Қабілет-кіші мектеп
жасындағы балалардың шығармашылық жеке адам ретінде
дамудың негізі ретінде
Жубаназарова Н.С. психол.ғ.к., доцент,
аль-Фараби атындағы
Қазақ
ұлттық университеті
Абдримова А.З.
Қазахстан, Алматы қ.
Қазіргі таңда психология ғылымының өзекті де, өткір
мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру,
оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Осыған орай
қоғамның жаңа талап-тілектері мен
әләуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында
шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке
адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты
тәрбиелеу- бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып
отыр.
Еліміздің болашағы өскелең
ұрпақтың рухани байлығы мол, білімді, кәсіби
біліктілігі жаңалыққа сай жоғары дәрежеде болуын
қажет етіп отырғаны белгілі. Мектепке келісімен-ақ бала,
бірте-бірте қоғамдық қатынастар әлеміндегі
өзінің орнын саналы сезіне бастайды. Бұл өзін
оқыту әрекетінің субьектісі ретінде сезінумен тікелей
байланысты.
Жаңа әлеуметтік
ортаға түсе отырып бала өзінің, ерекше орнына ие
болуға тырысады, өзіне жаңа әлеуметтік рөлді
алуға икемделеді, өзі секілділермен
қарым-қатынасқа түсуді ойластырады. Мұндағы
ең маңызды жайт: бала тек мектеп оқушысының рөлін
ғана қабылдап қоймай, оқушының рөлін,
бағытын ұстануы тиіс. Балалардың күнделікті дамуы мен
қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп
қарым-қатынас жасаудың қаншалықты әсер
ететіндігін жете түсінуге болады. Ата-аналар балаларымен тілдесіп,
оларға жеткізетін мағлұматтарды шектейтін болса
балалардың өсіп жетілуіне, рухани жағынан толыққанды
дамуына өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра
алмай, әр қилы өзгеріске ұшырар еді.
Қарым-қатынас адамзат үшін әр түрлі
деңгейде, әр түрлі кезеңде қалыптастыруды
қажет ететін құбылыс. Жеке адам қарым-қатынас
процесінде ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, еліктеу
арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны,
сезімді, мінез құлық нормаларын көрсетудің
формаларын меңгереді. Педагог оқушыға тек білім мен ептілік
беріп қана қоймай, оқушының қабілетін дамытады,
қалыптастырады, адамның жеке даралық бейімділігі мен қабілетіне
сәйкес кәсіпті таңдау үшін бағыт-бағдарын
анықтауға көмектеседі.
Адамның жалпы қабілеттерінің
дамуы-оның есте сақтау, қабылдау, ойлау, қиялдың
танымдық процесстерін дамытуымен байланысты.
1934 жылы кеңес психологы Л.С. Выготский [1] таным процестерінің дамуы
сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты деп
қарастыратын көзқарасты айтып өткен. Тіл тек
мәдениет қорды тасымалдау құралы ғана емес,
мінез-құлықты реттеуші де болып табылады, сөз
қандай бір іс-әрекетті тудырушы немесе жоюшы құрал.
Б.М. Тепловтың пікірі бойынша (көптеген
оқулықтарда және сөздіктерде енгендері бойынша),
қабілет – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға
қатысты бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және
өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге
сәйкестенбей–ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл
әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады [2].
Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал
нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда болған
анатомиялық - физиологиялық
ерекшелік.
Қабілетті реалды зерттеуші оны туа және
жүре пайда болған «қоспалық» деген түсінік
жұмыс істейді және ол үшін де, потенциалды
мүмкіншіктері бар адам үшін де, соңғысы (жүре
пайда болған) жасырын болуы мүмкін.
Қабілеттердегі жеке даралық өзгешеліктердің
табиғи алғы шарттарын зерттеудің негізгі мәселесі
ретінде ала отырып, тек физиологиялық тәжірибелермен ғана
шектеліп қана қоймай, қабілеттер аса күрделі
іс-әрекеттің нәтижелілік белгілерімен, соның ішінде
әлеуметтік белгілермен түсіндіріледі. Соңғысы,
яғни іс-әрекеттің нәтижелілігінің
әлеуметтік белгілері оқытудың әдістерінен, мектептегі
және жанұядағы жағдайлардан басқа
психологиялық емес немесе психологиялық факторлардан, мәселен,
мінез-құлық, темперамент бітістері сияқты факторлардан
тұрады.
С.Л.Рубинштейннің [3] ойы
бойынша қабілеттің дамуы спираль бойынша жүзеге асады:
қандайда бір деңгейді көpceтетін қабілеттің
жүзеге асу мүмкіншілігі қабілеттің ары қарай
едәуір жоғары деңгейде дамуы үшін жаңа
мүмкіншіліктерді ашады.
Б.Г. Ананьев [4]
еңбектерінде қабілет және дарындылық - жеке
адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік
бағыттьлығымен және жеке даралық психикалық
дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрылымының
қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Белгілі ғалым Н.С. Лейтес
өз зерттеулерінде мына жағдайды көрсетеді: "барлық
қабілеттер баланың айнала қоршаған ортамен өзара
әрекеттесу процесінде оқыту және тәрбие әсерінен
қоғамдық тәжірибені меңгерудің
арқасында дамиды; іс-әрекеттің әрқилы
түрлерінде жалпы кезең болғандықтан" (зейінге
және есте сақтауға, ой процесіне, әрекетті
жоспарлауға қойылатын талаптар балалар сабақтарының
әртүрлілігі тек арнайы қабілеттің дамуымен ғана
емес, едәуір жалпы қабілеттің дамуымен де байланысты [5]. Жас
ерекшелік даму барысында, әсіресе соның ішінде - жалпы
қабілеттің алғы шарттарының әртүрлі
жақтары - әрбір балалық шақта - өзіне тән
нақты жақтары болатындығына негіздеме бар. Осының
негізінде - бақылау кейбір балаларда жас ерекшелігі ұлғайған
сайын, қасиеттері уақытша пайда болады, ал кейбірінде жеке адам
құрылымында қалыптасады және беки түсетіндігін
көрсетеді.
Әртүрлі жас
топтарындағы оқушылар ерекшеліктерін салыстыру мектептік
балалық кезеңдері оқушылардың ақыл-ой
мүмкіншіліктерінің деңгейі бойынша ғана
өзгешеленбейді: жас ерекшелік кезеңдері - бұл жеке
адамның: қалыптасуына әр кезең ерекше үлес
қосатын әртүрлі сапалы баспалдақ болып табылады. Бала
есейген сайын, кейінгі дамуды тежейтін балалық бітістерді жеңу, жою
көріне бастайды. Жас ерекшеліктік даму барысында меңгерушілік –
бұрынғы кезеңдердегі нақты жетістіктерді жоғалтуы
мүмкін.
"Жалпы
қабілеттің қалыптасуы үшін, тек ақыл-ой
деңгейі ғана аса қажет емес, сондай-ақ оқу
тәрбиелік әсердің жас ерекшелігінің де мәні
зор", - деп көрсетеді Н.С.Лейтес [5. 83-86 б.]. Мысалы, бастауыш
мектеп оқушысына әсерленгіш, жеткіншектің өзіндік
шешімге келгіштікке бейімділігі - ақыл-ойдың өзіндік
ерекшелігіне, терең, із қалдырады, - деп көрсетеді Н.С.Лейтес [5. 161-164
б.]. Сонымен, әртүрлі адамдардағы қабілеттің
сапалы өзіндік үйлесімділіктердің арқасында кез-келген творчествоға
оның жеке даралығы мен өзіндік ерекшеліктігі тән
болады. Мұнсыз творчестволық прогресс, адамның
творчествосының барлық жемісі мағынасыз болар еді.
Сондықтан балаларды
оқыту мен тәрбиелеу барысында, оларда көрінген сапалы
өзіндік қабілеттер мен дарындылықты ескермей қоймау
керек, оқушыларға жеке даралық әсер етудің
әртүрлі әдістерін қолдана отырып, оны дамыту
қажет.
В.В.Давыдов, Н.Г.Салмина
зерттеулерінде; «Оқыту процесіндегі даму іс-әрекеті –
оқытушыдан оқушыға берілетін теориялық және
практикалық процесс» - деп атады. Сонымен, кіші бастауыш
мектеп кезеңінде оқу әрекеті жетекші болады. Бұл
өте ерекше қиын әрекет, көп 10-11 жыл бала
уақытын және үлкен күш-жігерді қажет етеді.
Оқу әрекеті күрделі құрылымды және
қалыптасудың ұзақ жолынан тұрады. Оның
негіздері оқудың алғашқы жылдарынан-ақ
қаланады. Мектептегі оқыту
ересектермен баланың қатынастарының жаңа жағымен,
ереже-қағидаларды қадағалау, ғылыми түсінік
ұғымдарды қабылдауымен сипатталады.
Бұл
кезеңдер баланың оқу әрекетінің өзіндік
ерекшелігі сықылды психикалық
функциялардың, жеке
құрылымдар мен ерікті мінез-құлықтың
дамуына ықпалын тигізеді. Кіші
бастауыш мектеп кезеңінде негізгі психикалық функция ретінде–ойлау
процестерінің даму, қайта құрылуымен байланысты ойлау
қалыптасады. Кіші бастауыштың бастапқы кезеңінде қабылдау
жеткілікті ерекшеленіп дами қоймайды. Сондықтан да бала, жазылуы
ұқсас әріптер мен сандарды шатыстырады. Дегенмен, заттар мен
суреттерді мақсатқа бағыттай отырып қарастырады,
бастауыш мектеп кезеңіндегі сияқты ашық, айқын “көзге
бірден түсетін” қасиеттер-негізінен түс, көлем, пішін
ерекшеленеді.
Баланың
жетістікті көре білуге, алдын ала болжамды тиімді
құруға қабілеттілік қажет. Ойша іс
-әрекетті жүргізе білу мақсатқа жете білуге
тәуелді және тиімді нәтижесінің шығуын жоспарлай
білу мен анықталады. Ойша іс - әрекеттерді құра білу
қабілеттен негізінен мектеп жасынан бастап қалыптасады. Оқушы
өз іс - әрекеттерін дұрыс құра білуге алдын ала
болжамды дұрыс ұйымдастыра білуге үйренген жаңадан
оқу процесінде ол өзіндік басқару іс - әрекетін
жақсы қалыптастыра алады.
Көптеген
зерттеулер дәлелдегендей-ақ, қызығушылық ерік,
зейінді тәрбиелейді, жеңіл және мықты есте
сақтауға көмектеседі.
Танымдық
қызығушылықтың маңыздылығы оқу
үрдісінің шеңберінен алысқа кетеді. Оқыту,
ақыл-ой дамуы және тұлғаны
тәрбиелеуде-қызығушылық, осы үштікті
байланыстырушы звено болып табылады.
Қызығушылыққа
білім ретінде жоғары орынды баға бере отырып, интеллекті
дамуының қозғаушы күші, әрі оның
үлкен әсерін атақты Кеңес психологы А.Н.Леонтьев айтып
кеткен [6, 253 б.].
Қызығушылық
бүкіл танымдық процестерге және олардың функцияларына,
әсіресе зейінге өте қатты әсер етеді, оның ішінде
еріксіз зейінге оң әсерде болады. Қызығушылықпен
байланыстағы зейін ұзақ және терең болады. Еске
де қызығушылықтың үлкен әсері бар:
қызықты нәрсе есте жеңіл, тез әрі нық,
берік сақталады, ал қызықсыз жайт есте үлкен
еңбекпен қалады және де естен тез, оңай шығады.
Танымдық
қызығушылықтардың дамуына, меңгерілетін
пәнге деген, ақыл-ой еңбегінің өзіне деген
сүйіспеншіліктердің дамуына оқушының өз бетімен
ізденуі әрі жаңа білімді ашудан, проблемалы міндеттерді шешуден
тұратын оқытудың
осындай ұйымдастырылуы көмектеседі.
Қазақстандық ғалым, профессор
С.М. Жақыповтың пікірінше - оқу танымдық
процестердің пайда болуына әкелетін және оқу-танымдық
іс-әрекеттің генезисін анықтайтын біріккен
әрекеттердің ұйымдастырылуы объектіге және оның
құрылымының белгілі бір қасиетімен түрлі
әрекеттер арасындағы байланыстың ашуына әкеледі.
Мұндай ұйымдастырылу іс-әрекетке қатысушылар арасында
әрекет тәсілдерін алмастыру мен орналастыру жағдайында пайда
болады.
Біріккен
әрекеттің
ұйымдастырылуында келесі құрамды бөліктерін
бөліп көрсетуге болады:
§ - бастапқы әрекеттер мен операцияларды орналастыру – зерттеген объектінің құру принципін іздеу себепші болған қандай өңдеу жүйесімен беріледі;
§ -әрекет тәсілдерімен алмастыру - іс-әрекет өнімін ашу үшін түрлі әрекет тәсілдерін қайта өңдеу қажеттілігімен беріледі;
-
өзара түсінушілік – біріккен іс-әрекетке
әрекеттің түрлі тәсілдерін қосу сипатымен
беріледі (өзара түсінушілік өз әрекет пен оның
өнімін іс-әрекеттің басқа қатысушыларының
әрекетіне сәйкестігін орнатуға мүмкіндік береді).
Біріккен
іс-әрекеттің болуын қамтамасыз ететін
құралдардың арасында, психологиялық
көзқарастан, ең маңыздылары келесілер болып табылады:
§ алмастыру, орналастыру және өзара түсінушілік жүрмейтін және іс-әрекет жүру шартының оқу тапсырмасына адекватты жоспарлау жүретін және әрекеттің түрлі тәсілдерін таңдауға көмек беретін – коммуникация;
қатысушының өз
әрекетіне қатынасын орнататын және осы әрекеттің
қайта өңдеуі біріккен іс-әрекеттің мазмұны
мен формасына сәйкес қамтамасыз ететін – рефлексия; [7, 212-220 б.]
Оқу-танымдық
іс-әрекеттің генезис процестерін зерттеуінің жалпы
мақсаттарынан, біріккен әрекеттерді ұйымдастыру талдауы екі
бағытта жүргізілді. Бір бағытты Ж.Пиаже сипаттаған
интеллектуалды операциялармен қосылу қатынасының бала
түсінуін анықтайтын нақты операционалды
құрылымның дамуындағы эксперименттік зерттеу
құрды. Екінші бағыт ересек пен баланың
ұжымдық өзара әрекеттестігін зерттеуіне арнаған,
баланың өзінің елгілі қатынастық
құрылуымен және балада ғылыми ұғымның
қалыптасуымен байланысты.
Балада
қосылу операциясының қалыптасуы “субъект-объект”
қатынасының шегімен шығады және кооперация мен
әрекетке жағымды жағдайларда пайда болатын
қатынастың ерекше аясына тіркеледі, осыған байланысты
сұрақ Ж. Пиаженің ерте жұмыстарында қойылды.
Ж.Пиаженің ойынша, баланың эгоцентрикалық ойлау
деңгейінен жетілген деңгейлерге өтудің негізгі шарты,
баланың басқа баламен өзара қатынастық дамуында,
яғни кооперация дамуында негізделеді. Операцияны бірігіп істеу кезінде, Ж.
Пиаже жазғандай, “өзінің эгоцентрикалық позициясынан
жылжи алмайтындай түрлі индивидтерден шығатын
көзқарастар мен әрекеттердің координациясы” пайда
болады.
Ж. Пиаженің психологиялық тұжырымдамасы ең алдымен ақыл-ойды дамыту концепциясы болып табылады. “Интеллект психологиясы – бұл ақыл-ой, ой-өрістің дамуын ұғындыратын пән, экспериментальді ғылым және оның ақиқаттылық критерийі – эмпирикалық дерекпен сәйкестілігі болып табылады” (1969, 593 бет). Ақыл-ой ұғымын Ж. Пиаже адам ағзасының ішкі ортаға бейімделуі деп түсінеді. Оқу еңбегі
басқа еңбек сияқты
түрліше болған
жағдайда ғана қызықты. Біржақты мәліметтер, бірдей әрекет
тәсілдері адамды тез жалықтырады.
Қорыта
келе, оқытылатын пәнге деген
қызығушылық пайда болуы үшін, берілген пәнді
тұтастай және жекелеген
бөлімдерінің оқылу қажеттігін,
маңыздылығын түсіну міндетті түрде қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Выготский Л.С. Избранные психологические исследования.–М.,1956.-330с.
2. Теплов М.Б. Избранные труды,
в 2-х т., т.1. М. Прос., 1971.-130с.
3.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии –СПб.: Питер Ком, 1999.-720с.: (Серия
“Мастера психологии”).
4. Ананьев
Б.Г. О проблемах современного человекознания. М.: Наука, 1977.-381 с.
5. Лейтс
Н.С. Умственные способности и возраст.-М., “Педагогика”, 1971.-170 с.
6.
Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: Соч.: В 2-х т. - М.: Педагогика, 1983. – 392 с.
7. Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. -Алматы, «Қазақ университеті», 2004. – 312–220с.