Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің модельдері

 

Ермекбаев М.А.- п.ғ.к. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті (Қазақстан)

 

«Модель» термині латын тілінен /modulus/ шыққан, «өлшем» деген ұғымды білдіреді. Үлгінің  негізінде белгілі бір білім саласындағы фактілер, заттар мен қарым-қатынастың көрініс беруі түсіндіріледі. «Модель» деп педагогикалық жүйенің мақсатты түрде қарастырылып, негізгі белгілері жасалған бөліктері түсініледі және олардың біртұтас қызметі оқытудың тиімділігін арттыруға әкеледі.

       «Модель» мазмұны мен типі, мақсаты мен міндетіне байланысты әртүрлі. Олар зерттелетін заттық ортаның түп нұсқасының мазмұнына, оның қоршаған ортаға әсеріне де байланысты өзгеріп отырады. Модель айтылу, қолдану ретіне қарай заттық ортаны айқындайтын білім туралы ұғым ретінде; белгілі топтасқан өзара байланысты сөйлем жиынтығы қорытындылар түрінде; объектінің негізгі жақтарын, элементтерін, байланысын айқындайтын физикалық графика – схема түрінде; сондай-ақ негізгі сыртқы және ішкі байланыстары мен қатынастарын анықтайтын математикалық формулалар немесе сандық кестелер түрінде де болуы мүмкін.С.И. Архангельский өзінің еңбегінде модельдеуді төрт түрге бөледі:

1.     Қарапайым.

2.     Күрделі.

3.     Схемалы.

4.     Бөлшекті.

        Модельдеу түрлері бір-бірімен үйлесіп, толықтырылып отырады. Кез-келген модельдеуді әсіресе, күрделі модельдеудің мақсаты мен міндетін, іс-әрекетін және құралдарын таңдау әрі бұл құралдарды,  әрекеттерді негіздеу үшін арнайы даярлық қажет[1].

        В.А.Штофт модельдерді түрлі белгілері бойынша екіге бөлінеді:

-сезімдік-бейнелі элементтерден құралатын бір жақты идеал модельдер. Мұнда сезімдік-бейнелі элементтер модельденетін нақты құбылыстың тиісті элементтерімен ұқсастықта болуы көзделеді;

- идеал модельдер. Таңбалық жүйелерді көрсетеді, өйткені олардың элементі арнайы таңбалар болады. [2]

        М.Вортофскийдің тұжырымы бойынша «Модель – бұл жоғары дәрежеде мамандандырылған, бізді техникалық жарақтандырудың бір бөлігі, оның ерекшелігі де келешектегіні құруда... модель деп тек қана жеке мәнді емес, осы мәнді ұсынатын іс-әрекеттің тәсілін айтамын» [3].

      Философиялық сөздікте «Модельдеу (фр. modele – үлгі, пішін) – зерттеу үшін арнайы жасалған бір объектіде басқа бір объектінің сипаттамасын қайта жаңғырту... Зерттеушіні қызықтыратын объекті мен оның моделінің арасында белгілі бір ұқсастық болуы керек» [4].

     В.В.Ермилова мен Д.Ю.Ермилова өздерінің еңбектерінде «Модельдеу –бейнелеу, яғни тұтас объектіні(объект жүйесін), ситуацияны немесе процесті сипаттау немесе ұсыну» [5], - деп түсіндіреді.

Дегенмен әдіснамалық тұрғыдан американдық философ М.Вартофскийдің көзқарасының маңызы жоғары. Ол модельді болашақ әрекетке бағдарланған прототип деп атауды ұсынады. «Ең алдымен менің есептейтінім, модельдер-біздің техникалық жабдықтауымыздың жоғары мамандандырылған бөлігі, олардың өзіндік функциялары болашақты жасауда тұрады… модель ретінде мен кейбір мәнді ғана емес, осы мәнді анықтайтын әрекет тәсілін көремін. Бұл мағынада моделдер – мақсаттарды іске асыру және сонымен қатар осы мақсаттарды іске асыратын инструменттер… Модель бір мезгілде мақсатты ескереді және оның жүзеге асуын кепілдейді» [6], - дейді.

М.К.Мамардашвили: «Модельде эмпирикалық түрде байқалатын шындықтың барлық толып жатқан қасиеттері мен байланыстары тізілетін сияқты, олар бұл жағдайда тек ғылыми жолымен алынады; адам оларға қатысты зерттеуші болады», - деп атап көрсетеді [7]. Дегенмен зерттеудің мақсаттарына неғұрлым сәйкес келетін «модель» ұғымын И. Дыдина анықтаған. Бұл «ойша елестетілген немесе материалды жүзеге асырылған жүйе, ол зерттеу объектісін бейнелей отыра немесе қайта жаңғырту арқылы оның орнын басуға қабілетті болады, бұл жағдайда оны қарастыру бұл объект жөнінде бізге жаңа ақпарат береді» [8, 73б.]. Бұл зерттеу жұмысы тапқан және баяндаған модельдің болуы жөніндегі керекті және жеткілікті шарттарына негізгі бола алады. Атап айтқанда;

-   модель мен түпнұсқа арасында ұқсастық қатынастығы болады, оның формасы айқын көрсетілген және дәл анықталған (бейнелеу және ұқсастықты анықтау шарттары);

-   модель ғылыми таным үдерісін зерттелетін объектінің орнын басатын болады (репрезентативтік шарты).

Қорыта айтқанда, қоршаған ортамен араласып, қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде адам өз танымына қарай модель құрайды.

Лингвистикалық модель зерттеу нысанының қасиеттерін бойына сақтай алуы қажет. Теориялық жағынан алғанда модель мәтіннің ұзындығына да, сөйлемдер санына да шек қоймайды. Сондықтан да лингвистикалық модельдің формальді пішінде болуы, оның мүмкіндік шегін барынша ұлғайтуға жағдай жасайды. Кез келген лингвистикалық модель математикалық терминдермен, ал оның түсінігі тілдік терминдермен бейнеленеді[9, 73б.].

Лингвистика мен математиканың жақын келетін тұстары да кездеседі. Сондықтан табиғи тіл құрылымын сипаттауда қолданылатын математикалық әдістің негізгісі де осы модельдеу әдісі. Сонымен бірге құрылымдық лингвистикада басқа да әдістер молынан қолданылады: аксиомалық, формальдау әдістері мен жиындар теориясы және функциялар теориясы т.б. [9, 25 б.].

Хоккет: «Айқындалған ережелер жүйесі грамматикалық сипаттау моделін құрайды және бұл модель тілдің грамматикасын зерттейді, нәтижелерін тұжырымдайды. Қанша түрлі мағынадағы сипаттау болса, сонша түрлі модель болады...», – дейді [10, 210 б.]. Хоккеттің «Екі модель» атты мақаласы және Хомскийдің «Тілді сипаттаудың үш моделі» деген мақалалары тілдік құрылымдарды модельдеудің түрлеріне арналған аса құнды ғылыми еңбектер деуге болады. Профессор Н.Хомский ол жөнінде сол 1956 жылғы конгресте «Лингвистикадағы түсіндіру модельдері» деген баяндама жасаған [11, 210 б.].

     Модельдеуді қолданудың тиімділігі  адамның санасында сөз тіркестерінің заңдылықтарын жинақтауын. Сөз тіркесі моделінің  оның дыбыстық алгоритмі  мен нақты  мағынасына тәуелді емес. Мысалы, мына модельді алайық: Ad j + S(сын+зат). Бұл  модель бойынша жүздеген сөз тіркесі жасалатын  болғандықтан, олардың әрқайсысының  жекелеген мағынасы  мен айтылу ерекшеліктеріне  осы модельдегі  сөз тіркесі үшін  мағыналық  жағына үйлесімділік  тапқан сын есім  мен зат есімнің  тіркесі жасалады. Мысалы, көк аспан, алтын сағат және т.б. Мұндай сөз тіркестері синтагмалық қатынаста жасалады. Сөз тіркестерінде сөздер белгілі бір байланысу тәсілі арқылы өзара байланысқа түсіп, одан синтаксистік қатынас туындатады. Мұның барлығы синтагмалық тізбекке енген сөз тіркесінің өзіндік бір жүйе сияқты құрылатынын көрсетеді. Жүйені үйлесімді орналасқан бөлшектердің өзінен жоғары деңгейдегі тұтастық құрауы деп танитын болсақ, онда формасы мен мағынасы жағынан үйлескен екі сөздің синтагмалық тізбекке еніп, сөз тіркесі деген жаңа деңгейдегі тұтастық құруы соның дәлелі болады. Төмендегі модельдер Н. Құрманова, Қ. Молдабек,

М. Ермекбаевтардың еңбектерінен алынды. Мұны мынадай жолмен көрсетуге болады. N + N( есім сөз + есім сөз) формасындағы есімді сөз тіркестері

1.     Анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері - А+ N                    ( анықтаушы мағынадағы есім сөз +  есім сөз ) моделі

2.     ADJ + S ( сын есім + зат есім) формасындағы есімді сөз тіркестері

3.     NUM + S ( сан есім + зат есім ) формасындағы есімді сөз тіркестері

4.     PRON + S ( есімдік + зат есім) формасындағы есімді сөз тіркестері

5.     ADV+ S ( үстеу + зат есім ) формасындағы  сөз тіркестері

Етістікті сөз тіркестері

6.     V( есімше) + S формасындағы  сөз тіркестері

7.     V( меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері)  моделіндегі толықтауыштық  қатынастағы етістікті сөз тіркестері

8.     С+ V ( қабыса, меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері)  моделіндегі пысықтауыштық  қатынастағы етістікті сөз тіркестері

9.     Ш + V  шылаулар арқылы байланысқан  сөз тіркестері

N- есім сөз

ADJ - сын есім

S - зат есім

NUM – сан есім

PRON - есімдік

ADV үстеу

V – есімше

Мысалы: алтын сағат сөз тіркесін қарастырайық.

 -Мұндағы синтагмалық тізбекте екі сөз орналасқан: алтын + сағат. ADJ - сын есім+ S - зат есім

-Олардың байланысу тәсілі- орын тәртібі.

-Байланысу түрі- қабысу.

  -  Туындайтын мағыналық қатынасы - анықтауыштық. Өйткені, басыңқы мүше –не?-  сағат, бағыныңқы мүше- қандай?- алтын. Бұл түстің сағатқа тән болатыны белгілі. Ендеше мағыналық байланыс бар, формалық жағынан жалғаусыз, қабыса байланысып тұр. 

Тағы да сөз тіркестерінің сөзжасамдық моделін көрсетейік. Морфологиялық тұлғалар төменде көрсетілгендей символдар арқылы таңбалаған: N – кез келген есім сөз табы; S – зат есім; Аdj – сын есім; Num – сан есім; Pron – есімдік; Adv – үстеу; Inf – тұйық етістік; Advlok –мекен үстеу; Advtemp – мезгіл үстеу; Advmod – қимыл-сын үстеу; N1–N2–N3.– есімді компоненттердің септік тұлғалары; V – етістік; Vpas – ырықсыз етіс тұлғасы; Nр – шылау не көмекші сөзді есім сөз.

 Біздің зерттеуімізде әр стиль бойынша алынған сөзт тіркестеріне  

38 морфологиялық дерек белгі-код тағайындалды. Бұл моделдер

А. Жұбановтың еңбегінен алынды. Модельдің негізі сөз тіркесі (СТ): S бастауыш; P баяндауыш; At анықтауыш; Ob толықтауыш; Ad пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің (СМ-ның) дәрежесіндегі келесі сандар мен шартты белгілер мына деректерді білдіреді: 0 – жасырын зат есім, 1 – зат есім, 2 – сын есім, 3 – сан есім, 4 – есімдік, 5 – етістік, 6 – еліктеуіш сөздер, 7 – шылау, 8 – үстеу, 9 – одағай, 10 – модаль сөздер, 1+көмекші есім, + – туынды, ++ − қосарланған, біріккен. Сол сияқты, сөйлем мүшесінің индексі де мынадай ақпараттарға ие: Ø – жалқы есім, 1 – жекеше түрі, 2 – көпше түрі, І−ІІІ – тәуелдік жалғау (көптік жалғаудан кейін), б\р – бұйрық рай, ш\р – шартты рай, қ\р – қалау рай, > – етіс категориясы, < – болымсыздық категориясы, е – есімше, к – көсемше (баяндауыштан кейін, соңында тұрады), а – атау септік, і – ілік септік, б – барыс септік, т – табыс септік, ж – жатыс септік, ш – шығыс септік, к – көмектес септік (орны екінші индекс), і\ – жасырын ілік септігі, т\ – жасырын табыс септігі, І – ІІІ – жіктік жалғау.

Мысалы,  Құртқа  сөзін өткізді (ҚБ). Құртқа  + өткізді At1Ø,і + P5Ø,Ø,ІІІ

Моделі:           сөзін өткізді    Os11,т + өткізді P5Ø,Ø,ІІІ

 

    

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Архангельский  С.И. Учебный процесс в высшей школе, его законо-мерности, основы и методы. Учеб-метод пособие.-М.: Высшая школа, 1980.-368 стр.

2.     Штофф В.А. Моделирование и философия.- М.: Наука,1996.-301 стр.

3.     Вартофский М. Модели. Репрезентация и научное понимание / Пер. с англ/ общ. ред.и послесл И.Б. Новика и В.Н. Садовского.- М.: Прогресс, 1988.-507 стр.

4.     Философиялық сөздік / Ред Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов, Ж.М. Әбілдин және т.б. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы,1994.-525 б.

5.     Ермилова В.В., Ермилова Д.Ю. Учебное пособие для учреждении сред профобразования.-М.: Мастерство; Издетельский центр «Академия», Высшая школа,2001.184 стр. 

6.     Вартофский М. Модели. Репрезентация и научное понимание. Общая редакция. Новика и Садовского/ перевод с английского. – М.: Прогресс, 1988. – 510 с.

7.     Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию. Сборник / Составитель и ответственный редактор Ю.П. Сенокосова. – М.: Прогресс. Культура, 1992. – 414 с.

8.     Дыдина Б.С., Никитина Е.Д., Каргаполов Е.П. Методология и методика моделирования при решении проблем физкультурного образования: Методические разработки. – М.: ГЦОЛИФК, 1986. – 36 с.

9.     Дешериева Т.И. Языкознание и математика – Алматы: Наука, 1972.

84 с.

10. Hockett С. F., Two models of grammatical description, Word, 10(1954),  №2-3. – С. 10-234.

11 Хомский Н. Три модели описания языка // Кибернетический Сборник. Вып.2, ИЛ, – М.− 1961. – С. 237-266.