Қалыбаева З.Б.
Сазды орта мектебі,
Қазақстан
Физика сабағында 12 жылдық білім берудегі
ақпараттық - коммуникациялық технологияларын пайдалану
Оқытудың
жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларын
меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр ақпараттық
технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім
жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру
және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде
оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру
технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді,
әрі білікті мамандарын даярлау
оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің
қарқынды дамуы жан – жақты технологияны жеке
тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңның 11-бабының
9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның
ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының
қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын
қасиеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік,
қашықтан оқыту, ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану
міндеті қойылған.
Физика
сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін
қалыптастыру атты баяндамада қазіргі заман талабына сай
ақпараттық технологияларды, электрондық
оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану
оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық
қабілетін дамытуға мүмкіндік беретіні туралы баяндалады.
Оқушылардың
ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз
педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті
мәселелердің біріне айналып отыр.
Физика
сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-
Оқушының өз бетімен жұмысы;
-
Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;
-
Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-
Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық
құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
-
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
-
Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну
немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын
табиғаттың таңғажайып процестерімен әр
түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну
мүмкіндігі;
-
Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де
ықпалы зор.
Оқытушы
сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды
пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде
көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық
технологияны пайдалану
оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Физикалық
процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен
жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе
оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда,
зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық
эксперименттерді модельдеу -
оқытушыға сабақты физикалық
ұғымдардың мағнасын тереңірек ашуға,
оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен
таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу
әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді.
Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл
күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі
әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз
педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра
отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық
оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаға сабақты
түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.
«Физика»
оқу пәні ретінде өз білім саласында қоршаған
әлемнің сансыз құбылыстарында орын алатын
табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады.
Физика ғылымы адамзат мәдениетінің маңызды
құраушысы бола отырып ғылыми, техникалық және
гуманитарлық әлеуетке ие.
«Физика»
оқу пәнінің мақсаты-оқушылардың
ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық
қабілетін дамыту, физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат
мәдениетін дамытудағы рөлін ашу, табиғатқа
ғылыми көзқарасты бекіту, физикадан берілетін білімді
түрлі мәселені шешуде шығармашылықпен
қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар
біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып
табылады.
Физика
ғылым ретінде адамзат мәдениетінде
маңызды орын алады.
Өз мазмұнына физиканың деректерін, түсініктерін,
заңдарын, теорияларын, модельдерін, тәжірибелері мен
әдістерін т.б. енгізе отыра, физикалық теориялар аясында адамзат
іс-әрекетінің түрлі саласында қолданылатын біршама түсініктер қалыптасады.
Физиканың жалпы мәдени мәнін ашу және осы негізде
ғылыми көзқарас және ойды қалыптастыру
қазіргі жағдайда оқу пәнінің басымдық
мақсатын құрайды.
Қазіргі
заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр
оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан
оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде
жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы
өмір қажетіне айналып отыр.
Елбасымыздың
білім сапасына қойып отырған талабы- оқуышлардың
ғылым мен техниканы кез-келген саласын меңгере отырып,
бәсекелестікке қабілетті, құзырлы болуы. Білім
жүйесінің соңғы жетістіктерінің бірі кез-келген
сабақты интерактивті тақтамен өткізу болса, сол тақтаны
емін-еркін пайдалануды тек
мұғалім ғана емес, оқушының да білгені абзал.
12
жылдық білім беру жүйесінде 10-12 сыныптар 3 бағыт бойынша
жаратылыстану – математикалық,
қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық бейінді
жүзеге асыруы керек.
Демек,
қазіргі оқулықтарымыздың бағдарламалары,
оқулық мазмұны, әдістемелік жүйе қайта
қарастыруды, жетілдіруді қажет етеді.
Мектеп
қабырғасынан ел болашағы- жастарымыз заманға сай
білімнің бастауын алады. Оқушылардың ойлауы мен тілінің дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды
назарда ұстау сияқты озық идеяларды жүзеге асыру үшін, оқыту
әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан
құрылуы міндетті болмақ.
Әр
оқушының болмысы арқылы дамытушылық ,
шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау
қабілетінің қалыптасуы тиіс.
Жақын болашақта орта білімді 12 жылдық жүйеге толығымен
көшіру үрдісі басталмақ.
Осыған
орай оқыту технологиялары жаңартылып, педагогика мамандарының шығармашылық
бастамасына қолдау жасалуда. Жеке
тұлға қалыптастыруда
жаңаша оқытудың
әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында
игерілетін білімдерімен анықталады.. мұғалім қазіргі
заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл
бөлуі қажет.
Орта білім
берудің негізгі мақсат- міндеттерінің бірі-білім
алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың
рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін
анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына
жағдай жасау болып табылады.
Физика
ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады.
Өзінің мазмұнында
деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі
тәжірибелерді, физика
әдістерін және т.б. қамти отырып, адам
қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс
табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық
қызметі үшін тиімді тәсілдер қорын жинақтайды.
Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және
оның негізінде ғылыми дүниетаным мен көзқарасты
қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басты
мақсаттарына жатады.
Оқушылардың
физика пәнінен білімділігін қалыптастырудың негізгі
түрі –есеп шығарту және белгілі проблемалық
жағдаятты шешуді кең қолдануға үйрету. Сол
себептен құзыреттілікті
қалыптастыру кілті-арнайы дайындалған құзыретті
бағытталған тапсырмалар.
Құзырет
( компетенция-латын сөзі «өз ісін жетік білу, танымы мол,
тәжірибелі» деген мағына білдіреді) алға қойылған
мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы
ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық. Құзыреттілік
–оқушылардың нақты, әлеуметтік, қажетті
іс-әрекеттерінің жан жақты тәсілдерінің
жиынтығын меңмгеруінен көрінетін тікелей білім
нәтижесі.
Қазіргі
таңда құзыреттілік құрамына кіретін
түсініктерге бірнеше көзқарастар бар, соның бірі
Хуторский ұсынған құзыреттілік жиынтығы.
Осы
жиынтық ішінен физика
пәніне сай құзыреттіліктер деп іріктеп алғандарым төменде көрсетілген:
·Оқу-танымдылық құзыреттілігі;
·Ақпараттық құзыреттілік;
·Коммуникативтік құзыреттілік.
Оқу –танымдылық
құзыреттілігі-
оқушының өз бетінше таным әрекетінің
жиынтық құзыреттілігі, құрамына логикалық,
әдістемелік, жалпы білім алу әрекеттерінің элементтері
кіреді.
Сабақ басында қойлыған гипотезаны тапсырмалар орындау
арқылы тексерді.
Мысалы:
·барлық заттар
бөлшектерден тұрады;
·сұйықтар мен газдарда кері итеруші күштер бар;
·қатты дене тұрақты балқу температурасына ие.
Бұл жағдайда оқушылар берілген
тапсырмалар арқылы физикалық тәжірибе, бақылау,
сараптау және жасалған жұмысы туралы көпшілік алдында
хабарлама жасау білігі қалыптасады.
Ақпараттық құзыреттілік – қоршаған
ортадағы қазіргі ақпарат құралдарын жетік
меңгеру іскерлігі. Физика оқу пәні ретінде
оқушылардың ақрараттық құзыреттілігін
қалыптасуына үлкен септік тигізеді.
Қажетті
ақпаратты табу, сараптау, өңдеу және қажеттісін
алу.
Мысалы : Мобильді
телефонның адам денсаулығына зиян екенін біз жиі естиміз.
Физика
заңдарының негізіне сүйене отырып, зиян немесе зиянды емес
туралы баяндама жаз.
Бұл
тапсырмаларды орындай келе, оқушылар қосымша ақпарат
көздерінен (Интернет желісі, ғылыми мақалардан,
анықтама) өз бетінше қажетті мәліметті іріктеп алады.
Коммуникативті құзыреттілік- бұл тілдерді жетік білу,
айналадағы және қашықтағы оқиға
немесе адамдармен қарым-қатынас құру, топпен
ұжымда жұмыс жасап, әртүрлі әлеуметтік
рөлдерге ену дағдылары.
Оқушының
өзін ұсына білуі, сұрақтар қоя білуі, пікірталас жүргізуі,
сұрақтарға жауап қайтара білуі – осы
құзіреттіліктен күтілетін нәтиже.
Ақпараттық құзыреттілік. Мысалы: келесі
сөйлемде бірнеше сөз айрықша белгіленген: «Астрономдар
болжауынша, келесі жүз жылда Нептун
планетасынан Күн дискісі
арқылы Сатурн планетасы
өтетінін бақылауға болады». Осы үш айрықша
белгіленген сөздер ішінен қайсы сөз арқылы кітапханадан
және интернет желісінен іздеуге қолайлы?
Орта
мектептің физика сабақтарында жетекші құзыреттіліктерді
қалыптастыру ерекше орын алады. Құзыреттілікке
бағытталған тапсырмаларды қолдану физика пәнінен
білімді сапалы меңгерумен қатар тәжірибеде қолдана алу
қабілеттілігін дамыту проблемасын шешеді.
Сөзімді
қортындылай келе төмендегідей ұсыныстарға
тоқталамын: -кәсіптік білім беретін оқу орындарын
қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық
құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті
тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы
пәндер бойынша электрондық оқулықтармен
қамтамасыз ету; - кәсіптік білім саласында оқытудың
жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім
жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.
«Қазіргі
заманда болашақ мамандарды ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас
ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық
технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы зор.
Құзыреттілікке
бағытталған тапсырмаларды құруға
қойылған талаптар анықталып, физика пәні
мұғалімдерінің тәжірибесі зерттелгеннен кейін
құзыреттерге негізделген тапсырмаларды құру
әдістемесі жасалды.
Құзыреттілікке
бағыттап оқыту арқылы жан-жақты дамыған
оқушы тұлғасы қалыптасатыны сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер
1.
«Физика және астрономия»
журналы, 2012 жыл
2.
А.Ж.
Қалығұлов «Физика
есептерін шығару»
3.
Ж. Абдулаев «Механикаға
кіріспе»
4.
К. Нұргелдиева,
Ж.Бақынов «Физика есептерін шығару»