Педагогика/5. Современные
методы преподавания
Серкебаева Л.Т.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Психологиялық зерттеулерде
математико-статистикалық әдістерді қолдану
Психология
өз ғылым дәрежесіне эксперимент және
психологиялық зерттеулерде математикалық әдістерді пайдалану
себебімен жетті. Психологиядағы математика психологиялық
заңдылықтарды ғылыми түрде түсіну үшін,
оларды тереңірек талдау үшін, дәлелдеу логикалық аспабы
болып табылады.
Психологиялық зерттеуде
эксперименталды психологияның үш негізгі мақсаттарын
анықтауға болады:
1. Зерттеу пәнінен сәйкес
келетін, тексеру әдістерін дайындау.
2. Эксперименталдық
зерттеудің ұйымдастыру ережелерін құрастыру: жоспарлау,
өткізу және талдау.
3. Психологиялық өлшемдердің ғылыми
әдістерін дайындау. Математикалық әдістерді пайдалану.
Барлық
математико-статикалық әдістерді шартты түрде бастапқы
және қайталама түрлеріне бөледі.
Бастапқы
әдістер – экспериментте анықталған
көрсеткіштердің сандық мөлшерлерін анықтайтын
әдістер. Осылайша, бастапқы статистикалық көрсеткіштер
ретінде психодиагностикалық әдістемелерінде пайдаланатын, психодагностика нәтижелерін
бастапқы статистикалық өңдеу қорытындысы болып
табылатын көрсеткіштер пайдаланады.
Оларға жататын – таңдамалы орташа, дисперсия, медиана, мода.
Бастапқы
деректердің негізінде анықталатын және олардың
арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін статистикалық
әдістерді қайталама немесе екінші ретті әдістер деп атайды.
Мұндай
әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Регрессионды есептеу.
2. Әр түрлі таңдамаларға
жататын қарапайым статистикалық көрсеткіштерді салыстыру
әдістері.
3. Айнымалылар арасында статистикалық
байланыстарды анықтайтын әдістер, және олардың
корреляция көрсеткіштері.
4. Деректердің ішкі
статистикалық құрамын анықтайтын әдістер.
Мысалы, Д.Векслер әдістемесі
арқылы анықталған сөз жөніндегі интеллект
деңгейін салыстыру үшін, психологиялық экспериментке 18-20
жас аралығындағы филология және психология мамандығының
студенттері қатысты.
Бір топтың сөз
жөніндегі интеллект деңгейі басқа топтың
деңгейінен жоғары деп анықтауға болады ма? Екі
таңдамалы жиынтықты Розенбаум критериі арқылы салыстыру.
Бұл критерийдің келесі
ерекшеліктері бар:
- әрбір таңдамалы жиынтықта 11 бірліктен
кем болмау керек;
- екі жиынтықтағы мәндердің
қашықтылық аралары бір-біріне сәйкес келмеу керек.
Розенбаум критерийін есептеу алгоритмы.
1.
n1,n2≥11 шектеуді тексеру;
2.
әрбір жиынтықта
көрсеткіштерді өсу ретімен орналастыру; 1 жиынтық ретінде
мәндері жоғары жиынтықты санау;
3.
2 жиынтықта ең жоғары
мәнді таңдау;
4.
1 жиынтықта 2
жиынтықтың максималды мәнінен жоғары көрсеткіштер
санын есептеу. Сол санды С1 деп белгілеу;
5.
1 жиынтықта ең төмен
мәнді таңдау;
6.
2 жиынтықта 1
жиынтықтың минималды мәнінен төмен көрсеткштер
санын есептеу. Сол санды С2 деп белгілеу;
7.
Розенбау критерийінің
эмпирикалық мәнін есептеу Q=C1+C2;
8.
Кесте бойынша n1 және n2 деректері
үшін Розенбаум критерийінің кестелік мәнін анықтау;
9.
Екі мәнді салыстыру. Егер Q
эмпирикалық Q кестелік мәнінен жоғары болса, онда Но
гипотезасы қабылданбайды. Н1 гипотезасы қабылданады.
Есептің шешімі 1 суретте
келтірілген.

1 сурет – Розенбаум критерийін есептеу
Осылайша, эксперимент нәтижесінде
анықталған деректердің сапалық және сандық
талдауы, алдынала қойылған гипотезаларды дәлелдеу үшін пайдаланады.
Бұл жағдайда математико-статистикалық әдістердің
үлесі зор.
Әдебиет:
1.
Худяков А. И. Экспериментальная психология в схемах и комментариях. -
СПб.: Питер, 2008. - 320 с.: ил. - (Серия «Учебное пособие»).
2.
Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии/Е.В.
Сидоренко. - СПб.: - 2002.