ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ
БЕРУДІ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Б.Р.Оспанова филология ғылымдарының
кандидаты,
Казақстан, Алматы Абай атындағы ҚазҰПУ
Қазіргі
кездегі білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттарының
бірі оқыту процесін ақпараттандырудың қажеттілігі болып
табылады. Білім ұйымдары «e -learning» негізінде электронды оқытуды
2015 жылға қарай 50%, 2020 жылға қарай 90% іске
асыратыны мақсаттық индикатормен анықталған. Осыған
байланысты педагог-ұстаздардың филологиялық білім беру жүйесінде
ақпараттық-білімдік орта қалыптастыру мен оның қызметі
және кәсіби дайындығының мәселелері ерекше маңызға
ие.
Қазақстандағы
жоғары оқу орындарының ішінде әсіресе гуманитарлық білім беруді ақпараттандыру үдерісі елеулі мәселелердің
барлығымен сипатталады, олар жүйелі түрде шешуді қажет
етеді. ҚР-да ресми түрде 148 жоғары оқу орны жұмыс
істейді, олардың көпшілігінде филология факультеттері бар. Жоғары
білікті педагогикалық, әсіресе ақпараттық, компьютерлік
дайындығы бар, шетел тілдерін білетін кадрлардың жетіспеушілігі оқыту
сапасына және мұғалімдер дайындау жүйесіне жағымсыз
ықпал етуде. Осы мәселелерді орындау филологиялық жоғары
білім берудің сапасын арттыруға бағытталған және
білім беру мен жалпы қоғам үшін ғылыми-теориялық
және практикалық маңызға ие. Себебі тіл мен әдебиет
мұғалімі, педагог-филолог егемен еліміздің адам капиталын қалыптастырудағы
негізгі ресурс – оқушылар мен студент жастарды рухани-мәдени тұрғыдан
қалыптастырады. Осыған байланысты педагог-филологтарды кәсіби
дайындаудың, филологиялық білім беру жүйесінде ақпараттық-білімдік
орта қалыптастырудың және оның қызметтік мәселелері
ерекше маңыздылыққа, өзектілікке ие.
Осы филологиялық білімді қазіргі
заман талаптарына сәйкес ұйымдастырып, оның білім беру үдерісіне
жаңа технологияларды енгізу туралы ғылыми
зерттеулерге тереңірек бойлап, кеңірек ой жүгіртсек, қазіргі
заманның әрбір адамы белгілі бір сапа-қасиетке ие болуы қажет
екені айқын бола бастады. Ол – компьютерлік сауаттылық пен
электронды құрал-жабдықтарда оңтайлы жұмыс істеп,
өзіне және қоғамға қажетті ақпаратты
жедел әрі қажетті мөлшерде ала білу және тиесінше
пайдалана білу екені анық. Өйткені жаңа заманның адамы
жылдам өзгеріске түсіп, құбылып отыратын қазіргі
жоғары дамыған ақпараттық қоғамға
бейімделуі қажет. Сондықтан да қазіргі таңда отандық
білім беру жүйесінің, оның филологиялық жоғары
білім беру саласының алдында зор міндет тұр. Ол – қазақстандық
әрбір азаматтың бойына түрлі білім мен біліктілік қасиеттердің
ішіндегі ең бастыларының бірі болып саналатын ақпараттық
технологияларды дұрыс пайдалана білу бойынша сауаттылық қалыптастыру,
яғни қажетті техникалық құрылғылармен жұмыс
істеп, солар арқылы алынған ақпаратпен тиімді қарым-қатынас
жасай алатын жаңа заманның студенттерін және әлемдік бәсекеге
қабілетті білікті мамандар мен кәсіп иелерін дайындау болып отыр. «Оқытудың
қазіргі заманғы жаңа технологиясы оқу үдерісіне
педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі
кешені ретінде пайдаланылады. Бұл технологияны оқу-тәрбие жұмысының
бір-бірімен тығыз байланысқан білімгерлерді (оқушы, курсант,
студент т.б.) дамытуға бағытталған әдістері мен түрлерінің
кешенді жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда ол
білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру ісінің басты бағыты,
яғни оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз
ететін біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан да оқу-танымдық,
оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, педагогика-психологиялық,
ақпараттық-коммуникациялық жаңа технологияға бетбұрыс
әлемдік білім кеңістігіне талпынған қазақстандық
ғылыми-әдіснамалық жүйені мазмұны жағынан ғана
байытып қоймай, құрылымын да өзгертіп, бағыты жағынан
да жетілдіре түседі» [1,38].
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі
мен тұтастығын берік қалыптастыруда қоғамдық-әлеуметтік
пәндердің, соның ішінде филология пәндерінің алар
орны ерекше. Еліміздің рухани құндылықтарын бағалауда
филология пәндері тәлім-тәрбиелік, көркем-эстетикалық,
тарихи-танымдық маңызды қызмет атқарады. Сол себептен
филологиялық жоғары білім беру заман талабына қарай жаңа
технологиялармен оқытылып ақпараттандырылуы өзекті мәселелердің
қатарына жатады.
Білім беруді ақпараттандыру
жағдайында филология саласындағы педагог мамандардың
біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі
міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан
педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру
туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық
жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу
барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық
технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама,
модульдік жұмыс бағдарламаларын жүйелеп бір қалыпқа
келтірілуі керек. Сонымен бірге ЖОО -дағы білім беруді ақпараттандыру жағдайында филолог мамандардың ақпараттық сауаттылығын,
ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы
сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі
күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі
таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге
асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы
мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Елбасы Н.Ә.
Назарбаев өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік
және саяси жедел жаңару жолында» деген еңбегінде: «ХХІ ғасырда
білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері
анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық
және ғылыми қамтымды өндірістері үшін қадрлар
қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз
әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы
басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра
алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік
білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз
шарт» [2], – деп ел қоғамы алдына үлкен міндет жүктеді.
Филология саласында өңделген қызмет принципіне сәйкес
болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық
қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені
меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет
етуі арқылы жүзеге асатын меңгеру
негізінде ғана дамытуға болатын мәселе.
Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр
жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке
ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған
байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес
оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажеттілігі болып табылады.
Қоғамда ЖОО ақпараттандыру, техника құралдарын кеңінен таралуымен байланысты, оқу
процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын
өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта
құрулардың негізгі субъектісі - ұстаз. Қазіргі оқу орындарында шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған,
жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық
шеберлігі қалыптасқан ұстаздар
қажет. Ол ұстаздар бір уақытта педагог-психолог және оку
процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін
ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ,
психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер
туындайды.
ЖОО ақпараттандырудың қазіргі
қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік
тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізілуде соның бірі Абай атындағы Қазақ
Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы «Әдебиеттану
және тіл білімі» ҒЗИ республикалық ғылыми жобалар
конкурсынан ұтып алған «Жоғары мектептің
филологиялық білім беру жүйесін ақпараттандыру» атты іргелі ғылыми
жоба. Жобаны орындау барысында орындаушылар кешенді түрде білім мен ғылымға
жаңашылдық әкеліп, үлес қосатын филологиялық
жоғары білімді ақпараттандырудың теориялық, ғылыми-ұйымдастырушылық
және қолданбалы міндеттерін отандық ғылымдар тоғысында
алғаш рет зерттелуде.
Қазіргі заманғы оқыту
интелектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет
етеді. Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін
құрал, бірақ ол ұстазды алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері
психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде
педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып
кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп
көңіл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті
бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады.
Компьютерді ұстаз қосымша
материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар
беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге тілдік мәтіндер, ақын жазушылардың шығармалары, суреттер, схемалар,
иллюстрациялар, табиғат бейнесі және т.б. жатқызуға болады. Ұстаз араласпай-ақ, шәкірттер өздері меңгеруге тиісті ақпараттар
беріледі. Қажетті ақпараттарды
жинақтауда электрондық
техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында
электрондық құрырғылармен жұмыс
істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады.
Жаңа ақпараттық
технология құралдарын филолог мамандаға жүргізілетін дәрістерге
кіріктірілген сабақтарында пайдалану, шәкірттердің шығармашылық,
интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде
пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін
педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда,
оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін
тигізеді. Компютермен
жұмыс жасату шәкірттердің дүниетанымын қалыптастырады:
- өз
әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер кұра
біледі.
Программалауды оқыту шәкірттердің
логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі
бақылауын қалыптастырады, шәкірттердің еңбек ету
мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді,
жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады.
Қай
елдің болсын заман ыңғайына қарай экономикалық-қоғамдық
қатынастарының барлық саласы өзгеріп, дамыған
сайын білім беру жүйесі де өзгеше мән-мазмұнға ие
болып, сол қатынастарға сәйкес дамитыны табиғи заңдылық.
Тіл мен әдебиетті ұлттан, ұлттық мәдениеттен, ұлт
өмір сүріп отырған қоғамдық-әлеуметтік
қарым-қатынастан бөліп қарау мүмкін емес. Ал қазақ
қоғамның көркем-эстетикалық таным-біліктілікке
деген құштарлығы қашанда мәңгілік. Сондықтан
да тіл мен әдебиеті заман талабына орай, жаңаша оқытып, оның
рухани-мәдени әлеуетін жас ұрпақ тәрбиесінде
барынша тиімді пайдалану маңызды мәселелердің бірі болып қала
бермек. Сондай-ақ білім беруді ақпараттандыру үдерісінің
нәтижелері сипатталып, оның
бірер жылда шешуге болатын мәселелері анықталды. Қорыта
айтқанда, бүгінде әлемдік
озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде
кең қолданысқа ие болып отыр.
Әдебиеттер тізімі
1. Пірәлиев С.Ж.,
Даутов С.Б., Симтиков Ж.Қ. Елбасы және отандық білім жүйесі.
-Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат», 2011
жыл.
2.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында. Айқын, 2005 жылғы 19 ақпан.