ӘОЖ 372.652.104.

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 Ә.С.Төлеп - техника ғылымдарының кандидаты, профессор

Б.Т.Керимбаева  -  PhD-докторант                     

Г.П.Мейрбекова -  PhD-докторант

 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық  қазақ-түрік университеті,Түркістан қаласы.

 

Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын.» деп атап өтті.

Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру- жауапкершілік сезімі мол, терең білімді, жаңа қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін талап етеді. Барлық типтегі оқу орындарын, соның ішінде, жоғары оқу орындарын    бітірушілердің кәсіби даярлығына  қойылатын талаптар жоғарылауда. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде. Информатика - іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті дамытудың және жаңа ақпараттық технологияның базасы ретінде,  адамзат  білімі  жүйесіне  өз  үлесін  қосып отыр және дербес меңгеруді талап етеді. Ақпараттандыруда - білім беру жүйесі және онымен  байланысты  адамзат әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол заманауи технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде әсіресе жоғары кәсіби білім беруді жетілдірудің алатын орны ерекше.

Ақпараттық технология – объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Компьютерлік технология – компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология [1].

Қоғамды ақпараттандыру келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:

-қоғам мүшелері әрекеттерінің тұрақты кеңейетін баспа түрінде жинақталған ғылыми, өндірістік интеллектуалдық потенциалын белсенді пайдалану;

-қоғамдық өндірістің барлық сфераларының дамуын іске асыратын ғылыми және өндірістік  ақпараттық технологияларды интеграциялау;

-пайдаланылатын мәліметтердің нақтылығын, бейнеленетін ақпараттардың визуалдылығын, қоғамның кез-келген мүшесінің  сенімді ақпарат көздерін пайдалануын, ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының  бірі  білімді ақпараттандыру – білім беру сферасын әдістемелік және техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына негізделген заманауи технологияларды  оңтайлы пайдалану болып табылады.  Бұл үдеріс төмендегі әрекеттерді іске асырады:

- білім беру жүйесін басқару механизмдерін автоматтандырылған  ғылыми-педагогикалық қорларды, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде жетілдіру;

- қазіргі заманғы қоғамды ақпараттандыру шартында тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес оқыту, тәрбиелеудің ұйымдастырылған формаларын әдістерін, сұрыптау стратегиялары мен әдістемесін жетілдіру;

- студенттердің интеллектуалдық дамуына, өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға, ақпараттық-оқу, тәжірибелік-зерттеу әрекеттерін іске асыруға, ақпараттарды өңдеу бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлілігіне  бағдарланған оқытудың әдістемелік жүйелерін құру;

-студенттердің білім деңгейін бағалау мен бақылауды айқындаушы компьютерлік тестілік бағдарлама жасау әдістемесін құру және қолдану.

Жоғары оқу орындарында ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттарын төмендегідей етіп бөлуге болады:

- практикалық, семинар және дәріс сабақтарында  автоматтандырылған оқу жүйесін қолдану;

- студенттер мен оқытушылардың қашықтықтан қарым-қатынас жасауында, жоғары оқу орындарында білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану;

- білім беруде ақпараттық білім ортасын мамандыққа байланысты қолдану ерекшеліктерін пайдаланып оқыту;

- психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық білім ортасын қолдану [2].

дірілуі болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мазмұнын, әдісін және ұйымдастыру түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Педагогикалық бағыттағы мамандарды оқыту жүйесінде ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдаланудың мақсаты жаңа ақпараттық қоғамдағы оқып үйренушінің  кәсіби даярлықтарын арттыру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ, білім беру жүйесі буындарындағы оқу үдерісін жекелеу, қарқындату мен оқытудың сапасын арттыру әрекеттерін іске асырады. И.Роберттің [3] ғылыми-зерттеу еңбектерінде жаңа ақпараттық технология құралдарын педагогикалық мақсатта қолданудың келесі негіздері белгіленген:

1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-әрбие үдерісінің барлық деңгейін қарқындату бағытында, яғни

-       оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру;

-       танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру;

-       пәнаралық байланыстарды тереңдету;

-       қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.

2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпаратық қоғам жағдайындағы өмірге өзіндік дайындықтар, яғни

- түрлі ойлау қабылеттерін дамыту;

- байланыс жолдары қабылеттілігін дамыту;

- күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну;

- компьютерлік графика мен мультимедиа технологиаларын пайдаланып, эстетикалық тәрбиелеу;

- ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;

- жағдай немесе мәселені моделдей білуді дамыту;

- тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.

3. Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни

- ақпаратты сауатты тұлғаны даярлау;

- тұтынушыны компьютер құралдарымен дайындау;

- информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру.

Жоғары кәсіптік білім беруді ақпараттандыру мәселелеріне арналған ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі ақпараттық іздеу, осы кезге дейін «Оқытудың ақпараттық технологиясы» түсінігінің дәл, нақты анықтамасы жоқ екенін көрсетті. Осы түсініктерге байланысты әртүрлі дереккөздерден «Жаңа ақпараттық технологиялар», «Компьютерлік оқыту технологиясы», «Компьютерлік-педагогикалық технологиялар» және т.с.с. синоним сөздерді кездестіруге болады. «Жаңа» сөзі педагогикалық дерек сөздерде жиі қолданылады. Бұл жерде негізгі ой  түрлі салалардың сонымен қатар педагогикалық саланың да құрамын түбегейлі өзгертетін жаңашылдық жайлы.

ЖОО-дарда компьютерлердің білім беруде қолдану мүмкіндіктерін арттыратын жаңа құрылғылық және бағдарламалық жабдықталуын құрайтын ортамен (техникалық орта; бағдарламалық орта; пәндік орта; технологиялық орта) сипатталатын «ақпараттық технологиялар» терминінің «компьютерлік технологиялар» түсінігін ығыстыруына алып келді.

Педагогикалық әдебиеттерде өте көп кездесетін бұл түсініктің анықтамаларын кең мағыналы талдау, оларды түсіндірудің екі негізгі тәсілін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші тәсіл, оқытудың ақпараттық технологиясын үйренушілердің таным деңгейінің заңдылықтарына сәйкес және ақпараттық өнімдерді аз шығынмен құру, жіберу, сақтау және бейнелеуді сипаттайтын мәліметтерді өңдеудің ең жаңа әдістері және құрылғыларын оқыту жүйесіне енгізу жиынтығын қолдану арқылы ұйымдастырылған дидактикалық үдеріс ретінде қарастыруды ұсынады. Екінші тәсіл қолданыстағы ақпараттық құралдар негізгі орынға ие болатын оқытудың белгілі бір техникалық ортасын құруды қарастырады. 

Бірінші жағдайда технология - оқыту үдерісі ретінде қаралса, екіншісінде - оқу үдерісінде ерекше бағдарламалық-техникалық құралдарды қолдану жайлы сөз қозғалады.

Соңғы 10 жыл ішінде таратылған, жоғары кәсіптік білім беруді ақпараттандыру мәселелеріне арналған ғылыми, ғылыми-танымдық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, бүгінгі күнде шартты түрде техногенді деп атауға болатын екінші тәсілдің тиімді екенін айқындайды.

ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында компьютерлік техника мен бағдарламалық жасақтаманың қарқынды дамуы оларды ЖОО-дардың білім беру үдерісіне белсенді түрде енгізу қажеттілігіне алып келді. Бірақ оларды меңгеру, әсіресе оларды педагогикалық тәжірибеде қолдану сол кездегі ЖОО-ның барлығына бірдей мүмкін болмады.

Сәйкес дайындық пен біліктілікке ие техникалық ғылым көшбасшы қызметін атқарды. Бағдарламалауға келмейтін, пән саласы нашар құрылымға ие болған гуманитарлық ғылымның бағыттары артта қалды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерте алатын психологиялық-педагогикалық зерттеулер көп өткізілсе де, мұның барлығы білім беруді ақпараттандырудың дидактикалық-әдістемесін және теориялық-әдістемелік негіздерін жасап шығарудың информатика саласындағы ғылыми-техникалық дағдарыстан әлде қайда артта қалуына алып келіп отыр.

Гуманитарлық бағытта білім беруде компьютерлік технологияларды қолдануға деген әртүрлі көзқарастар бар. Пікірлер шекті өлшемдерде, яғни компьютерлік технологияларды материалды меңгеруде қолдануды толық терістеу мен компьютерлік оқытудың мүмкіндіктерін толық қолдану аралығында өзгеріп отыр. Алғашқы және басқа тәсілдерде өзінің оң және кері әсерлеріне ие деген пікір туындауда. Осы екі әдістің нашар және күшті жақтары бойынша сөз етуді тоқтатып, қазіргі білім берудің басты мақсатына назар аудару қажет. Ал, ол білім беруді тәжірибеге мүмкіндігінше көп жақындатудан құралады.

Бүгінгі таңда гуманитарлық бағытта компьютерлік технологиялар тек қана емтихан немесе сынақ қабылдау кезінде қолданылады. Бұл тұрғыда мәселе емтиханның тест сұрақтарының компьютерлік нұсқалары жайлы.

Студенттермен, оқытушы-профессор құрамымен жүргізілген сауалнамаларды, пікір-сайысты талдасақ, студенттердің тек 4% ғана гуманитарлық пәндерден алынатын емтихандардың компьютерде болуын қолдайды. Мұның басты негізгі себебі, көкейкесті мәселелерге, анықтамаларға, философиядағы, тарих немесе саясаттанудағы ой-пікірлерге қатысты өз пікірін оқытушыға жеткізу мүмкіндігінің жоқтығы. Сонымен қатар, осы компьютерлік технологияларды, кешенді тесттерді студенттердің өзіндік жұмыстарында, аралық бақылауда, өзін-өзі тексеруде, қорытынды аттестациялауда қолдану студенттердің білімінің сапасын арттыратын технология ретінде қабылдануы қажет.

Сайып келгенде, бақылаудың тестілік түрі, ең алдымен пәнді нақты білуді анықтауға бағытталған. Таңдалған жауаптың дұрыс немесе бұрыстығына қатысты барлық күмән формальды-логикалық талаптарға сәйкес келмейді. Осыған орай философия немесе саясаттану пәні бойынша нақты анықтамалар, заңдылықтар және логикалық бағдарламаларға ие, нақты ғылымдар дәрежесіне ие болуы қажет.                                         

Бірақ философия немесе саясаттану ғылыми таныммен ұштаспайтын өзіндік ерекшелікке ие, осыған орай компьютерлік тестілеуді өтілген материалдың көмегімен мазмұнын аралық бақылау ретінде қолданған дұрыс. Бұл жағдайда тестілеуге арналған сұрақтар, тарихи күндерге (мерзімге), қандай да бір ойшылдың айтқан пікіріне, ғалымдардың белгілі бір пікірлеріне орай құралған қарапайым тұжырымдар ретінде құрастырылуы қажет. Бұл тәсіл, біріншіден кез-келген тіпті үлгерімі төмен студенттерге ұсынылған оқу материалын меңгеруді, ең болмағанда, оны оқып шығуды талап етеді, ал екіншіден студентке оқу курсының мазмұнын есте сақтап қалуға және меңгеруге көмектесуі, компьютерлік технологиялардың адам өміріне қажетті техникалық құрылғы ретінде және оқытудың жаңа құралы ретіндегі мүмкіндіктері оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлерінің пайда болуына және олардың оқу үдерісіне жедел енгізілуіне алып келеді.

Оқытудың компьютерлік технологиясына өту, оларды жасап шығаруға сынақтан өткізу мен енгізілуіне жағдай жасау, олардың дәстүрлі әдістермен сәйкес келу тәсілдерін іздеу өте күрделі болып, олар көптеген психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік және басқа да мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың ішіндегі негізгі бағыттар:

1. Білім беру үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселесіне қатысты бірыңғай ғылыми-әдістемелік тәсілді енгізу жолдары.

2. Практикалық тұрғыда оқу үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану әдіс-тәсілдерін ұсыну.

3. Болашақ мұғалімдерді компьютерлік технологияны меңгеруге даярлау жолдарын теориялық және әдістемелік тұрғыда көрсету.

4. Пайдаланушылардың білім мен біліктілігін арттыру мақсатында, болашақ мұғалімдерді компьютерлік технологияларды оқытуға даярлау.

5. Білім беру мекемесін материалдық-техникалық базасын жабдықтау.

6. Қажетті әдістемелік құралдарды іздеу, өңдеу және жасап шығару.

Компьютерлік технологияларды қолданудағы басты мәселе болашақ маманның интеллектуалдық мүмкіндіктерін кеңейту жолдары мен оқыту сөзінің өзіде өзгеруде: білімді меңгерту, ақпаратты қолдану, оны компьютерден алудан кейінгі орында тұр.

Қазіргі оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану-заңды құбылыс. Бірақ оларды оқыту барысында қолданудың тиімділігі көп жағдайда «оқытушы-студент» деген күрделі қарым-қатынас жүйесінен туындайтын күрделі байланыс жиынтығындағы олардың алатын орнына тәуелді компьютерлік технологиялар студенттердің дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды.

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Информатика және сандық әдістер» кафедрасында қазіргі қоғамдағы ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың рөлі туралы сауалнама жүргізілді. Осы сауалнамадан алынған мәліметтер, келесідей:

1. Көпшілік жауап берушілер (90%) ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар телевизор сияқты ең көп тараған тұрмыстық зат деп есептейді.

2. 82% жауап  берушілердің ойынша, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың арқасында көптеген студенттер алдыңғы ұрпаққа қарағанда көбірек ақпараттық білімге ие деп есептейді.

3. Көпшілігі (80%) ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қызықты деп есептейді, ал тек 6% ғана оларды зорлыққа итермелейді дейді.

4. Сұрақ қойылғандардың 53% ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды игеруге қызығушылық танытпаған адамдарды ойлау көзқарасы тар, әдепсіз деп есептейді.

5. ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың ендірілуімен  танымалдығының артуымен негізгі факторларына қолданудың қарапайымдылығы және ыңғайлылығы (36%) сонымен қатар білім беруге беретін көмегі (34%) жатады.

6. Жауап берушілердің азғана бөлігі ғана ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды ақпараттық мәдениетін жетілдіру үшін үйренуге талпынғандығын мойындады.

7. Интернет қолданушылардың 60%-ін қызықтырады, ал 44% қолданушылар үшін бүкіл әлемдік орнын көп уақыттан бері ақпараттық негізгі дереккөзіне айналған әрбір үйренуші жаңа ғылымдарды түрліше меңгеретіні дәлелденген.

Бұрынғы кезде оқытушыларға әр бір білімгерді оқытудың жеке тәсілін табу қиын болатын. Ал қазір, компьютерлік желілер мен онлайндық құралдарды қолданудың арқасында ЖОО-лар жаңа ақпаратты әрбір студенттің жеке сұранысына сай жеткізу мүмкіндігін алды.

Студенттердің бірлестіктермен және бір-бірімен байланыс жасауы үшін қолданылатын технологиялар қажетті кезде қажет ақпаратты жеткізу арқылы оқыту процесін қызықты және бүгінгі күн талаптарына сай етуі мүмкін. Бұл үдеріс, көбінесе алдын-ала алынған білімдер, оқу ортасын қалыптастырушы күтілген және алынған нәтижелерге байланысты анықталады.

ХХІ ғасырда сәттілікке қол жеткізу үшін академикалық біліммен терең ойлау қабілетті жеткіліксіз болады. Себебі, бұл қажетті техникалық біліктілікті талап етеді. Сондықтан да көптеген студенттер ақпараттық технологиялар саласында білім алып келешектегі өздерінің кәсібін сәтті болуына әрекет жасауда. Қуатты, жоғары өндірісті интернетпен толық байланысқан бағдарламалық жасақтама студенттерге ақпаратты құру және  алмасу мүмкіндігін береді. Өз жобасын құрдастары мен оқытушылар көріп бағалайды деген ойдың өзі ғана студентті өзінің барлық білімімен мүмкіндіктерін толық қолдануға итермелейді. 

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан келесідей қорытынды шығаруға болады: білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі келесі себептермен

·        Білім берудің жекешелендірудегі ақпараттың технологиялардың көптеген мүмкіндіктерімен;

·        Ақпараттық технологияларды қолданғанда және білім берудің сезімталдығын арттыру кезінде студенттердің дағдысын жетілдірумен;

·        Байланыстардың кең өрісін қамтамасыз етумен;

·        Студенттердің өз бетінше белсенді жұмыс атқаруына жағдай жасаумен;

·        Кез-келген адаммен оның кеңістіктегі орнына және уақыттың айырмашылыққа қарамастан интернет арқылы қарым-қатынас жасаумен;

·        Оқу материалы сипаттаудағы, әсіресе динамикадағы құрылыстарды моделдеудегі көрнекіліктің жоғарылығымен;

·        Ақпараттық технологиялардың дамып келе жатқан барлық интерактивті мүмкіндіктерімен;

·        Студентке ыңғайлы кез-келген уақытта ақпараттық технологиялардың қажеттілігімен анықталады.

Қорыта айтқанда, білімді ақпараттандыру аясында ақпараттық технологияларды гуманитарлық білім беруде қолдану студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, қабылданған кәсіби білім құрылымының сапасын кәсіби тұрғыда қалыптастырады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми сөздігі. Информатика және компьютерлік технология. - Алматы “Мектеп”, 2002. – 456 бет.

2. К.М.Беркінбаев, Б.Д.Сыдықов. Информатикалық пәндерді оқытудың педагогикалық технологиясы. // Қазақстан мектебі. 2006, №11,  33-35 б.

3. Роберт И.В. Новые информационные технологии в обучении: дидактическая проблема, перспектива использования // Информатика и образование. 1991, №4, 18-25 б.

4. Голубкова О. А. Использование активных методов обучения в учебном процессе: учебно-методическое пособие. СПб., 1998. 42 с.

5. Панина Т. С. Современные способы активизации обучения / Т. С. Панина, Л. Н. Вавилова. М.: Изд. Центр «Академия», 2008. 176 с.