ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕГІ АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РОЛІ
п.ғ.д., профессор Масырова
Р. Р.
магистрант
Рыспаева А.С.
Алматы гуманитарлы-техникалық
университеті. Алматы қ.
Қазақстан
Республикасының ауыл шаруашылығы құрылымы қазір
көптеген өзгерістермен, жаңалықтармен
толықтырылуда. Ал осы жаңа құрылымдағы сала
өзіне қажетті жоғарғы және орта буын
мамандарының жоғары кәсіби даярлығын талап етеіні
сөзсіз. Бұл бір жағынан қазіргі нарықтық
экономика талаптарын орындап отырған қоғамның орта буын
мамандарын даярлауға қойған талабы да түбегейлі
өзгерген кезде маңызды болуы міндетті жайт. Қазір
еліміздің техникалық колледждерінде орта буын мамандарын даярлау –
басым бағыттардың бірі болып отыр. Бұл өз кезегінде
кәсіптік-техникалық оқу орындарының оқу процесіне
де жоғары талаптар қойып отырғаны белгілі.
«Қазақстан -
2050» Жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке 2013 жылдан бастап
жаңа үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім
беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін
дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын», деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев
2012 жыл 14-желтоқсанда Қазақстан халқына арнаған
Жолдауында атап көрсетті [1].
Сонда
Қазақстанның техникалық колледжі түлегін
қажет ететін агро-өнеркәсіп кешенінде де, автокөлік
мекемелерінде де, ауыр және жеңіл өнеркәсіп
салаларында, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсібі
саласында да орта буын мамандарының білімді маман, білікті кадр ретінде
өндірісте танылуы колледжде алған білімдерінің сапасына
тікелей байланысты.
Сондықтан
техникалық колледждердегі қалыптасқан білім жүйесін
жоғары деңгейлі техникалық ойлау қабілетімен,
кәсіби бағытталған саналалықпен, оқу процесіндегі
ғылыми іс-әрекеттермен байланыстыру қажет.
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында кәсіптік бағдар
немесе кәсіби бағыттылық деген ұғымға білім
алушылардың кәсіптік қызы-ғушылықтары мен жеке
қабілеттеріне сәйкес білім беру саласында мамандық пен
оқитын орнын таңдауына ақпараттық және
консультациялық көмек беру деп түсініктеме берілген [2].
Сонда қазіргі колледж оқушысы болашақ мамандығын
кәсіби бағдар арқылы таңдап алған соң,
оның өндірістегі білікті кадр болып қалыптасуы колледж
оқытушыларының міндетіндегі іс болып табылады. Ол үшін
колледждердің оқу процесі жаңаша ұйымдастырылып, арнайы
пәндерге арналған зертханалық жұмыстар оқытудың
инновациялық технологиясыменн байланыстырылуы тиіс. Бұл
жөнінде жоғарыда атап өткен Елбасы Жолдауында «Отандық
білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді
және нақты құралдарды қарқынды енгізуге
тиіспіз» деп нақты тапсырма ретінде атап көрсетілген [1].
Мұның орындалуына барынша атсалысу – оқу орны
қызметкерлерінің барлығына бірдей міндет болып
жүктеледі.
Жалпы біз сөз етіп
отырған инновациялық технологиялар оқу процесіне
педагогикалық оқыту технологиялары болып 1970 жылдары
батыстың педа-гогикалық әдебиеттерінен келген. Бұл –
әртүрлі типтегі білім беру ұйымда-рының оқу
процесінде кадр даярлау, біліктілік көтеру, материалдық
қамтама-сыз ету, басқару және т.б. сияқты
оқытудың әртүрлі жүйесінде қолданылатын
технологияны сипаттап береді [3]. Дегенмен, осы технологияларды қазіргі
жаһандану дәуіріндегі жаңашыл құралдармен
байланыстыра отырып, оқу процесіне жаңа инновациялық
технология ретінде енгізу – әрбір оқытушының міндеті.
Әсіресе теорияны практикамен бйланыстыруда негізгі ақпарат
көзі болып табылатын арнайы пәндерді инновациялық
технологияларды пайдалана отырып жүргізу
білім сапалылығын арттырып қана қоймай, білім
алушының танымдық көзқарасын да кеңейтеді.
Егер оқу процесінде
инновациялық технологияларды оқытудың техника-лық
құралдарымен біріктірсе, онда оқытушы өз
еңбегінің шарттарын ең жоғары шекке жеткізумен
қатар, оқушының оқу жағдайын өнімді етеді.
Ол үшін оқытушы өзінің ақпараттық
құзыреттілігін үнемі дамытып отыруы тиіс. Техникалық
колледж оқытушысы ең алдымен оқытудың
инновациялық тхнологиясына сәйкес техникалық
құралды дұрыс таңдап алуы, сабақ жоспарын
жаңа технология талаптарына сай құра білуі,
тапсырмаларға сәйкес техникалық құрал қажеттілігін
дұрыс жіктей алуы, сонымен қатар, өткізілген жаңа
сабақтан нақты қорытынды мен нәтиже көрсете алуы
тиіс.
Қазіргі кезде
оқу процесінде қолданылып жүрген көптеген
инновация-лық технологиялардың түрлері білім берудің
мемлекеттік стандартында анықталған және арнайы бекітілген
оқыту мазмұнына ешқандайда нұсқан келтірмейді,
керісінше оқу пәндерінің типтік бағдарламасында
көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан
қалыптасқан әдістерімен өзара бірлікте қол
жеткізуге мүмкіндік береді [4].
Мысал ретінде
техникалық колледждердегі барлық мамандыққа ортақ
«Конструкциялық материалдар технологиясы» пәні тақырыптарын
оқытудың инновациялық технологиясымен байланыстырып
түсіндірейік. «Домна про-цесі өнімі: ақ шойын
құрамындағы химиялық элементтер мөлшерін
анықтау және структуралық талдау» тақырыбындағы
практикалық сабақ. Бұл тақырып бойынша
оқушыларға алдын-ала теориялық білім толығымен
жан-жақты беріледі. Теориялық сабақта – оқушының
оқу және танымдық белсен-ділігін арттыратын – Б.Блум
жүйесі қолданылады. Б.Блум
жүйесі – білу, түсіну, талдау, қолдану, топтау және бағалау
желісі бойынша жүргізіледі [5]. Теориялық сабақ
нәтижесінде шойынның өндірілуі, оның
құрамындағы элементтердің пайыздық мөлшері,
қасиеттері және т.б. мәліметтер білім алушы үшін
әбден пысықталған, жаттанды көрсеткіш болуы тиіс. Ал
енді практикалық сабақта ақ шойынның
құрамындағы химиялық элементтер мөлшерін
анықтау және структуралық талдау компьютерлік
бағдарламада инновациялық технология ретінде жүргізіледі.
Мұндағы
есептеу жұмысының барлығы TURBO
PASCAL бағдарламасы бойынша есептеліп, есептеу нәтижесін MICROSOFT EXCELбағдарламасы
көмегімен шығару металл құрамына структуралық
талдау жасауға нақты көмек бере алады. Мысалы ақ
шойынның М1,М2,Б1
Б2 және Т1 деген
маркалары бар, құрамында белгіленген мөлшерде кремний – Si,
маргенец – Mn, фосфор – P және күкірт – S элементтері болады.
Әрбір элементтің хи-миялық сипаттамасы, қасиеті,
негізгі металға беретін әсері теориялық сабақта
түсіндірілген. Енді шойын құрамына структуралық
талдауды компьютер көмегімен анықтау үшін
оқушыларға мынадай үлгіде жеке тапсырмалар беріледі: 1-тапсырма – 950 кг ақ
шойынның құрамында Si – 1,34% , Mn – 2, 0%, P -
0,15% және S – 0,03% мөлшерінде бар. Химиялық
элементтердің салмақтық мөлшері мен маркасын
компьютерлік бағдарламада анықтау қа-жет. Тапсырманың орындалуы: Компьютерге
енгізілген turbo pascal тіліндегі пропорциялық өрнек арқылы
элементтердің салмағын анықтаймыз. Сонда, кремний – 12,73 кг,
маргенец – 19 кг, фосфор – 1,42 кг және күкірт – 0,28 кг.
Компьютерге енгізілген ақ шойынның 5 түрлі маркасы мен
оның элементтік көрсеткіштері негізінде біз microsoft excel
бағдарламасында диаграмма тұр-ғызып шойын маркасын
анықтаймыз. Нәтижесі төмендегі 1-суретте берілген.

1-сурет – Құрамындағы химиялық элемент
мөлшеріне қарай шойын маркасын анықтау графигі
Сонда 1-суретке талдау жасайтын
болсақ, графиктің сол жақ бағанасынан, яғни Y осі бойындағы пайыздық
шама беріле салысымен шойын аркасы М1болып
бірден анықталған.
2-Тапсырма: Төменде
кремний, маргенец, фосфор элементтерінің әрқайсысынан 5 шама,
күкірт элементінен 2 шама берілген. Осы шамалар арқылы қайсы
көрсеткіш қандай шойын маркасын сипаттайтынын анықтау
қажет. Мұнда да барлық мән microsoft excel
бағдарламасында диаграмма арқылы анықтауға мүмкіндік
береді (2-сурет).
Сурет бойынша мынадай
қорытынды жасауға болады: графиктің төменгі
жағында кремний элементінің мөлшері беріліп, жанында сонша
пайыздық

2-Сурет – Ақ шойынның құрамындағы
химиялық элементтер мөлшері бойынша маркасын анықтау сызбасы
мөлшердегі
шойынның маркасы берлген, яғни 1,5 % - кремний элементі бар М1
– маркалы ақ шойын дегенді білдіреді.
Жалпы, оқу
процесінде инновациялық технологияларды қолданып сабақ
түсіндірудің маңызы өте зор және осы біліммен
өндіріске барған жас маман кейінгі заманауи мүмкіндіктермен
жұмыс жасау шеберліген қалыптастыра алады. Сондықтан оқу
процесінде инновация қолдану – біздің басты міндетіміз болып
саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1)Қазақстан –
2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты //Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жыл
14-желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы.
2)Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, Ақорда, 2007
жылғы шілденің 27-сі. № 320-ІІІ ҚРЗ // ЕҚ, № 160 15.08. 2007
3)Масырова Р.Р. Инновации в
среднем общем образовании Казахстана: анализ и тенденции развития. Монография.
– Алматы:КазГосЖенПИ, 2008. – 320 с.
4)Сарбасова Қ.А.
Инновациялық педагогикалық технологиялар. Оқу
құралы. – Алматы, 2006.
5)Загвязинский В.И.
Инновационные процессы в образовании. –Тюмень, 1990. – 390 с.
Резюме
В статье раскрываются
особенности профессиональной подготовки будущих специалистов и эффективность
системы интерактивных связей с использованием инновационных технологий.
Summary
The article describes the
features of the training of future specialists and effectiveness of interactive
relationships using innovative technologies