Амренова Ғалия Қапбарқызы, аға оқытушы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті
Қазақстан. Астана
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ
ЛИЗИНГТІҢ ДАМУЫ
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық
экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне
инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық
дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және
тиімді қаржыландыру түріне
айналады деген болатын.
Кәсіпорындарды орта және ұзақ
мерзімді қаржыландырудың
тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет
жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың
активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы
болып саналады.
Жалпы,
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда
“жалға беру” беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және
алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және
жабдықтаушы болады.
Еліміздегі лизингтік қызметпен
айналысушыларға мемлекет көптеп қолдау жасауда. Ол бір жағынан
лизингтік компания өз қызметін жандандыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс бастылық мәселелерін шешсе, екінші жағынан лизинг беруші компаниялардың
қызметін пайдалану арқылы,
еліміздің көптеген кәсіпорындары
өз құрал жабдықтарын жаңартуға және
сол арқылы өз қызметін дамытуға мүмкіндік алды.
Қазақстандағы
лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді
дами бастады.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің
дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың
дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық
салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық
лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып
дамып отыр десе болады.
Қаржылық
лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп
алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша
пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің
амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады.
Қазақстан Республикасында лизингті дамыту негізгі мәселелердің
бірі болып отыр. Осы мәселені елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев өзінің 18 ақпан 2005 жылы жолдаған жолдауында
атап өткен болатын. Яғни лизинг – ол шағын және
орта бизнесті дамытумен қатар ел экономикасын дамытудың бірден -
бір жолы болып табылады.
Лизингтің көмегімен жылжитын және жылжымайтын мүліктерді
қомақты қаржы жұмсамай пайдалануға болады, яғни
ғимарат және құрылысты, машина мен қондырғыны
көлік құралдарын және тағы басқаларын өз
игілігіне пайдалануға мүмкіншілік алады. Лизинг біздің елде
1989 жылы, банкілер лизингілік операцияларды іске асыра бастағанда пайда
болған. Лизингтік операцияны іске асыратын коммерциялық банктік
мекемелер машинаны, жабдықты, көліктік құралдарды
алдын-ала сатып алумен және оларды шаруашылық етуші субъектілерге
белгілі шарттарға сәйкес пайдалануға берумен айналысатын
лизингтік фирмалар болады. Бүгінгі таңда сатып алынатын негізгі құралдардың
жалпы көлемінде лизинг үлесі Америка Құрама Штатында
50%, Европада - 40 %, Азияда 80% құрады.
Қаржылық лизинг – бұл өзінің іс-әрекет
ету уақытында төмендегі төлемді қарастыратын
келісім-шарт түрін, жабдықтың амортизациясының толық
құнын және оның құнының 90% құрайтын
лизингілік төлемдер. Бұл лизингтің түріне мынадай
сипаттама беріледі: келісімге қатысушылар құрамына мәміленің
объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын үшінші
жақ кіреді. Сонымен қатар бұл мәміленің
объектісін жалға алу мерзімі оның қызмет көрсету
мерзімінің 80% құрайды. Бұл мәміленің
объектілері өте жоғары құнымен ерекшеленеді. Объектінің
қалдық құны, лизингті өтеген жағдайда
лизингтік келісім - шарт мерзімі аяқталғаннан кейін, оның
бастапқы құнының 20% құрауы керек.
Қаржылық лизинг - банктік несиелеудің альтернативі болып
табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше
формасы. Ол өндірісті компанияларға көп шығын жұмсамай
– ақ қажетті тауарларды алуға немесе өндірістік құрал
– жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелдіктерден сақтауға
мүмкіндіктер береді.
Қаржылық лизингтік қызметтерді тұтынушылардың
ішінен экономикалық нақты секторларын, соның ішінде шағын
және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп қарастырудың
маңыздылығы зор. Бәрімізге белгілі шағын және
орта кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары өндіріске
қажетті мүліктерді сатып алу үшін жеткіліксіз. Ал, алғашқы
қаржылық жағдайлардың және кепілдік қабілеттіліктерінің
төмендігі банктік несиелерді алуда кедергілер туғызады. Міне,
осындай жағдайларда нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорындар
үшін – лизинг құтқарушы құрал ретінде көрінеді.
Еліміздегі кәсіпкерліктің шағын және орта формаларын қолдауға
қызығушылықтары бар лизингтік компаниялар құрылғыларды
сатып алуға кететін алғашқы шығындарды өздеріне
алады. Шағын кәсіпкерлікті жүргізу үшін қажетті құрылғылар,
яғни, сүт, ет сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін қайта
өңдейтін, өсімдік майларын, сусындарды дайындайтын кіші
зауыттар, асхана және байланыс құрылғылары және
т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып
табылады.
Сонымен бірге, қазіргі кезде көптеген өнеркәсіптік,
транспорттық және ауыл шаруашылық кәсіпорындарында
негізгі құралдарын жаңартудың құрылғылар
мен машиналар паркін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмес мәселелердің
бірі болып табылады.
Жалпы лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше
бағыттар бойынша әсер етеді. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың
қосымша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін
ұлғайтады. Сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын
тарта отырып, негізгі құралдардың жаңартылуын
тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша
бәскелестік туғызады.
Бүгінгі таңда қаржылық лизинг көптеген әлеуметтік
– экономикалық
проблемаларды
шешуге мүмкіндік береді.
Қаржылық лизинг жағдайында лизинг жөніндегі келісім
– шарт кезінде шаруа қожалығы жалға берушіге жалға
берілетін мүліктің тұтас құнын қояды, нәтижесінде
ол мүлік иесі атанады.
Тағы бір айтатын жағдай экономиканың
нақты секторларын дамыту шеңберінде қаржылық лизингтің
кең түрде дамуына төмендегідей жағдайлар мүмкіндік
береді:
• Өнеркәсіптік өнімдер
өндірісінің көлемін жоғарылату арқылы оларға
деген сұраныс үшін жеткілікті ұсынысты қамтамасыз ету.
• Экономиканың нақты
секторларынан яғни, өндіріске жаңа техникалар мен
технологияларды ендіруді жеделдету. Елде бәсекелестік өндірісті құру.
• Өндірістік салалық
құрылысын жетілдіру өнеркәсіптік өндіріске дұрыс
көңіл бөлген жағдайда елдегі шикізат, қаржылық
ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
• Дайын өнімдерді шетелдерден әкелу көлемін
азайту. Себебі, ұлттық экономика шеңберінде де дайын өнімдер
өндірілуі қажет.
Ел Президентінің Қазақстан
бәсекеқабілетті 50 мемлекет қатарына енуі бағдарламасын
жүзеге асыру үшін кәсіпорындар бәсекеге қабілетті
өнім шығарып, бәсекеге қабілетті қызмет көрсету
қажет екенін бәріміз де жақсы түсінеміз. Дегенмен, оны
физикалық тозған немесе моральды ескірген құрал
негізінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Бүгінгі таңда
біздің елімізде лизингтік бизнестің дамуы лизинг шартымен пайдалануға
беру мақсатында жабдықтарды сату үшін қажетті ақша
қаражаттарын жинақтау мәселесіне келіп тірелуде. Ал
коммерциялық банктер айналыстағы бос ақша қаражаттарын
жинақтаумен айналысатын мекемелердің бірі болып табылатындықтан,
лизингтік операцияларды банктік операциялардың бірі ретінде қарастыру
лизингтік бизнестің дамуы үшін тиімді әдістердің бірі
болып табылады.
Соңғы жылдарда мемлекет банктердің
нақты секторды, соның ішінде кіші бизнес пен ауыл шаруашылығын
несиелеу бойынша қызметін жандандыруға бағытталған көптеген
түрлі шаралар қабылдап отыр. Бұл мәселелерді шешудегі
салмақты үлес қаржылық лизингке келеді, лизингтің
арқасында кәсіпорындар, кепілдік мүлігі болмаған жағдайда
да, өндірісті техникалық қайта қаруландыру үшін қажетті
қаржылық және материалдық көмекті ала алады.
Менің көзқарасым
бойынша, лизингтік бизнесті дамытуда кешенді бағдарлама жетіспейді деуге
болады. Оның құрамында келесідей элементтер болуы мүмкін:
- құрамында мамандарды
дайындайтын, көрсетілетін қызметтерді жариялайтын ақпарат
болатын лизингтік нарықтың инфрақұрылымын дамыту;
- лизигтік келісім-шарттарды несиелеуде банктермен кең көлемде жеңілдіктер берілуін қамтамасыз
ету (3 жылдан жоғары);
- кепіл жүйесін дамыту;
- қазіргі кезде қолға алынған
мәселелермен қоса лизинг шегіндегі шетел инвестицияларын тартуды қадағалау
(халықаралық лизингтік келісім-шарттарда валюталық бақылаудың болмауы).
Осындай бағдарлама
коммерциялық банктердің қысқа мерзімдегі, тәуекелі
жоғары операциялармен қызмет істегенше, ұзақ мерзімді
экономиканы қаржыландырудан тұрақты
пайда алуға итермелейтін болар
еді.
Сонымен , лизингтік несиелеу механизмін қолданудың дамуын
ынталандыру үшін, мынадай ұсыныстар жасауға болады:
1) лизингке
берілетін барлық жылжитын мүліктердің түріне 3 немесе
4-тен жоғары емес коэффициентпен жеделдетілген амортизациялау механизмін қолданылу
мүмкіндігін заңды түрде қарастыру;
2) 2-3
жылға дейінгі мерзімде қызмет ететін қаржы лизингінің
келісім-шартына байланысты алынған пайдалар бойынша лизингті берушілерге
(банктерге немесе олардың еншілес лизингтік компанияларына) табысқа
салынатын салықты төлеуден босатуды қайта қарау;
3) лизинг
объектісі болып табылатын, Қазақстан аумағына уақытша
алып келген тауарларға қатысты кеден бажынан және салықтардан
лизингті берушілерді босату;
4) Қазақстандағы
лизингтік қарым-қатынастарды ұйымдастырушы және
реттеуші мемлекеттік лизингтік ассоциацияның тез арада құрылуына
қолдау көрсету.
Қорыта келе, лизингті
несиеге арзан айырбас еместігін айта кетуге болады. Айырмашылығы негізгі құралдарды
жаңартуда несиені пайдаланғаннан гөрі тиімді болып саналады.
Біздің ойымызша, кәсіпорын үшін негізгі қорды лизинг арқылы,
ал айналымды кеңейтуді қысқа мерзімді, тәуекелі жоғары
несие арқылы қаржыландыру
аса қолайлы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
"Бухгалтерлік есеп туралы және қаржылық есеп беру
туралы". Қазақстан Республикасының Заңы.
(26.06.2002 ж.).
2. Банктің
лизингтік тәуекелдерді басқару әдістері // «Қазақстан
экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық
экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың
дамуы» әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына
арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция материалдары. − Алматы: «Қазақ университеті».
2008. −Б. 2. −Б. 266-270, 0,3 б.т.
3..Әлемдік тәжірибедегі
лизингтік бизнестің қалыптасуы мен дамуы // «Әлемдік қаржылық
дағдарыс салдарынан арылу және Қазақстан экономикасының
даму болашағы» Қазақ экономика, қаржы және халықаралық
сауда университетінің 10 жылдығына арналған халықыралық
ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. −
Астана, 2009. −Т. III. −Б. 94-98, 0,5 б.т.