Жаналинов Б.Н. - т.ғ.к.,
экономика мамандығының доценті
А.Байтурсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Банк
секторының пайыздық тәуекелдерін бағалау
Пайыздық
тәуекел – пайыз мөлшерлемелерінің жағдайсыз
өзгеруіне байланысты банкттердде туындайтын қаржылық
шығындар. Ол банктің таза табысын төмендетіп, меншікті
капиталын қысқартуға дейін әкеледі. Пайыздық
тәуекел банк қызметінде әрқашанда орын алатын көп
шығынды тәуекелдердің бірі. Белгілі Ресей проф. О.И. Лаврушин
[1]: пайыздық тәуекел - нарықта пайыз
мөлшерлемесінің кенеттен жағдайсыз өзгеруіне байланысты
банктің таза пайыздық табысының төмендеуі; кредит
қоржынында нарық сұранысына сезімтал активтер мен
міндеттемелердің болуынан банктің капиталының төмендеу
мүмкіншілігі деп тұжырымдайды.
Базель
комитетінің банктерді қадағалау туралы негізгі
принциптерінде: пайыздық тәуекел - банктің
қаржылық жағдайы әрқашанда пайыз
мөлшерлемесінің жағдайсыз өзгеру тәуелді деп
анықтайды. Комитет 1997 ж. пайыздық мөлшерлемені
басқару принциптерінде банк тәуекелдерінің пайда
болуының төрт көзін атайды 1) активтермен пассивтердің
бағаларының өзгеру тәуекелі, пайыздық табыс
сызығының өзгеру тәуекелі, базалық (базистік)
тәуекелдер, опциондық тәуекелдер [2].
1. Активтермен пассивтердің бағаларының өзгеру
тәуекелі –пайыз мөлшерлемесі «қалқып» өзгеретін активтер мен
пассивтердің теңеспеуі (балансқа келмеуі) және
бекітілген мөлшерлемедегі активтер мен пассивтердің жабылу
(погашения) мерзімдерінің теңеспеуінен болатын тәуекел. Егер
банк ұзақ мерзімді бекітілген мөлшерлемемен берілген ссуданы
қысқа мерзімді депозитпен қаржыландырса, онда нарықта
пайыз мөлшерлемесінің өсуіне байланысты банктің таза
табысы азаяды. Өйткені берілген ссуда бойынша ақша
ағымы барлық
мерзімге бірқалыпты мөлшерлемемен бекітілген, ал оның
ресурстық базасы қысқа мерзімді депозит. Егер
нарықтағы пайыз мөлшерлемесі күрт өсіп кетсе,
депозит мерзімі өткен соң ссуданы қайта қаржыландыру
жоғары (өскен) пайыз мөлшерлемесімен мен ғана
жүргізілуі мүмкін. Мысалы, ұзақ мерзімді 3 жылдық
18% пайыздық мөлшерлемемен берілген ссуда бір жылдық 12%
пайыздық депозиттік салыммен қаржыландырады. Егер бір жылдан кейін
нарықтағы пайыздық мөлшерлеме өсіп кетсе
(3%-ға), онда ссуданы қайта қаржыландыру 15%-дық
депозиттік салыммен қаржыландырады банктің табысы 3% - ға
кемиді.
2. Пайыздық табыс сызығының өзгеру
тәуекелі. Табыс сызығы – сызба түрінде бағалы
қағаздардың табысы олардың айналым мерзіміне байланысты
қалай өзгеретінін сипаттайды. Бірақ шартты түрде
олардың кредиттік тәуекелі және басқа тәуекелдері
теңболу керек. Табыс сызығының жағдайсыз өзгеруі
немесе оның формасының өзгеруі банктің пайдасының
біраз қысқаруына немесе меншікті капиталының азаюна алып
келеді.
Базалық тәуекел (базистік тәуекел) – пайыздық
маржаның төмендеуінен болатын шығындар. Базалық
тәукелдер мына жағдайларда пайда болады:
1) банк
ресурстарын тарту және оларды орналастыру мөлшерлемелері бір –
біріне «қалқып» өзгереді; мысалы банк ресурстарды бекітілген мөлшерлемемен тартылады, ал
қалқымалы мөлшерлемемен ссудаға немесе
инвестицияға беріледі. Бұл жолы банктің таза пайыздық
табысы нарықтағы пайыздық мөлшерлемелердің
өзгеруіне тәуелді;
2) ресурстардың
нақты бағасы дұрыс есепке алынбаған. Мысалы,
Ұлттық банктегі міндетті резервтер қорына, депозиттерді
сақтандыру қорына аударымдар, банктің пайыздық маржасын
азайтады;
3)
ресурстарды тарту және оларды орналастыру әртүрлі валютада
жүргізіледі. Мысалы, АҚШ–тың қазынашылық
векселінің мөлшерлемесімен бағаланған біржылдық
кредит, ЛИБОР мөлшерлемесімен бағаланып отыратын біржылдық
депозитпен қаржыландырады. Бұл жолы екі мөлшерлемені
қайта бағалағанда олардың арасындағы
маржаның күтпеген жерде өзгеріунен банкте тәуекел пайда
болуымүмкін.
Пайыздық
тәуекелдің базалық құрамы кредиттік
тәуекелмен тығыз байланыста: активтердің сапасы
төмендегенде оларды орналастырудың тиімді мөлшерлемесі
төмендейді. Өйткені шығындарды жабуға қажетті
резервтік қосымша аударымдар тиімді маржаны қысқартады. Ал бұл
кредиттік тәуекелді сипаттайды.
Опциондарға байланысты тәуекелдер. Опциондық келісімдер
оның иелеріне мынандай құқықтар береді:
облигацияларды, вексельдерді, басқа бағалы қағаздарды
сатуға/сатып алуға, олардын шартын өзгертуге; сонымен
қатар заем алушылар кредиттерін уақытынан ерте өтеуге,
депозиттерді ерте алуға құқық береді. Опцион
келісімдері банктегі актив пен пассив арасындағы баланстың
бұзылуына алып келеді, ал бұл валюталық позиция
(валюталық теңеспеушілік) тәуекелін туғызады.
Қаржы құралдарының жылдан жылға
күрделенуіне байланысты тәуекелдің бұл
түрінің рөлі өсуде және оны бағалау
басқа тәуекелдерге қарағанда қиынға
соғады.
Пайыздық
тәуекелдерді бағалауда әдетте мынадай үщ
әдістерді бөліп шығарады:
1) пайыз
мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен
пассивттерінің арасындағы айырмашылықты талдау немесе GAP–ті
талдау әдісі (ағыл. gap– үзіліс, айырмашылық);
2) дюрация
әдісі;
3) имитация
моделі (ұқсату үлгісі);
GAP– ті талдау әдісі банк іс – тәжрибесінде ең
көп таралған және жиі қолданатын әдістердің
бірі. Әдістің мәні нарықта бағалары өзгеруге
сезімтал активтер мен пассивтердің арасындағы айырмашылықты
өлшеуге негізделген. Яғни активтер мен пассивтердің пайыз
мөлшерлемелері өскенде немесе төмендегенде банктің
пайыздық маржасы қалай өзгеретіні талданады.
Пайыздық
мөлшерлемелер өзгерісіне сезімтал активтермен пассивтерге
бағалары қайта қарастырылатын немесе белгілі мерзімде
жабылуға тиісті қаржы құралдары жатады. Аталған
активтер мен пассивтердің арақатынасы банктің пайыздық
тәуекелге сезімталдығын сипаттайды. Бұл әдіс GAP-ті талдау деп аталады және
пайыздық тәуекелді бағалаудың ең қарапайым
әдісі болып есептеледі.
Егер RSA >
RSL болса, онда GAP – оң;
егер RSA < RSL – теріс, ал егер GAP
нөльге (RSA = RSL) тең болса, онда активтер мен пассивтер
мерзімдері бойынша келісімді деп есептеледі.
Халықаралық
банк іс – тәжрибесінде пайыздық тәуекелді GAP– тіңвалюта балансына
қатынасы арқылы бағалайды (Кг/вб = GAP/ВБ). Кг/вб
коэффициентінің шамасы банктің тәуекел деңгейін
сипаттайды.
Егер
көрсеткіштің шамасы Кг/вб < 10% болса, онда GAP – бірқалыпты, тәуекел
болуы мүмкін, оны басқаруға болады; егер Кг/вб =
10-12%, GAP- тактикалық;
ал Кг/вб = 12-15% - стратегиялық деп аталады, ал Кг/вб >
15%-дан артық болса, басқаруға келмейтін қаупті
тәуекел деп есептеледі.
Жалпы
активтермен пассивтердің мерзімдерінің және олардың
мөлшерлемелерін қайта қарастыру уақыттарының
баланста болмауы банктіңтаза пайыздық маржасына әсері
өзгеруі мына формуламен есептеледі:
M
=GAP x Vi , (1)
мұнда:
M –
пайыздық маржа;
Ñi – пайыздық мөлшерлемелердің күтілетін
өзгеруі;
Дюрация (duration – ағыл. мерзім ұзақтығы,
мерзім) – ұғымын бірінші рет 1938ж. американ
экономисі Фредерик Маколей (Frederick Macaulay) енгізген.
Дюрация
пайыздық активтермен пайыздық пассивтердің жиынтық
мерзімдерінің ұзақтығын теңеспеушілігін
анықтауға негізделген.
Дюрация
концепциясы пайыз мөлшерлемелерінің өзгеру тәуекеліне
қарсы шара ретінде ұсынылған. Бірақ ол тәуекелге
тура қарсы шара емес. Дюрация нарықтағы баға
сезімталдығына әсер етуші барлық факторларады ескере отырып,
пайыздық тәуекелдің шамасын жеткілікті деңгейде
сипаттайды. Бірақ дюрацияны тәуекелдің шамасы деп те
қарастыруға болмайды, ол әртұрлі қаржы
құралдарының және қаржы қоржынының
(портфелінің) тәуекелдерін салыстыруға мүмкіндік
береді.
Дюрацияны талдау мынаны көрсетеді: келіп түсетін және
шығатын ақша ағымдарының мерзімдерінде сәйкестік
болмаса пайыздық тәуекел пайда болады. Сондықтан дюрация
арқылы хеджирлеу қысқа мерзімдік «төлем жабу»
секцияларын құруға мүмкіндік береді. Ал бұл
пайыздық мөлшерлеме өзгергенде активтер мен пассивтер қоржындарындағы
бағалардың бірдей шамада өзгеруіне жағдай
туғызады.
Имитация
моделі (ұқсату үлгісі) – банктің таза пайыздық
табысы мен капиталының нарықтағы бағасының
пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне тәуелділігін
анықтауда қолданады.
Үлгінің
мәні: жасалған имитациялық модельге баланстың
ағымдағы және пайыздық мөлшермелердің
оңтайлы шамалары енгізіледі. Аталған көрсеткіштер негізінде
банктің таза пайыздық табысы анықталады. Осыдан кейін
банктің әртүрлі даму бағыттарын және пайыз
мөлшерлемелерінің өзгеруін ескере отырып, болжамдағы
банк балансын құрастырады және таза пайыздық табыс
белгіленеді. Имитациялық талдау негізінде банктің балансы мен
капиталына пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі қалай
әсер ететіні бағаланды. Ұқсату (имитация) үлгісін
жасаудың екі негізгі әдісі бар: статикалық және
динамикалық. Ең көп тараған әдісінің бірі –
статикалық талдау әдісі немесе
VaR–дың шамасын анықтау әдісі деп аталады.
Бұл
көрсеткіш арқылы банк балансының құрылымын ескере
отырып мүмкін болатын шығындардың шамасын
анықтауға болады.
Әдебиеттер:
1. Банковские
риски. Учебное пособие, под ред. проф. О. Лаврушина и проф. Н.Валенцовой. – М.:
КНОРУС, 2008. – 232 с.
2. Челекбай А.Д.
Риск–менеджмент в денежно–кредитной и инвестиционной деятельности: теория, мировой
опыт и практика Казахстана. – Алматы: Экономика, 2003. – 310с.