Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдарлануының негізі

«Тұран-Астана» университетінің доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты

Базарбаева К.К.

 

 «Тұран-Астана» университетінің

магистранты Бекбосынова Ж.

 

Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. ҚР Президентінің Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауыңда «әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп көрсетілген. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Оны шешуге мектеп психологының қосатын үлесі өте үлкен. Өйткені жеке тұлғаның барлық қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып, оларды салауатты өмір салтына үйретіп, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жоғары сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдап алуына психолог көмек көрсетуі керек.

Қазіргі кезде болашақ мамандықты ерте таңдап, мектепте болашақ
мамандығына бағытталған даярлықтан өтудің мән мағынасы өте терең болып отыр. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу мәселесі ХІХ ғасырда басталып, көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. ХХ  ғасырдьң басында В.Вундт, Мюнстерберг, А.Бине, Ф.Парсонс, Д.Сьюпер, Е.Гинцберг т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Қазіргі кездегі мектепте жүргізіліп жүрген мамандыққа бағдар беру жұмыстарының негізін құрғандар Ю.В.Большакова, П.П.Блонский, В.И.Лебедев, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов, Л.К.Керимов, Е.П.Климов, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар. Олар өз зертеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін диагностикалау жұмыстарының бағдарламасын жасады.

Мамандыққа бағдар беру жұмысында әр балаға өзінің психологиялық ерекшеліктерін  анықтап, барлық жұмысқа қажетті ашық-жарқындық, сыйысымдылық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың мәні өте терең. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен қабілетін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға болады.

Мамандықты таңдауға жастарды баулудың бастамасын Ф.Парсонс 1909 жылы ғылыми жолға қойып, ол жеке түлға теориясын кұрып, осы теория негізінде психометриялық әдістемелерді пайдалану жолдарын ұсынған. Оның ғылыми қағидаларына сүйене отырып, зерттеушілер адамдардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты дәру негіздері ретінде келесі қағидаларды ұсынды:        

а) әр адам өзінің жекелік психофизиологиялық қасиеттеріне және таным процестерінің ерекшеліктеріне байланысты тек бір мамандыққа икем болады;

б) мамандық бойынша қызметте табысты болу және өз мамандығына көңілі толу адамның жекелік қасиеттерінің мамандық қызмет талаптарына сай келуіне тәуелді;

в) мамандыққа бағдар беретін кеңесші мамандық таңдаушының жекелік     ерекшеліктері мен     оның    диспозицияларын     ескере     отырып, мамандықты таңдауды саналы жүретін процеске айналдырып, таңдаудың тиімділігін қамтамасыз етуі қажет.

Әр адам өзінің болашақ мамандығын анықтауға негіз болатын көптеген себептері бар. Мамандық бағдар беру проблемасын зерттеушілердің ішінде Д.Сьюпер өзіне дейін жүргізілген зерттеулерді жүйеге келтіріп, мамандық таңдауға негіз болатын келесі баптарды анықтады:

-әр   адам   өзіне   тән    қабілет,    қызығушылық,    мінез   және  басқа
ерекшеліктермен сипатталады;                                                      

-осы  ерекшеліктеріне  байланысты   адам  бірнеше  мамандықтарға икем болып келеді;         

-адамның өмір тәжірибесімен байланысты оның мамандыққа көзқарасы
және  мамандық   шеберлігі,   оларға   әсерін   тигізетін   объективтік   және субьективтік факторлар өзгереді;  

-мамандық таңдауға көзқарас бірнеше кезеңде жүреді;        

-мамандыққа     көзқарастың  дамуы ата-аналарының  әлеуметтік-экономикалық    жағдайына,     баланың     жекелік     ерекшеліктеріне  және мамандыққа даярлықтан өту мүмкіндіктеріне байланысты жүреді;

-баланың мамандық таңдау  ниетінің  қалыптасу  кезеңдерінде оның
дамуын басқаруға және бағыт-бағдар беруге, мамандыққа қажетті қабілетін
басқару мүмкіндіктері мол;

-мамандық бағдар берудің мәні жеке тұлғаның «Мен»-концепциясын
дамыту және іске асыру болып табылады;

-психологиялық кеңес беру және коррекция жүргізу «Мен»-концепция
мен ақиқаттың бір-бірімен түйісуін қамтамасызетеді;

-адам мамандық қызметте өзінің қабілеттілігі мен іскерлігін көрсетуге
мүмкіндігі   болғанда,   ол   жұмыс   жеке   тұлғаны   қанағаттандырады   және мамандық шеберлікке жетуіне түрткі болады.     

Белгілі бір мамандыққа деген ынтаның пайда болуына көп жайлар: оқу, адамдар, кітаптар, кино, теледидар, экскурсиялар себепші болуы мүмкін. Жасөспірімдер көп нәрсеге ден қояды, көбіне бірнеше бағытты бағдар етіп ұстайды, бірнеше үйірмеге барып жүреді. Жасөспірімдер өздеріне ұнаған кәсіптерді романтикаға бөлейді, көптеген қиыншылықтарды аңғармайды, өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Кәсіптік мүддлер мен ниеттердің қалыптасуы үшін үйірмелердегі тыңғылықты ұйымдастырылған сабақтардың маңызы зор. Бұл сабақтар жасөспірімге өзінің бейімделіктерін, мүмкіндіктерін, кемшіліктерін ұғынып бағалауға көмектеседі. Өзін іс-әрекетте сынау-арманын жүзеге асыру үшін де, түңілуге жол бермеу үшін де жақсы әдіс.

Мамандыққа бағдар беру жұмысы - тарихы өте терең, ежелден дамып келе жатқан әлеуметтік қызмет көрсетудің бір түрі. Психологиялық қызмет көрсету жұмысының қалыптасуы да мамандыққа баулу және мамандыққа бағдар беру зертханаларында басталған. Қазіргі кезде бұл жұмыс көпсалалы болып, әр саланың өзіне тән мақсаты мен міндеттері нақтыланды. Мектептің психологиялық қызметі мамандыққа бағдар беру барысында оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін және мамандыққа икемділіктерін анықтау негізінде психологиялық кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырады.

 

Әдебиетттер тізімі

1.     Дмитриев М.А., Крылов А.А., Нафтульева А.И. Психология турда и инженерная психология. – Л.: Ленинградский универс., 1979.-224 с.

2.     Климов Е.А. Введение в психологию труда. М., 1988.-199 с.

3.     Котелева Ю.В. Очерки по психологию труда. – М., 1986-120 с.

4.     Толочек В.А. Современная психология труда. – М.: Питер, 2006. – 477 с.

5.     Гуревич К.М. Профессиональная пригодность и основные своиства нервной системы человека. – М.: Наука, 1970. – 272 с.

6.     Зинченко В.П., Мунипов В.М. Основа эргономики. – М., 1979. – 343 с.

7.     Иванова Е.М. Основы психологического изучения профессиональной деятельности. – М., 1987. – 208 с.