Нысанбаева Гаухар Канатовна

 

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы

Аякөз қаласы №5 мектеп мұғалімі

 

Мектеп оқушыларына тарих пәнін оқытуда компьютерлік технологияларды

қолданудың ерекшеліктері

 

 

Қазақстандық білім ордалары әлемдік білім кеңістігінде жүріп жатқан өзгерістер аумағында халықаралық сапа мендежіментіне ену мен сапалы білімді жүзеге асыру үрдісі шеңберінде белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр.

Тарих пәнінің оқытушысы ретінде оқушыларға білім беру ең алдымен пәндік кіру диагностикасынан басталады. Бұл бағыт бойынша белсенді  жұмыс жүргізілуде. Ол ең алдымен оқушылардың бойларына қазақстандықтарға тән патриоттық қасиеттерді игеру болып табылады. Отанға деген құрмет оқу үрдісінде және оқушылардың оқу-ғылыми–конференцияларында, өзіндік тәжірибелік жұмыстарында, пәндік қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда қалыптастырылады. Біздің оқушылар оқу үрдісінде-ақ инновациялық таладамаларды орындайды. Оқу үрдісінде пәнаралық байланыста компьютерлік технологияларды бір мезгілде шет тілдері, құқық, қоғамдық білім негіздері сияқты пәндер бойынша белсенді оқыту әдістемелері кең пайдаланылады. Оқушыларға терең білім беруде компьютерлендірудің барысындағы басты мақсатымыз – бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу және қалыптастыру[1].

Қазірде мектепте жетілдірудің құрамдас бөлігі білімді ақпараттандыру болып табылады. Бүгінгі ұрпақты әлемдік білімге, Интернетке жақын етпей өсіре алмайсың. Интернетте енгізіліп оқытылатын мультмедиялық бағдарламаны және ақпараттық ресурстарды қосқанда мектепте оқытудың ақпараттық технологиясын енгізуге үлкен мән берілуде. Интернетке қосылған локальды желіде компьютерлік жүйені енгізу, оқытушыларға көпшілік дәрісханаларда интерактивті тақталар, мультимедиялық проекторлар орналастыру арқылы ақпараттық білім технологиясын пайдалану мүмкіндігі жүзеге асырылып отыр.                                                      

 Ақпаратты білім беру орта дегеніміз - көпаспектілі, біртұтас әлеуметтік – психологиялық ақиқат. Оның құрамындағы қажетті психо-педагогикалық жағдайлар жиынтығы, жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жасалған танымдық қызметті белсенді түсіріп, ресурстарға қол жеткізетін оқытудың жаңа технологиялары жатады. Ақпаратты білім беру ортасын құру, қажетті алдын-ала дайындалған, реттелген қолданушы сұранысына сай тексттік пен көрнекілік материалдардың дайындалуын ғана емес, сонымен қатар қолданушының танымдық қасиетін жетелеп, жобалауға, мүмкіндік беретін технологиялық негіздерді (әдіс, тәсіл, оқытудың жаңа құралдары) жасақтау болып табылды[2].

Осы мақсаттарды шешу барысында пәндік кіру диагностикасының қорытындысы арқылы топтармен жұмыс жүргізуге болжау жасалып, олармен жұмыс істеуге жоспар құрамыз. Оқушыларға жүргізілетін тарих пәні бойынша оқу үрдісі, сабақтан тыс және тәрбие ісі бойынша мектепте  төмендегідей жұмыстар атқаруға болады[3]:

 

Кесте – Атқарылатын іс-шаралардың тізімдемесі

 

Бағыты

Дәстүрлі емес оқыту нысандары

 

Оқу үрдісі

Жаңа сабақ материалын меңгеру,  аралас сабақ, семинар сабақ,

тәжірибелік, зертханалық, оқу бағдарламасымен өзіндік жұмыс, іскерлік ойын сабағы, тарих даталарын шешу, ізденіс сабағы, өндірістік сабақ, ойға шабуыл сабағы, бинарлы сабақ, пікір-сайыс сабақ, сынақ сабағы, сайыс сабағы, блокты-модульдік оқыту сабағы, компьютерлік сабақ, дублер сабағы, бақылау жұмысын талдау, кейс-анализ, турнир сабақ, жарыс сабақ, ашық ой сабағы, спектакль сабақ, өзіндік оқыту сабағы, КВН сабақ, саяхат сабақ, білім аукционы.

Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар

Пәндер апталығы, апталықтар (декадалар), «Тәуелсіздік» мерекесі, Өзін-өзі басқару күні (аптасы), Олимпиадалар, сайыстар, КВН, дебаттар, Викторина, әртүрлі сынып оқушылары арасында бірлескен іс-шаралар. Оқу конференциялары, диспуттар, баяндамалар, әңгімелер, рефераттар. Кештер, кездесу кештер, Экскурсиялар, Әдеби және музыкалық кештер

Тәрбие жұмысы

Топ жетекшілер жұмысы

Үйірмелер жұмысы

Ата-аналар кеңесі жұмысы

 

       

Жаңа ақпараттық технологияларды оқу ісінде қолдану оқытушының дайындық деңгейі мен білім сапасына үлкен талап қояды.

Ол оқытушының өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан оқытушыларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оны оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру қажеттілігі туындады.

Компьютер бағдарламасы орынды қолданған жағдайда оқушыларға берілген информациялық бекітілуінде маңызды рөл атқарады. Оқыту жүйесінде компьютерді енгізбеген мектептер көп ұзамай заман талабына ілесе алмайтыны сөзсіз. Оқу арқылы информацияның 10%-і, тыңдау арқылы 20%-і, егер тыңдау көрнекті құралдармен ұштастырылса, 40-50%-і, оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70%-і есте сақталады. Олай болса бір мәліметті есте сақтау қолданылған әдіс-тәсілге байланысты. Компьютер арқылы түрлі графиктер, суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады[4].

Технологияның дамуымен бірге теориялық дәрісті компьютерде көрсету-ұсыну тәсілімен ұштастыру тәжірибеде кеңінен қолданылуда. Мұғалімдер сабақта ауызша өз мәнінде меңгертілуі қиын ұғымдарды компьютер көмегімен оқушыларға ұғындырады. Осы сатыда мұғалімдер алдын-ала дайындаған сурет, график, тарихи ескерткіштер және қозғалыстағы көріністер арқылы білім игертуді жүзеге асыра алады. Компьютерлік лабораториялары компьютер сабақтарымен қатар тәрбиеге қатысты компьютерлік бағдарламаларды үйрету мақсатында да қолданылады. Жаңадан жабдықтылған компьютер сыныбында мультимедиялық мүмкіндіктер, интернет торабымен байланыс жүзеге асырылады. Оларды қолдануды үйренген оқушылар компьютерді жетік меңгеріп шығады. Бұл тәсіл арқылы оқушылардың өзі белсенді жеке жұмыс істей алады.

Қазіргі заман талабы – жаңа технологияны меңгеру. Жаңа информациялық технологияны пайдалану – ғылымның жеке салаларындағы білім мазмұнын интеграциялап оқыту. Осыған байланысты тарих, қоғамдық білім негіздері, құқық пәнідерін интеграциялап оқыту оқушылардың шығармашылықпен айналасуына көптеген септігін тигізері сөзсіз.

Міне, осыны ескере отырып, тарих пәні сабақтарын өзге де ұқсас сабақтармен байланыстыра, дифференциялданған сабақ ретінде пайдалануды жөн көрдім. Ондағы мақсатым:

1)     оқушыларға компьютерді пайдаланып тарих даталары мен оқиғаларына дағдыларын қалыптастыру;

2)     оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3)     оқу процесінің қарқынын жоғарылату;

4)     оқушылардың шығармашылық белсенділігін көтеру;

5)     оқытудың сапасын арттыру;

6)     дифференциалдап оқытуға көшу[5].

Оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта-қарап, жетілдіріп, жүйелеуді талап етеді.

Оқыту ісінде ақпараттық технологияны қолдану оқу үрдісін едәуір тиімді, сапалы ете түскені, тәрбиенің жаңа құралдарына қол жеткізгені, оқытушы мен оқушы арасында байланыстың тығыз орнауына қол жеткізеді[6].

Қорыта келгенде, оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа ақпараттық технологияларды тиімді (оптимальды) пайдалануды жүзеге асыра алатын негізгі шараларды айтып өткім келеді, олар:

Ù          әр түрлі пәнаралық мәселелерді шешу барысында білім жүйесін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы біріктіріліп өткізілетін сабақтар әдістемелігімен (методологиясымен) қамтамасыз ету;

Ù          жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды есепке ала отырып, білім жүйесіндегі оқулықтар мазмұнының негізгі жақтарын қайта қарау;

Ù          мектеп оқушыларының компьютерлік сауаттылықтарын, мәдениеттілігін қалыптастыратын сабақтар өткізу;

Ù          Республика облыстарындағы аймақтық ақпараттандыру орталықтары негізінде мектеп оқытушыларының біліктілігін көтеру курстарын тек компьютерлік сауатсыздықты жою мақсатында ғана емес, оқыту құралдары ретінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды күннен-күнге арттыру мақсатында орындалатын шаралар жүзеге асырылуы тиіс деп ойлаймын.

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     Абрасилова Р. Использование средств новых информационных технологий в образовании и его перспективы // Поиск. Сер.ест.наук-1999-№1-с.99-101.

2.     Амирбеков А., Кадырбаева Р. Качество компьютерных программ-важный

показатель при подгатовке специалиста //ВВШ Казахстана-2000-№3-с31.

3.  Г.Абылгазинов. Проблемы и пути внедрения компьютерной технологии обучения // Қазақстан жоғары мектебі, 2001, №1.

4. Ғ.Мутанов Білім беру жүйесін ақпараттандырудағы жаңа қадам// Информатика негіздері, 2003, №1

5. М.Рахымбаев Ақпараттық қоғам жасау шарты ретінде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру// Информатика негіздері 2004, №1.

6.С.М.Кеңесбаев. Білім беру жүйесін компьютерлендірудің теориялық негіздері. Білім берудегі менеджмент журналы, №3, 2004ж., 76-83 беттер