ӘОЖ  338.45:005(574.5)                                                                         

Утаров Қайра Алимтайұлы -э.ғ.к, аға оқытушы

Қ.А.Иассауи атындағы ХҚТУ, Түркістан

Төлешова Мұхаббат Төлешқызы -аға оқытушы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент

 

Шет ел тәжірибелерін қолдана отырып ҚР шағын кәсіпкерліктің болашақ даму мәселелерін шешу жолдары.

Шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  және  қолдау  шаралары  жүргізілгенмен,  әлі де  болса  көп  мәселелер сипат  алуда.  Осыған  байланысты де  Нұрсұлтан  Әбішұлы  кәсіпкерлікті  одан  әрі  дамытуға  тоқталды.  Осы  бағытта   “2008 – 2012  жылға  Шағын   кәсіпкерлікті  мемлекеттік  дамыту  мен  қолдау  бағдарламасы”  шықты. Ол  „Қазақстан – 2030” даму  Стратегиясын,  „ҚР  шағын  кәсіпкерлікті қолдау  туралы”  Заңын,  „2009 – 2015 жылдарға  арналған  индустриалды – инновациялық даму  Стратегиясын,  2011  жылдың  18  ақпанында  ҚР  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауындағы    және  2011  жылы  25  наурызда  болған  Қазақстан  кәсіпкерлер  Конгресіндегі   мәліметтерді  жүзеге  асыру  мақсатында,  кәсіпкерлік  инициативасының  еркіндігін  іске  асыру  үшін  жағдайлар  туғызу  және  мемлекеттік  қолдаудың  біртұтас  жүйесін  құру  мақсатында  құрылды.

Қажетті  ресурстар  мен  оларды  қаржыландыру  көздері – жыл  сайын  40,5( 50 )  млрд.  теңге  көлеміндегі  республикалық  бюджет  қаржысы. 

Бағдарламаны  жүзеге  асыру  нәтижесінде  3  жылда  150  мыңға  жуық  жұмыс  істейтін  ЗТ  нысанында  жаңа  шағын  бизнес  субъектілері  құрылады,  сонымен бірге  жұмыс  істейтін  ШБС  саны  (шаруа  фермер  қөожалықтарын есепке  алмағанда)  2012  жылы – 180  мың,  2013 жылы – 240  мың,  2008  жылы – 300  мың  болады  деп  күтілуде.[3]

             Біздің Республикамызда дамыған мемлекеттер қатарындағыдай кең тараған шағын, орта және ірі кәсіпорындардың кооперациясы жоқ. Шағын, орта кәсіпкерлік сауда және қызмет көрсету саласында жақсы дамығанымен,  материалдық өндіріс саласында жеткілікті дамымаған. Біздің тауар тұтыну нарығы арзан импорт өнімімен толып кеткен, оның көбісінің сапасы өте төмен. Сол себептен халық тұтыну тауарларын өзіміздің шағын, орта кәсіпорындарында жасап шығаруға болушы еді. Шағын, орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтерінің икемділігін жоғарылату үшін және он іске асару үшін қоғам – мемлекет тарапынан қолдау керек.

Салық заңына жиі өзгерістер енгізу, ол жаңа процедуралар, жаңа есеп беру оның төлеу уақыттарын өзгертеді. Орта есеппен әр шағын кәсіпорын бюджетне 50 % табысын аударады, ал 40 %-дай шағын кәсіпорындар бюджетне 61 % табысын аударады. Мысалға, батыс мемлекеттерінде мүндай кәсіпорындардан 33-35 % табысын алу дұрыс деп. саналады. Несие жайлы айтатын болсақ, мунда жаңа өз ісін бастап келе жатқан кәсіпкерлер қиындық көреді, олар өзінің ісін негізін құрып және одан әрі дамыту үшін толықтыратын басқа инвестиция түрлері керек. 2003-2005ж.ж. одан кейінгі толықтыруларға қарамастан шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы заңға қарамастан біршама проблемалар бар. Кәсіпкерлер басына әр түрлі үкімет тарапынан әртүрлі өзгертулер және министірлік, ведомстволардан түсуде. Мұның бәрі заңдылықтың нақты болмауы, әртүрлі заңды актілердің тура іске аспауы кәсіпкерлік ортаның және инвестиция белсенділік таныту үшін қолайлы жадай жасалынуға мүмкіндік бермейді.

Еліміздің шағын кәсіпорындарныда шығарылған өнімдерінің төмен бәсеке қабілеттілігі, ол сапасы төмен, арзан бағамен алынған шикізат өнімдері және ескіріп кеткен құрал-жабдықтардың себебі. Бұның шешу жолдары лизингті республикамызда жетілдіру жолдары болушы еді. Осы себептен де біраз жылдар бойы сауда делдалдық қызмет кәсіпкерлер үшін өзіне қаржы құралдарын жинақтаудың бірден-бір қол жетерлік болып қалуда. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сауда саласында тауарлар сатудан, қызметтер көрсетуден алатын кірісі олар алған кірістің жалпы көлемінің 60 %-дан астамын құрайды.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмегені және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады,  бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы үйлесімінің жеткіліксіздігі кәсіпкердің нарыққа кіру кезінде сыртқы және ішкі ортадағы барлық  шартқа қатысушы агенттермен қатынастарды ретке келтіру мен қолдау  қажеттігіне негізделген қосымша шығындарға ұшырауына әкеледі.

 Республикада  шағын  кәсіпкерлік  секторының  ары  қарай  дамуын  тежейтін  негізгі  кедергілердің  бірі-  қаржы  жеткіліксіздігі мен  алдыңғы  қатарлы шет  елдік  технологияға  қол  жетерліксіз  болумен  сипатталатын отандық  тауар  өндірушілердің  төменгі  дәрежедегі  бәсеке  қабілеттілігі.  Бұл  жағдайларда  бизнес – инкубаторлар  өнімнің  бәсеке  қабілеттілігін  өсіруді  көздеп,  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  көрсетілетін  лизингтік  қызметтер  көлемін  ұлғайтуға  бағытталған  қызметін  кеңейтуге  көңіл  бөліну  керек. 

Кәсіпкерлерді дайындауда бизнес-инкубаторлар, өнеркәсіп аймақтары және технопарктер, бұл тоқтап тұрған өндіріс қуат орындарында ұйымдастыруға болады, бұл аймақтағы экономиканың дамуына алкен үлесін қосады: біріншіден, жұмыс орындарын құрады; екіншіден, өндіріс өнім көлемінің өсу себебінен экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Республикамызда белгілі бір деңгейде қолданылмаған өндіріс қуат потенциалы бар, бұл көптеген кәсіпкерлерге өз ісін бастауға мүмкіндік көзі.

Мониторингтік  зерттеулер  нәтижелері  бизнес -  инкубаторлардың  жпртысынан  астамы  халықаралық  тәжірибеде  жасалған  инфрақұрылымның  бұл  нысанын   құрудың  концепциясына  сай  келмейтінін  көрсетті:  олар  тек  оффистік  және  өндірістік  орындарды  берумен  шектеліп  қана  қояды, немесе  мәселелердің  азғантай  спектрі бойынша  қызмет  көрсетеді.  Бұл  зерттеулер  бойынша  респонденттердің  31,35 % - бизнес- инкубаторлар  қызметін  мүлде  пайдаланбаған.  Бизнес – инкубаторлар  қызметін  кеңейту  қажет.

  Шағын  кәсіпкерлікті  ілгері  дамыту  үшін  елде  мынадай  шаралар  жүргізу  қажет:

1.                 Шағын  кәсіпкерлікке  қатысты  салық  саясатын  өзгерту:

-     Шағын  кәсіпкерліке  жағымды  салық  климатын  құру;

-     Салық  органдарына  есеп  берудің  нысандары  мен  мерзімдерін  қайта  қарау.  Бұл  міндеттер  жұмыс  уақытының  25-30%-н  көлемінен  аспау  керек;

-     Салық  салу  жайындағы  сұрақтар  бойынша  барлық  нормативті – құқықтық  актілерді  жариялау,  салық  есептілік  бланкілерін  ақысыз  тартуды  қамтамасыз  ету.

-     Салық  жеңілдіктерінің  тиімді  жүйесін  жасау.  Депрессиялық,  экономикалық  бейберекет  аумақтарда  орналасқан,  сонымен  бірге  инновациялық  қызметпен  айналысатын   шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  3  жылдан  5  жылға  дейінгі  корпоративті  салықтан  босату  түрінде  салық  жеңілдіктері  берілу  керек;

-     Шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  үшін  салық  есебі  мен  салық  есептемелікті  барынша  қарапайымдау.

2.                 Кәсіпкерлікті  дамыту  саясатында  өзгерістер  жүргізу.

-     Жалпы  экономикалық,  әлеуметтік және  аймақтық  дамыту  мәселелерінде  шағын  кәсіпкерлік  секторы  үшін  сандық  және  сапалық  негізделген  мақсаттарды  қою,  және  олардың  қол  жетерліктей  болуын  қамтамсыз  ету;

-     Мемлекеттік  қаржыландыру  көмек  көлемі  мен  Кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасы  арасындағы  сәйкестікті  қамтамасыз  ету;

-     Қабылданған  бағдарламалар  шегіндегі  жергілікті  қабілеттіліктерге  сәйкес  шағын  кәсіпорындарға  көмек  көрсетуге  жергілікті  өкіметті  міндеттеу. Бағдарламалардың  жүзеге  асырылуын  жалпы  бақылау;

-     Шағын  кәсіпкерлік  секторының  жағдайын  тиісті  және  тұрақты  талдауын  қамтамасыз ету,  кәсіпкерлікті  дамыту  бағдарламаларының  орындалуын және  бұл  бағдарламаларды  жүзеге  асырудағы  соңғы  нәтижелердің  оларды  құруда   көзделген  мақсаттарға  сәйкестігін  анықтау үшін  қажетті  шаралар  қолдану;

-     Шағын  кәсіпорындардың  ірі кәсіпорындармен  үйлестірудің  тиімді  механизмін   жасау.

3.                 Заңның  барлық  заңды  актілерден  үстем  тұруын  бекіту,  сонымен  бірге  шағын  және  орта  бизнеске  қадағалау – ьақылау  прессингін  төмедету :

-     Кәсіпкерлікті  ынталандыру,  бюрократиялық  процедураларды  жеңілдету;

-     Шағын  және  орта  бизнеске  қатысты  қадағалау – бақылау  функцияларын  іске  асыратын  мемлекеттік  органдар  санын  азайту.  Мемлекеттік  органдарда  реттейтін  процедураларды  азайту  мен  антимонопольді  заңдардың  тиімді  орындалуы  бойынша  нақты  жоспар  болу  керек;

-     Шағын  кәсіпкерлерге  қатысты  тіркеу,  лицензиялау  және  әкімшілік  процедураларды  жүргізуде  электронды  Үкімет  жүйесі  элементтерін  енгізу.

4.                 Шағын  кәсіпорындар  үшін,  әсіресе  кәсіпкерлік қызметті  бастар    кездегі  алғашқы  капиталды  құру  үшін  қаржы  инструменттерді  қайта  қарау:

-  Қаржыландыру  көздеріне   кепілдік  қамтамасыз  ету  мәселелерін  шешу  және  шағын  және  орта  бизнеске  берілген  заемдар  бойынша  банктік  %- рды  төмендету  арқылы  кәсіпкерлердің  қол  жетерлігіне   байланысты  кедергілерді  жою;

 -   Шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  қорларын  жеткілікті  көлемде  құру;

 - Шағын  бизнес  үшін  қаржылық  қызмет  инфрақұрылымын  дамыту(лизинг,  венчурлі  капитал,  несиелік  серіктестер,  микрокредитті  ұйымдар,  франчайзинг  және  т.б.);

5.  Шағын  кәсіпорындарға  консалтингтік  қызметтер  көрсету:

 -  Консалтингтік  қызмет  көрсету  бойынша  инфрақұрылымын  құру;

 -  Бюджет  қаржысы  есебінен  қаржыландыру  жүйесі  арқылы  өз   ісін  жаңадан  бастаған  кәсіпкерлерге  консалтингтік  қызметтің  қол  жетерлігін  қамтамасыз  ету;

 - Шағын  кәсіпорындар  қажеттіліктерін  анықтау  негізінде  бизнес  сферасында  консалтингтік  қызметтердің  толық  кешенін  қамтамасыз  ету  мақсатымен  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамытуда  қызмет  ететін  инфрақұрылымдар  элементтер  қызметін  біріктіруді  қамтамасыз  ету.

6.  Шағын  бизнес  инфрақұрылымын  дамыту.

-  Шағын  бизнес  субъектілері  үшін  республикалық  және  жергілікті  деңгейдегі  қажетті  барлық  қызметтер кешенін  көрсетуге  қабілетті  шағын  бизнес  орталықтар,  бизнес – инкубаторлар,  өнеркәсіптік  парктер,  оқу  орталықтары,  ақпараттық -  көрмелік  орталықтар,  т.б. біртұтас  және  тармақталған  торабын  құру,

-  Осы  орталықтардың  тұрақты  қызмет етуін  қамтамасыз  ете  алатын  және  шағын  бизнес  субъектілеріне  жоғарғы  сапалы  көмек  көрсетуге  қабілетті  инфрақұрылым  элементтерінің  жоғары  білімді  басқару  персоналы  мен  жұмыскерлерін  оқыту  мен  дайындауды  ұйымдастыру.    

Шағын кәсіпкерлікте оңды өзгеріс болу үшін, ол шағын кәсіпкерліктің дұрыс, нақты дамуына жол бермейтін жаман жақтарын жою керек.

Сонымен, Қазақстандағы кластерлік саясаттың жобасына  берілетін  ұсыныстар:

1)      отандық экономиканың негізгі сипаттамаларын кластерлік әдіс тұрғысынан талдау; 

2)          салалар қатарынан шектеулі санынан кластерлік жобаны таңдау және оларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жасау;

3)          үрдісті ынталандыру үшін индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына және реформаларды қолдаудың экономикалық механизміне түзетулер енгізу қажет;

4)          инновациялық менеджмент бойынша кадрларды дайындау және қайта дайындау;

5)      кластерлік әдіс олармен байланысты қиындықтарды бағалау    және мониторинг жүргізу, сондай-ақ оларды жеңуге шешім қабылдау;

6)  жиналған тәжірибе негізінде жаңа кластерді талаптандыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Заңы. „2011 жылға арналған республикалық  бюджет  туралы” 2010  ж. 2  желтоқсан №3-111// Егемен  Қазақстан, 2010ж. 8  желтоқсан.
  2. Қазақстан Республика Үкіметінің. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2010-2012ж.ж.арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асару жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы: 2010ж., 6 ақпан, № 149 //Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республика Үкіметінің Актілер жинағы. 2010, № 6.
  3. Сейфолла Шайынғазы, Сұңғат Әліпбай. „Кәсіпкерлік–кемел келешек кепілдігі” // Егемен Қазақстан, 2011ж.,26 наурыз.
  4. Қазақстан Республикасы Президентініңің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана 2010ж.19 наурыз
  5. Тоқтап тұрған кәсіпорындарды және тиімділігі шамалы өндірістерді саралаудың, кейіннен оларды белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берудің 2007-2011ж.ж. арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы: 2007ж. 17 шілдедегі № 969 Қаулысы // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы.- 2007ж. - № 26.
  6. Абсалянова Н. Индустриально-инновационная перестройка экономики. //Байтерек, 2009, № 1.
  7. Қазақстан Республикасы  мен  оның  өңірінің  әлеуметті – экономикалық  көрсеткіштері, Алматы,  2011,  ҚР  Статистика  жөніндегі  Агенттігі.
  8. Қазақстан Республикасының Заңы „Шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау туралы”  Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы // Егемен Қазақстан.- 2008. – 10 шілде.
  9. Статистический  ежегодник,  Алматы, 2010//Статистическое  Агентство.
  10. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктің пайдаланатын объектілерін кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесі. //Егемен Қазақстан.-2009.-17 сәуір.

11.  Дауранов И.  Малый  бизнес  Казахстана:  тенденции  и  проблемы  развития// Министерство  экономики  и  торговли  РК, Алматы, 2008- С167