Ибраева К.И.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті
ЕКІНШІ ТІЛДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДАҒЫМӘДЕНИ
КОМПОНЕНТТЕРДІҢ ОРНЫ
Бір
үлкеншаңыраққаайналғанбұл әлемде
ұлтаралық, мәдениаралық
қатынастар күннен күнге шекарасын одан әрі
кеңейтіп, нығаю үстінде. Осы әлемдік көлемдегі үрдістен қалмай, оған өзінің де үлесін қосам дегендер, елінің болашағын ойлайтын
азаматтар әртүрлі тілдерді жан-жақты меңгеруде.
Бірақ өзге ұлтпен тіл табысып, жақсы
қарым-қатынаста болу үшін сол елдің тек қана
тілін меңгеру жеткіліксіз екені атқа таңба салғандай.
Сонымен қатар, сол елдің тарихын, ұлттық-мәдени
ерекшеліктерін, менталитетін, құндылықтар жүйесін, бір сөзбен
айтсақ, мәдениетін білген абзал болар.
Осындай
заманауи талаптарға сәйкес қазіргі таңда өзге
ұлт өкілдерінің екінші тілді
меңгеру барысында мәдениетаралық құзіреттілігіне
айрықша назар аударылуда. Екінші тілді меңгеру мәселесі, әсіресе орыс-қазақ
екітілдігі, қазақстандық лингвисттердің еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Атап
айтатын болсақ, еліміздің белгілі ғалымы Б.Хасанұлы өзініңзерттеулерінде қазақ және орыс
тілдерінің қолданылуының заңдамаларын, заманауи тілдік
жағдайдағы туған тілдің мәселелерін т.б. өзекті мәселелерін қозғаса, тағы бір қазақстандық лингвистика
саласының алпауыты Э.Д.Сулейменова қазақ және орыс
тілдерінің дамуының негізгі үрдістері, екі тілді
тұлға мен оның креативтік және педагогикалық
тұрғыдан дамуы туралы айтып өткен. Әртүрлі деңгейдегі
интерференция мәселесі М.М. Копыленко, З.К. Ахметжанова, М.К. Исаева, М.Т. Тезекбаева
және К.М. Байболсынованың «Интерференция в русской речи казахов»
атты коллективтік монографиясында орын алған. Г.С. Суюнованың
ғылыми жұмыстары қазақ - билингвистарыныңараласатын қоғамына байланысты
кодтық алмасу мәселесін қарастырған болса, ал Г.Д.
Алдабергенова тұлғаның интеллектуалдық,
этнопсихологилық және этномәдениеттік дамуындағы екі
тілділіктің орнын мектеп жастағы билингвжәне монолингв
балалардың мысалында анықтаған. Мәдениетаралық
компетенция мәселелері жөнінде Н.Н.Васильева, Л.В.Екшембеева,
Ж.А.Нұршаихова, Г.С.Суюнова тағы басқа да ғалымдары өзінің еңбектерінде сөз
қозғаған. Құзірет, яғни компетенция, дегеніміз
«сөйлеубарысында қолдану мүддесінде тілді үйренген адамның алған
білімінің, тілді үйрену барысында қалыптастырған
білік-дағдыларының жиынтығы, білімі мен
білік-дағдыларын қолдана білу қабілеті» [1, 154 б.], ал
коммуникативтік құзірет «нақты әлеуметтік жағдаятта тілді
пайдалану нормаларын білу» дегенді білдіреді [2, 124 б.]. Осыдан келе
мәдениетаралық құзірет ол көп тілдік
қоғамда тек қана меңгеріп жатқан екінші тілдің тілдік
заңдарын білумен шектелмейді, сонымен қатар тілді сол елдің
мәдениетімен сабақтастырып оқытуды, алған білімін
практикада мейлінше дұрыс, объектівті қолдана білуді қарастырады.
Ұлттық мәдениет, мiнез-құлықтың
шағылысулары коммуникацияныңарқасындаөрнектеледi. Коммуникацияның
нақ сол ауызша және ауызша емес символдары халықты және
оның сипаттарын, мәдениеттiн, салт-дәстүрін айқын
суреттеп береді. Мәдениетаралық
компетенция екінші тілді меңгеру барысында үлкен рөл
артқарады. Оның қалыптасуы шеттілдік кодты меңгеру мен
тұлғаның қоғамға
әлеуметтік-мәдени тұрғыдан сіңісуіне
тікелей байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Сулейменова Э.Д. Словарь социолингвистических терминов. – Астана:
«Арман-ПВ», 2008. – 392 с.
2. Агманова А.Е. Усвоение второго языка и межкультурный диалог //
Диалог славистов в начале ХХI века: Тезисы докладов участников Международного
научного симпозиума. – Астана, 2011. – С. 11-12.