Педагогические науки/5. Современные методы
преподавания
Жуаспаев
Т.А., аға оқытушы
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті,
Қазақстан
Республикасы
Білім беру
саласында телекоммуникациондық
технологияларды
пайдалану
XX ғасырдың 80-ші жылдарының басында
білім беру компьютерлік желісі, бәрінен бұрын білім беретін
мекемелердегі басқару мәселелерін шешу үшін арналған.
Қазіргі таңда жағдай мүлдем басқа. Ең басты
өзгеріс – компьютерлік желі оқу процесін қамтамасыз
етудің оқу құралы, сонымен қатар,
ұстаздарды дайындау және қайта дайындау амалы ретінде
пайдаланады.
Компьютерлік желілерді
алшақтаған ақпаратқа қол жеткізу үшін
пайдалануы, оқыту процесінде
жаңа көзқарастардың пайда болуын талап етеді. Білім
беру тәжірибесінде компьютерлік телекоммуникациялардың барлық
негізгі түрлері пайдалана алады: электрондық пошта, тарату
тізімдері (List- серверлер), хабарламалардың
электрондық тақталары (BBS), телеконференциялар,
Gopher- және WWW- серверлер.
Компьютерлік
телекоммуникациялардың технологиясы мен мүмкіндіктері:
-
бір-бірімен байланысу;
-
географиялық ара қашықтықта қарамастан, байланыс;
-
уақыт белгілерімен шектелмеген байланыс;
-
сөз
емес, мәтін негізінде араласу.
Телекоммуникациондық
оқытудың перспективті нысандары:
-
on-line режиміндегі сабақ;
-
аралас
режим – компьютерлік
телекоммуникациялар және ұстаз-оқушы(лар) тікелей
қатынасы;
-
телесеминарлар,
теледискуссиялар және т.б.;
-
қазіргі
таңда бар оқу курстарына және пәндеріне қосымша
ретінде.
Компьютерлік телекоммуникациялар
негізінде білім беру технологияларын енгізу процесінің бастапқы
кезінде, бірқатар қиындықтар мен бөгеттер туындау
мүмкін. Олардың ішінде:
-
оқу
мекемелерінде және жеке пайдаланушыларда компьютерлік техника
паркінің кемшілігі;
-
республикадағы
компьютерлік телекоммуникациондық желілердің жеткіліксіз дамуы,
олардың тұрақсыздығы;
-
телекоммуникациондық
оқыту әдістеріне қосымша психологиялық кедергі
келтіретін, халықтың жеткіліксіз компьютерлік сауаттылығы мен
ақпараттық мәдениеті.
Телекоммуникациондық
оқытуды дамытудың ең басты мәселесі болып,
телекоммуникациондық байланыс ортасына сәйкес келетін жаңа
әдістерді және технологияларды құрастыру процесі
табылады. Осы ортада оқушылар ақпаратты енжар тұтынбай,
оқытудың мазмұның өздері тереңірек
түсінеді. Ескірген оқыту моделін өзгертуге қажет
болады, себебі ол модель келесі көрсеткіштермен сипатталады:
- оқыту технологиясының
ортасында - ұстаз (оқытушы);
- оқушылар арасында
жасырынған жарыс байқаланады;
- сабақта оқушылар
енжарлық рөлді ойнайды;
- оқыту мәні - білім беру.
Ескірген модельдің орнына,
келесі ережелерде негізделген, оқытудың жаңа моделі келу
керек:
- оқыту технологиясының
ортасында - оқушы;
- оқыту
қызметінің негізінде – қарым-қатынас;
- оқушылар оқыту
процесінде белсенді рөлін атқарады;
- технология мәні - өз бетімен үйренуді дамыту.
Желі көмегімен келесі
негізгі топтық есептер шешіледі:
-
оқушылардың
оқу жұмысын қолдау;
-
оқытушылар арасында өзара байланысты қамтамасыз ету, педагогикалық тәжірибемен және дидактикалық материалдармен алмасу;
-
орталықтандырылған ақпараттық жүйелерінде сақталған, тез өсіп жатқан ақпараттық қорларына оқу-тәрбиешілік процесінің барлық қатысушыларына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
-
басқару есептерін шешу үшін ақпараттық
қамтамасыз ету;
- телеконференцияларды,
телесеминарларды ақпараттық қолдау.
Оқушылар
ақпараттық технологияларды тез арада менгеруіне қарамастан, оқытушылар
жаңа ақпараттық ортаға кірісусіз білім беру мекемелер
жұмысының тиімділігі өспейді.
Барлық қойылған
есептер оқытушылар үшін жаңа және көбінесе
олармен толығымен сезілмейді. Осы
есептердің пайда болуы мектептегі тәжірибенің біраз
өзгеруіне талап етеді. Компьютерлік телекоммуникацияның кең
таралуы осы процесті қолдап, дамуына көп әсер тигізу керек.
Әдебиет:
1. Образование
и XXI век: Информационные и коммуникационные технологии. – М.: Наука, 1999. –
191 с.
2. Открытое
образование – объективная парадигма XXI века / Под общ. ред. В.П. Тихонова. –
М.: МЭСИ, 2000. – 288 с.
3. Норенков И.П., Трудоношин В.А.
Телекоммуникационные технологии и сети. Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2000.