Маханбеталиева Камшат Торгайбаевна, Шардарбек Мухамеджан Шардарбекович, Бозтериева Лаура

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

    Көрпелер ассортименттеріне аналитикалық шолу және олардың эргономикалық көрсеткіштері

 

Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйықтаумен өткізеді, сондықтан жамылатын көрпелерді дұрыс маңдаудың маңызы зор. МЕСТ 51554 сәйкес көрпе дегеніміз – қажетті жылуды сақтап тұратын, қолдануға ыңғайлы және жылумен қамтамасыз ететіндей жобаланып дайындалған көрпе-төсек жабдықтарының ішіндегі текстиль бұйымы [1].

Қазіргі кезде нарық көрпелердің көп түрлерін ұсынады. Жалпы көрпелерді 2 түрге бөлуге болады: сырып тігілген және камвольды. Сырып тігілген көрпелер ішінен белгілі бір материалмен толықтырылып,  матаның 2 кескінінен тігілген түрде болады. Толықтырғыш материал ретінде әртүрлі жүн немесе синтетикалық талшықтардың әртүрлері қолданылуы мүмкін. Камвольды көрпелер тоқыма немесе жаккардты станоктарда шығарылған тоқылған бұйым түрінде болады. Бұл көрпелерді келесі белгілері бойынша бөлуге болады (1-сурет).

Талшықты құрамы бойынша таза жүннен жасалынған көрпелерге, басқа талшық түрінің массалық үлесі көрпенің беттік тығыздығынан 5% аспайтын түрлері жатады. Жартылай жүннен жасалынған көрпелерге, жүн талшықтарының массалық үлесі көрпенің беттік тығыздығынан 20% кем емес болатын түрлері жатады [2].

Көрпелердің жиектері мен ұзындықтарын есепке алғандағы ені бойынша номиналды өлшемдері және шектеулі ауытқулары 1-кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес болулары қажет [3].

 

 

1-сурет. Көрпелердің ассортименттері

 

1-кесте. Көрпелердің классификациялық топтары

Көрпелердің классификациялық топтары

Ені

Ұзындығы

Номинальды, см

Мүмкін болатын ауытқулар, см

Номинальды, см

Мүмкін болатын ауытқулар, см

Үлкендерге арналған көрпелер

140

± 2,0

205

± 3,0

150

± 2,5

205

± 3,0

170

± 2,5

210

± 3,0

Балаларға арналған көрпелер

100

± 1,5

140

± 2,0

100

± 1,5

150

± 2,5

Белгілі бір сала түріне арналған көрпелер

130

± 2,0

205

± 3,0

140

± 2,0

205

± 3,0

 

Көрпелерге шикізат ретінде жүн (қой немесе түйе жүндері), мақта, полиэфир, полиамид және полиакрилонитрильді талшықтардан алынған иірімжіптер қолданылады: [2]

Тоқымалы көрпелер

·        Тегіс тоқылған көрпелер

Тегіс тоқылған көрпелер қолмен немесе машинамен тоқылуы мүмкін. Негіз жіптер түкті, көлемді немесе көлемсіз болуы болып келуі мүмкін (2-сурет).

H:\Мои документы\Фабрика Петра Алексеева\Мой диплом\Иллюстрации\1.jpg

2-сурет.Түктеуге  дейінгі жаймалық айқаспамен тоқылған көрпе.

мұндағы  1– негіз жіп, 2 –арқау жіп.

Тегіс тоқылған көрпелердің түрлері төмендегідей:

·        Түкті тоқылған көрпе

Бұл көрпелердің екі жағынан да бірдей түктелген беті болады (3-сурет).

H:\Мои документы\Фабрика Петра Алексеева\Мой диплом\Иллюстрации\2.jpg,

3-сурет. Түктеуге дейінгі «Рогожка» айқаспасымен тоқылған көрпе.

мұндағы 1 – түктелінген негіз жіптер, 2 – түктелінген арқау жіптер.

·        Жеңілдетіліп тоқылған көрпе

Көрпеде белгілі раппорттағы айқаспаның түрін қолданған тоқыма суретінің болуы мүмкін. Көрпелер түкті немесе түксіз болып келуі мүмкін (4-сурет).

H:\Мои документы\Фабрика Петра Алексеева\Мой диплом\Иллюстрации\3.jpg

4-сурет. Түктеуге дейінгі «оконный переплет» айқаспасымен тоқылған көрпе. Мұндағы 1 – түктелінген негіз жіп, 2 –түктелінген арқау жіп.

·        Екі жақты тоқылған көрпе

Бір немесе екі негіз жіптерді және бір немесе екі арқау жіптерді қолдана отырып өндірістің тоқымашылық әдісімен алынған, одан кейін екі жағынан да түктелінген көрпелер.көрпелер екі түсті немесе жаккардты болып келуі мүмкін (5-сурет).

H:\Мои документы\Фабрика Петра Алексеева\Мой диплом\Иллюстрации\4.jpg,

5-сурет. Түктеуге дейінгі жаккардты екі жақты тоқылған көрпе

мұндағы 1 –түктеудің арқау жіп, 2 – түктеудің арқау жібі, 3 – түктеудің арқау жібі

Мата тігісті көрпелер (тафтингілі)

Бұл көрпе каркастың екі жағынан да көлемді тігістерді жасай отырып, тоқыма негізі көлемді жіппен тоқылады. Яғни көрпенің екі жағы да көлемді болады (6-сурет).

H:\Мои документы\Фабрика Петра Алексеева\Мой диплом\Иллюстрации\5.jpg,

6-сурет. Түктеуге дейінгі тафтингілі көрпе

мұндағы 1 – көлемді жіп (сыртқы беті), 2 – тоқымалы негізі (каркас), 3 – ішкі жағындағы жіптер.

Сондай-ақ көрпелердің келесі түрлерін ажыратуға болады: инетесімді тігіспен тоқылған көрпе, жайғақтап тоқылған көрпелер, тоқылған көрпелер, шілтер көрпелер.

МЕСТ 9382 жүн және жартылай жүн көрпелерінің сапа көрсеткіштеріне қойылатын талаптар көрсетілген. Онда келесі көрсеткіштерге нормалар бекітілген:

·       Беттік тығыздық;

·       Көрпе жолақтарының үзілмелі салмағы;

·       Көрпе жолақтарының үзілуі кезіндегі ұзаруы;

·       Қалған майдың массалық үлесі;

·       Үйкеліске түктің тұрақтығы;

·       Түктің үйкеленіп домалануы;

·       Бояудың тұрақтылығы;

·       Көрсеткіштердің көркем-эстетикалық көрсеткіштері.

МЕСТ 9382  жүн және жартылай жүнді көрпелердің сапа көрсеткіштеріне қойылатын талаптар көрсетілген. Онда келесі көрсеткіштерге нормалар бекітілген.

Тұтынушыларға сапаның эксплуатациялық немесе эргономикалық көрсеткіштерінің маңызы зор. Сапаның эргономикалық көрсеткіштері келесі топтарға бөлінеді:

а) гигиеналық – адамның жұмысқа деген қабілеттілігінің және өмір тіршілігінің гигиеналық шарттарына бұйымның сәйкестігін анықтау кезінде қолданылатын көрсеткіштер;

б) антропометрикалық – адам денесінің өлшемдері мен формасына бұйымның сәйкестігін анықтау кезінде қолданылатын көрсеткіштер;

в) физиологиялық және психологиялық – адамның физиологиялық қасиеттеріне және сезу мүшелерінің жұмыс істеу ерекшеліктеріне бұйымның сәйкестігін анықтау кезінде қолданылатын көрсеткіштер;

г) психологиялық – адамның психологиялық ерекшеліктеріне бұйымның сәйкестігін анықтау кезінде қолданылатын көрсеткіштер [4].

Жүн көрпелерінің басты мақсаты – жылулықты сақтау және адамға зияндылық тигізбеу, яғни эргономикалық көрсеткіштердің маңыздыларына төмендегілер жатады:

1.                 Бу сіңіргіштік – ылғалдылығы төмен ортаға ылғалдылығы жоғары ортадан су буын өткізу қабілеттілігін өткізу қабілеттілігін сипаттайды. Ашық ыдыстан ұшқан су салмағына қатысты мата үлгісі арқылы өткен су буының салмағы бойынша процентпен бағаланады. Гидрофильді талшықтан алынған кеуекті құрылымды бұйымдар маталардың бу сіңіргіштігі жоғары болады.

2.                 Жылу сақтағыш қасиеті – жылуды ұстап тұратын матаның қабілеттілігіне әсер ететін жылу кедергілерінің жиынтығымен сипатталады. Қалыңдығы жоғары, үлкен  тығыздықтағы және қалыңдықтағы, күрделі айқаспалы бұйымдар мен жүнді шұға маталардың жылу сақтағыш қабілеттері жоғары болып келеді.

3.Электрленуі – үстеме беттік электрлі кедергімен (Ом) сипатталады. Оның шамасына электростатикалық зарядтардың шашылу дәрежесі тәуелді болып келеді. Синтетикалық талшықтардан алынған маталар және бұйымдардың электрлену дәрежесі жоғары болып келеді [5].

Жұмыстан мынандай қорытындыларды шығаруға болады:

1.     Бүгінгі күні нарықта көрпелердің түрлері өте көп. Көрпелерді белгілеуі, талшықты құрамы, айқаспа түріне, өлшеміне байланысты бөледі.

2.     Жүн шұға маталарын және бұйымдарын өндіретін фабрикаларда үш негізгі өндіріс бар: иіру, тоқымашылық және өңдеу. Көрпелерді дайындау технологиясының ерекшеліктеріне әр өндірістегі ауысымдардың көптігі жатады.

3.     МЕСТ 9382 жүн және жартылай жүн көрпелер сапасының көрсеткіштеріне қойылатын талаптар көрсетілген, бірақ көрпелердің біраз түрлері қарапайым шарттарда сынақ жүргізу барысында қойылатын талаптар мен жүктемелерді сезбейді.

4.     Тауар сапасының эргономикалық көрсеткіштері бұйым мен адамның өзара әсерін, бұйымды пайдалану кезінде байқалатын адамның  гигиеналық, физиологиялық, антропометриялық және психологиялық қасиеттеріне сәйкестігін көрсетеді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.                 ГОСТ 9382 Одеяла чистошерстяные и полушерстяные. Общие технические условия

2.                 ГОСТ 9204 Ткани и штучные изделия чистошерстяные и полушерстяные. Номинальные ширины и размеры

3.                 ГОСТ Р 51554 Изделия текстильные готовые. Одеяла постельные. Размеры, измерения, маркировка

4.                 ГОСТ 10641 Ткани и штучные изделия текстильные. Нормы допускаемых отклонений по показателям поверхностной плотности и числу нитей на 10 см

5.                 Ребрин Ю.И. Управление качеством: Учебное пособие. Таганрог: Изд-во ТРТУ, 2004. 174 с.