жұмысшылардың орнын сақтауға үлкен кеңіл беледі және де кәсіпорындар алдарына өздерін заң жүзінде банкрот деп санағанша, дистанциядан шығып қалу мақсатын ұстанады. Бұл үшін кәсіпорынның төлем кабілетсіздігінің ескертетін «Ескерту жүйесі» қалыптасқан. Заңдардағы бағыт негізінен қайта қалпына келтіру емес, алдын - ала ескерту үшін жасақталған.

Қарызгер кәсіпорындардың көлеміне байланысты банкротқа ұрындыратын жағдайларға талдау жүргізетін мынандай екі жағдай қалыптасқан:  қарапайым және жеңілдетілген.

Жеңілдетілген әдіс адам саны 50-ге жететін, ал жылдық айналымы 20 млн.фр-тан кем емес   кәсіпорындарда қолданылады.

Кәсіпорынның төлем мүмкіншілігінің жоқтығын қарау кезінде сот кәсіорынның қашаннан қарызын өтей алмаушылық кезеңге өткендігін айқындап, өткен жұмысына қорытынды жасайды. Белгіленген мезгілден банкротқа ұшырағандығына өтініш сұрау аралығындағы уақыт күмәнді кезең деп аталады.

Кәсіпорынның банкроттық жағдайы жөнінде өтініш қабылданған соң, 6 айға созылатын бақылау кезеңі болады. Осы 6 ай аралығында кәсіпорынды қайта құру керек немесе тарату керек деген мәселеге баға қойылады және де бұл  кезеңде   қарызгер   кәсіпорынның     бірде-бір   кызметкері  жұмыстан шығарылмайды.

Қайта құру процесінің артықшылық ортасы болып кәсіпорынды 2 жылдан кем емес уақытта төлеу құқығымен арендаға беру, ал таратушы ортада кәсіпорынды өндірістік бірлік ретінде сату болып табылады. Бұл приоритеттер жұмыс орнын сақтауға бағытталған. Күшейтілген әлеуметтік аспект әртүрлі деңгейдегі кредитордың емес, кәсіпорын қыметкерлерінің еңбек ақысын төлеуден көрінеді. Сонымен қатар, банкроттыққа байланысты жүргізілген процедурадағы ең басты орынды қарызгер кәсіпорындағы жұмысшылар өкілі алады және де оның ойы, айтқан пікірі сотта шешім қабылданған кезде ескеріледі. Егер де жұмысшылар өкілі шығарылған шешіммен келіспесе, қайтадан шағым жазуға құқылы [3].

Германия. 1877 жылы Германияда Прус заңының негізінде мынандай 3 этаптан тұратын конкурсты жарлық қабылданды: «Өндірістік конкурс», «Материалдық конкурстық өндіріс», «Қылмыстық қаулы».

1898 жылы азаматтық және сауда істеріне кіріспе ретінде жинақталған конкурсты жарлық қайтадан өнделіп шығарылды. 1978 жылы мұнайға тапшылық кезінде банкроттық мөлшері жөніндегі 2 кітап түгелімен өзгертілді және оған физикалық тұлғалардың банкроттығы жеңілдеп 20 заң қосымша енгізілді. Ал ұшінші кітап 1976 жылы «Экономикалық қылмыспен күрес жөнінде» заңның шығыуымен өзгертілді.

Біріктірілген Германияда «Банкроттық жағдай жөніндегі» заң 1999 жылы пайда болды. Бұдан көрініп тұрғандай, Ресей мен Германияның «Банкроттық жағдай жөніндегі» заңы бір мезілде пайда болды жене бір-бірше ұқсас. Екі заң да борышкердің бизнесін сақтау және де кредитордың талаптарын қанағаттандыру мақсаттарын ұстанады. Тек Германия заңындағы ерекшелік оның мөлшерлі уақытын борышкер өзінің төлем қабілеттілігін қайтадан қалпына келтіруі керек. Олай болмаған жағдайда, кәсіпорын сотқа төлем қабілетсіздігі жөнінде өзі өтініш жазуы керек, әйтпесе кәсіпрынға қылмыстық бақылау қойылады. Қарызгерді банкрот деп есептеген соң, оған қатаң түрде анықталған бақылау әдістері жүргізледі. Ең алдымен бейтарап процедура немесе тексеру жүргізіледі, яғни сот бекіткен сарапшы борышкердің банкроттық жағдайын 20-25 мың Дм- дан кем емес сомаға тең қаржыны өтеуге әдістер іздестіріледі. Бұндай әдістер қолданылмаса, іс қозғалмайды. Борышкер кредитормен арасындағы байланысты өзі шешеді. Бірақ, та, заң бойынша ербір кредитор қарыздарының қайтарылуы үшін борышкерге байланысты іс қозғай алады.

Борышкерге қарсы іс қозғалғанда ең алдымен конкурстық басшы тағайындалады. Соңғысына қойылатын талап және оның тапсырмалары мен процедураны жүргізу тәртібі Ресей заңдарына ұқсас.

Борышкердің тағдырын шешу кредиторға жүктеледі, яғни ол қарызгерге мүлікті сату немесе тәртіпке салу сияқты талаптар қояды.

Мүліті сату кезінде конкурстық басшы бизнестің сақталып қалуына, оның бөліктерге бөлініп кетпеуіне үлкен назар аударады.

Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынды тәртіпке салу немесе санация жағдайы мына жағдайлардың бірімен жүргізшуі мүмкін: меншік иесінің кезексіз қарызгердің бизнесше қаржы салу және меншік иесі кезеңінде - бизнесті сату. Санация жиналған кредитордың 50% және де кредитордың талабының 50% даусынан құрылған жоспарға негізделеді Жоспардың мазмұнына қарызды кейінге қалдыру, бөліп телеу, қарыздан жеңілдік алу сияқты шаралар енгізіледі. Кәсіпорынның санациясы туралы жоспар қабылданғаннан кейін сот банкроттық туралы істі жабады. Кредиторлар қарызгердің әдістерінің жеке төлемдерін жоспарға бақылау жасау үшін конкурстық басшыға тапсыра алады [4].

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Антикризисное управление: теория, практика, инфраструктура / Под ред. Г.А. Александрова. – М.: Изд-во БЕК, 2010. – 544 с.

2. Балдин К. В. Антикризисное управление: макро- и микроуровень: Учебное пособие/К.В. Балдин. – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2011. – 316 с.

3. Евграфова  И.Ю. Антикризисное управление. Шпаргалка /И. Ю. Евграфова, Е. О. Красникова. – М.: Изд-во БЕК, 2010. – 54 с.

4. Жарковская Е.П. Антикризисное управление /Е.П. Жарковская, Б.Е. Бродский.- М.: Омега – Л,2011.- 358 с.