әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университеті

 философия және саясаттану факультеті

жалпы және этникалық педагогика

кафедрасының аға оқытушысы Абдуллаева П.Т.

 

 

Жасөспірімдік жастағы өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқының ерекшеліктері мен негізгі себептері

 

Балалар арасында өзіне өзі қол жұмсау салыстырмалы түрде аз кездеседі, өзін өзі өлтіруге деген бейімдік тәуекелі жасөспірімдік жаста жоғарылайды. Өзіне өзі қол жұмсау 15 жастан 24 жасқа дейінгі аралықтағы жас қыздар мен ұлдардың жазатайым өлімі мен қастандықпен өлтіруден кейінгі өлімнің негізгі себебі болып табылады.   

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жасөспірімдердің арасында кездесетін өлімдердің үшінші орында жазым мен кісі өлтіруден кейін өзіне өзі қол жұмсау болып табылады. Өзіне өзі қол жұмсау өмірдің мағынасын жоғалтумен байланысты қоғамдық мінез-құлықтың ең қасіретті түрлерінің бірі. Әсіресе жасөспірімдер мен балалрдың өзін өзі өлтіруі ерекше қасірет. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өзін өзі өлтірудің шарықтау кезеңі жасөспірімдерде 15-16 жас аралығын қамтиды, ал 8 жасқа дейінгі балалардың арасында өзін өзі өлтіру оқиғасы кездеспейді. Жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес өзін өзі өлтіруге ер балалар бейім. Өзін өзі өлтірген жасөспірімдер мен балалардың 92%-ы психиатр назарына түспеген. Өзін өзі өлтіру жағдайлары көбінесе күзде (қазан айында) және көктемде (сәуір, мамыр айларында) тіркеледі.       

Ғылымда «пубертатты өзін өзі өлтіру» термині кездеседі, ол жасөспірімдік өзін өзі өлтіру құбылысын білдіреді. Әдетте, өзін өзі өлтіру адам өмірінің дағдарыстық кезеңдерінде болады. Мұндай кезеңдерге зерттеушілер сол кезеңдегі тұлғаның дамуының психологиялық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктеріне байланысты жасөспірімдік жасты жатқызады [1].

 Жасөспірімдік жастың басты мазмұны оның балалық шақтан ересек жасқа көшуі. Дамудың барлық қырлары сапалы қайта құрылуға ұшырайды, жаңа психологиялық құрылымдар пайда болады және қалыптасады. Бұл түрленудің үрдісі жасөспірімдік жастағы балалардың барлық тұлғалық ерекшеліктерін айқындайды, сәйкесінше, олармен жұмыс істеудің ерекшелігін анықтайды [1].  

Бұл өтпелі кезең баланы тәрбиелеуге қатысатын нақты әлеуметтік шарттарға, мәдениетке, әдеп-ғұрыптарға байланысты әр түрлі мазмұнды және түрлі қызметті қамтуы мүмкін. Жалпы қалыптасқан классикалық жастық кезеңдерде жасөспірімдік жас шеңбері 11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта шектелген. Қазіргі уақытта біздің еліміздің жағдайында бұл даму кезеңі шамамен 10-11 жастан бастап 15-16 жасқа дейінгі аралықты құрайды., мектептегі орта сыныптағы балаларды оқыту жасына сейкес [2].   

Бұл жаста тұлғалық және әлеуметтік тұрғыда айтарлықтай күрделі өзгерістер болады. Өзіндік «Мен» деген ұғыммен сәйкестендіру жүреді. Жасөспірім жастағы тұлғаның маңызды ерекшелігі болып жасөспірімнің өзіне және басқаларға деген рефлексия арқылы өзіндік санасының тез дамуы. Жасөспірім балалық шағында қаншалықты білім мен тәрбие алса, соғұрлым оның рефлексиясы бай. Сәтті рефлексия өзіне тәнті болу және өзін жоғары бағалау сезімін тудырады, сәтсіздер сәйкесінше керсінше. Ондай жасөспірімдер өзін бағалауда өте тұрақсыз, сонымен қатар үлкен максималистер; олар үнемі өздерінің білімдері мен талаптарына күмәнданады.       

 Жасөспірімнің психикалық ұйымдасуы өте тұрақсыз, айта кететін жайт, ол тұрақсыздық барлық деңгейлерде көрініс табады: эмоция, сезім және интеллект деңгейінде. Жасөспірімдер көңіл-күйдің жиі ауысуына бейім, мазасыз күйде болады. Оларда қорқыныш сезімі тез пайда болады. Бұл жас тобының өзіне өзі қол жұмсауға бейім тұлғалар мектеп өміріне тәнік бейім және қандай да бір мәселелерден толық тәуелсіз болуы мүмкін, бірақ бұл жаста адам сәйкестендірудің бейберекттік дағдарысын басынан кешіреді және/немесе тәуелсіздік үшін күрес жүргізуі мүмкін. Өзіне өзі қол жұмсауға дайын болу ұзақ мерзімді соққылар мен психикалық жарақаттар жағдайында пайда болады. Жасөспірімде эмоционалды күйінің төзімділігі төмендеді, агрессиясы жоғарылайды, күнделікті тұрмыстық қиыншылықтарға төтеп беру икемінің жоқтығы айқындалады. Жасөспірімдердің іс-әрекеттері өзін өзі жоюға бағытталмайды, жойылған әлеуметтік қарым-қатынастарды қайта қалпына келтіруге бағытталады. Өзіне өзі қол жұмсайтын жасөспірімдердің ауыр әлеуметтік ортасы бар: нашар отбасы, жалғыздық және қажетсіздігі, үлкен адмнан тірегінің жоқтығы. Өзіне өзі қол жұмсаудың себептері, әдетте, аса күрделі емес: сабақтан екі алу, үлкендерге реніш, әділетсіз қарым-қатынас үшін уайымдау және т.б. Көптеген өзіне өзі қол жұмсаудың мақсаты бір – ата-ананың және жақын достарының назарын өзіне аудару. Жасөспірімдер, өздерінің мақсаты – басқа адамдарға бақылау жасау және айла-шарғы жасау болса да, өздерін өлтіруге барады.                 

   Өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқын зерттеуші ғалымдар жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсау көрсетілімдік сипатқа ие, соның ішінде – бопсалау екенін анықтады. А.Е.Личко жасөспірімдердің 10%-да ғана өзіне өзі қол жұмсауға шын ниеті бар болады, ал қалған 90% көмекке шақырудың бір жолы ретінде пайдаланы деп көрсетті [3].   

 Б. Н. Алмазов 14-18 жас аралығындағы өзіне әдейі түрде жараұат салған жасөспірімдерді зерттеу келе, олардың тек 4%-ы өзін жарақаттау кезінде өзіне өзі қол жұмсау туралы ойы болған. Басқа бұзақылықтардың көбісі құрдастарымен ренжісуден кейін, сонымен қатар батылсыну немесе «қандас ағайындылар» салтын өту үшін жасалған [4].

Көрсетілімдік өзіне өзі қол жұмсау, әдетте, түрлі белгілермен қойылады: көңіл босататын қоштасу хаты, көрінетін жерде қалған дәрінің бос ыдысы, мұқият жасалған бояу. Өзін өзі өлтірушілердің бұндай типі ешқашан кетудің тән ауырумен немесе жарақаттармен байланысты тәсілдерін таңдамайды.      

Оларға айналасындағы адамдардың жеркенішін емес, өкінішін ояту үшін өлгеннен кейінгі түрлерінің қаншалықты жақсы болып тұрғаны маңызды. Өзін өзі өлтіру қойылым ретінде болса да, оның қайғылы аяқталуы әбден мүмкін. Көп жасөспірімдер өзін өзі өлтіруді ойламаса да, есептерінен қате кетуі мүмкін, ал кейбіреулері өздерін жерлегеннен кейін, ата-анасының өкініші мен өз қателерін мойындағаннан кейін қайта тіріліп, татуласу мүмкін емес екенін соңына дейін түсіне бермейді. Жасөспірімдер өзіне өзі қол жұмсаудың алдында, көбінесе жақындарын өзін өзі өлтіретіндігімен қорқытады, қандай да бір талаптар қояды. Көп ересек адамдар олардың бұндай сөздеріне құлақ аспайды. Жасөспірім өзіне деген осындай қатынасқа ашуланып, ойлағанын жүзеге асырады. Бұл жағдайда жақын жандар жасөспіріммен ымыраға келіп, оның ойына құрметпен қарап, барлық даулардың шешімін табуға тырысу керек.       

Өзіне өзі қол жұмсаудың қыздар мен ұлдар арасындағы көрсеткіштері әр түрлі, қыздар өзіне өзі қол жұмсау туралы ұл балдарға қарағанда екі есе жиі ойлайды және соған әрекеттенеді, және олар нормадан тыс әр түрлі дәрілер ішуге, есіркі дозасын артық пайдалануға  және тамырларын кесуге бейім болады. Алайда бір қызығы, ер балдар өзіне өзі қол жұмсау барысында қыздарға қарағанда 4 есе көп өлімге ұшырайды (өзіне өзі қол жұмсау әрекеті емес, нақты өлу фактысы тіркеледі)! Оның себебі, ер балдар өзіне өзі қол жұмсау барысында өлімге тікелей әкелетін тәсілдерді қолданады: отпен атылатын қару, асылу, биік объектілерден секіру. Осылайша, қыздар өмірлерін аяқтауға ер балдарға қарағанда екі есе жиі әрекет етеді, бірақ ер балдарға қарағанда қыздар арасында істі соңына дейін сәтті аяқтауы 4 есе аз кездеседі.        

Жасөспірімдер көбінесе өмірдегі күйзеліс жағдайларында өзіне өзі қол жұмсайды, мысалы, қызбен немесе жігітпен қарым-қатынасты үзу, мектептегі сәтсіздіктер, ата-анасының ажырасуы, қатты отбасылық дау-жанжал.  

Өзіне өзі қол жұмсау туралы ойлайтын жасөспірімдер көбінесе:

-  Жалпы өлім мен өзіне өзі қол жұмсау туралы айтуы мүмкін;

-  Өзінің «кетуі» туралы айтады;

-  Үмітсіздік немесе күнә сезімі туралы айтуы мүмкін;

-  Отбасынан және достарынан алыстайды;

-  Қызықты іс-шаралар мен оқиғаларға қызығушылығын жоғалтуы мүмкін;

-  Нақты ойлана алмауы немесе бір нәрсеге назарын дұрыс аудара алмауы мүмкін;

-  Күнделікті әдеттері мен тамаққа деген талғамын өзгертуі мүмкін;

-  Өзін өзі жоятын мінез-құлықтың пайда болуы: ішімдікке, темекіге және есірткіге әуестігінің пайда болуы.

 Жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсау тәуекелін жоғарылататын факторлар құрайды:

-  Психологиялық тәртіпсіздік, әсіресе тоқырау, биополярлы тәртіпсіздік, сонымен қатар ішімдік пен есіртке пайдалану (95% жасөспірімдер өзіне өзі қол жұмсау кезінде психологиялық бұзылуға ұшыраған);

-  Ренжу, ызалану, қозу сезімінің пайда болуы;

-  Қажетсіз болу немесе үмітсіздік сезімінің болуы, бұл сезімдер жиі тоқырауға әкеледі, мысалы, мектепте үнемі сәтсіздікке үшырайтын, уйінде зорлық көретін немесе өз құрдастарынан алшақтатылған жасөспірімдер;

-  Бұрын өзіне өзі қол жұмсауға әрекеттенгендер;

-  Тоқырау мен өзіне өзі қол жұмсауға генетикалық түрде бейімділер.

-  Физикалық немесе сексуалды дәмешілдіктер;

-  Қоғамның жеткіліксіз демеу жасауы, отбасымен және құрдастарымен әлсіз қатынаста болуы;

-  Қоғамдағы гомосексуалдықпен немесе мектептегі қастық ортамен бетпе бет келгендер;

Жоғарыда аталғандардан жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсаудың ортақ себебі ретінде өткір психологиялық жарақаттар мен тұлғаның жақын ортасымен қарым – қатынасының бұзылуы әсерінен болған әлеуметтік-психологиялық бейімсіздігі деп қорытынды жасауға болады. Алайда, жасөспірім үшін бұл көбінесе жалпы бұзушылықтар емес, жақындары мен отбасымен қатынастың бұзылуы болып табылады. Тұлға өзіне өзі қол жұмсауға бару арқылы өзінің жағдайын түзеуге ұмтылады деп есептеледі: жанын ауыртатын уайымнан қашу, жарақат әкелетін шарттарды бұзу, аяушылық пен мейірімділік сезімдерін ояту, көмек немесе біреудің өміріне қатысуына қол жеткізу, өз басындағы мәселелерге назар аударту. Өзіне өзі қол жұмсау өкпелеткендерге деген кек сақтаумен де сипатталуы мүмкін, «кейін өкінетіндерге», бұл жерде мақсатқа кез келген жолмен жетуге бағытталған патологиялық қасарсу келбеті көрініс табады. Көп жағдайда бұл ашынушылық актісі ретінде сипатталады, тұлға жағдайға әсер ете алатын және өзгерте алатын барлық мүмкіндіктері мен күшінен шектелгенде.   

 Дегенмен, психожарақаттаушы жағдайдың орын алуы өзіне өзі қол жұмсауға итермелеуге толық қажетті шарт емес. Екінші құраушысы – өзіне өзі қол жұмсаушының тұлғалық ерекшеліктері. Көп авторлар тұлғаға өмірлік мәселелерге тәнік елеу жасауға мүмкіндік бермейтін, соған байланысты өзіне өзі қол жұмсауға бейімділікті қамтамасыз ететін бірнеше ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Оларға жататындар: қажеттіліктер мен тілектердің қысымы, оларды қанағаттандырудың жолдарын таппау, қиын жағдайлардан шығудың жолдарын іздеуден бас тарту, өзін өзі бақылаудың төмен деңгейі, жүйкелі-психикалық қысымның төмендетуге қабілетінің келмеуі, эмоционалды тұрақсыздық, импульсивтілік, сендірудің жоғары дәрежесі, ымыра келе алмауы және өмірлік тәжірибесінің болмауы. Сонымен қатар өзіне өзі қол жұмсауға бейім жасөспірімнің тұлғалық сипатының келесідей негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады:   

-  Өзін өзі бағалаудың төмен немесе төмендетілген деңгейі, өзіне өзі сенбеуі;

-  Өзін өзі жүзеге асыруға қажеттілік;

-  Қоршағандардың тарапынан жылы, эмоционалды байланыстардың жоғары маңыздылығы, қарым – қатынастардың шыншыл болуы, эмпатияның, түсінушілік пен қолдауды болуы;

-  Шешім қабылдауда кездесетін қиындықтар;

-  Алаңдаушылықтың өсуі, оптимизмнің төмендеуі және қиын жағдайлардағы белсенділік деңгеәінің төмендеуі;

-  Өзін кінәлауға беталыс, өз кінәсін әсерлеу;

-  Тұлғаның қажетті деңгейде әлеуметтенбеуі, тежелушілігі, дүмбілездігі;

-  Дербестіктің төмендігі.    

  Жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсау себептері ересек адамдардың өмірден өз еріктерінен кеткенінен айтарлықтай өзгеше. Оның себептері көп. Солардың бірнешесін толығырақ қарастырайық.

 Психикалық аурулар және тұлғалық ауытқулар. Осы уақытқа дейін өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқы психикалық ауытқулардың салдары деп есептеліп келді. Әріне, бұл тұжырымдаманы толық дұрыс деу қиын, бірақ бұның өзіндік мәні бар. Тұлғаның психикалық ауытқулары өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқына әкелуі әбден мүмкін, бірақ бұл оның басты себебі емес. 

Өлім туралы қалыптаспаған түсініктің болуы. Жасөспірім түсінігінде өлім өмірдің толық қанды тоқтауы деп түсінілмейді. Бала өмірді қайта қайтаруға болады деп ойлайды. Жасөспірімдерде өмір мен өлім туралы саналы түсінік 18 жастан кем емес мерзімде қалыптасады.  

 Балалар мен ата-аналар қарым-қатынасы – өкінішке орай қазіргі кезде жастардың алдында кездесетін түрлі қиындықтарға төтеп беруде қорғаныс бола алатын ашық, толық шыншыл қатынастар үнемі орнай бермейді. Көптеген өзіне өзі қол жұмсау әрекеттері амалсыз көмекке шақыру, ата-аналарының назарын өз мәселелеріне аударудың соңғы тәсілі, жас және үлкен ұрпақтар арасындағы түсінбеушілік қабырғасын бұзудың амалы ретінде қарастырылады. Бұндай сипаттағы өзін өзі өлтірулер кездейсоқ болады, мысалы, бала анасының назарын аудару үшін тек қорқытуы мүмкін, алайда нәтижесінде өз күшін соңына дейін есептей алмағандықтан өлімге ұшырайды. Оның мысалы ретінде, 2011 жылдың қаңтар айының ортасында Шахтинск қаласында 15 жасар қыз анасының құрбылармен мұз айдынына жібермей, оқу олимпиадасына дайындалуын талап еткені үшін асылып қалған.  

   Мектеп қабырғасында туындайтын мәселер көбінесе сабаққа үлгермегендіктен немесе оқытушылармен, оқушылар мен мектеп әкімшілігімен нашар қарым-қатынас үшін пайда болады. Қазіргі кезде, бірақ өзіне өзі қол жұмсаудың себебі ретінде керсінше сабаққа деген тым күрделі қатынас қарастырылып отыр. Бұл жерде барлық жағдай жасөспірім тарапын қарастырмайды. Қасіреттің себебі еріксіз түрде ата-ана болып қалады. Жеткіншекке барлық жерде бірінші болу керек, әсіресе білім саласында деген ойлар әбден жүйкесін тоздырады. Жасөспірімнен мүмкін емес нәтижелер талап етілуі мүмкін: «Қара, біз саған қаншама күш жұмсадық, ал сен нашар оқисын, бақылауларды да тапсыра алмайсын, университетке түсу туралы ойлап жүрген жоқсын». Жақсылықтың және үзілді-кесілді үміттің мұндай жүгі жас жеткіншекке көтере алмас салмақ болып тиеді. Ал оны ол қалай тастайды? Одан оңай нәрсе жоқ – босқа өтіп жатқан өмірмен бірге тастау. Шындықтың дәл осындай екенін статистика да дәлелдейді: мектеп оқушыларының оқұ үлгеріміне тікелей байланысты күйзеліске ұшырау саны, әсіресе жоғарға сыныптарда. Бұл тізімде басында, біз ойлағандай, жаман оқитын оқушылар емес, жақсы оқитын оқушылар тұр. Біздің оқу мекемелерінде Жапония мен Оңтүстік Кореяға қарағанда (бұл елдерде білімнің мәртебесі өте жоғары, осыдан әрбір сессиялық емтихан алдында оқушылар арасында жалпы өзіне өзі қол жұмсау деңгейі жоғары, соған байланысты халықаралық ұйымдар өздерінің дабылдарын қағуда) мектеп қабырғасындағы мәселелер жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсаудың негізі болмайды, бірақ оған қарамастан, дәрігерлердің ойынша бұл мәселер жасөспірімнің өзін бағалау деңгейін төмендетеді, күйзелістер мен қоршаған ортаның кері әсерлеріне тұрақты түрде қарсылық көрсету қабілетін азайтады. Соңында, дәл осындай қиындықтар жасөспірім үшін бүкіл әлем өзіне қарсы шықты деген түсініктің соңғы сатысы, «ең соңғы тамшысы» болуы мүмкін.     

     Достармен қарым-қатынастағы мәселелер. Ата-анамен көп тіл табыса алмау, олармен байланыстың үзілуіне байланысты жасөспірімдер құрдастарына тәуелді бола бастайды, әсіресе қарама-қарсы жыныс өкілдеріне. Бұл жағдайда жасөспірім үшін дос баламен немесе дос қызбен қарым – қатынас аса маңызды рөл атқарады және эмоционалды қажетті, тіпті олармен айырылысу немесе бауыр басып қалу сезімінің суып кету фактісі жеткіншекке өмірдің ары қарай мәнін жоятын орны толмас жоғалту деп қабылданады.    

Кез келген жастағы өзіне өзі қол жұмсау туралы ойлардың және өзін өзі өлтірулердің ең кең таралған себебі – бақытсыз махаббат. Егер ересек адам қарама қарсы жыныспен қатынасында үлкен тәжірибесі болса, соның ішінде айырылысу және жақын адамынан көңілі қалу, жасөспірім үшін алғашқы қатты ғашықтық сезімі – бәрін жайпап өтетін сезім. Демек, ұнататын адаммен жасөспірімнің қарым-қатынасы дұрыс орнатылмаса, өмірінің мәні жоғалады. Сондықтан ата-аналарының әлі бәрі алда, уақыт өте келе жаңа махаббатын кездестіреді деген тұжырымдамалары ол үшін текке кеткен әңгімелер. Себебі оның жан күйзелісі қазір және ол бұл жан ауруын жеңе алмай тұр. Жасөспірімнің мұндай қиындықтарды жеңуде ешқандай тәжірибесі жоқ, оған уақыт өткен сайын жағдай нашарлай береді деген ой келеді.  

 Ерте жыныстық қатынасқа түсу және одан ерте көңіл қалу. Бұл жерде жасөспірімнің ойы «ары қарай қалай өмір сүру керек» туралы ойлармен сәйкес келмейтін жағдайлар туады (сүйетін адамын жоғалту, жоспарланбаған жүктілік және т.б.), яғни мақсатын жоғалту. Жасөспірімдердегі өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқы көбінесе өмірде тәжірибесі жоқ және өмірлік мақсатын дұрыс анықтай алмауы мен оған жететін жолдарды нақты білмеумен түсіндіріледі.

 Кейбір жеткіншектердің жыныстық жетілуі кезеңінде өзінің жынысындағы адамдарға назары ауа бастауы мүмкін. Мысалы, қыздар өздерінің жақын дос қыздарын жақсы көреді немсе жақын мұғалімін жақсы көреді. Нәзіктік пен қасында болуға елігу физикалық жақындастықты сезінуге әкеледі. Нәтижесінде жасөспірімдер өздерінің жеркенішті және ауру деп санайтын «гомосексуалдығынан» қорқады. Сондықтан көп жеткіншектер ата-анасының көңілін қалдырмау үшін өмірден кетуге бел буады. Сол үшін де, егер жасөспірім өзінің жынысына жататын тұлғаларға агрессиялы қатынас көрсетіп, өзіне жолауға жол бермесе, тіпті ол туысқан болса да, оған қажетті көңіл аударып, әңгімеге тарту керек.

  Айықпайтын ауруларға, толық жетілмегендік және сыртқы кемтарлыққа байланысты өзін өзі өлтірулер. Әдетте, жасөспірімдерде өздерінің сыртқы келбеттеріне және құрдастарының сыртқы келбетіне деген ауырмашыл қатынас қалыптасады. Туыла біткен кемтарлық, айықпас аурулар, кез келген кем-кетіктер құрдастар тарапынан мысқылдау мен күлкіні шақыруы мүмкін. Кейде мұндай мысқылдауларды басқа балардың ата-аналары да қолдауы мүмкін. Соның салдарынан бақытсыз жандар мазақтарды көтере алмай, өмірден ерікті түрде кету жолын таңдайды.   

 Өзіне өзі көңілі толмағандықтан өлімге бет бұрыс. Жасөспірімдік кемтарлықтан жасқаншақтау тек физикалық кем-тарлығы бар жастардың ғана емес, сонымен қатар дені сау және толық жетілген жасөспірімдерде де өзіне өзі қол жұмсау мінез-құлқын оятуы мүмкін. Мысалы, 12 жасар қыз ата-анасы тіске арналған тұтқаларды тағып жүруді талап еткені үшін өзін өзі өлтірген. Айта кететіні, мұндай жағдайлар ер балдардан көрі қыз балдардың арасында жиі кездеседі.

 БАҚ мен танымал әдебиеттердің әсері. Жасөспірімдер жағдайында өзіне өзі қол жұмсау еліктеуіш мінез-құлықтың нәтижесі болуы мүмкін. Жасөсірімдер қоршаған орта беретін үлгіге сәйкес әрекет етеді, мысалы, теледидар мен жалпылама әдебиеттерден алған ақпараттарына байланысты. Әсіресе еліктеушілік толық жетілмеген және тез сенгіштерге тән қасиет. Осылайша, жасөспірім өлім айналадағылар шошитын және өкпелеткендерден есені қайтарудың долы деп қабылдайды. 

 Сән, әдет және еліктеу. Мүмкін бұл жабайылылық болып көрінер, бірақ соңғы уақытта өзін өзі өлтіру, соның ішінде топтық, жастарда әдетке айналды. Жасөспірімдік жас кезеңіне әлеуметтік еліктеу тән сипат – былайша айтқанда «серіктестер үшін өзін өлтіру». Соңғы жылдары жасөспірімдері бар топтық өзін өлтіру оқиғалары көп тіркелген. Бұл 2-3 достар немесе саны 20-25-ке дейінгі адамдар тобы. Жас адамдар өзіне өзі қол жұмсауға арналаған ғаламтор желісінде кездесіп, өмір мен өлімнің шекарасынан өту, оның уақыты мен орны туралы өзара келіседі. Бұндай оқиғалар бірнеше еуропалық елдерде (Германия, Швеция, Голландия) тіркелген.

 Қандай да бір жұлдыздың өзін өзі өлтіргеннен кейін жастар арасында өзін өзі өлтіру фактілерінің саны өскені тіркеледі. Мысалы, Мерлин Монроның өлімінен кейін жастар арасында өзін өзі өлтіру індеті болды; «Нирвана» тобының жетекші әншісі Курт Кобейннің өзін өзі өлтіруі андеграундтық жастар арасында өлім көрсеткіштерін бірден жоғарылатты. Сталиннің өлімі жас комсомолдар арасында өзін өзі өлтіру толқынын пайда қылғаны да белгілі. Жазушы Есениннің да өлімі шығармашылығына қызықтаушылардың да өліміне әкеп соқтырғаны да бар.   

 Сонау 1774 жылы Иоганн Вольфганг Гете «Жас Вертердің азаптары» атты романтикалық повесті жарық көрген. Повесть шығармашылық тиалабы бар жас бала туралы, «дарынды терең және таза сезімдерімен және өткір ақылымен, өзінің фантастикалық армандарында жоғалып, нәтижесіз ойлары мен бөлінбеген үмітсіз махаббаты себебінен өз басынан атқан» туралы. Бұл кітап өз уақытында Еуропа елдерінде өте танымал болды, және авторға әсерлі оқырман балдардың өзіне қол жұмсауы бойынша кінә таққан. Сондықтан үкімет оның сатылымына қарсы ғана емес, мүмкін болатын имитациялық өзін өзі өлтірулердің болуынан қауіптеніп, оның даналарын жоюға шешім шығарды. Көп ұзамай имитациондық өзіне өзі қол жұмсау әсерін білдіретін «Вертер эффектісі» деген термин қалыптасты. 

 Вертер эффектісі бұқаралық ақпараттардағы өзіне өзі қол жұмсау мәселелерінің көрінісі мен жасөспірімдердің арасындағы өзін өзі өлтіру жиілігінің жоғарлауы арасындағы нақты статистикалық өзара байланысымен расталады. Сонымен қатар, егер мектепте бір жасөспірім өзіне қол жұмсаса, онда басқалары да оның көрсеткен үлгісіне еретіні белгілі. Психологияда топтасу реакциясы ерекшеленген және кең таралған жасөспірімдік феномен болып табылады, 20 жастан кейін имитациялық өзіне өзі қол жұмсау жиілігі анықталмайды.

Енді біз тағы бір аса маңызды мәселені қарастырайық – бұл ғаламтор желісіндегі ақпарат. Бүгінгі таңда Желіден көп нәрсе табуға болады. Түрлі адамдармен араласу, «ересектерге арналған» фильмдер қарау, қыз немесе жігіт табу, сонымен қатар өміріңмен «дұрыс» қош айтысу. Өзін өзі өлтірушілерге арналған арнайы сайттардың бірі Желіде, мысалы үшін, 1991 жылдан бері бар. Ол жерде барлығы «мәні жоқ» өмір туралы, өлімнің қаншалықты романтикалық екені туралы әңгіме қозғайды, ал қалғандары бойынша – кеңес береді, мысалы, жіпті қалай дұрыс дайындау, дұрыс байлау туралы, ваннадағы судың мөлшері қанша болу керек, тамыр кескенде ауруды сезбес үшін дегендей. Бұл сайт ұнамаса, басқасын іздеп табуға болады, олар өте көп. Мәселе басқада – жасөспірім тоқтай алады ма әлде ары қарай бара ма? Бақытсыздықтың болуы үшін нақты өмірлік жағдай қажет, компьютерде жазылғандар емес.    

 Шығыс-Қазақстанның салауатты өмір салты орталығының директоры Бахыт Абдрашеваның ойынша, жасөспірім арасында өзіне өзі қол жұмсаудың көбеюі жастардың сенімділігін жоғарлататын клубтар мен спорт орталықтарының жүйесінің жойылуы. «Бұл нағыз індет. Жастар үнемі орналаспағандықтан немесе мастанғандықтан зардап шегеді. Кеңес одағының мүмкін болатын барлық клубтар мен спорт орталықтары жойылып, өте баяу қалпына келуде. Балалар өздерін қоятын жер таппайды. Сонымен бірге дағдарыстың зардабы да бар, көп ата-аналар жұмыстарынан айырылып, отбасында сау емес орта қалыптасады» - деп атап өтті Б.Абдрашева.   

         Балардың өзіне өзі қол жұмсау туралы сөз қозғағанда, Раиса Колокина – салауатты өмір салтының қалыптасу орталығының маманы – Азаттық радиосында бүгінгі таңда жас балдардың өзіне өзі қол жұмсауы Қазақстан үшін алаңдайтын жағдай деді. Ол Қазақстандағы бала және жастардың өзіне өзі қол жұмсауының басты себебінің негізіне жалғыздық пен бөлектенуді жатқызды. Жасөспірімдердің достар шеңберінің тарылуына, оның сөздері бойынша, тегін балар және жастар секциялары мен үйірмелерінің жоқтығы өз септігін тигізеді. 

- «Қазір жасөспірімге бассейнге бару өте қиын, себебі өте қымбат. Ал мектептің еншісіндегі түрлі үйірмелер мен ұйымдар көбінесе ақылы.  Сосын қазір компьютерлік ойын клубтарының көптігі баланың өз құрдастарымен араласуын әбден шектейді, қарым – қатынас шеңбері өте тар. Өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу – мемлекеттік маңызы бар мәселе, әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың біріккен күштері қажет, - деп айтты өзінің қорытынды сөзінде салауатты өмір салтының қалыптасу орталығының маманы» [5] .   

 Сондықтан, шын мәнінде де, өзіне өзі қол жұмсаудың негізгі себебі болып елде орын алған күрделі әрі қарама-қайшы жағдай табылады. Әлеуметтік қорғансыздық, экономикалық тұрақсыздық, саяси хаос, байлар мен кедейлер деп тапқа бөліну, ажырасудың жоғарлауы мен толық емес отбасылар санының көбеюі, балалардың қараусыз қалуының кең көлемді масштабы, балалардың тірі ата-анасы бар уақытта жетімге айналуы жасөспірімдердің шектелу үрдісінің негізігі шартын құрайды. 

 Қазіргі кезде біздің қоғамымызда түрлі негізде пайда болатын даулық жағдайлар адамды негативті әрекетке және ойланбай қабылдайтын шешімдер тізбегіне әкеп соқтыратын жалпы адамгершіліктің теріс бағдарына жеткізеді.

Әріне, әр бір өзіне өзі қол жұмсау әрекетінің себебі әр түрлі. Алайда, бұл себептер түрлі комбинацияда кезігуі мүмкін, бірақ әлсіз айқындалған формаларда, яғни басты себеп болмауы мүмкін, біртіндеп жиналған майда себептер әрекетке баруға итермелеуі мүмкін. Бірақ, мәні бойынша бәрі бір нәрсеге келіп тіреледі: бала қандай да бір мәселені жалғыз жеңе алмайды, ал жағдайды түсінетін ересек адам жанынан табылмайды. Осы жағдайда балаға тұғырықтан шығудың тек бір амалы – өлім болып көрінеді.

 Қорытындылай келе, жасөспірімдік жас – өзгерістер дамуыдың бөлінбес бөлігі болып табылатын кезең. Осы жаста болатын психологиялық және физикалық өзгерістер міндетті түрде жасөспірімнің өлімге деген қатынасын қалыптастырады. Өзіне өзі қол жұмсауға бейім жасөспірімдер сирек өлімге құштар болады, олар тек көтере алмайтын жағдайлардан кеткісі келеді. Жасөспірімдік өзіне өзі қол жұмсаудың психологиялық мәні де осыда. Бұл көмекке шақыру туралы айқай, өзінің зардаптарына басқалардың назарын аудару. Шын өлуге деген ниет болмайды, өлім туралы түсінік аса нақты емес, инфантильді.

 Жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсауды алдын ала болжау үшін көп іс-шараларды жүзеге асыруға болады. Оңтүстік Калифорния Университетінің ғалымдарының зерттеулері жастардың тең жартысы өздерінің күйзелістері туралы ата-аналарымен бөліседі деп көрсетті. Оған қарамастан, көп өзін өзі өлтірулер уй қабырғасында болады, ал ата-аналары көрші бөлмеде отырғаны анықталады. Көп жағдайда өзіне өзі қол жұмсаудың себебі ата-ана мен балалар арасындағы қатынатың болмауы немес тым аз болуы осындай әрекетке әкеліп соғады. Отбасындағы жағымды орта жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсау әрекеттерінің жиілілігін азайтады. Ата-ана баласының қиындықтарына қатыспаса, кері нәтижелер көрсеткіші жоғарылайды. Ересек адамдарға баланың не туралы айтып отырғаны және түпкі ойы не туралы екенін жетік түсіну өте маңызды. Жасөспірімдер өз тарапынан үлкен адамдардың құндылықтары мен көзқарастарына түсінушілікпен қарауы керек. Балалар мен ата-аналар арасында үнемі келісімділіктің болуы шарт емес, өмірге деген көзқарастар мен ойлары екі деңгейде екі түрлі, бірақ соған қарамастан ашық және қанық қатынастардың болуы шарт. Осы жағдайда ғана өзіне өзі қол жұмсау індетінің алдын алуға болады [6].    

 Өзіне өзі қол жұмсаған немесе соған әрекет еткен жеткіншектер өздерінің ойлары туралы әр түрлі жолдармен алдын ала белгілер береді. Үлкендердің міндеті тек – оларды уақытында байқау!

 Қандай да бір жағдайға көңілі түскен жасөспірімнің мінез-құлқын мұқият бақылаңыз, оның сөздеріне құлақ салыңыз. Болған оқиғаны кішірейтуге тырыспаңыз, мысалы құрдасымен төбелескен жағдай сіз үшін түкке тұрғысыз болса да, бала үшін ол маңызды рөл атқаруы, оның күйзеліске ұшырауының басты себебіне айналуы мүмкін, жеткіншекке өзіңіздің қамқорлығыңыз бен махаббатыңызды білдіріңіз. Егер өзіңіз баламен ашық қарым-қатынасқа түсе алмасаңыз, ашық әңгімеге тарта алмасаңыз  үшінші бейтарап жақты табыңыз, мысалы туысқаныңыз немесе жаттықтырушыға өтініш жасаңыз. Баламен ашық әңгімелесу оның моралды қалып – күйіне өте маңызды.  

 Отбасы, достары қатты қолдау көрсететін, құрдастарымен бір ортаның мүшесі болатын және мейірімділік пен махаббаттың ортасында өскен жасөспірімдер өмірлік қиындықтарды, күйзелістер мен уайымдауларды оңай жеңеді. Жылу мен мейірімділігі жоқ жасөспірімдер, өмірде осылардан айырырлғанын саналы түрде сезе бастағанда, өзіне өзі қол жұмсауға бейім бола бастайды.

 Сонымен, жасөспірімнің әлемінің көп бөлігі өзінен тұрады, бала қиын жағдайға түскеде уайымдай, күйзеле бастайды, ақырында өзіне өзі шектеле бастайды. Менмендік өзін өзі мойындамау сипатына ие болады. Егер өзіне деген негативті қатынас орнаса, агрессия өзіне қарай бағытталады (аутоагрессия):алаңдаушылық, кінә сезімі, күйзеліс. Жасөспірім жиі өзіне не болып жатқанын толық түсіне алмайды және басқалармен де өзінің сезімдерімен бөлісе алмай қалады. Осыдан өзін төмен бағалау және болашаққа деген пессимистік бағдар орын алады.     

 Өзіне қол көтеру отырып, бала ересектермен дауында соңғы аргументін пайдаланады. Ол өлімді уақытша күй деп қабылдайды, ауқыт өткенде қайта тірілемін деп ойлайды.

 Осылайша жас ерекшеліктердің талдауы, соның ішінде жасөспірімдер талдауы өзіне өзі қол жұмсауға мектеп қабырғасындағы жеткіншектер бейім болатынын көрсетті. Оның тамырын жою үшін төменгі мектеп жастан бастап алдын алу шараларын жүргізу қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.       Блог социального педагога, психолога. Проблема подросткового суицида/http://www.mybloginfo.ru/view_post.php?id=66

2.       Кочюнас Р. Основы психологического консультирования. - М., 1999.

3.       Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. - Л-, 1983.

4.       Конончук Н.В. О психологическом смысле суицидов // Психологический журнал. - 1989, - № 5. - С. 95 - 102.

5.       Львова, И. Н.   Суицид в современном обществе: причины и факторы // Научное обозрение. - 2007. - № 2. - С. 127-129.

6.       Сраубаев Е.Н., Сергалиев Т.С., Абдилда А.Ж., Байменова Д. М., Белан Н.Г. Особенности распространения самоубийств в Республике Казахстан // Медицина и экология. – 2009. - № 4.