Экономические
науки/15.Государственное регулирование экономики
Ерсеитова
Зейнегүл,
Темирбекова Э.Т
Қорқыт
Ата атындағы ҚМУ, Қызылорда қаласы
Мемлекеттік
қызметті
ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибе
Қазақстан Республикасы заң-құқық
ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы,
Қазақстан қоғамының қалыпты
қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде
болып жатқан оң өзгерістерді басқаша
көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу
міндетін алдыға тартады.
Мемлекекттің пайда болуы қоғамдық
ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет
ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының
бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория,
ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен
байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин
(354-430) және Фома Аквинский (1225-1274) болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан
Республикасының мемлекет және жергілікті
қызметкерлерінің дайындығының жүйесін
қарастыру.
Бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы,
атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің
конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу
қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын
органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс
табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет,
заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге
асырушы өкілді орган – Қазақстан Республикасы
Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы
алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы
органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы
сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.
Заң шығарушы қызметін жүзеге асырушы жоғары
өкілді орган Қазақстан Республикасының Парламенті болып
табылады. Қазақстан Республикасының Парламенті екі
палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен
тұрады.
Президент
Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша
орынға ие. Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш
тармағына бірдей енбейді. Президент ең алдымен мемлекеттің
басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның
атынан өкілдік етеді. Ол халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам
және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі; мемлекеттік
биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін
және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және
соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын
қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен
алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын
ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше
белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол
мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың,
әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың
арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін
шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің
жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек
өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен
әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады.
Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы,
жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы
еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция
болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен
толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше
категорияға бөлінеді:
а).
Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң
шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).
б).
Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке
бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.
в).
Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге
бөлінеді: мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер
және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік
өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа
бөлінеді: категория «а» Президент,
Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б.
Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «б» бірінші топтағы
лауазымды түлғалардың кеңесшілері, көмекшілері,
орынбасарлары; категория «в» екінші
топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары,
көмекшілері.
Мемлекет
қызметінің негізгі
мүдде - мақсаты - адамның әлеуметтік,
моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық
тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке
тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет
қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым -
қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің функциясы -
қоғамды әлеуметгік баска-рудағы мемлекеттің
атқаратын жүмыстарының неғізгі бағыттары мен әдістері.
мемлекеттік қызмет саласында
сыртқы тәжірибелерді саралаудың маңызы ерекше
екендігі сөзсіз. Дегенмен де, мемлекеттік қызмет барлық
әлемде экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның
маңызды бір құрамдас бөлігі болып
қалыптасқан, ал
атқарушы биліктің әрекетке қабілетті аппаратын
құрудың өткір
проблемасы көптеген елдердің алдында тұрған
мәселе.
Басқарудың мемлекеттік әкімшілік жүйесі
дамыған елдерде олардың мемлекеттік қызмет институттарын
ұтымды ұйымдастыруымен, шенеуніктердің кәсіпқойлығы мен
құзыреттілігі және көп реттерде олардың қызметін
бақылаудың жақсы жолға
қойылғандығымен айқындалатын жоғары тиімділігімен ерекшеленеді.
Сондықтан да, Қазақстан үшін басқару саласында
едәуір нәтижелерге қол жеткізген АҚШ, Германия,
Ұлыбритания, Франция, Жапония сияқты мемлекеттердің
тәжірибесі ерекше қызығушылық танытады.
Дамыған елдердің мемлекеттік басқару саласында, кадр
әлеуетін басқару мемлекеттік басқару теориясында да іс
жүзінде басым бағыт
болып табылады. Мемлекеттік қызметті реттейтін
заңнамалар экономикада, саясатта
және әлеуметтік салада болатын ауытқулардың
әсерінен өзгерістерге
ұшырап, толықтырылып отырады.
АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Францияда заманауи мемлекеттік
қызметтің негізі
мәселен бізден бір ғасырдан астам уақыт бұрын
қаланған. Бұл, барлық дамыған елдерде мемлекеттік
қызметтің ірге тасының қаланып, керегесін тіктеу
процесінің ұзақ уақыттар бойы жүретіндігін
көрсетеді.
Шетелдерде мемлекеттік қызметпен және кадр саясатымен
айналысатын, шенеуніктердің жұмысын қадағалайтын, үміткерлерге іріктеу жүргізетін
олардың кәсіби деңгейі мен қызмет ету нәтижесін
бағалайтын арнайы құрылым айналысады.
Дамыған мемлекеттердің кадр қызметтері өз
қызметінде ұйымдағы басқару тәсілі,
жұмысшылардың біліктілігі, олардың тәртібі,
жаңалық пен өзгерістерге әсерін ұдайы талдап,
зерттеп, жетілдіріп отырады. Заңдармен айқындалған,
қатаң сақталатын іріктеу, көтермелеу және
шенеуніктерді жазалау процедуралары мемлекеттік басқарудың тиімді
қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік
қызметшілермен жұмыс істеу жүйесі: лауазымдық
міндеттерін сапалы атқаруы, персоналдың шұғыл шешім
қабылдай білуі, кәсіптік
деңгейі сияқты көрсеткіштермен бағаланады.
Халықаралық тәжірибені саралау нәтижесі
негізінен әлемде екі анық
белгіленген мемлекеттік қызмет жүйесі
қалыптасқандығын көрсетеді – бірі мансаптық
жүйе — Германия, Жапония, Австрия елдерінде қалыптасса, келесісі
позициялық модель — Ұлыбритания, АҚШ, Канада елдерінде
қалыптасқан.
Мансаптық жүйенің елеулі ерекшеліктері болып –
мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу арқылы ең
төменгі лауазымға орналасудан бастауы, қызметке өмір
бойына тағайындалуы (саяси қызметтен басқасына), ішінара қызметте мансаптық
өсу, мамандарды мақсатты оқыту, кәсіпқойлықтың жоғарғы
деңгейі,
сақтанымпаздық және бюрократтық иерархия
элементтерімен қамтылғандығы саналады. Позициялық жүйеде – қызметке орналасу және
кез келген қызметке көтерілу конкурстық іріктеу арқылы
жүргізіледі (саяси қызметтен басқасы), мұнда едәуір
ықшамдылық, қызметке жеке сектордағыдай келісім-шарт
арқылы алу, карьерада тұрақсыздық элементтері басым.
Екі жүйеде де, олардың белгілі бір ауытқуларына
қарамастан олардың тиімділігін қамтамасыз ететін
бірқатар шарттарында ұқсастық бар. Бұл, мемлекеттік
қызметшілердің саяси
және әкімшілік деп бөлінуі, саяси процестердің
мемлекеттік аппараттың кадр құрамына әсерінің
шектеулілігі, сонымен қатар
мемлекеттік билік органына кәсіпқойларды тартуға кепілдік
беретін қызметке
орналасудағы конкурстық іріктеу.
Шет мемлекеттердің
мемлекеттік қызметшілерінің корпусын қалыптастыруы
мәселесіне үңілсек АҚШ, Германия, Жапония, Франция
елдерінде – жас элита мамандарды мақсатты бағытталған
тәрбиелеу жолымен қалыптастыратындығын аңғартады.
Болашақ шенеуніктерді дайындау, мемлекеттік аппараттың
түрлі құрылымдарында олардың қызметіне баға
беріле отырып үздіксіз тәжірибе алмасудан өтетіндігімен
ерекшеленеді. Мәселен, Германияда үміткер іріктеу емтиханынан
өткеннен соң екі жарым жыл тәжірибе алмасудан өтуі
керек, содан соң екінші рет емтихан тапсырады. Одан кейін орта деңгейдегі басшылық лауазымда үш жылдық сынақ
қызметін атқарады, егерде оның қызметіне оң
баға берілсе, онда басшылық лауазымды тұрақты негізде
атқаруға есепке алынады.
Францияда қызметке іріктеу жүргізу конкурс емтиханын тапсыру
барысында байқалатын бір ғана критерий: жүктелген міндетті
орындай алу қабілетіне сәйкестігі негізінде бағаланады.
Конкурс жазбаша және ауызша
емтиханнан тұрады, нәтижесінде үміткердің
мәдениеті, білімі, өз ойларын логикалық тұрғыдан
жеткізе білуі сараланады. Конкурстық комиссия мүлткісіз адал
құзыретті мамандардан жасақталады және
әкімшіліктің ешқандай әсері болмайды.
Жапонияның мемлекеттік қызметшілерінің кадр
әлеуетін пайдалану тәсілі тиімді және өзіндік
ерекшелігі бөлек. Жапонияның мемлекеттік басқару
жүйесінің тиімділігі: өмір бойы жалдау, кадр ротациясы, жұмыс орнында
оқыту, еңбек ақы, т.с.с. басты критерийлерді қолдану
арқылы мемлекеттік қызметшілердің жоғары
кәсіпқойлығына, икемділігіне және олардың
жауаптылығына қол
жеткізуінде. Мұндағы әрбір критерий бір-бірін толықтыра
отырып қызмет атқарудың шарттары мен негізі болып табылады.
Нәтижесінде еңбек ынталандырылуы артып, жоғары әлеуетті
шенеуніктерді даярлауды қамтамасыз ететін және олардың
творчестволық, интеллектуалдық қабілеттерін арттыратын орта
қалыптасады.
Қазақстан үшін АҚШ-тың мемлекеттік
қызметке мамандарды іріктеу тәжірибесі актуальды және
тиімдірек деп ойлаймын. Іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізіледі: басшылар үшін арнайы оқу
бағдарламаларынан табысты
өту, басқару тәжірибесі және кәсіби
машықтарының болуы.
Барлық кандидаттар ғылыми-зерттеу
орталықтарының, мемлекеттік билік органдарының және
жеке компаниялардың ең тиімді қызмет
атқаратынының жұмысын зерделеу негізінде, сонымен қатар
персоналдарды басқару саласының мамандарынан және мемлекеттік
қызметшілердің өздерінен түсетін ұсыныстар
негізінде жасалынатын басқарушылық
құзыреттілігі моделіне сәйкес бағаланады.
Бұл модель басқарудың барлық деңгейі үшін
ортақ және әлеуетті лидерлерді анықтау, оқу
бағдарламаларын жасау, басшылардың кәсіби даму жоспарын
құру үшін методикалық
негіз болып табылады.
Реформалауда озық нәтижеге қол жеткізген елдердегі
мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жалпы
деңгейі, жеке сектордағы бірдей еңбекке сәйкес
еңбекақы төлеу қағидасы болып табылады. Бұл
қағидаға сүйену шенеуніктерге абыройлы өмір сүру деңгейін қамтамасыз
етіп, мемлекеттік аппаратта кәсіби мамандардың тұрақты
қызмет атқаруына ықпал етеді. Мәселен, Жапонияда
персонал ісі жөніндегі басқарма жыл сайын мемлекеттік
қызметшілердің еңбекақысы деңгейін өндірістік сектордағы жұмысшылардың
еңбекақысымен салыстырып,
зерттеп отырады. Бұл мәліметтер баспасөз беттерінде
жарық көріп, мемлекеттік қызметтегі еңбекақымен
салыстырылып отырады.
Шетелдердегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау және
біліктілігін арттыру мәселесіне
келсек – көп жағдайда оларды үздіксіз оқыту
дәйекті, қатал және тиімді
жүйені сипаттайды. Оқытудың жалпы бағыты білімді
беру ғана емес, әрбір шенеуніктің нақты қызмет
дәрежесіне сәйкес ойлау қабілеті, машықтары,
құзыреттілігі және тәртібіне байланысты болады. Осыған сәйкес біліктілікті
арттыру мерзімінің басым
көп уақыты нақты тәжірибемен танысуға, оқытудың белсенді тәсілдеріне
жұмсалады.
Мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда имидждің де маңызды
функционалдық және мәртебелік мағынасы бар, өзіне
халықтың сенім деңгейінің көрсеткіші және
басқару қызметінің, мемлекеттің жүргізген
қайта құруларының тиімділігіне
қоғамның бағалау өлшемі болып табылады. Ол
мемлекеттік органдар іс-әрекеттерінің нақты әлеуметтік
топтардың немесе тұтас алғанда қоғамның
талаптары мен күтулеріне сәйкестік деңгейін тіркейді.
Кез келген ұйымның оң имиджін құруға
ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып корпоративтік
сәйкестік табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік
құрылымдар мен мемлекеттік қызметшілердің корпоративтік
сәйкестігін басқару Заңдарда және ҚР
Президентінің Жарлықтарында: мемлекеттік қызметтің
заңды және этикалық нормаларының қазіргі
заманғы жүйесінің өзінше іргетасы болып табылатын
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында «Қызметтік этика ережесі туралы» ҚР
Президентінің Жарлығында тұжырымдалып айтылған
базалық қағидаттар негізінде іске асырылады.
Сонымен бірге мақсатқа бағытталған оң
практикалық қызмет тығыз коммуникацияны, мемлекеттік билік
органы және онымен байланысты жұртшылық арасында өзара
түсіністік пен ынтымақтастықты орнықтырмай және
қолдамай бола алмайды.
Осыған байланысты азаматтық қоғам мен билік
құрылымдары желілік өзара іс-қимыл жасау үшін
ашық коммуникациялық платформаны дамытуда мемлекеттік билік
және басқару органдарының ақпараттық ресурстарына
Интернет желісінде ерекше рөл беріледі. Қоғамның
барлық деңгейдегі мемлекеттік билік пен басқару органдары мен
ұйымдарының қызметін аса мөлдір және тиімді
электрондық үкіметті құруға көруге
талпынысы алғы шарт болды.
Біздің елде электрондық үкіметті қалыптастыру таяу
арадағы перспективада басымды міндет. Қазақстан Республикасы
Үкіметі бекіткен 2008-2010 жылдарға арналған
Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін»
дамытудың 2007 жылғы 30 қарашада №1155-1 бағдарламасы
мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен тиімді
өзара іс-қимыл жасауына кепілдік беруге арналған.
Дүниежүзілік рейтингте ЭҮ қалыптастыру «Global
E-Government, 2006» Taubman Center [7] есебінен 1-ші үштікке 198 елден
2006 ж. Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур кірді.
Бұрынғы кеңестiк елдерден: Әзербайжан - 17-нші, Украина
- 21-інші, Эстония - 26-ншы, Қазақстан
- 28-інші, Ресей - 43-інші, Грузия - 47-нші, Латвия - 56-ншы,
Беларусь - 64-інші, Литва - 83-інші, Тәжікстан - 89-ыншы, Өзбекстан
- 104-інші, Армения - 121-інші, Молдова - 133-інші, Түркіменстан -
140-ыншы, Қырғызстан - 159-ыншы орында.
ЭҮ маңызды құрамы болып мемлекеттік органдардың
ресми web-сайттары табылады, олар: 1) азаматтың кез келген
меморганның қызметі туралы ақпаратқа қол
жеткізуге заңды құқықтарын іске асыруды; 2) меморгандардың
қызметі туралы шынайы ақпаратты жедел жеткізуді; 3) жалпы
ұлттық ақпараттық кеңістікті біріктіру және
қауіпсіздендіру мақсатында меморгандардың
ақпараттық ресурстарын біріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Мысалы, ҚР Президентінің мемлекеттік маңызы бар сайты –
e.gov.kz, Қызылорда облысының әкімінің сайты,
және басқада облыстар әкімшіліктерінің сайттары.
Бүгінгі күні еліміздің мемлекеттік қызметі
интенсивті қарқында дамуда. Әрине, техникалық
және экономикалық прогрестің өсуіне сәйкес
оның ұйымдастырушылық тетіктерінің де дами
түсетіндігі заңды құбылыс.
Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қалыптасуы
салыстырмалы түрде алғанда соңғы 10 жылдың
бедерінде ғана басталды, дегенмен де ол серпінді дамып, қарқын алып келеді.
Демек, бәсекеге қабілетті Қазақстанда заманауи
мемлекеттік қызметшілердің корпусын басқарудың тиімді моделін жасауда әлемдік
тәжірибелерді саралаудың маңызы өте зор және аса
қажет деп санаймын.
Пайдалынған
әдебиеттер
1. Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңының
6-бабы
2.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" Заңының 1-бабы
3. Мемлекет және құқық
тарихынан, 2 – кітап, Алматы, 1998
4. «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МІНСІЗ
БОЛСЫН» Балтабек ХАЛЫҚ,
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының
кеңесшісі.