Көлеңкелі экономиканы реттеудегі біріңғай әлеуметтік салықты реформалау

 

Демеубаева Ақмарал Оспановна, Тұрсынбаев Абай Зәкірұлы, Жанасбаева Нұргүл Геройқызы

 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей салық төлеуден жалтару проблемасын шешудің негізгі бағыттары – салықтарды нәтижелі басқару мен оларды төлеу үшін экономикалық стимул жасау болып табылады. Бұл жағдайда алғашқы бағыт ретінде салық жинау шараларын қатайту, екінші бағытта – салық салу деңгейін төмендету ұсынылады.

Бірыңғай әлеуметтік салықты (БӘС) реформалау мәселесіне қызығушылықтың артуы көп жағынан көлеңкелі жалақылар феноменінің, жалпы көлеңкелі экономиканың тұрақты өмір сүруіндегі негізгі фактор болып табылуымен анықталады. Осыған байланысты үкімет өкілдері тарапынан жуырда ғана жүргізілген салық реформасы экономиканы ашық сипатқа көшіруге бағытталған шара ретінде қарастырылатындығы бірнеше рет атап өтілді.

БӘС-тің экономиканың «көлеңкеге» жылыстауына әсері мынада, салық кодексіне сәйкес ашық түрде төленетін жалақыларға қосымша ретте жұмыс беруші сондай-ақ олардың мөлшерін 26% -ға дейін үстемелер төлеуге міндетті. Мұндай жағдайларда «сұр» схемаларды пайдалану арқылы атқарылатын жалақы төлемі жұмыс берушіні көрсетілген салық міндеттемелерден босатады. Мұның өзі бизнестің рентабельдігіне онда әсер ететіндігі сөзсіз.

Салық кірістерін толық көрсетуге көшу үшін жағдайлар мен ынталар жасаудың басты бағыты ретінде үкімет салық жүктемесін азайту жолын таңдап алды. Сонымен қатар бизнес – патриоттың моральдық қағидаттарын кәсіпкерлерге жеткізу үшін ымтылып жатқан бас прокуратура мен салық органдары қарқынды қызметі салық жинау бойынша шараларды қатайтуды да ұмытқан жоқ. Осы салада ел басшылығы тарапынан құрамдастырылған тактиканы таңдап алынғандығын атап өткен жөн. Оның нәтижелілігін бағалау және БӘС-ті төлеуден жаппай жалтару себептерін дұрыстап түсіну керек.

Әдетте, салықтық құқық бұзушылығы үшін жазалану қауіпі «сұр» схемаларды пайдаланудан пайда көруді едәуір төмендете түседі. Сондай-ақ мұндай жазалар көп жағдайда материалдық емес сипатта келеді (түрмеге қамау және т.б.). Мадельді оңайлату үшін айып санкцияларының орнына мынадай шарт енгізілген, қос схемадан алынатын тепе-тең қаржы нәтижесі жағдайында тараптар төлемдердің «ақ» схемасын таңдай алатын болады.

Әдетте, салық мөлшерін төмендету мен оның жиналуын қатайту (р ұлғаюы) келтірілген шарттың құқықтық маңызын азайта түседі. Түпкі есепте мұның өзі оның бұзылуына әкелуі мүмкін, мұны жұмыс берушінің бойында төлемнің «ақ» схемасына көшуге қызығушылық танытуы теориялық тұрғыдан білдіреді, өйткені салық төлемінің әлеуетті құны жалтару құнынан төмен болып отыр. Осыған орай үкімет оқиға барысы осылай өрбиді деп сенім артып отыр.

БӘС реформалаудың баламалы нұсқасын қарастырайық, ол - әлеуметтік салық төлеу міндеттемелерін жұмыс берушіден жұмыскерге арту болып табылады. Салық төлеудің мұндай жүйесі көптеген елдерде, соның ішінде әлеуметтік төлемдер деңгейі жоғары саналатын Швецияда да бар.

Былайша қарағанда бұл ойында «сұр» схемалар нүктесінде тепе-теңдігі жоқ, өйткені жұмыс берушіге «ақ» схемаларды пайдалану басымдық танытып отыр. Яғни ол үшін «сұр» схемаларды пайдаланудың бүкіл маңызы олардың құнына тәуелсіз түрде жоғалады, себебі «сұр» схемаларды осылай ашық сипатқа төлеу жағдайы туындамайды. Соған орай екі жақтың көрсетілген мүдделер қайшылығы салық салу нысанын ауыстыру жолымен салық молшерін маңызды түрде өзгертпей-ақ шешілуі мүмкін.

Әрине, жұмыс берушілер белгілі бір жағдайда жұмыскерлермен қолайлы ретте сөз байласып, «сұр» схемаларды пайдалануда жалғастыра түсетіндей етіп ойынды түрлендіруге болады. Бұл жағдайда жұмыс берушінің БӘС төлемі бойынша жауапкершілігінің жойылуына орай мұндай таңдау жұмыскерге «ақ» схемадан төмен есептелген жалақыны қарастыруға тиіс. Сондықтан екі жақта «ақ» схеманы пайдалануға мүдделі болатындай  мәндерін немесе салық мөлшерлемесін табу қажет. Бұл жағдайда салықты жалпы және барлық жерде төлейтіндей тұрайты әлеуметтік норма қалыптастыруға лайық ахуал туындауы мүмкін.

Сонымен қатар БӘС-ті жұмыскерге арту жағдайында «сұр» схеманы ашу кезінде жұмыс беруші жұмыскерлер арасындағы өз беделінен басқа ешнәрсе жоғалтпайды, өйткені ол үшін қосымша қаржы міндеттемелері туындамайды. Мұндай жағдайларда болашақта орын алатын ұзақ әрі қымбатқа түсетін сот талқылауларынан бойын аулақ салуы үшін кәсіпорын басшысы жұмыскерлердің шынайы кірістері туралы ақпараттың таралуына жол беріп алып, «индульгенциялар сатып алуға» мәжбүр болады.

Сөйтіп, ұсынылып отырған БӘС салыну тәртібі жұмыс берушілерді мемлекет жағына шығару жолымен бірыңғай «салыққа қарсы майдан» ішіне жік түсіреді. Осыған байланысты қазіргі қолданыстағы салық тәртібінен гөрі 60-70 % мәжбүрлеу ықтималдылығына қол жеткізген оңай.

Алынған нәтижелерді қарапайым түрде былай көрсетуге болады. Біріншісі – жалпы еңбек салығы деңгейінің төмендеуі көлеңкелі кірістерді бір жақты ашық сипат алуына әкелмеді. Екіншісі – көлеңкелі кірістерді заңдастыру салық салу нысанын ауыстыруға, яғни салық төлеуді жұмыс берушіден жұмыскерге көшіруге ықпал етуі мүмкін. Осы екі нәтиженің негізділігі туралы болжамды тексеру үшін бірқатар регрессиялық тесттер өткізілді.

Өкінішке орай, көлеңкелі экономиканың ауқымдары туралы қолда бар деректер өте шектеулі, мұның өзі жоғарыда келтірілген модельдердің тікелей эконометриялық тестін өткізуге мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ бір елдің шекарасындағы салық мөлшерлемесі бірыңғай болуын ескере отырып, бір елдің ғана деректерін пайдалану арқылы көлеңкелі экономиканың ауқымдарына салық салу формаларының әсерін зерттеп білу мүмкін емес. салық салынатын нысандардың айырмашылықтарына қарай кірістерді заңдастыру нәтижесін түрлі салық тәртібіне ие елдердегі жағдаймен салыстыру арқылы ғана байқауға болады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     Қарысбаев Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері // Қазақстан жоғары мектебі №3. 2004.

2.     Есипов В.М. Экономическая безопасность хозяйствующих субъектов в России // Эпи №8. 2004. с. 148-158

3.     Тарасов М. Усиление роли государства по ограничению теневой экономики в России // Проблемы   теории и практики управление №2. 2002 с. 19-23