Курмангалиев Е.М.
Мекеме.АК-159/20 әділет
майоры, Қазақстан
Республикасы
Колония-қоныстарда жазаны атқаруды
ұйымдастыруды әрі қарай жетілдіру сұрақтары
Соңғы
онжылдықта Қазақстан Республикасының
Қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру аясында, бас
бостандығынан айыру жазасын колония-коныстарда атқаруға
байланысты бірқатар бағдарламалар іске асырылып, олардың
арасында бірқатар басым мәселелерді кезең-кезеңмен
шешіп және белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік алғанымызбен, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012
жыл 15 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан халқына жолдауындағы Парламентке койған
тапсырыстарының бірі өзекті заң актілерінің
қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізуді және,
ең алдымен, қылмысқа қарсы мемлекеттің
күрес саясатын тұжырымдық тұрғыдан
жаңғыртады, біздің құқықтарымызды
қазіргі сын-қатерлерге өз дәрежесінде әрекет
жасайтындай деңгейге көтереді[1] – деген Президентіміздің
сенімі, қылмыстық-атқару саясатын тиімді іске асыру,
соның ішінде колония қоныстарда жазаны атқаруға
байланысты мәселелерді шешудің заңнамалық сапасы мен
деңгейін жаңашалауға бетбұрысты жолдайды.
Осыдан, бас
бостандығынан айыру жазасын колония-коныстарда атқарудың
тиімді жүйесін ұйымдастыру, колония-қоныстар қызметі, осы орындардан босатылған адамдарды
оңалтудың пәрменді жүйесін тиісінше жасақтау
мәселелері ерекше кекейкесті болмақ.
Колония-қоныстар
жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі міндеттер кешенін іске
асыру мемлекеттің тұрақты қолдауынсыз, өзге де
мемлекеттік органдармен өзараәрекет пен халықаралық
ұйымдармен белсенді ынтымақтастық жасаусыз мүмкін емес,
ол жаңа бағдарламаны әзірлеу қажеттілігін негіздейді,
оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар халықаралық
тәжірибені және шетелдік мемлекеттердің осы саладағы
озық тәжірибесін қолдана отырып, бас бостандығынан
айыру жазасын орындауатқару саласында бұрын қолданылған
бағдарламаларға қатысы жағынан сабақтастық
қағидатын сақтай отырып, қоғам дамуының осы
кезеңге тән сұрақтар мен басымдықтардың
тиімді шешімін табуға ықпал етуі тиіс.
Колония-қоныстарда
қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаттың
талабы – заңда жазаның мақсаты мен маңызын
бекітудің қажеттілігіне себепші болу және жазаны орындау
тәртібін анықтау.
ҚР
қылмыстық атқару заңының 125б сәйкес
сотталғандар колония-қоныстарда күзетсiз, бiрақ
колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң қадағалауында болады;
түзеу
мекемесінің ішкі тәртібі ережелерiмен
ұйқыға бөлiнген уақыттан басқа кезде колония-қоныс
аумағы шегінде еркiн жүрiп-тұру
құқығын пайдаланады; колония-қоныс
әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен егер олардың
орындайтын жұмысының сипаты бойынша не оқуына байланысты
қажет болса, түзеу мекемесіне іргелес аумақ шекаралары
шегінде қадағалаусыз жүрiп-тұра алады;
азаматтық киiм киiп жүре алады; өзiнде ақша мен
бағалы заттар ұстай алады; ақшаны шек қоюсыз
пайдаланады; посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алады; санына шек
қойылмай кездесе алады; әдетте өздерiне арналған
жатақханаларда тұрады. Жазаны өтеудiң белгiленген
тәртiбiн бұзуға жол бермеген және отбасы бар
сотталғандарға колония-қоныс бастығының
қаулысы бойынша түзеу мекемесiне iргелес аумақта, не
колония-қоныс орналасқан елдi мекен шегiнде жалға алған
немесе өзiнiң тұрғын алаңында отбасымен
тұруына рұқсат етiлуi мүмкiн. Аталған
сотталғандар тiркелу үшiн колония-қонысқа айына
төрт ретке дейiн келуге мiндеттi. Тiркелу кезеңi
колония-қоныс бастығының қаулысымен белгiленедi.
Сотталғандар тұратын тұрғын үй-жайларда
колония-қоныс әкiмшiлiгiнiң өкiлi кез келген
уақытта бола алады[2].
Бас
бостандығынан айыру жазасын атқаратын мекеменің сипаттамасын
талдау нәтижесі жалпы, қатаң, ерекше режимдегі
колониядағы бас бостандығынан айыру жазасын атқарудың
тәртібіне қарағанда колония-қоныстардың
қоғамнан оқшаулау қызметі өзгеше
мазмұнға ие болатынын көрсетті. Отбасы бар
сотталғандарға колония-қоныс бастығының
қаулысы бойынша түзеу мекемесiне iргелес аумақта, не
колония-қоныс орналасқан елдi мекен шегiнде жалға алған
немесе өзiнiң тұрғын алаңында отбасымен
тұруына рұқсат етiлген жағдайда ол адамның
жүріс-тұрысы мүлдем оқшаулау жағдайына
жатпайтынға ұқсайды. Ол адам колония-қоныстар
аумағының анықталған шегінен тыс қозғалады.
Ондай еркіндік басқа түзеу мекемелерінің мазмұнынан
күрт ажыратылады. Олай болса, колония
қоныстардағы «бас бостандығынан айыру» мен
«қоғамнан оқшаулау» мазмұнына қарасты
дәлдеу жүргізу әрі бас бостандығынан айыру жазасын
атқаратын мекемелердің бірі колония-қоныстардың жалпы,
қатаң, ерекше режимдегі түзеу колонияларынан
айырмашылығына тоқтала отыра, бұл мекеменің табиғатын
ашу бүгінгі өзекті сұрақтардың қатарында
екенін басым атап өту қажет.
Бас
бостандығынан айыруға сотталғандарды түзеу мекемелері
бойынша қылмыстық - атқару жіктеуінің негізгі
мақсаты – сотталғандардың түрлі топтарына қатысты
жазаның бірдей атқарылуын және сол жазаның мейілінше
тиімді түрде жүзеге асырылуын және істелген
қылмыстың коғамдық қауіптілігі мен
қылмыскер тұлғасының сипаты мен дәрежесіне
сәйкес кінәліні қылмыстық жауаптылыққа
тарту мен жаза шарасын тағайындау туралы мәселелердің
дұрыс шешілуін қамтамасыз ету.
Бұл
талап қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі
тәртіпті сақтауға қойылатын жоғары талаптарды
сақтаумен және қамтамасыз етумен қатар
қылмыстық жазаларды орындау (өтеу) процесін
психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету,
қылмыстық-атқару жүйесі персоналының мәртебесін
арттыру және оларды
әлеуметтік-құқықтық қорғауды
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту және
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі тәртіпті
сақтауға қойылатын жоғары талаптарды сақтаумен
және қамтамасыз етумен қатар қылмыстық жазаларды
орындау (өтеу) процесін психологиялық-педагогикалық
қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі
персоналының мәртебесін арттыру және оларды
әлеуметтік-құқықтық қорғауды
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту қажет[3] –
деген Қазақстан
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге
арналған құқықтық саясат
тұжырымдамасының негізгі бағыттарына жауап береді.
Қазақстан Республикасының
қылмыстық-атқару жүйесін дамытудың 2012-2015
жылдарға бағдарламасының негізгі мақсаты ҚР
қылмыстық атқару жүйесінің қызметін жетілдіру
және жұмыс тиімділігін арттыру,
Қылмыстық-атқару заңнамасын жетiлдiру, бұл ретте
осы үрдістiң басты мақсаты заң нормаларын келiсуге
қол жеткiзу ғана емес, сондай-ақ жалпы қылмыстық
жазаларды орындау жүйесiн жетiлдiру, сотталғандардың
құқықтарын қорғау деңгейiн арттыру,
сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесiнiң
қолданыстағы проблемалар жиынтығын шешу [4], екенін айта отырып, жаңа
заңдар қабылдау қажетілігін меңзеген елбасының
қойған мақсатын бағыттай, қылмыстық
атқару заңнамасының колония - қоныстарға
қатысты «қоғамнан оқшаулау» ұғымының
заңи табиғатын ашу сұрағына көңіл
бөлу қажеттілігі анықталады.
Әдебиеттер:
1.ҚР Президентінің
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы //kuis.kz
2.Қазақстан
Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексі Источник: ИС ПАРАГРАФ, 19.04.2012
3.«Қазақстан
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге
арналған құқықтық саясат
тұжырымдамасы» туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2009 жылғы 28 тамыздағы N 858 Жарлығы "Егемен
Қазақстан" 2009 жыл, 28 тамыз, N 281-283 (25680).
3.Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 маусымдағы № 775
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасында қылмыстық-атқару жүйесiн дамытудың
2012 – 2015 жылдарға арналған бағдарламасы//kuis.kz