Педагогикалық толеранттық - мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті

(Камзинов Жандос Кайдарович, Қазақстан, Ақтөбе қ., К. Жубанов ат. АМУ магистранты)

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет процессінде толеранттықтың байқалуының психологиялық талдауы, оның мұғалім тұлғасының кәсіби маңызды қасиеті екендігінің куәсі. Мұғалімнің толеранттығының педагогикалық процесстегі ерекшелігін талдай отыра, Ю.П. Поваренков [1, 10-115б.] педагогтың толеранттығын екі түрге бөледі: әлеуметтік (немесе әлеуметтік-психологиялық) және психологиялық (немесе психофизиологиялық). Әлеуметтік толеранттықтың болуы мұғалімге білім беру процессіне қатысушылардың барлығымен тиімді түрде өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді, ал психологиялық толеранттықтың қалыптасуы мұғалімнің кәсіби көптеген есеңгірулерге төзімділігін қамтамасыз етеді және кәсіби мансабын тиімді құруға ықпал етеді. Ю.П.Поваренков әлеуметтік толеранттықты құрылымдық құрамдас бөліктерге бөлуді ұсынады: динамикалық және операциональды. Толеранттықытң динамикалық жағы мұғалімнің уәждік саласының мазмұнымен (оқушыны сол қалыпында қабылдауға дайындығы), оның құндылықтарының, мүдделерінің, нанымдарының және әлеуметтік нұсқауының жүйесімен анықталады. Әлеуметтік толеранттықтың операциональды негізін нақты білім, шеберлік және қабылеттер құрайды (адамдардың психологиялық ерекшеліктері туралы білу, түрлі адамдармен қарым-қатынас жасауға қабылеттілігі, қарым-қатынас процессін бақылауға қабылеттілігі және т.б.) [1].

Сондықтан педагогикалық толеранттық деп білім беру процессінің барлық субъектілерімен толеранттық өзара әрекеттесу шеберлігін және дағдыларын меңгеурді түсінеміз; өзінің тұлғасының, оқушының және олардың ата-анасының тұлғасының толеранттылығының қалыптасуы бойынша белсенді ұстанымы ретінде толеранттыққа нұсқау; тұлға сапасы; предагогикалық әдепті құрушылардың бірі ретінде өзінің тәртіп нормасын байқау. Педагогикалық толеранттық әлеуметтік санат болып енеді және басқа адамды қабылдауға, эмпатикалық түсінуге, ашық және сенімділікпен қарым-қатынасқа нұсқауда байқалады.

Педагогикалық толеранттық (ықпалдастырушы түр ретінде беріледі) онда мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің мақсатымен, міндеттерімен және ерекшеліктерімен анықталатын толеранттықтың барлық түрлері және деңгейлерінің қырлары бар ықпалдастырушы түр ретінде беріледі және педагогикалық жағдайда кездесетін сан-алуандықтың бәрімен, мұғалімнің кәсіби – тұлғалық қасиеті болып енеді.

Білім беру процессіне қатысушылардың өзара әрекеттесуін келесідей ықшамсызба түрінде беруге болады :

 

1 Сурет. Педагогтың білім беру процессінің субъектілерімен өзара әрекеттесуіның ықшамсызбасы

 

Берілген жағдайда педагог оқытушы және үйретуші тәрбиеші рөлінде. Бұл ықшамсызба өзара қарым-қатынастың келесідей түрлері берілген: педагог – педагог, педагог – оқушы, педагог – ата-ана және ата-ана қарым-қатынасына ықпал етуші педагог.

Педагогикалық іс – әрекетте өзара әрекеттесу толеранттықпен тікелей байланысты. Толеранттыққа диалог, серіктестік, қамқорлық сияқты өзара әрекеттесудің түрлері; интолеранттыққа – басу, енжарлық, конфоронтация, дау-жанжал сәйкес келеді. Диалог жеке тұлғалық байқалады және диалогтың өзара әрекеттесу қарым-қатынас кезіңдегі ұстанымдар теңдігін білдіретіндіктен, басқаның өзгешілігі түсіндіріледі. Диалогтық өзара әрекеттесуде эмпатия деңгейінің жоғарылығы, серіктестік сезімі, оны сол қалыпында қабылдай білуі, басқаны қабылдауда қаптаурын болмау, сананың икемділігі, өз тұлғасын тепе-тең «қабылдай» (бағалай) білуі арқылы сипатталатын эмоциональды  - еріктік және когнитивті құрамдас бөліктер басым болады. Серіктестік әрқайсының мүмкіндігі негізінде өзара әрекеттесу мақсаттарын бірлесіп анықтау, күш және құралды бөліп таратуды білдіреді. Әрекетте келесідей түрде байқалады: жанасқандық, тілектестік (агрессияның және өзіндік агрессияның болмауы), мазасызданудың болмауы, іс-әрекеттің жұмылдырылуы, сыпайылық, төзімділік, сенімділік, әлеуметтік белсенділік. Қамқорлық өзара әрекеттесу түрі болып енеді, сонымен қатар толеранттық түсінігімен қатысты. Қамқорлық субъекті және нысанның табиғи нормасы бола отыра, қамқорлыққа алынғанның адамгершілігін кемсітпейді. Өзара әрекеттесудің берілген түрі екі жақта бір-бірін қабылдағанда және бір-біріне сабырлықпен қарағанда ғана мүмкін болады. Толеранттық қарым-қатынастың берілген деңгейі келесідей белгілермен сипатталады: эмоциональды тұрақтылық, эмпатияның жоғары деңгейі, әлеуметтік белсенділік, серіктестікке уәж, диалог, қабылдау механизімінің дамығандығы, төзім механизмінің дамығандығы, ассеретивті әрекет бола алады деп болжам жасауға болады.

Толеранттық дағдысы білімді адамның сипаттамасы ретінде кез-келген білімді, сабақты байсалды меңгеруге және кез-келген коммуникацияға сыпайы, дау - жанжалсыз қатысуға ықпал етеді. Толеранттық бастамалардың қалыптасуына ықпал етуші әлеуметтік институттардың бірі диалог, серіктестік, білім беру процессінің субъектілерінің барлығының арасында сыйластық қолданылатын білім беру енеді.

Осылайша педагогикалық толеранттық мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті болып енеді. Педагогикалық толеранттық өзара әрекеттесу кезінде байқалатын педагог тұлғасының қасиеті ретінде мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің екі түрлі неғұрлым қызықты ол: оқыту және тәрбиелеу. Іс-әрекеттің екеуіде оқушылардың бойында мазмұны бойынша сан-алуан бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыруға және іске асыруға қабылеттілігін қалыптастыруға бағытталған.

 

1.                  Поваренков Ю.П. Психологическая характеристика профессиональной толерантности учителя // Вопросы психологии внимания: сб. науч. трудов / под ред. проф. В.И. Страхова. – Саратов: изд-во Сарат. ун-та, 2003. – Вып. 21. – 256 с.