Ахметова Г.К., п.ғ.д., профессор,
«Әлеуметтік педагогика
және өзін-өзі тану» мамандығының
магистранты Куримбаева Г.С.,
Әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университеті
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық
педагогтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
шарты ретінде
Ақпараттық
қоғамға ену біліктілікті арттыру жүйесіне, педагогтарды
дайындау деңгейіне, олардың кәсіби
құзырлылықтарының ішінде маңызды орын алатын
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты
қалыптастыруға жаңа талаптар қояды.
Қазақстан Респубилкасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында:
«Білім беру жүйесін жаңғырту бағытында біз үшін
келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден,
оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен
технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар
негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс
істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық
мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін
бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып,
барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту
қажет. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын
арттырудың маңызы зор,» - деп атап көрсетті [1].
Осыған орай Қазақстан Республикасында Білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында көрсетілген міндеттер мен талаптарды насихаттау,
іске асыру және білім беру жүйесінде педагогикалық
қызметкерлердің кәсіби, оның ішінде
ақпараттық-коммуникациялық
құзырлылығынарттыру бүгінгі күннің
басты талабы [2].
«Competence» терминінің мағынасы бұл ұғымды
қай терминнен аударғанына байланысты. Мысалы, француз тілінде
«сompetence» екі мағынаны білдіреді – құзырлылық
және білгірлік; ағылшын тілінде – үшеу: қабілеттілік
немесе дағды, құзыр, құзырлылық.
Қазіргі таңдағы кұзырлылық
тұғырға негізделген білім беру парадигмасында
«құзырлылық» педагогтардың біліктілігін арттыруға
сапалардың интегративті сипаттамаларын белгілеу үшін
қолданылады. Құзырлылық – бұл нақты
тұлға бойында қандай да бір құзырдың
бейнеленуі, оны меңгеру өлшемі. Дж.Равен бойынша құзырлылық
– нақты пәндік салада нақты әрекетті тиімді
орындауға және нақты
мамандық бойынша білімдер, пәндік біліктер, ойлау тәсілдері,
сонымен қатар өзінің әрекеттері үшін
жауапкершілікті сезінуге қажетті арнайы қабілеттілік.
Құзыретті болу – әр түрлі деңгейдегі ерекшеліктері
бар құзыр жиынтығын меңгеру: бақылау, пән
бойынша білімнің болуы, өз бетінше сұрақтар қоя
білу, ресми хаттар жазу, өз дұрыстығын дәлелдеу,
тұлғааралық кикілжіңдерді шеше алу және т.б [3].
А.В.Хуторскийдің пікірінше, құзырлылық белгілі бір
үдерістерге қатысы бар және сапалы өнімді
іс-әрекетке қажетті тұлғаның өзара
байланысты сапаларынан (білім, білік, дағды, іс-әрекет
әдістері) тұрады. Құзырлылық – адамның
іс-әрекет пәніне тұлғалық қатынасынан
тұратын оның сәйкес құзырларды меңгеруі.
С.Е.Шишов және В.А. Кальнейдің ойларынша,
құзырлылық – бұл оқыту арқылы
меңгерілген білім, тәжірибе, құндылықтар,
икемдерге негізделген жалпы қабілеттілік, бұл білім, білік
және мінез-құлықтық қатынастарды
нақты іс-әрекет жағдайында жүзеге асыра алу қабілеттілігі
[4]. Қ.С.Құдайбергенева педатоттардың
тұлғалық және іс-әрекеттік бағыттарына
байланысты құзырлылықтың 3 бөліктен
құралатындығын ұсынды: «білу, жасау, қажет».
Ақпараттық
құзырлылық көп жағдайда ақпараттық
технологияларды меңгеру, ақпараттың барлық
түрлерімен жұмыс жасау ретінде түсіндірілсе, кәсіби
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық
кәсіби салада жаңа ақпараттық ресурстарды қолдана
отырып ақпараттық міндеттерді шешу ретінде қарастырылады. И.Я.Лернер,
В.В.Краевский, М.П.Лапчик, А.В.Хуторский еңбектерінде
құзырлылықты үш құраушының
біртүтастығы ретінде қарастыру ұсынылады:
- танымдылық (педагогикалық және
арнайы пәндік білімнің болуы);
- амалдық-технологиялық
(педагогикалық іс-әрекеттің тәсілдерін, технологиясын,
берілген пәнді оқыту әдістемелерін меңгеру);
- тұлғалық (этикалық және
әлеуметтік көзқарастар, маманның
тұлғалық ерекшеліктері).
К.К.Колиннің пікірінше,
педагогтың ақпараттық құзырлылығы білім алу
үдерісінде ақпаратты қолдану және оны меңгеру
деңгейін көрсетеді. Қазіргі педагогтың меңгеруіне
қажетті аса мәнді ақпараттық-коммуникациялық
құзырлылықтар қатарына
ақпараттық-коммуникациялық технологияның
мүмкіндіктерін ақпарттарды іздеу мен онысақтаудың ұтымды әдістері ретінде
қолдану, компьютерлік ақпараттың алуан түрлерімен
жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, ақпаратты
Интернетте іздей білу білігі, компьютерлік және интерактивтік технология
арқылы сабақтарды және сабақтан тыс шараларды
ұйымдастыру, өткізу дағдыларын меңгеру,
Интернет-технологияның өзіндік ерекшелігін ескере отырып, нақты
пәнге қолдану дағдыларын меңгеру сияқты
мәселелер негізгі болып табылады.
Жоғарыда келтірілген
ақпараттық-коммуникациялық
құзырлылыққа берілген анықтамаларды талдай келе,
педагогтардың ақпараттық
құзырлығын қалыптастыру бірнеше кезеңдер
арқылы жүзеге асады.
Бірінші кезеңде бастапқы компьютерлік сауаттылықты
элементарлы есептеуіш дағдыларды қалыптастыруға қалыптастыру зерттеу объектісіне
айналады.
Екінші кезеңде компьютер арқылы басқа пәндерді
оқытуға көп мән беріледі.
Үшінші кезеңде компьютерлендіру білім беру жүйесінің
барлық құрамдас бөліктеріне таратырал бастайды, ол
арқылы барлық міндеттерді шешу жүзеге асырылады.
Төртінші кезең мультимедия, жаһандық және локалды
мәліметтер базасының құралдарын меңгеру
және қолданумен байланысты. Бұл кезеңнің
мақсаты – нақты міндеттерді шешу мақсатында жаңа
заманғы ақпараттық құралдарды қолдану.
Көрсетілген кезеңдерге байланысты педагогтардың бойында
арнайы білік пен дағдылар қалыптастыру болып табылады. Болашақ педагогтардың
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын
қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:
- Ақпараттарды
өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық және практикалық
тұрғыда оқып - үйрену;
- Әр түрлi
қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды
оқып - үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану
мүмкiндiктерiне талдау жасау;
- Ақпараттық және
коммуниациялық технологияларды
жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн
негiздей және дәлелдей бiлу.
Қазіргі білім
жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана
қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз
өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында
инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден
өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын,
мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық
ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi
қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық,
креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса,
мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық
жаңалықтарға деген сұранысын, ол
жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін
кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын
анықтайды.
Креативтiк компонент
икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi
қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға
ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық
(iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерекеттiң
жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты
педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру
барысын, іске асуын бақылау деген сөз.
Шартты компонент
белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты
зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновациялық
ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн
түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.
Жаңа
коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты -
оқу материалдарын толық меңгеру үшін оқу
материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына
мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында
электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту
программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.
Қазақстан
Республикасында ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі
– қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне
енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның,
мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы
мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі.
Ақпараттық қоғам жағдайында педагогтардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру да ерекше орын
алады. Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам -
ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға
және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған
құралдарын пайдалана білуі керек.
Э.Л.Семенюктiң
пiкiрi бойынша ақпараттық мәдениет - адамның,
қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң
ақпараттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi -
ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және
осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру
және практикалық қолдану бойынша жетiлу
деңгейi.Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға
ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына
қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай
алуға, ақпараттық өзара ic - әрекетке
түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.
Жалпы,
педагог-кадрлардың ақпараттық мәдениетiн
қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету
қажет сияқты.
Бiрiншiсi,
педагогикалық бiлiм беретiн жоғары оқу орындары
студенттерiнiң ақпараттық мәдениетiн
қалыптастыру, оларға: интернет арқылы халықаралық
байланыс; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
оқытудың пәндік арнайы курстары; дербес компьютердің
болуы; телекоммуникациялар; қызығушылық;белгілі бір
бағыттағы ақпараттық қажеттілік;
ғылыми-зерттеу қызметі енеді.
Екiншi тобына бiлiм
беру ұйымдарындағы педагог-кадрлардың ақпараттық
мәдениетiн қалыптастыру жатады: білім беру ұйымдарында,
оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы; педагогикалық қызыметінде
коммуникациялық технологияларды қолдануға деген
қызығушылық;
педагогикалық жобалау;
компьютерлік сауаттылық; біліктілік көтеру арнайы
курстары; электрондық оқу -
әдістемелік кешендердің болуы; педагогикалық қызмет пен
педагогикалық процесті модернизациялау. Ақпараттық
мәдениетті қалыптастырудың жоғарыда аталған
факторлары бір-бірімен тығыз байланысты және
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты
қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарады.
Жоғарыда
көрсетілген мәліметтерді қорытындылай келе,
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық
педагогтардың бойында ақпараттық қоғам
талаптарына сай білім, білік, дағдыларды дамыту, бәсекеге
қабілеттілік деңгейін жоғарылату шарты бола алады деген
тұжырымға келуге болады. Бәсекеге қабілетті,
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы
қалыптасқан, ақпараттық мәдениетті педагогтар
арқылы біз болашағымыздың жарқын болатындығына
сене аламыз.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті 2012
жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту
– Қазақстан дамуының басты бағыты»Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауы. - www.e.gov.kz
2.
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы
3.
Дж. Равен.
Педагогическое тестирование: Проблемы, заблуждения, перспективы /Пер. с англ.
М. «Когито-Центр», 2001.
4.
Шишов С.Е. Понятие компетенции в контексте качества образования // Стандарты и мониторинг в образовании. - 1999. - № 2
5. Құдайбергенева К.С.
Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы:
әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі. - Алматы,
2008. - 327 б.