Экономические
науки/ Экономика предприятия
Талапбаева
Гульнар Едиловна
Нурпеисова
Дина Турмаганбетовна, магистрант
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан
Республикасы
Қазақстан
Республикасында мұнай мен газды тасымалдау инфрақұрылымын
дамыту мәселелері
Қазақстан
үшін мұнай мен газ өндірісінің ұлғаюы
болжамдарын ескере отырып, мұнай-газ тасымалдау инфрақұрлымын
дамыту мәселесі күннен күнге
маңызды болуда, жаңа экспорттық жүйелерді салу
және қолда барын кеңейту жөніндегі жұмыс
өзекті болып табылады.
Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың
тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан тасымалдау
шығындары барынша төмендетілген жағдайда
қазақстандық көмірсутегілерін неғұрлым тартымды
сату нарықтарына тасымалдау жөніндегі жобаларды іздеуді және
іске асыруды жалғастыруы тиіс. Мұнай мен газды экспорттау
қуаттары мен бағыттарының дамуы өндіру мен ішкі
тұтынудың перспективті көлемдеріне, транзиттік елдермен
ұзақ мерзімді уағдаластықтардың болуына, сұраныс деңгейіне және
әлемдік тұтыну нарықтарындағы жағдайға сәйкес келуі тиіс. Мұнай
экспортының болжамды көлемдерін бағалау бойынша 75 млн.
тоннаға дейін өсу көзделеді.
1 кесте - Мұнай экспортының көлемдері
және 2014 жылға дейінгі болжам
млн. тонна
|
Жылдар |
2009ж |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
2013ж |
2014ж |
|
Мұнай экспортының
көлемі |
68,1 |
73,0 |
73,0 |
74,0 |
74,0 |
75,0 |
|
%, (алдыңғы жылдармен
салыстырғанда) |
109,8 |
107,2 |
100,0 |
101,4 |
100,0 |
101,4 |
Қазақстан мұнайын тасымалдаудың экспорттық
бағыттарын дамыту және әртараптандыру мақсатымен мына
жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыс жүргізілуде: Каспий Құбыр арнасы
Консорциумы мұнай құбырын кезең-кезеңмен
кеңейту, Баку - Тбилиси – Джейхан құбырына қосып, Қазақстан Каспий Тасымалдау
Жүйесін құру (бұдан әрі – ҚКТЖ) және Қазақстан-Қытай
мұнай құбырының өткізу қабілетін
ұлғайту. Қазақстандық мұнай экспорты
көлемдерінің негізгі бағыттары келесі 2-кестеде
көрсетілген:
Мұнай
құбырларын кеңейту жобаларын ескере отырып мұнай мен
газ конденсатын теңдестірілген өндіру кезінде экспорт негізгі екі –Каспий
Құбыр арнасы Консорциумы және Қазақстан-Қытай
бағыттары бойынша ұлғайтылатын болады. Ақтау теңіз порты
бағытында темір жолмен тасымалдау көлемін бірте-бірте азайту
болжанып отыр.
Газ магистралы жүйесі кеңес газ тасымалдау жүйесі
шеңберінде құрылды және табиғи газды
Орталық Азиядан Ресейге және Кавказ елдері республикаларына
жеткізуге функционалдық бағытталған болып қала бермек,
сондықтан Ресей қазақстандық газдың экспорты
кезінде негізгі бағыт болып қала береді. Ұзақ мерзімді
кезеңде тауар газы өндірісінің көлемін
ұлғайып келе жатқанын, сондай-ақ республиканың
оңтүстігінің энергиялық тәуелсіздігін шешу
қажеттігін назарға ала
отырып, газ тасымалдау қуаттарын әртараптандыру маңызды мәселе
болып табылады [1].
2 кесте - Мұнай экспортының негізгі бағыттары
млн. тонна
|
№ |
Атауы |
2010ж |
2011ж |
2012ж |
2013ж |
2014ж |
|
1 |
Мұнайды
және тұрақтандырылған газ конденсатын өндіру,
оның ішінде |
80 |
81 |
83 |
83 |
85 |
|
|
РФ Импорт/Транзит |
7,0 |
7,5 |
8,0 |
8,0 |
9,0 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Бөлуге
ресурстар, барлығы: |
87,0 |
88,5 |
91,0 |
91,0 |
94 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Ішкі
нарыққа жеткізу, барлығы: |
13,1 |
13,1 |
13,3 |
14,2 |
15,1 |
|
|
Битум зауыты |
|
0,5 |
1,0 |
1,0 |
1,0 |
|
4 |
Экспорттық
ресурстар, * Оның ішінде бағыттар
бойынша: |
73,0 |
73,0 |
74,0 |
74,0 |
75,0 |
|
4.1. |
Атырау-Самара |
15,0 |
15,0 |
15,0 |
15,0 |
15,0 |
|
4.2. |
Каспий
Құбыр арнасы Консорциумы |
28,0 |
28,0 |
28,0 |
32,0 |
37,0 |
|
4.3. |
Қазақстан-Қытай
|
10,0 |
12,0 |
14 |
20 |
20 |
|
4.4. |
ОГӨЗ |
2,0 |
2,0 |
2,0 |
2,0 |
2,0 |
|
4.5. |
Ақтау порты |
11,0 |
10,0 |
10,0 |
3,0 |
2,0 |
|
4.6. |
Темір жол бойынша |
7,0 |
6,0 |
5,0 |
2,0 |
1,0 |
Болжамды деректер бойынша көлемі 2014 жылы 122,3 текше метрге дейін
ұлғайтылатын Қазақстан арқылы халықаралық
газ транзитін дамытуға жеке назар аудару қажет.
Көмірсутегілерді ішкі және сыртқы нарықтарға
жеткізудің көп векторлық қағидаттарына
сүйене отырып, табиғи газ экспорты және экспорттық
бағыттары бойынша барлық экономикалық тұрғыдан
пайдалы бағыттарды дамытуды жалғастыру қажет.
Қазіргі сәтте газ экспортының ресейлік бағытына
бәсекелесетін баламаның жоқ екенін және
ағымдағы сату Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының шекарасында жүзеге асырылып жатқанын ескере
отырып, қазақстандық тарап уәкілеттік берген ұйым
арқылы жеткізуді жүргізіп әділ нарықтық
баға алу бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бұл
ретте уәкілетті органдармен
(“Трансферттік баға белгілеу туралы” Заңға сәйкес)
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекарасында эксперттік
бағаны келісу және бекіту үшін нормативтік
құқықтық актілерге қажетті нормаларды
енгізу тиісті жұмыс жүргізу [2].
Ішкі газбен жабдықтауды дамыту тұрғындардың
әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған
саланы дамыту басымдықтарының бірі болып қала бермек.
Қазіргі уақытта республикада 30 және одан да көп жыл
бұрын салынған ұзақтығы шамамен 11 мың км.
болатын орта және төмен қысымды газ тарататын
желілерінің басым бөлігі өзінің беріктілік қорын
тауысқан. Таратушы газ құбырларының техникалық
жай-күйі негізгі құралдар мен жабдықтың
жоғары дәрежелі тозуымен сипатталады.
“ҚазТрансГаз-Аймақ”
АҚ бөлімшелері пайдаланатын газ тарату желілері бойынша газ
құбырларының шамамен 18% авария алдындағы
жағдайда. Бұл ретте, болат құбырларды
пайдаланудың нормативтік мерзімдері 30 жыл болса, жабдық пен
құбырлардың 12% 35
жылдан астам пайдаланылып келеді. Бұдан басқа, газ
құбырларының жылдам тозуы жер асты құбырлардың
40%-нің ұзақтығы электр-химия
қорғағышсыз (2001 жылы – 70% астам) пайдаланылуынан болып
отыр. Газ реттеу пункттерінің
(бұдан әрі - ГРП) жартысына дерлігі және шкафтық газ
тарату пункттерінің (бұдан әрі - ШГТП) үштен бір
бөлігі жөндеуді немесе алмастыруды қажет етеді.
Газ
құбырларының тоғандығынан жүйеде
қысым жобалықтан төмен, өйткені қысымды
жобалыққа дейін арттырған жағдайда газдың
шығуы артып, әбден тозығы жеткен ГРП мен ШГТП жабдығы
іске қосылып кетеді (іске
қосылмай қалады).
Осы газ құбырларын
пайдалану қосымша шығыстарды, оның ішінде авариялық
өтінімдерді орындау және жою қажеттігімен байланысты
шығыстарды талап етеді. Қосымша құрылыс техникасын
сатып алу, техникалық персонал штатын ұлғайту,
авариялық құбыр қорларын және тиекті арматураны
сатып алу қажеттігі қоса жүретін жер жұмыстарының
көлемі ұлғаюда. Таяу жылдары газ
құбырларының қирауы, әсіресе сейсмикалық
қауіпті аудандарда және топырағы жоғары тоттану
белсенділігімен ерекшеленетін аудандарда жүйелі сипат алуы
мүмкін.
Сонымен
қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуына
және тұрғындардың өсуіне байланысты газдың
тұтынылуы өсіп келеді. Бұл жағдайда Қазақстан
Республикасының газ тарату желілерін жаңғырту мәселесі
өткір болып табылады. Газ тұтынушыларын газбен сенімді
қамтамасыз ету және пайдалану шығыстарын азайту үшін
жаңғырту бағдарламасын әзірлеу мақсатында газ
тарату желілеріне кешенді диагностика жүргізу талап етіледі.
Аймақтардың деректері
бойынша болжамды газ тұтыну көлемі 2014 жылы 13,8 млрд. текше м.
құрамақ, бұл 2009 жылғыдан 1,6 есеге
ұлғайып отыр.
Дамудың келесі
кезеңдерін қоса алғанда Каспий теңізінің
қазақстандық секторын (КТҚС) игеру перспективаларын,
Қашаған кен орнын іске асыру ауқымын ескере отырып, барлау және өндіру, өнімді тасымалдау
және сақтау үшін қажетті жағдайды
қамтамасыз етуді, экология мәселелерін шешуді және
төтенше жағдайларға ден қою шараларын жасауды,
инфрақұрылым объектілерін салуды қамтитын жағалау
инфрақұрылымын уақытында және барабар дамытуға
ерекше мән беріледі [3].
Түпқараған шығанағының
жағалауында және ауданындағы теңіз мұнай
операцияларын жағалаулық қолдаудың қажет
объектілері Каспий
теңізінің солтүстік бөлігіндегі теңіз
көмірсутегі кен орындарын толық ауқымды игеру
басталғанға дейін салынған. Бүгінгі күні
Түпқараған шығанағының жағалауында
және ауданында Теңіз мұнай операцияларын қолдау
базалары, Теңіз кемелеріне май құю станциялары, Тас жынысын
тиеу айлақ кешені, Өнеркәсіптік улы қалдықтарды
көмуге арналған полигондар, Қолдау базасы салынған
және жұмыс істейді.
Түпқараған
шығанағының жағалауында және ауданында
жағалау инфрақұрылымының мынадай объектілерін – метал
конструкциялар зауыты үшін өндірістік алаң,
бұрғылау ерітінділерін өндіру зауытын салу жүзеге
асырылып жатыр, теңіз операцияларын қолдау базасының
құрылысы аяқталып келеді.
Атырау облысының Дамба кенті
ауданында Солтүстік Каспий мұнайдың төгілуіне ден
қою экологиялық базасы құрылысының жобасы іске
асырылуда. Ақтау қаласынан солтүстікке қарай
Ақшұқыр кенті ауданында КТҚС теңіз жобаларына арналған Металл
конструкцияларын өндіру жөніндегі өнеркәсіптік кешен
құрылысы басталды.
Оператор КТҚС жағалау инфрақұрылымын салған
кезде қазақстандық үлесті ұлғайтуға назар аудармай, Қашаған
жобасын іске асыру мерзімдері мен құнына едәуір
дәрежеде ден қоя алады.
Металл конструкцияларына тапсырыстардың
біркелкі орналастырылмауы, Солтүстік Каспий жобасының ІІ фазасы
мерзімінің белгісіздігі қосымша қиындықтар туғызуда,
бұл жағалау аймағына металл конструкцияларын жеткізу бойынша
қосымша қуаттарды құруды кідіртіп отыр.
Мына бағыттар - металл конструкцияларын
өндіру зауытының
құрылысы, кеме верфтерін, кеме жөндеу қуаттарын дамыту,
инженерлік инфрақұрылыммен (электр желілері, сумен жабдықтау,
коммуникациялар) қамтамасыз ету, кадрлық қамтамасыз ету
тиісті назарды талап ететін болады.
Судың тереңдігі 5 метрден бастап 80 метрге дейін болғанда
Каспий теңізінің айлағындағы барлау, бағалау
және пайдалану мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған
“Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау
қондырғысын жобалау және салу” перспективалық жобалардың бірі болып табылады.
Өндірістік
қуаттарға деген қажеттілікті талдау
Қазақстанның қазіргі бар және болжанып
отырған верфтері жылына көлемі
90 мың тоннада көп емес (160 тонна/жыл дейін
ұлғайту ықтималдығы) металл конструкцияларын жасау
алатынын көрсетті. Бүгінгі күні ондағы жұмыс
істеушілердің саны шамамен 2 мың адам болады [4].
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан Республикасының мұнай – газ саласын
дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы,
2010 жыл, Астана.
2.У.Ж.Шалболова, С.М. Егембердиева, Л.А.Казбекова Научно- технологическое
развития нефтегазового комплекса Сб.
Научн. Трудов Алматы 378-385с.
3. «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ,
ҚПА-ның каталогы 2011 ж. б. 150.
4. Р.К.Сатова,С.М.Егембердиева. Управление сбытом
продукций нефтегазовой отрасли. Научно – технологическое развитие нефтегазового
комплекса. Доклады вторых международных научных Надировских чтений. Алматы –
Қызылорда.-2004г.-С366-6-367.