Оспанова
Т.К.
Қазақ
тілі мен әдебиет мұғалімі
Қазақстан
Республикасы, Қарағанды қаласы, №13 ЖББОМ КММ
Білім беру үрдісінде
ақпараттық технологияны қолдану
«Қазіргі заманда
жастарға
ақпараттық
технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте
қажет»
Н. Ә. Назарбаев
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта
оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен
сапасын жоғарылатуды көздейді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында:
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желіге шығу» - делінген.
ХХІ ғасырдың үлкен жетістігі ақпаратты -
қатынастық технология құралдарымен етене байланыс. Қазақ тілін
ұлты басқа шәкірттерге оқыту – күрделі іс.
Сондықтан оның кешегісін, бүгінгісін, ертеңгісін
саралап – қазақ тілін оқытып қана қоймай,
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
деген өзекті тақырыпты алып, мәселенің шешілуі жолы ақпаратты- қатынастық
технологияларды қолдану деген
тұжырымға тоқтала кетсек, артық болмайды.
Ақпаратты-қатынастық технология - өзінің мәнділігі жөнінен өте
әділ де шындыққа негізделген үрдіс. Демек, ХХІ
ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға
кең өріс ашқан технология құралдарымен
жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып
отыр.
Біз жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру
ғасырына аяқ бастық. Бұл - алдыңғы қатарлы елдер қатарында
табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес,
ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді елдер
тұратынын білдіреді. Ќазіргі кезде ең бағалы тауар –
ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің
тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік
алса, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны
пайдаланып терең білім алса сол ел алдыңғы қатарлы
болып саналмақ.
Осыған орай бүгінгі
ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік,
дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын,
қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл,
өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке
тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің,
кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге,
өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан
жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны
қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны
терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі
заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны
қалыптастыру.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы
кездері қазақ тілі және қазақ әдебиеті
сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде
ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі.
Бұл үрдісті іске
асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті
қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті
дамыған, жаңа педагогикалық
технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі
қалыптасқан жаңа ақпараттық
технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков
енгізген. Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім
берумен байланысты болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша,
«Ақпараттық технологиялар» ақпаратты өңдеумен
байланысты үрдістер болып табылады. Ал білім беруде компьютерді
және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде
оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы
пайда болды. А. Горячевтің тұжырымдауынша, «Ақпараттық
технология»- мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер
базасы, графиктік редактор, мультимедия және коммуникациялық
технологиямен сипатталады.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге
асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік
тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.
Қазіргі заманда барлық мектептерде жаңа
ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған.
Мектеп кебинеттерінде интерактивті тақта орнатылған.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі –
бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде
шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,
ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз
өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен
ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін
мұғалім өткізетін сабағының түрін
дұрыс таңдай білуі қажет.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін
оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың
мүмкіндіктері өте мол. Қазақ тілі сабағында
логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды
пайдалану арқылы өтілген тақырыптардан қайталау,
пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты
тапсырмаларды орындатуға болады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі –
бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет
сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі
өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты
күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын
кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны
дамытуға толық жағдай жасауы.
Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап
көрсетуге болады.
1.Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң
қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар
компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін
сезінеді.
2.Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік,
жауапкершілік және өзіндік шығармашылық
қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше
еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді.
Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады.
Тапсырмаларды мұғалімнің
көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте
сақтау қабілеттері дамиды.
3.Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана
сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ
сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды
болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында
компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын
элементтер қолданылады. Ақпараттық технологияның
мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың
білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету
жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.
Қазіргі заманның даму қарқыны
мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша,
ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді.
Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни
ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің
болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп,
жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен
шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы
жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша
ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен
заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде -
өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына
жол ашады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам
аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың
тиімділігі өте жоғары деп айта аламыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие
үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі,
№2, 2000
2. Білім
заңы. Алматы, 2007 ж.
3.С.Т.Мұхаметжанова,
Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері.
Алматы, 2008ж.
4. Т. Жұмажанова, С. Дүйсебаев,
Ә. Мамырова, З. Көпбаева, «Қазақ
әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003
5.
Педагогика журналы №2-2009ж