Қазақстан, Қарағанды қаласы
С
.Саттаров атындағы мектеп-лицейі  география пәні
мұғалім
дері Жапабаева Гаухар Секербековна

Тлегенова Мендигуль Толеутаевна

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды география  пәнін оқытуда қолданудың тиімділігі

 Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Қазіргі заманауи ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды  қолданғанымыз аса маңызды [1].

     XXI ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қоғамды ізгілендіру оның білім  мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады.

Бүгінгі білімді ақпараттану үдерісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кəсіби саласында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды жəне шешім қабылдауды талап етеді. Білімді ақпараттандыру ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім мақсатындағы құралдарын жасау, сараптау мен қолданудың ғылыми негіздерін қамтиды. 

География пәнін оқытуда сабақтың сапасын арттыруда, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізуді негізгі мақсат ретінде қарастыра отырып, география пәні мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болуы керек. География пәнін оқытуды қалыптастыру тек дәстүрлі  техноллогиямен ғана тоқталмай, пәнді қазіргі заманда ақпараттық технологиялары тұрғысында дамытуды ескере отырып, жаңаша үлгіде, оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын және зейінін қалыптастыруда мультимедиялық көрсетілімдерді, интерактивті тақталарды қолданып оқыту мол мүмкіндіктерге жол ашады[2].

География  сабақтарын компьютер көмегімен оқытуда дүниежүзілік халықтардың географиялық орналасуы,  көрнекті құндылықтарын, тарихи жолдарын түсіндеруде мультимедиялық презентацияны қолдану баға жетпес дүние. Сабақта видеофильмдер, көркем фильмдердің фрагменттері, боялған таблицаларды, карталарды анықтап көрсету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға болады.

География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның  күрделі құбылыстары мен заңдылықтар  мен заңдылықтарын ұғындырып сапалы  білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті оған қоса    ғылым мен техника  жаңалықтарын, яғни жаңа педогогикалық технологияларды  әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді.

География сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып оқытуына байланысты. Қазіргі таңда география пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Соның ішінде география пәнінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан-жақта ашылуына жағдай жасайды, шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады [3].

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технология-ларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болған-дықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйым-дастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады[4].

География пәнін оқытуда компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдында қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

География пәнін оқытуда компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға игеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Қолданылған әдебиеттер:

1 ҚР «Білім Туралы» заңы.

2 «География және табиғат». № 6, 2008 жыл.

3 Гершунский Б. С. Компьютеризация в сфере образования: Проблемы и перспективы. – М.: Педагогика, 1987. – 264 с.

4 Ошанова Н.Т. Білім беру жүйесінде коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру Вестник КазНПУ им.Абая, Алматы, №2(13), 2005г., 161-165б.