Қызылорда облысында
ауылшаруашылығы өнімдеріне әлемдік сұраныстың
өсуі жағдайында ауылшаруашылығын көлемді
модернизациялау жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы асыл
тұқымды мал шаруашылығын
дамытуға 900 млн.тенге бөлінді. Облыс бойынша 2014
жылдың 1 қаңтарына 240,8 мың бас мүйізді ірі
қара, 581,2 мың бас қоймен ешкі, 75,2 мың бас
жылқы және 33,3 мың бас түйе өсірілуде. Осы мал
басын ары қарай көбейтіп, ет пен сүт әлеуетін
жақсарту үшін сапалы жем-шөп дайындауға арналған
ауылшаруашылық машиналары қажет. Соңғы
кездерде шет елдерде көк шөп дайындау технологиясы кеңінен
таралып отыр, оның ішінде орамада сығымдалған және
қаптамаға салынған жем-шөп өндірісінің орны
зор. АҚШ пен Англияда жем-шөптің шамамен 80% қаптамаға
салынған орамада дайындалады. Батыста жем-шөпті
қаптамаға салып сүрлемдеу әдістері де дамып отыр.
Осындай технологияларды пайдаланғанда жем-шөптің ысырабы
азайып, қоректік құндылығы артады. Қызылорда облысында да
сапалы жем-шөп дайындауға
арналған ауылшаруашылық машиналарын түрлендіріп тиімді пайдалану жолдары қарастырылып
отыр.Соңғы жылдары біршама шетелдік ауылшаруашылық машиналары
сатып алынды. Атап айтқанда 2013 жылдың қорытындысы бойынша
59 дана әртүрлі техника пайдалануға алынды. (1таблица)
|
Аудандар |
Бар лы ғы |
Тракторлар |
Трактор тіркемесі |
Жартылай
трактор тіркемесі
ПСТБ-12 |
Шөп
тайлағыш |
Шөп
шапқыш ЖТТ-2,4 |
Экскаватор
НМК 102В |
Экскаватор
погручик ЭБП-9.1 |
|||||||
|
ХТЗ-150К-09-25 |
ХТЗ-17221-21 |
Беларус-82.1 |
Беларус-80.1 |
Беларус-1221-2 |
Джон-Дир
7932 |
2ПТС-5 |
АЗ-8526 |
ППТ-041 |
PVP-351 |
||||||
|
Жаңақорған |
4 |
|
|
1 |
2 |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Шиелі |
2 |
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
1 |
|
|
|
|
|
Сырдария |
19 |
1 |
|
5 |
2 |
|
3 |
5 |
|
|
1 |
1 |
|
|
1 |
|
Жалағаш |
14 |
|
2 |
2 |
2 |
|
|
|
|
|
5 |
1 |
|
1 |
1 |
|
Қармақшы |
19 |
4 |
|
|
1 |
|
|
|
6 |
3 |
1 |
|
2 |
|
2 |
|
Қазалы |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 |
|
Облыс бойынша: |
59 |
5 |
2 |
9 |
7 |
1 |
3 |
5 |
6 |
3 |
8 |
2 |
2 |
1 |
5 |
Бұл ауылшаруашылық
техникалары ауқымды қаражатқа алынғанмен жем-шөп
дайындаудың жоғарғы технологиясын қамтамасыз етпейді.
Шет елдерде тең тайлауыш
машиналар сығымдалатын шөпті алдын-ала ұсақтауға
арналған құрылғылармен жабдықталады ( Welger, Deutz-Fahr,
Krone-Германия, Golignoni-Италия фирмалары және т.б.).
Германияда «CLAAS» фирмасы «ROTO CUT»
жүйелі ұсақтағыш қондырғысы бар тең
тайлауыштар шығарады. Бұл жүйе ірі тайлы (QUADRANT 2200
RC-TA,-1200 RC), ұсақ тайлы (VARIANT 180 RC-білікті, ROLLANT 46 RC,
ROLLANT 250 RC-маркалы) тең тайлауыштар орнатылады. Қондырылатын
құрылғылар пішенді 45 мм кесіндіге дейін
ұсақтауға мүмкіндік береді, бұл ірі қара
мал үшін тиімді.
Сығымдау камерасына берілетін
қабаттың, сығымдау өнімділігінің жоғарылауы
және алдын ала нығыздалуы, ROLLANT 250 тайлауышында
орнатылған «ROTO CUT» берістің роторлы жүйесімен жүзеге
асырылады.
«Krone» фирмасы (Германия) 70 мм-ге
дейін кесінді алуға мүмкіндік беретін, ұсақтағыш
құрылғысы бар шынжырлы-тақталы тең тайлауыштар
шығарады.
Осы технологияны жүзеге асыратын
техникалық құралдардың кемшіліктері, жем-шөпті сығымдау
кезінде энергия сыйымдылығының жоғарылауы. Тең
тайлауыштарды тіркестіретін тракторлардың қуатты 40-тан 55 кВт
болып келеді. Жемді тайларда және орамаларда сығымдап
дайындауға арналған ауыл шаруашылық машиналарын жасаумен ТМД
елдерінде АО «Кормаш» (Қырғызстан), Сибсельмаш (Ресей), ОАО
«Бобруйсксельмаш» (Беларусия) та айналысады. Бұл елдерде шөпті
тікбұрышты теңге (ПРС-1,6) және орамаларға (ПРП-1,6;
ПР-200; ПР-400; ПР-Ф-750) сығымдайтын әртүрлі тең тайлауыштар шығарылуда.
ПР-200; ПР-400; ПР-750; ППР-1,5 орама тең тайлауыштары АО «Бурятферммаш»,
АО«Бежецксельмаш», «Сибсельмаш»(Ресей), ПР-Ф-145 және ПР-Ф-180 ОАО
«Бобруйсксельмаш»-та шығарылады.
Осы бағытта Қазақстан
Республикасында да жұмыстар атқарылады. «Ауыл шаруашылығын
механикаландыру ғылыми өндірістік орталығы»-да
тұрақты көлемді сығымдау камерасы және жем
ұсақтағышы бар орама тең тайлауыш сынақтан
өткізген.
Қызылорда облысындағы
суармалы егістік жағдайында айналымдағы егістіктерге егілетін
жоңышқалықтарды жылына 3-4 рет ору барысында бұл машинаның
сапалы жем-шөп дайындауда маңызы зор болмақшы.
Бұл орама тең тайлауыш
шөпсабанды заттарды орамаға ұсақтап немесе
ұсақтамай сығымдап, одан әрі шпагат жіппен орауға
мүмкіндік береді. Оны полиэтиленді қабыршақты оралған
пішендеме, орамдағы шөпті азықтарды дайындау технологиясында
пайдалануға болады. Жоңышқадан ұсақталған
азықты дайындау кезінде: пішен мен пішендемені малға тарату кезінде
кеткен құрал мен еңбек шығындары азаяды. Аталған
тең тайлауыштың жаңалығы оның ПӘК
жоғарылатуға және энергосыйымдылығын 1,2-1,5 есеге
азайтуға, сондай-ақ сығымдау тығыздығын 15%
көбейтуге мүмкіндік беретін сығымдау механизмінің
ұстамды жаңа жетегінде. Бұл өз кезегінде жанармайдың
меншікті шығынын, тракторға жұмсалатын қуатын
және азық таратудағы шығындарды азайтады. Бұл
тең тайлауыштар табақшаға шашылып қалған
шөп топанын (жоңышқа жапырағы мен гүлдерін)
жинап, оны арнайы ыдысқа тасымалдайтын механизммен
жабдықталған.
Сондай-ақ ораманы
қабықшақпен орайтын құрылғы да
қолданысқа шығарылмақшы. Орамаларды орау процесі орамалардың
ылғалдылығы 45-55% кезінде, тұрақты жерде, орамалар
жасалғаннан кейін 2 сағаттың ішінде, сақтау орнында
жасалады. Орамаға – полиэтиленді, үшқабатты, ақ немесе
қара, жасыл түсті, өзі желімделетін арнайы
қабыршақ қолданылады. Орамалар фермалардың жанында,
жабық бөлмелерде, бастырманың астында немесе ашық
алаңдарда сақталады.
Жасалған шөп шапқыш
машина және ұсатқышы бар орама тең тайлауыш пішенді
орамада дайындау технологиясында, сондай-ақ, қабыршақпен
оралған орамадағы пішендеме дайындау технлогиясында қолданыс
табады.
Жоғарыда айтылған
ауылшаруашылық машиналарын пайдаланып, жем-шөп дайындалған
жағдайда олардың құнарлығы мен сапасы артып, ет
пен сүт өндірудің өнімділігін артыруға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Ефремов Б., Матвиенко Ю. Машины для заготовки кормов, //Сельский
механизатор 4, 2004, стр. 16-18.
2.Сейітбеков
Л.С., Жортулов Ө.Ж. Жем-шөпті орамада дайындауға
арналған технология және оны орындайтын машиналар. Жаршы, - Алматы,
2007 №07(174), - 60-61 б.
Резюме
В
статье приведены новая технология заготовки кормов: сена и сежана в рулонах и
разработанные машины для ее реализации в условиях Кызылординской области.