Сакенова Л.Т., Сураганова А.К.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Электрондық оқулықты қолдану тиімділігі

Қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған кұралы қызметін атқаруымен қатар, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Сондықтан олар  қашықтықтан оқыту түріне негiзделiп, қазіргі талаптарға сай келуі керек, яғни  интерактивті және алшақ рұқсат етілген мүмкіншілігі үшін серверде орналасуы қажет.

Электрондық оқулықты құрғанда келесі негізгі нұсқаулар  жетекшілікке алынды:

·     навигациалау жүйесінің жақсы дамуы;

·     барлық теориялық материалды меңгеруге және есте сақтауға ыңғайлы түрде ұсынуы;

·     әрбір меңгерілген дәрістен кейін тест болу қажет;

·     әрбір тестілеуден кейін алынған білімге баға мен пәннің ары қарай меңгерілуіне ұсыныстар берілуі тиіс.

Әрине, электрондық оқулық студент үшін дайын материал, сондықтан қазіргі таңда білім жүйесінің барлық сатыларында электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді.

«Ақпаратты қорғау» пәні бойынша электрондық оқулықты меңгерудің құрылымын қарастырайық. Оқулық бойынша барлық мүмкішілік жүрістер үлгі түрінде 1 суретке сәйкес келтірілген.

 

Сурет 1 – Электрондық оқулықтың үлгісі

 

Ең алдымен оқулықтың негзгі бетінде кіріспе мен «КІРУ» сілтемесі орналасқан. «КІРУ» сілтемесіне шерткеннен кейін пайдаланушы мазмұны деген бетке кіреді.  Электрондық интерактивті оқулық бірнеше жеке модулдерге бөлінген:

Модуль 1: Студентке «Ақпаратты қорғау» пәні бойынша толық түрде жиналған және түсінікті түрде баяндалған теориялық материал (бөлімдерге бөлінген), практикум, лабораторлық жұмыстар, қосымша мен жалпы тест қамтылған.

«Ақпаратты қорғау» электрондық оқулығы 3 бөлімге және әрбір бөлім  15 дәріс сабағынан тұратын тақырыптарға бөлінген. Қабылдауға ыңғайлы болу үшін дәріс тақырыптары жеке бетте орналасқан және бір бөлімнің бөлімшелері бойынша ауысуы бір бетте жүзеге асады. Мұндай ақпараттың орналасу әдісін таңдау бір бет шегінде бөлімшелер бойынша тізбекті ауысуы оқыту процесін жеңілдетеді, сонымен қатар бір бетті ақпаратпен толықтырмау үшін бөлімдер әртүрлі беттерде орналасқан. Оқулықтың практикалық және лабораторлық жұмыстары дәрістер курсының бағдарламасына сәйкес құрастырылған және 15 лабораторлық жұмыстан, сонымен қатар 15 практикалық жұмыстан тұрады.

Қосымшада негізгі түсініктердің анықтамалары библиографиялық түрде ұсынылған. Жалпы тестте барлық бөлімдердің қорытынды тесті орналасқан.

Модуль 2: Бағалау жүйесі. Студентке пән бойынша теориялық материалдың сәйкес бөлімдерін меңгеру дәрежесін бақылауға арналған тестер жүйесі келтірілген. Тестердің жалпы саны 20. Тестер жабық, яғни әрбір сұраққа бірнеше жауаптар нұсқасы берілген, тек сол нұсқадан біреуі ғана дұрыс. Дұрыс жауаптар пайызын хабарламада ұсынысы түрінде көруге болады.

Тестер оқыту процесінің негізгі кезеңі болып табылады, өйткені оқырман өз білім деңгейін тексереді, ал қанағаттанбаушылық жағдайда, өткен материалды қайталауы мүмкін. Сондықтан, навигациялау жүйесі тестілеу нәтижесіне байланысты студентті келесі бөлімді меңгеруге, не алдындағы бөлімді қайталауға қайтарып жібереді.

Пайдаланушы оқулықтың әрбір бетінде «алға» және «артқа» орналасқан батырмалары арқылы оқулық бойынша жылжи алады. Оқулық пайдаланушыға оқу процесінде қай ақпарат қажет, сол ақпаратты ала алатындай етіп құрастырылған, яғни ол кез келген оны қызықтырған сілтемені таңдап алып және сол сілтеме көрсетілген ақпаратты қарай алады.  Сондықтан, пайдаланушы оқулықтың ең басында мазмұны бетінен бастап оған қажет бөлікті немесе бөлімді таңдай алады.  

Сонымен, электрондық оқулықты мамандандырылған дәрісханаларда практикалық және лабораторлық сабақтарды өткізігенде өте пайдалы, өйткені ол

·  алынған шешімдерді талдау мен олардың графикалық түсіндіруінен уақытты босатады, көптеген міндеттерді шешу үшін компьютерлік қолдауды пайдалануға мүмкіндік береді;

·  оқытушыға жетекші мен кеңесші ретінде сабақты компьютер алдында өздік жұмыс түрінде жүргізуге мүмкіндік береді;

·  оқытушыға компьютер көмегімен студенттердің білімін тез және тиімді бақылауға, бақылау шараларының күрделік деңгейі мен мазмұнын беруге  мүмкіндік береді.