Филологические науки/2. Язык, речь, речевая коммуникация 

Ф.ғ.к., доцент Айтбаева Б.М.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университет,Қазақстан

Батырлар  жырындағы дыбыстар үндестігі

Жырдағы дыбыстық қайталау, дыбыс үндестігінің жүйесін эпостанушы ғалымдардың көпшілігі жекелей бейнелі сөздер ретінде ғана қарап, оның басты ерекшелігі сөз бен әуеннің органикалық байланысына қатыстылығын ескерусіз қалдырған. Кезінде осы бір мәселені ғүлама ғалым М.О.Әуезов өте орынды көтерген. Қазақ эпосындағы "адырнасын ала өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары ақын - жыраулардың түсіне кірген ассоциациясы емес, өмір шындығьнан алынған.

Бұрынғы өткен заманда,

Дін мұсылман аманда,

Жиделі Байсын жерінде,

Қоңырат деген елінде,

Байбөрі деген бар екен,

Байбөрі малға бай екен,

Төрт түлігі сай екен,

Бір перзентке зар екен /117:7/

("Алпамыс батыр" жыры)

Кешегі өткен заманда,

Қарақыпшақ Қобыланды –

Атасы мұның Тоқтарбай,

Халықтан асқан болды бай.

Байлығында есеп жоқ.

Айдалып бағып жайылды,

Төрт түлік малдың бәрі сай,

Жаз жайлауы Күзді көл,

Күзді көлді жайлаған,

Қалың қыпшақ жағалай

Тоқтарбайдың дәулеті

Ішкені мае, жеген тоқ,

Бай кедейдің көңілі жай.

Қыс қыстауы Қараспан,

Қараспан көкке таласқан.

("Қобыланды батыр" жыры)

Тоқсан үйлі тобырдың

Қабыл болды тобасы,

Қайнады майға қазаны.

Қара қасқа атпен аужиып,

Күніне көрді шабысты.

Қамбардың бар деп тұлпары.

("Қамбар батыр" жыры)

Халық өлеңдерінің дыбыстық жүйесін тексерген ғалым С.Негимов: "Жүйеге жүйрік ақындар ұйқас суретіне, ырғақ желісіне қатты назар аударумен бірге, ішкі дыбыстық үндестіктерге бой ұрады"-дейді. Осы бір ерекшелік батырлық эпостан да байқалады. Алғашқы үзіндіде "б" тоғыз рет қайталанған және "а" 17 рет ұшырасады, "е" дыбысы 22 рет кездеседі. Жырдың алғашқы басталуынан-ақ, дыбыстардың қайталамасы жырға айрықша ажар беріп, белгілі бір ырғақты жиі үздіксіз және үндестікпен жылдамдата түскен. Соның нәтижесінде айрықша екпін түсетін дыбыстарды бірден ажыратуға болады. Екпіннің күштілігінен жырдағы қаз - қалпында қайталанып тұрған "Байбөрі" (басындағы) және "екен" дейтін етістіктің тыңдаушыға пәлендей байқала қоймауы мүмкін. Анығында дауыс толқыны (интонация) жыршының музыкалық аспабымен дыбыстық үндестікке түсіп, дауыс қозғалысының әсері бірте бірте күшейе түскендігін байқаймыз.

Екінші үзіндіде дыбыстық қайталаулар шумақтардың тармақтарының басқы буындарында да және соңғы буындарында да келе береді.

Басында

Аяғында

Қарақыпшақ Қобыланды

Төрт түлік

Жаз жайлауы

Күзді көлді

Қалың қыпшақ

Қыс қыстауы

болды бай

күзді көл

Қараспан Қараспан

Тоқтар бай

болды бай

біріс ай

 

Ұйқастың негізгі дыбыстық жүйесінде, дауыссыз дыбыстар әр тармақта былайша түзілген:

1.-к-ш-г   т-к-н   з-м-н-д=10

2. - қ р қ п ш - қ   қ б л н д =11

3. -т-с   м н - ң   т қ т р б = 10

4. х л қ т н с қ - н   б - л - д - б = 11

5. б й л ғ н д с - п   ж - қ = 10

6. -й-д-л-п   б ғ - п   ж-й-л-д=11

7. – ғ – р – т – т – л – х – к  м –л – д – ң  б – р – с = 13

8. - ж - з   ж-й-л-у   к - з - д = 10

9. -к-з-д к-л-д ж – и –л – ғ – н =11

10. – қ – л - ң   қ – п – ш - қ   ж - ғ - л = 10

11. – т – қ – т – р – б – й – д - н   д - х - л - т = 11

12. -ш-к-н   м-с   ж-г-н   т - қ = 10

13. – б – й  қ – д – й – д - ұ   қ – ң – л – ж =10

14. – қ – с  қ – с – г - у   қ – р – с – п – н =11

15. – қ – р – с – п - н   к – к – к – т – л – с – қ – н =13

Осы дауыссыз дыбыстардың ішінде ең көп ұшырасатыны "к" мен "к" дыбыстары. Талдауға алынған шумақта "к" 12 рет және "қ" 17 рет кездеседі. Батырлық жырларға тән қасиеттердің бірі жырдың сөздерінде дыбыстар үйір - үйір, топ тобымен жүріп, тәртіпті түзіліске, белгілі жүйелікке бағынады. Соның бір дәлелі жоғарыдағы дыбыстарда түр. Ал, осы шумақта дауысты дыбыстар былайша түзілген:

1.         – е – е – і  ө - е  а – а – а – а  (8)

2.    -а-а-ы-а  о-ы-а-ы  (8)

3.    – а – а – ы – ү – ы – о – а – а  (8)

4.    - а - ы - а   а - а - о - ы - а (8)

5.    -а-ы-ы-а   е-е-о (7)

6.    - а - а - ы   а - ы - а - ы - ы (8)

7.    - ө - ү - і - а - ы - ә - і - а (8)

8.    – а – а – а – ы - ө - і - ө  (7)

9.    - ө - і - ө - і - а - а - а (7)

10.-а-ы-ы-а-а-а-а (7)

11.- о - а - а - ы - ә - е - і (7)'

12.-і-е-і-а-е-е-о (7)

13.- а - е - е - і - ө - і - і - а (8)

14.-ы-ы-а-ы-а-а-а(7)

15.- а - а - а - ө - е - а - а - а (8)

Ұйқас жағынан алғанда дыбыс байлығына үстелей, жырдағы тармақтардың басым бөліктері дыбыс [дестіктерімен (кеше - қара, жаз-күз қал) басталады. Дауысты дыбыстардың ішінде "а" дыбысы көп қайталанады. Көбіне оның (Ай-ай-ай-ай) болып келіп отыратындығы жыршының мақамынан хабар береді. қатысты жыр жолында мұны нақтылай түседі.

Батырлар жырында жиі кездесетін сазды сыңғыр, мәнді де мағыналы дыбыстарға құрылған шумақтар  жырда жиі кездеседі және үнемі қайталанып отырады.

Қос қабағым бестен туған ай болды

Сұлтан аман деп көңілім жай болды.

Мөлдір көзім, айналайын, Байшұбар,

Мен кеткенде қысыр емген тай болды /117:22/.

("Алпамыс батыр")

Алшақ мүйіз ақ серке,

Қойды бастай, жай жай,

Белі қыпша жігіттей

Тойды бастай, жай жай

Бізді мақтап өлең айт

Бек болдың деп диуана,

Көңге кейсе Бадамша,

Теңге тастай, жай - жай /117:78/.

(Алпамыс пен Бадамша айтысы)

Хан сүйекті Қамбар-ау!

Қабағы қатып шаршапты

Қара атыңның мойнында

Өкпе - бауыр, жал бар-ay,

Арызыма менің құлақ сап,

Ақылың болса, аңғар-ау,

Ақ төсімнің үстінде

Қол тимеген мал бар-ay,

Шөлдесең сусын ішсейші

Біздің үйге түссейші,

Жатып - түрып кетуге

Бір кісілік жай бар-ау! /58:19/.

("Қамбар батыр" жыры)

Көлден ұшқан қаз деймін,

Қаз жайлауын саз деймін,

Наурыздан соң жаз деймін,

Ақылы жоқ мен байғұс,

Бүйтіп жүрген Құртқамды

Шауып тастай жаздаймын /118:38/.

("Қобланды батыр" жыры)

Осы үзінділердегі Алпамыстың келгеніне қуанышты Гүлбаршын сөзіндегі "туған ай", "көңілім жай", "қысыр емген тай" делінген ұйқастыруларда айрықша эстетикалық қуат бар. Мұндағы дыбыстың ерекше өрнегі - ай тармақтың әуезділігін, лирикалық эмоционалдық қуатын арттырып, поэтикалық әуенге тамаша көрік береді. Екінші шумақта "жай жай" қосарланып айтылуы дәстүрлі дыбыс қайталаудың үлгісі екендігіне талас жоқ.

Қамбардың қайрылмай кеткендігіне қапаланып, соңынан ілесе қайтармақ болған Назымның сөзіндегі-"ау" поэтикалық ойды жүрекке, адамның миына бірден щеберлікпен жеткізіп, мазмұнның эмоционалдық мәнерін шырайландырады. Келесі Қобыландының сөзінде дыбыс пен сөздің қайталануы жымдасып, айтар ойды әуенге сай орайластырған. Жыршының жыр жолдарын дыбыстық, мақамдық, мағыналық жақтарымен гармониялық үйлесімділікке келтіру батырлық жырларда молынан ұшырасып отырады. Ұйқасты әуендік түрғыдан айқындау қайталанушы дыбыстардың сонына байланысты болып келетіндігі Б.П.Гончаровтың еңбегінде де айтылған. Батырлық жырлардағы сөздің соңғы дыбысы қаз қалпында болатындығы төмендегі шумақтардан байқалады.

Қаланың аузын қан қылды,

Қақпаның аузын шан қылды,

Айдарлымды тұл қылды,

Солқылдаған мырзамды

Табанға салып жүн қылды /117:43/.

("Алпамыс батыр" жыры)

Қаланың аузын қан қылып,

Қақпаның аузын шаң қылып,

Тұлымдысын тұл қылып,

Айдарлысын құл қылып,

Солқылдаған мырзасын

Табанға салып жүн қылып,

Алтын артты шанаға,

 Қарамай қатын балаға /118:74/, - десе

("Қобыланды батыр" жыры)

«Қамбар батыр" жырында былайша беріледі

Шатыр тігіп шаңдатып

Зорлығыңды ацдатып,

Ноғайлының сазында

Сізде отырсыз шешініп,

Әзімбайды жүдетіп,

Сансыз қолды түнетіп.

Алғашқы шумақта аяқталған ұйқас "ы" дыбысымен бітсе, келесі жыр шумағы "п" және "а" дыбыстарымен аяқталады, үшінші шумақ түгелдей "п" дауыссыз дыбысына тәмамдалады. Поэтикалық жағынан дәл осы бір чауларда жыршылдық дәстүр ортақтығы тұрғандай. Демек, батырлық эпоста сөз бен әуеннің органикалық байланысы үнемі ортақ болып келе береді. Бұл эпосқа тән касиет. Әуезе мен дыбыс үйлесімділігін белгілі бір құрылымдық жүйеге түсіріп, отырудағы қалыптасқан жүйелер екендігі анық. Бұл мәселелер дәстүрге байланысты болмаса, ғылымда әлі күнге дейін нақтылай көрсетіле қоймағаны тағы да талассыз. Жыршылдық дәстүрді тек қана эпикалық уақыт пен кеңістіктің аясында тексерумен іс бітпейді, нақтылы нәтижелердің бір негізі сөз және дыбыстық жүйелердің қызметімен де танылады. Жырлаушылардың мақамының ортақ болып келетіндігі де эпосқа тән дәстүр белгісін нақтылай түседі. Зерттеуші ғалымдар айтуына қарағанда, дыбыс әуені арқылы ойлау ұғымдар арқылы ойлаудан артық тұрса, енді бір ғалымдардың айтуынша өлеңдегі дыбыс пен мағына бірін - бірі іздейді де тұрады екен. Ендігі кезекте дауыссыз дыбыстардың ұйқас жүйесінде қолданылуы дауысты дыбыстармен бір тектес, шамалас келетіндігі батырлық жырларда молынан кездесіп отырады. Мысалы:

1.    Салсаңыз алсаңыз, Ханыңыз жаныңыз ("ЕрТарғын" жыры)

2. Жорғасына Жолбарысына ("Қамбар батыр" жыры)

3.    Нашармын ашармын қашармын ("Қобыланды батыр" жыры)

4. Бағымды сағьңды сағынды ("Алпамыс батыр" жыры)

Осы айтылған жайлардың дені жырды айтушылардың талғам түйсігінде, ой мен сезімнің шарпысуында жатқандай. Бұның байыпты анықтамасы жыршының эмоциясы. "Эмоциялар - адамның қоршаған әлемге және өз өзіне деген қатынасын толғануы, ақиқат шындықты сәулелендіру формаларнның бірі"."Қазақ тілінде сөздердің шектескен жерінде екі дауысты дыбыс қатар келсе, айтылғанда біреуі түсіп қалатындығы белгілі.

Не қыларын біл(е) алмай,

Өлейін десе өл(е) алмай

Өз жанымды қи(а) алмай.

("Алпамыс" жыры)

Дауысты дыбыстар жырдың ішіндегі кей шумақтарда, қатар келгенде екі дауысты дыбыстың екеуі де сақталуы кездесіп те отырады. Сөздегі ерекшеліктің бір заңдылығын дыбыстық көрсеткіштер де байқатады дегеннің бір дәлелі осында жатқандай.

Ұйқы алып денесін,

Қыздардың бәрі қалды енді /117:116/

("Алпамыс батыр" жыры)

Алдына алып баралық,

Қамбар тірі тұрғанда

Ешкім бізді жемес-ті,

Жай айтпасақ жалынып,

Сүйегі асыл ақ болат

Өздігінен келместі /58:31/

 ("Қамбар батыр" жыры)

Сонымен батырлық жырлардағы дыбыстық жүйенің түрлі ерекшеліктері бар екен. Ондағы ерекшеліктердің басты негізі сөз бен әуеннің органикалық байланысы арқылы көрінеді. Екінші, бір айрықша атайтын жағдай жырдағы дыбыстық үндестіктер өзіне назар аударып, белгілі дыбыстардың жиі жиі қайталануларымен құрылымдық түрғыдан өз ара топтасуларын дәлелдейді. Үшінші, дыбыстар үйір-үйір, топ-тобымен жүріп, белгілі бір тәртіпке сай түзіледі және толық жүйеге келеді. Бұдан жырдағы кез келген шумақтардан дауысты немесе дауысыз дыбыстардың қаншалықты деңгейде кездесетіндігін анықтауға болады. Төртінші, батырлар жырында жиі кездесетін сазды сыңғыр мәнді де мағыналы дыбыстарға құрылған шумақтар жырда жиі кездесіп, үнемі қайта-қайта қайталанып отырады. Дәстүрлік тұрғыдан дыбыстық  қайталаулар қос сөздерде, жырдың соңғы буындарында анық көзге шалынады. Мұның өзі жыршының жыр жолдарын дыбыстық, мақамдық, мағыналық жақтарымен гармониялық үйлесімділікке келтіру тәсілі болып танылады.Бесіншіден, батырлық жырларда көбіне ұйқасушы сөздің ең соңғы дыбыстары қаз қалпында өзгеріссіз қайталанып отырады. Алтыншы,  батырлық жырларда дауысты дыбыстар қатар келгенде кейде түсіп, кейде керегіне карай сол қалпында қолданыла береді. Осының бәрі жырдағы дыбыстық жүйені танытады.

Әдебиеттер:

1.     Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы-1959.

2.     Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Жанрлық және стадиялық мәселелер.–Алматы-1982.

3.     Ғабдуллин М., Сыдықова Т. Қазақ халқының батырлық жыры. Алматы-1992.

4.     Көпеев М.Ж. Екі томдық. 2 т. –Алматы-1992.

5.     Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырларының поэтикасы. Алматы-1993.