Қарағанды облысы,  Ә.Бөкейхан атындағы №76

 білім беретін орта мектебінің жоғары категориялы

физика пәні мұғалімі  Жарылғасын Айгүл,

ІІ санатты физика пәні мұғалімі

Жапабаева Жанар Секербаевна

Физика оқу пәнін оқыту арқылы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру

Тәуелсіздіктің ертеңі оқу-білімнің тереңділігімен өлшенеді. Еш толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз, үздіксіз дамытуды талап етеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2050” даму бағдарламасында Қазақстан халқына арналған жолдауында “Біздің жас мемелекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, жас шәкірттер онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да шегерлі, білім өрісі биік денсаулықтары мықты өкілдері болады ” деп көрсеткендей шәкіртерді тәрбиелеуде физика пәнінің алатын орны бөлек[1].

Физикалық заңдардың теориялардың және зерттеу әдістерінің барлық жаратылыстану ғылымдары үшін шешуші мәні барлығымен байланысты. Физика пәні материя қозғалысының неғұрлым жалпы қасиеттері мен заңдарын зерттейді. Ол осы заманда жаратылыстануда жетекші роль атқарады. Физика мен техниканың даму тарихымен таныса келе оқушылар адамның, ғылыми білімдерге сүйене отырып, айналадағы шындық болмысты қалай қайта өзгертетінін, өзінің табиғатқа билігін қалай арттыратынын түсіне бастайды. Физиканы оқып үйрене отырып, оқушылар көптеген табиғат құбылыстармен және олардың ғылыми түсініктерімен танысады, балалардың бойында дүниенің материалылығы туралы, қандай да болсын жаратылыстан тыс күштің жоқтығы, адамның қоршаған әлемді тану мүмкіндігінің шексіздігі туралы сенім қалыптасады [2].

Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау физиканы оқыту процесінде оқушыларды физиканың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, транспорт пен медицинадағы аса маңызды қолданыстармен таныстыруға, автоматика туралы түсінік беруге, практикада кеңінен қолданылатын өлшеу приборларымен және құрал-саймандармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Физика оқу пәнінің оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру үшін мүмкіндіктері зор. Физикалық теориялар мен заңдарды оқып үйреніп, құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық байланыстарды , анықтау, нақты физикалық есептерді шешуге теориялық білімдерді қолдану оқушылардың логикалық ойлауын, олардың танымдық қаблеттерін дамытуда үлкен роль атқарады.

Физиканы оқып үйрену барысында оқушылар дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру процесінің мынадай негізгі элементтерін қамтиды: оқып үйренетін физикалық құбылыстардың материялық табиғатын ашу; құбылсыстар арасындағы байланыстарды тағайындау және оларды дұрыс түсіндіру; оқып үйренетін физикалық заңдардың объективтік сипатын ашу; оқушыларды табиғат заңдарын танып білу және оларды табиғатты қайта өзгерту пайдалану үшін мүмкіндігіне көздерін жеткізу; табиғатты тану процесінің диалектикалық сипатын ашу; физикадағы ғылыми жетістіктерді көрсету[3].

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық процестің өте шапшаң қарқынмен дамуы жаратылыстану пәндеріне оның ішінде физика пәнінің мектепте оқытылуына көп көңіл аудару-тәуелсіз еліміздің болашақ мамандары үшін аса маңызды.

Компьютерлік оқыту технологиясының пайдасы әртүрлі компьютерлік программалар арқылы жазу, оқу, , диаграмма, схемалар салуға қолайлылығы т.б. болып табылады.  Соның нәтижесінде барлық мектептерді компьютерлендіру, оқушы басына шаққандағы компьютердің санын көбейту ақпараттық-коммуникативтік технологияның дамуына негіз болды. Бүгінгі таңда интерактивті тақталардың пайда болуы оқу сапасын арттырып, оны кең көлемде пайдаланудың сәтті қадамдары жасалып отыр.

Физика тарихы – ғылым тарихының бір бөлігі, яғни физика ғылымының дамуын зерттейді Физик атарихын оқып үйрену арқылы оқушылар ғылыми түсініктерін тереңдетеді., теорияны толықтырады. Сонымен қатар әдістемелік және тәрбиелік мәні зор. Ғылым мен техниканың даму процесін жетілдіруде физика тарихына көңіл аудару қажет. Ғылым тарихын үйрете отырып оқушылардың дүние таныиын дамытуда, адамгершілік қаситетін қалыптастыруда, білімге деген сүйіспеншілігін арттыруда әсері зор.

Осы мақсаттардың орындалу нәтижесінде оқушыларды үздіксіз білім алуға, шығармашылық қабілетін және ойын дамытуға, олардың бойында дидактикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік жасалады. арық тар саңылаудан өтіп мөлдір экранға түскенде ауытқитындығын
дәлелдеді. Мектепте оптика бөлімін оқып жүзі бойы зор жұмыстарының нәтижелерімен танысу арқылы қол жеткіземіз [4].

Қазақстан Республикасының 2050 жылғы Президент өз Жолдауында білім беру жүйесін жаңғырту барысында жүзеге асырылуға тиісті 6 түрлі мін­детті алдымызға қойып отыр. Ол мін­деттер мынадай: оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен инновациялық технологияларды кеңінен енгізу; педагогтар құрамының сапасын арттыру; біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру; жастарды әлеуметтік бейімделуге үйрету; оқыту үдерісінің тәр­биелік құрамдасын күшейту.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1 Қарамурзин Н.Т. Физиканы мектепте оқытудың кейбір мәселелері

2 Бугаев А.И.Методика преподавания физики в средней школе:уче.пособие

3 Сариева А. Физиканы оқыту процесін компьютерлендіру // ИФМ

4Туралиева А. Оқушылардың физикадан шығармашылық қабілетін дамыту