Экономические науки/ Экономика сельского хозяйство
Ибраева Жанар Маратовна
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты,
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік
реттеудің нысандары мен әдістері
АӨК экономиканың кілтті
саласының бірі болып саналады және оның толықтай даму
деңгейі елдің азық – түліктік қауіпсіздік
деңгейіне бағынышты емес, сонымен бірге және мемлекеттің
қоғамдық – саяси тұрақтылық деңгейі
де. Соңғы кезде азық – түлік нарығында
дүниежүзінде пайда болған дағдарыс жағдайы
және оның жағымсыз зардаптары бұрын болмағандай
азық – түліктің көкейтесті сұрақтарын
көтеріп және оны дүниежүзілік экономикалық
саясаттың бірінші жоспары етіп қойды. Салауатты түрде
азық – түлік дағдарысының өсіп келе жатқан
қауіптерін бағалай отырып, қазіргі кезде тәжірибе
жүзінде дүниежүзінің барлық елдері
өздерінің аграрлық саясатын қайта қарап,
оған сәйкес келетін түзетулерді ендіруде. Бұған
қоса, негізгі ставка мемлекеттің реттеуші және ұстап
тұру ролін күшейтуге, өндірістің көлемін
ұлғайту сұрақтарында және ішкі
нарықтағы азық – түлік тауарларын
тұрақтандыруға қойылады.
Дүниежүзінің азық –
түлік нарығында болып жатқан жағдай
Қазақстан экономикасынада жағымсыз түрде келіп жатыр.
Себебі ол әлемдік экономикамен біріктіріліп және орын алып
жатқан өзгерістер, сол немесе басқа өлшемде ішкі
азық – түлік нарығында көрінеді. Бұл азық –
түлік тауарларының негізгі түрлеріне бағасын
өсіру түрінде, ішкі нарыққа сапалы түрде
әкетіліммен олардың қорларын қысқарту сипатында
орын алды.
Экономикадағы
аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылатудың үлкен бөлігі «Ұлттық холдинг
«ҚазАгро» акционерлік
қоғамы және оның еншілес компанияларына (аффилиат)
берілген. Қазіргі уақытта бұл құрылым агро
өндірістік кешенді дамытудағы ірі институт болып саналады.
Бұған қоса, бұл даму институттың негізгі
қызметінің басымдық бағыттары: азық – түлік
тауарларының әлеуметтік мәні бар түрлеріндегі
өндірісті қаржыландыру, әсіресе қазіргі уақытта
отандық өндіріс ішкі нарықты қажетті деңгейде
қажетті түрлерімен қамтамасыз ете алмай тұрғаны
бойынша; ауылда кооперативті қозғалысты дамытуды қолдау,
сақтау инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы
өнімдерінің транспортталуымен көтерме саудасы,
экспортқа бейімделген кәсіпорындарды ынталандыру, сонымен бірге
отандық бизнесшілердің «30 корпоративті көшбасшылар» деп
аталатын бағдарлама терезесінде аграрлық секторда сілкіністі
өндіруге қызмет ету болып саналады.
Агро өндірістік кешеннің
қарқынды дамуына аграрлық ғылым жүйесінің
есептерін мақсатқа алып отыр. Аграрлық профилдегі
барлық ғылыми – зерттеушілік институттардың негізінде
«ҚазАгроинновация» АҚ деп аталатын жаңа құрылым
жасалынды. Бұл құрылымның негізгі қызметі болып
ғылыми кәсіпорын қызметінің координациясы және
олардың қызметін қайта бағдарлау, экономиканың
аграрлық секторлары дамуының стратегиялық бағыты,
ғылыми ойлап табуды коммерцияландыру, ғылыми идеяларға
трансфертпен оларды біздің қызметімізге бейімдету табылады. Сондай
– ақ агроөндірістік кешеннің субъектілері ғалымдардың
ғылыми зерттемелерін қолдануда ғылымдардың
еңбегін роялти төлеу арқылы ынталандыру жүргізілуде. Бұл
сұрақтың жауабын шешу – аграрлық ғылым
жүйесіне жас таланттылардың құйылымына әкеледі.
Агро өндірістік кешеннің
дамуындағы негізгі кемшіліктеріне: техника және технологиямен
жабдықталудың төменгі деңгейі әлсіз
бәсекеге қабілеттілікке әкеледі; экспорттың
төменгі деңгейі; жалпы қолданылатын азық – түлік
тауарларының көлемінің импортты жоғары деңгейде
ұстап тұр.
Отандық ауыл шаруашылық
өнімдерімен азық – түлік тауарлары сапалық
жағынан халықаралық стандарттарға сай келмейді
және олардың көптеген түрлері бойынша өндіріске
кеткен шығындарды өткізу бағасы жаба алмайды. Сондықтан
да көптеген ауыл шаруашылықты құруда мәнді
залалдар немесе шағын табыс алады және соған сәйкес
өндірісті кеңейтуге қол жетпейді. Сонымен қатар,
айналым қаражаттарының, қаржылық ресурстардың
жетіспеушілігіне байланысты, электроэнергияға тарифтің және
жанар – жағар майға бағаның өсуі өндіріс
көлемін азайтып, өнімнің өзіндік құнын
өсіріп, сапасын түсіруде.
Азық – түлік сапасын
жоғарылату үшін кәсіпорындарға мемлекеттік
қаржылық көмек көрсету арқылы Республикада
агроөндірістік кешенге жаңа технология және қаражаттар
енгізу; бюджеттен лизинг бойынша мемлекеттік көмек көрсетудің
көлемін ұлғайту; жаңа техника мен технологиялық
жабдықтар алу арқылы кедендік тетіктерді жетілдіру жұмыстарын
жүргізу керек.
Қазіргі уақытта
ауылшаруашылық өндірісінде маркетингті ұйымдастырумен
дамытудың негізгі қағидалары жалпы сипатқа ие. Олар
елімізбен әртүрлі деңгейдегі кәсіпорындарды
біртұтас жүйеге біріктіреді:
1.
ауылшаруашылық нарығындағы жоспарлау, баға
белгілеу, үлестіру мен басқару бойынша іс – шаралардың біртұтастығы
шаруашылық пен меншіктің барлық ұйымдық –
құқықтық түрлерінің кеңейтілген
ұдайы өндірісін нарықтық шарттарға бейімделген
ауылдық елді мекендерге жүргізуіне жағдай жасайтын
мөлшерде пайда табуға және сатып алушы сұранысын
барынша қанағаттандырумен бағытталуы тиіс;
2.
бәсекеге төтеп беретіндей азық – түліктің
түрлерін көбейту және де сапасын жоғарылату, сондай-ақ
өндірілген өнімді өткізудің озық тәсілдерін
оңтайлы пайдалану және игеру керек;
3.
тауар өндіру, дайындау, тасымалдау, қайта өңдеу,
сақтау және өткізілімін иерархиялық деңгейде
біртұтас маркетинг жүйесіне бірігетін барлық
ұйымдық құрылымдардың өзара
әрекеттестігіне сүйене отырып, ауылшаруашылық нарығында
маркетингтік құрылымдарды ұйымдастыру үшін кешенді –
мақсаттық тәсілді қолдану керек.
маркетингтік
қызметтің ерекшеліктері және оның мамандануы –
шығындар және нәтиженің арақатынасы
тұрғысынан кәсіпорынның мақсатына едәуір
тиімді қол жеткізуге мүмкіндік беретін формада
құрылған басқару деңгейлері мен
функционалдық салалар арасындағы қисынды өзара
қарым – қатынастарды сипаттайтын ұйым құрылымын
құруда анық көрінетін еңбек
бөлінісінің бір түрі болып табылады. Кәсіпорынның
ұйымдық құрылымы мынадай екі қосалқы
жүйені қамтиды: біріншіден ресурстармен қамтамасыз ететін,
оларды қайта өңдейтін және дайын өнімге айналу
процесін жүзеге асыратын жүйе; екіншіден бірінші жүйе
қызметін үйлестіру мен бақылауға
бағытталған басқарушы жүйе.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу
мынадай бағыттарда жүзеге асырылу тиіс: салықтық,
ақшалай – несиелік, бюджеттік, бағалық, мемлекеттік
бағдарламалармен тапсырыстарды әлеуметтік жолмен орындау,
еңбек шартын реттеу, еңбек қатынастары, еңбекақы,
күзет және қоршаған ортаны қорғау,
мемлекеттік немесе жергілікті меншіктегі ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарын және салаларын тікелей басқару.
Экспорттаушылар үшін мемлекеттік
ынталандыру ең басты ретте трансакциялық шығындарды азайту
керек: инфрақұрылымның жеткілікті дамуы,
өнімдердің сертификатталынуы халықаралық
стандарттарға сәйкес етіп реттемеден өткізу,
өнімдердің әлемдік нарықта қозғалысын
жүргізу. Ең бастысы – экспорттық несиелерге мемлекеттік
кепілдеме жасау.
Қаржылық қызмет
сферасында әлі күнге дейін бос тауашалар ұсынылуда. Жеке
өзінің қосалқы шаруашылықтарымен айналысатын ауыл
тұрғындары қаржылық ресурстарға қол жеткізе
алмайды. Тұрғындар қаржылық көмек көрсету
жеткілікті, әрі нық жеке қосалқы шаруашылықты
орнатуға, олардың тауарлылығын жоғарылатуға
және қайта өндіруші кәсіпорындарға отандық
шикізатпен қамтамасыз етілуіне көмегін тигізеді. Микронесиелерді
ұсыну үшін республикада шаруашылықтардың табысына
мониторинг жүргізу керек. Ауылдың қажеттіліктерін
қамтамасыз етуді анықтау, кенттердің қажетті ауыл
шаруашылығы өнімдерімен қайта өндіруші кешендердің
дамуын, сақтау жүйесін, көлікпен қамтамасыз етілу
және өнімнің өткізуі қажетті
қаражаттардың өлшемін анықтауға
көмектеседі. Отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін әлемдік
нарыққа шығаруда мемлекеттік қолдаусыз жоғарылату
мүмкін емес. Қолдаудың негізгі құралдарының
қатарына төмендегілерді жатқызамыз:
- Жаңа технологиялар
негізінде қызмет көрсетумен жаһандық жабдықты
қолданушы және тұтыну нарығына жоғары сапалы
өнімді өндіретін шағын қайта өндіруші кешендермен
ауыл шаруашылығын қалыптастырудағы бөлек цехтар
құруға мемлекеттік дотация;
- Ауылдық
тұрғындар пунктерінде орналасқан ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындарды
жеңілдетілген несиелеудің орта мерзімді және ұзақ
мерзімді түрінде 5 - 8% жылдық есептемемен
жүйесін құру;
- әлемдік
стандартқа жауап бере алатындай мал шаруашылығы және
құс шаруашылығына құрама жем өндірісімен
айналысатын кәсіпорындарға, сондай – ақ ауыл
шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде сапасын
өсіру мақсатында және өндірілетін өнімге
жаңа технологияларды енгізіп, ассортиментін өсіруде,
өндірілетін өнімнің көлемін жыл сайын 50% өсіретін кәсіпорындарды субсидиялау;
- көкөністік
және тұқымды – жеміс өнімдерін, жүнді,
былғарыны біріншілік өңдеу және тонды
өндіретінқайта өңдеуші кәсіпорындарды
құруға субсидиямен қарыз беру.
- әлемдік
нарыққа өндірілетін өнімді экспорттау үшін
оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде 5
жылға дейін кәсіпорынды салық салынумен кедендік
төлемдерден босатуда субсидиялау.
Қазіргі
таңда Қазақстандағы агро өндірісті
субсидиялаудың анық кемшіліктері бар және оларды жою ауыл
шаруашылығының субъектілерінің қызметінің
тиімділігін жоғарылатуға көмектеседі:
- субсидияның
төменгі үлес салмағы өндірілетін өнімнің
шығынынан төмен, сондықтан ауыл шаруашылығы
дамыған елдерге қарағанда отандық баға және
өнім импортты тең болмай тұр;
- субсидиялаудың
жүйесі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің
өндірісін үлкейту мен өнімнің өткізілуін
толық көлемде толғандыртпайды (субсидиялау 1 га егінге, 1 бас
малға деп жүзеге асырылады).
- субсидияны алудағы
құжаттар үшін жүргізіліп отырған ережелер
әкімшілік тосқауылдармен (құжат айналымдарының
көптігі) қиындатылған.
Жанар –
жағар маймен басқа да тауарлы материалдық қорларды
төлеуде бағасын арзандатуды анықтағанда, көктемгі
егістік және жөндеу жұмыстарына қажетті
жүргізулерде мынадай кемшіліктер бар: тауар өндірушілердің
өнім соңындағы методикалық тәсілдемелері
қажетті деңгейде қызықтырмайды, яғни
алынған өнімге емес, егістің 1 га субсидия бөлінеді,
сондықтан, соған сәйкес субсидиялаудың негізгі қағидасы
– саланың табыстылығымен нәтижелі дамуында қамтамасыз
ететін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің
шығынының орнын толтыруын қарастырмайды. Субсидиялауға
өтініш беру мерзімі және егіске сәйкес қызмет ететін
талаптар, әртүрлі ауыртпалықпен жасалған комиссиялар
бюрократиялық тәртіппен тереңдетіледі.
Аймақтың мал шаруашылығында
субсидияны алудағы тіркелімдер аздаған қиыншылықтармен
тоғысады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ:
1.
Тобылов К.Т. Формы и методы государственного регулирования
конкурентоспособностью сельскохозяйственной продукции // АльПари, 2010г №4 – 124стр.
2.
Hulbert J.M. Marketing a strategic perspective.-Impact planning group 1998. - Р.96-98.