Сейсинбинова А.А.
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
СЫРТҚЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі
әлемнің сипатты ерекшелігіне интеграциялану мен жаһандану,
өзара әркет пен өзара тәуелділік үрдістері
жатады. Ешбір мемлекет жеке дара өзге елдермен байланыссыз, әлемдік
шаруашылық бірліктерінен оқшауланған күйде дами
алмайды.
Жаһандану
жағдайындағы әлемдік шаруашылық жүйесінде
халықаралық сауда алдыңғы қатарлы
маңыздылыққа ие болып отыр. Елдің
халықаралық саудаға қатысуы, сыртқы сауда
операцияларын және дербес сыртқы сауда саясатын жүргізуі –
елдер арасындағы халықаралық экономикалық
қатынастардың маңызды бөлігі болып табылады.
Кеден
одағы мүше болуға байланысты ауыл шаруашылық
нарығына ену мен отандық өнімдерді қорғау
мәселелері Қазақстан үшін анағұрлым
өзекті болып табылады. Қазақстандық тауарлардың
бәсекеге қабілеттілігі мен сапасы төмен, ал елдің ауыл
шаруашылығы көртеген себептерге байланысты дағдарысты
жағдайды бастан кешуде: ауыл шаруашылығына жеткілікті көлемде
инвестициялар тартылмайды, материалдық-техникалық базаның
ескіруі, отын-жанармай өнімдерінің қымбаттылғы.
Кеден
одағының артықшылықтарын атап өтетін
болсақ, біріншіден, бірыңғай кедендік аумақ
құру арқылы түрлі бағыттағы
ынтымақтастыққа жол ашылады, ең бастысы бірлескен
өндіріс орындарын ашу арқылы одаққа мүше
елдердің индустрияландыру саясатына ықпал етуге болады.
Сыртқы тауарлар экспанциясынан бірлесіп қорғануға
мүмкіндік туады. Сонымен қатар, Кеден одағына мүше
елдер бір-бірімен сауда-саттық жасасқанда шекарадан кесіп
өтер кезде төленетін кедендік алым-төлемдерден босатылып,
қағазбастылықтан құтылады. Үш елдің
бүгінгі таңда 2 трлн. долларға бағаланып отырған
бірыңғай нарығы бұдан да кеңейе түседі.
Бұл өз кезегінде инвестициялық тартымдылығымызды арттыратын
көрінеді. Ең бастысы, үш елдің халқы үшін
тұтынатын өнімдер ассортименті кеңейеді. Үш елдің
арасында бәсекелестік орнайды, бұл өз кезегінде сапаның
артуына, тауар мен өнімнің қолжетімділігіне жол ашады.
Үш мемлекеттің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға
мүмкіндік туып, кірісімізді арттырады. Ал кәсіпкерлеріміз өз
өнімдерін халықаралық нарыққа шығаруда
жаңа мүмкіндіктер мен жеңілдіктерге ие болады [1]..
Ұлттық
экономиканың дамуының қазіргі кезеңінде
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мен елдің азық-түлік
тәуелсізідігін сақтау өзекті мәселеге айналып отыр. Осы
мәселелерді шешу тек азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкін болатындай
АӨК-нің даму деңгейіне қол жеткізу қажет.
Елдің
азық-түлік қауіпсіздігінің жүйесіне үнемі
оның жалпы тұрақтылығын төмендететін әр
түрлі факторлар әсер етеді.
Азық-түлік
қауіпсіздігінің қауіп-қатерлері дегенімізі –
өмірдің ең басты ресурстары болып табылатын тамақ
өнімдерінің төмендеуі, болмауы немесе бұзылуы,
сондай-ақ оның сапасының яғни оның энергетикалық
қасиеттерінің нашарлауын білдіреді.
Аграрлық
нарықтың қазіргі жай-күйін бағалай келе
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне ішкі
және сыртқы қауіптердің әсер ететінін
анықтауға болады [2].
1 кесте
Азық-түлік
қауіпсіздігің ішкі және сыртқы қауіп қатерлері
|
Қауіп-қатерледі
тудырушы
факторлар |
Мүмкін болатын Салдары |
|
Ішкі факторлар |
|
|
Ел халқының
көпшілік бөлігінің өмір сүру минимунынан
төмен деңгейде өмір сүруі; Тағам
өнімдеріне сұранысқа халықтың төлем
қабілетінің жоғары болмауы; Жеке құрамы бойнша
(ақуыз, майлар, көмірсулар, дәремендер) тағам
өнімдерінің баланстылығының сақталмауы; Тағам
өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасының
жеткілікті дәрежеде бақыланбауы; Отандық
өндірістің жеткілікті жәрежеде дамымауы, оның
төмен техникалық және технологиялық
жабдықталуы; Табиғи және
өнеркәсіп ресурстарының тиімсіз қолданылуы; Экономиканың
аграрлық секторында бағалық пропорциялардың
бұзылуы; Азық-түлік
нарғығы конъюктурасы- ның мүмкін
өзгерістерінің мониторингісі мен оларды болжау
жүйесінің жеткіліксіз дамуы; Заңнамалық,
құқықтық және нормативтік базаның
жетілмеуі; |
Адам
әлеуетінің дамуын тежейді, елде әлеуметтік қысым
тудырады; Азық-түлік
нарығының толуына алып келеді және өндірістің
дамуын тежейді; Адам әлеуетінің дамуын тежейді. Ұлттың немесе халықтың
жекелеген топтарының денсаулығына қауіп тудырады; Сыртқы нарыққа туәлділікті
арттырады, тәуелсіздікті жоғалту қауіпі туады; Ұлттық нарықтың импорттық
тауарлармен толуына және ішкі нарықтан отандық
тауарлардың шығып қалуына алып келеді; Азық-түлік тауарлараның
бағасының өсу қарқынының
жоғарылауы, салаларалық баға диспаритеті орын алуы
және ауыл шаруашылығында кеңейтілген ұдайы
өндіріс қарқынының төмендеуі; Сұраныс пен ұсыныс балансының
сәйкессіздігі, шаруалардың шығынғымұшфрауы,
нарықта бағаның өсуі: Азық-түлік тауарларын өндіру мен
тұтыну құрылымының бұзылуын күшейтеді; |
|
Сыртқы
факторлар |
|
|
Әлемдік нарық
конъюктурасының қолайсыз өзгеруі; Ипортталатын
азық-түлік тауар-ларының сапасының нашарлауы,
гендік-модификацияланған өнім көлемінің артуы; Дамыған
елдердің экспортты дамыту мақсатында әртүрлі
бағдарламалар мен субсидияларды қолдануы және олардың
агрессивті экспорттық саясатты құруы; Азық-түлікті
сыртқы экономикалық және саяси қысым
құралы ретінде пайдалану; Мемлекетаралық
қарым-қатынастағы саяси тәуекелдер. |
Шикізат пен
азық-түліктің елден
шамадан тыс сыртқа шығарылуын тудырады және
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қаупін
тудырады; Экологиялық
қысымды күшейтеді және ел халықының
денсаулығна қауіп туғызады; Әділетсіз бәсекелстік
жағдайын қалыптастырады, отандық тауар
өндірушілердің нарықта бәсекелесу мүмкіндігін
төмендетеді, импорттық өсуін туғызады; Ұлттық
нарықтың импорттық тауарлармен толуының жоғары
деңгейіне алып келеді және ұлттық тәуелсіздігін
жоғалту қауіпі туады; Отандық
өнімдердің экспортына қолдан жасалған кедергілерді
қалыптастыру, бұл өз кезегінде республиканың имиджін
төмендетеді және азық-түлік балансының
сәйкессіздігінне алып келеді. |
Дерек
көзі: * [2] әдебиетті
қолдана отырып автормен құрастырылған
Осыған сәйкес,
әлеуетті мүмкіндіктер мен ауыл шаруашылығы өндірісін
мемлекеттік қолдаудың артуына қарамастан, елдің
азық-түлік тәуелсіздігі күрделі және әлеуеметтік
қысымдағы сипаттағы мәселе болуы мүмкін.
Азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қазіргі орын
алған экономикалық дағдарыс кезінде одан әрі шиеленісе
түсуі мүмкін. Сондықтан да алда шешуін күтіп
тұрған ең күрделі мәселе – бұл
агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі даму деңгейін
төмендетпей, одан әрі тұрақты даму үдерісін
қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолдауды
күшейту.
Соңғы
жылдары Қазақстанға құрамында ГМО бар азық-түлік
пен азық-түліктік шикізаттар келе бастады. Қолданыстағы
заңнамаға сай біздің еліміздегі саудаға
құрамында ГМО бар азық-түліктерді реттейтін
нормалардың барлығына қарамай, ГМО айналысына бүгінгі
күнге дейін ешқандай бақылау жасалмай келеді.
Қазақстанда
ел аумағында гендік модификацияға ұшыраған
азық-түлікті бақылайтын «Гендік инженерия қызметін
мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы құрылды
және қазіргі таңда бұл заң жобасын қабылдау
қарастырылу үстінде. Заң жобасын Білім және ғылым
министрлігі құрды. Мемлекеттік реттеу, қауіпке сараптама
жасау, ГМО-ның мемлекеттік тізілімін құру, гендік-инженерлік
жұмысқа және мемлекеттік бақылауға
рұқсат беру арқылы жүргізіледі [3].
Заңнама
аясында үйлестіру орталығын құру
қарастырылған. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік
органдар мен ғылыми мекемелер кіреді. Үйлестіру орталығы
ГМО-ны тіркегенде тәуекелді сараптамадан өткізіп отырады.
Генетикалық модификацияланған нысандардың экспорты, импорты,
тасымалдануы, зертханалық сынақтары гендік-инженерлік зерттеулері
мемлекеттік бақылауға алынады.
Азық-тұлік
қорабында ГМО қоспасы жөнінде ақпарат берілмегендіктен
қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған
өнімді шамадан тыс пайдаланады. Бұған елімізде трансгендік
организмдерді анықтайтын арнайы лабораторияның жоқтығы
сеп болып отыр. Егер жоғарыда аталған заң жобасы
қабылданса, елімізде құрамында ГМО-сы бар балалар
тағамы, өндіріске қажетті қоспаларды дайындауға,
импорт пен экспортқа түбгейлі тыйым салынады. Қазақстанға
тек мемлекеттік тіркеуден өткен ГМО-сы бар азық-түліктер
ғана кіргізіледі. Мемлекеттік тіркеуден өту үшін ғылыми
дәйегі бар дәлелдемелер келтіріліп, ГМО қауіптілігі
жан-жақты сарапқа салынуы тиіс. Дәлелдемелер мен арнайы
сараптамалық құжатты импорттаушы немесе өндіруші
ұсынуы тиіс.
Сыртқы
азық-түлік нарығымен байланысты реттеу мәселесіне
келетін болсақ, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда
ұлттық азық-түлік нарығын тиімді
қоғаудың маңызы жоғары, себебі, қазіргі
таңда импорттық жеткізулердің өсуі байқалып отыр.
Сондықтан,
отандық АӨК жан-жақты дамуы үшін қолайлы
сыртқы жағдайларын құру мен қоладу ел
саясатының негізгі мақсаты болуы тиіс. Бұл мәселе
әсіресе республиканың алдағы уақытта БСҰ-ға
кіруіне байланысты ерекше өзекті болып отыр. Осының салдарынан
елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін осы
қадамның зияндарын минималдандыру және экспорттық
әлеуеттің өсуін ынталандыру, халықаралық
еңбек бөлінісінің мүмкіндіктерін ұтымды
қолдану қажет.
Алайда
қалыптасқан жағдайда импорттық өнімдерден
толық бас тартуға боламайды – бұл кейбір тауарлар бойынша
нарық тапшылығын тудырады және бағалардың
өсуіне алып келеді.
Сондай-ақ,
ескере кететін жайт, экономиканың, соның ішінде, ауыл
шаруашылық және азық-түлік нарығының жаһандық сипатқа ие болуы
объективті дамуға беталыс болып табылады. Сыртқы нарықпен
қатынаста отандық ауыл шаруашылығының ерекшеліктері,
сондай-ақ азық-түлік нарығының
ашықтығының қауіпсіз шегі ескерілуі қажет.
Бұл жерде әңгіме сыртқыэкономикалық
қызметті қысқарту емес, төмендегі факторларды есепке
ала отырып оны қайта құрылымдау мәселесі туралы болуы
қажет:
Қазақстанның
ауыл шаруашылығының көпшілік саласы алдыңғы
қатарлы экспортер елдермен салыстырғанда табиғи жағдайы
анағұрлым төмен жерлерге ие;
Ауыл
шаруашылық өндірісінің техникалық қамтамасыз
етілуі төмен;
Нарықтық
инфрақұрылым және отандық тауарлардың
тұтынушыға дейін сатылу және жеткізілу жүйесі
жеткілікті дәрежеде дамымаған [4].
Сондықтан,
азық-түліктің негізгі стратегиялық түрлері
бойынша оның ұсыныс көлеміне, қоры мен
бағаға жиі (ай сайын) маркетингтік талдау жүргізу және
азық-түлік таурларының экспорты мен импорты бойынша шаралар
әзірлеу ұсынылады. Қажет болған жағдайда
азық-түлік импортын үлестеуді қолдану қажет.
Шеттен
әкелінетін тауарлардың орнын басу мен отандық
өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру
бағдарламаларын қолдану қажет, әсіресе жеміс-жидек
өнімдері мен өсімдік майы өндірісіне қатысты.
Экспортер
елдердің субсидияларын қолдану арқылы тауарды импорттау
кезінде өтеу баждарын ендіру қажет және түскен
қаражатты отандық өндірістің дамуына жұмсау
керек. Бірінші кезекте, аталмыш шара құс еті мен жұмсақ
сортты майларды импорттауда қолдауға болады.
Импорттық
операцияларды жүргізетін субъектілер өздерінің
қызметіне еш жауапкершілікпен
қарамайды, сондықтан нарық төмен сортты жалған,
кей жағдайларда денсаулыққа зиянды тауарлармен толығып
отыр.
Азық-түліктің
сапалылығын сақтау үшін отандық тағам
өнімдері мен азық-түлік шикізаттарын өндірушілер мен
өзге де жеткізушілердің орындауы міндетті болатын мемлекеттік
қауіпсіздік стандарттары түрінде қазақстан
нарығына сапасыз импорттардың әкелінуіне тосқауылдар
қою қажет.
Базарларда
бақылау жүргізу үшін санитарлы-экологиялық пунктер мен
әрбір кеден пунктерінде импорттық азық-түлікті тескеру
үшін экспресс-лабораториялар ұйымдастыру арқылы
азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
жүйесін құру қажет. Сатушыға тек бақылау
зерттеуінен және тауардың әрбір партиясына сәйкес
сертификаттар алғаннан кейін ғана импорттық өнімді
сатуға құқық беріледі.
Осылайша,
импорттың орнын басу және нарық сыйымдылығының
отандық өнімдерге толуының өсуіне жағдай туады
және отандық тауар өндірушілер дамуға қосымша
серпін алады.
Ауыл
шаруашылық өнімінің экспортын ынталандыру мақсатында
экспорттық субсидияларды қолдану қажет. Экспорттық
субсидияларды оған әлемдік бағаның құбылу
жиілігі мен деңгейіне және транспорттық қызметтің
құнына байланысты
кезең-кезеңмен белгілену тиіс. Олар тауарды
жөнелткеннен кейін және барлық кедендік нысандарды (экспортта
қолданылады, бірінші кезекті бидай және бидай өнімдеріне )
орындағаннан кейін төленеді. Бұл өткізу нарығын
кеңейтуге мүмкіндік береді және қазақстандық
бидайдың бәсекеге қабілеттілігін көтереді.
Әдебиеттер:
1.
Сейдахметов
А. Азық-түлік қауіпсіздігі де бір асқар бел// Егемен
Қазақстан 27 мамыр, 2009
жыл
2.
А.Б.
Молдашев, Г.А. Никиина, Л.И. Луецкий, Г.Я. Гусева. Концептуальные основы
продовольственной безопасности Казахстана. –Алматы, 2009ж. 28б
3.
aikyn.kz
/ Әлем ГМО-ға қарсы - Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ –
Айқын Республикалық қоғамдық-саяси газеті /
25.08.11.
4.
А.М.
Мырзахметова. ВТО и внешняя торговля Казахстана. – Алматы: Қазақ
университеті. 2009